Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ызылорда, 2015 жыл

Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған: ф.ғ.к., оқытушы Г. С. Қамзаева

(Оқытушының аты-жөні, дәрежесі)

 

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы(Sуllabus) Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 20 ж.

 

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., доцент Ғ.Ә. Тұяқбаев

 

 

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы(Sуllabus) гуманитарлық-педагогикалық институтының жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 20___ж.

 

Комитет төрағасы: Б.Ж. Абдикаримов

 

 

  1. Негізгі мәліметтер
Факультет/институт Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Мамандық (шифры, аты) 050В011700- қазақ тілі мен әдебиеті
Курс, семестр 4- курс, 6- семестр
Пән статусы (міндетті, таңдау) кәсіптендіру пәні бойынша: таңдау
Кредит саны
Сабақ өтетін дәрісхана
Оқытушы Қамзаева Г. С., ф.ғ.к., оқытушы, 8 7057052970, аптаның әр жұмасы
практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы -
2. Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер Қазіргі қазақ тілінің барлық саласын қамтитын кәсіптендіру пәндері бойынша таңдау, міндетті компоненттер,коммуникативтік танымдық курстар.
постреквизиттер «Коммуникативтік синтаксис мәселелері», «Ауызекі сөйлеу мәселелері», «Синтаксис саласындағы жаңа бағыттар» т.б.
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Пән материалдарын қандай да тәсіл- амалдармен жаңа технология негізінде игерту – оқытушының басты міндеті болса, игеру- студенттің міндеті. Бұл міндет оқытушы мен білімалушының бірлескен әрекеті негізінде жүзеге асатын мынадай жалпы мақсаттардың орындалуын көздейді: - болашақ тіл мамандарының синтаксистен игеруге тиіс ғылыми-теориялық білім көлемін беру; - синтаксистің салалары бойынша практикалық талдау жұмыстарын еркін жүргізуді меңгерту; - синтаксистің салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге баулу; - синтаксис материалдарын грамматиканың басқа салаларынан алған білімдерімен тығыз байланыстыра білу т.б. Тіл білімінің «Синтаксис» саласының зерттеу нысандары, тарихы, зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы терең талдау жасалынады. Оның «Сөз және оның формасы», «Cөз тіркесі», «Cөйлем», «Мәтін» синтаксисіне бөлінуі қарастырылып, олардың ерекшеліктері айқындалады. Білім алушыларды қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қарауландыра отырып, ұлт тілінің қыры мен сырын үйреніп, жас ұрпаққа жеткізе білуге жол ашу.
Міндеттері: - жалпы синтаксис саласының зерттейтін нысаны мен оның зерттеу әдісін таныту; - синтаксистің зерттелу тарихынан мәлімет беру; - сөз тіркестерінің өзіне тән белгілерін анықтау мақсатында сөз, сөйлем, фразалық тіркестердің, күрделі сөздерден айырмашылығын білдіру; - сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне жеке-жеке тоқталу: есімді және етістікті тіркестер; - сөйлем синтаксисінің ерекшеліктерін таныту: сөйлемнің құралу жолдары, таптастыру тәсілдері, мағыналық, құрылымдық түрлері т.б. - сөйлем мүшелерінің сипаттарын анықтау: тұрлаулы және тұрлаусыз болып бөлінуі, олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері, жасалуы, құрамы, сөйлем жасаудағы орнын айқындау; - сөйлемдегі оқшау сөздердің орнын көрсету т.б. - құрмалас сөйлем қалыптасуының зерттелу тарихы; - құрмалас сөйлем құрамындағы жеке синтаксистік компоненттердің өзара байланысу арақатынастары, жолдары, олардың бір-біріне деген арақатынасы; - сөйлемнің қатысымдық құрылымы мен көпқабатты синтаксистік құрылым; мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық, оның белгілері, құрылымы, сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші тәсілдер: интонация, лексикалық, грамматикалық тәсілдер, синтаксистік параллелизм т.б., оның түрлері.

4. Пәннің мазмұны

Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

 

Жалпы сағаты академиялық сағат саны
Дәріс Практикалық/ семинар Зертханалық БАОӨЖ БАӨЖ
-

Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

1Қазіргі қазақ тілі синтаксисі туралы түсінік: тіл білімінің синтаксис саласының зерттеу

нысандары мен синхронды даму аясына ғылыми тұжырым жасай отырып зерделеу

1.1Синтаксис пәнінің мазмұны, зерттеу нысандары

1.2Синтаксистік жүйе мен синтаксистік форма

1.3Пәннің зерттеу әдістері

2Синтаксис нысандары: қазақ тіл біліміндегі синтаксис нысандары мен синтаксистік тіркесімділіктің түрлері

2.1Сөз және сөз тұлғалары-синтаксис нысандары

2.2 Синтаксистік тіркесімділіктің түрлері

3Синтаксистік байланыс деңгейлері: синтаксистік байланыстар

ерекшеліктерін анықтап, сөз тіркесінің түрлерін саралау, сондай –ақ

сөз тіркесінің байланыс құралдарын нақтылау

3.1Синтаксистік байланыс деңгейлері

3.2 Сөз тіркесінің құрылымы

3.3 Сөз тіркесінің түрлері

3.4Ситаксистік байланыс құралдары

4Есімді тіркестер: қабыса байланысқан сөз тіркестерінің қазақ тілінде

зерттелу жайы мен есімді сөз тіркесінің табиғатын ашу

4.1Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің қазақ тілінде зерттелу жайы

4.2 Есімді сөз тіркесінің табиғаты

4.3Зат есімді тіркестер, сын есімді сөз тіркестері

4.4Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің номинативті және күрделі сөздерге ауысуы

5Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері: матаса байланысқан сөз

тіркестерінің қазақ тілінде зерттелу жайы мен табиғаты, изафеттік

құрылыстар мен жұмсалымдық ерекшеліктерін анықтау

5.1Матаса байланысқан сөз тіркестерінің қазақ тілінде зерттелу жайы мен табиғаты

5.2Изафеттік құрылыстар мен оның түрлері

5.3Матаса байланысқан сөз тіркестерінің атаулық тіркестерге ұласуы

6Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері: меңгеріле байланысқан

сөз тіркестерінің қазақ тілінде зерттелу жайы мен түрлерін және есім

меңгерудің ерекшеліктерін зерделеу

6.1Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қазақ тілінде зерттелу жайы мен түрлері

6.2Есім меңгерудің ерекшеліктері және оның түрлері

7Етістікті сөз тіркестері: етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік,

қабыса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін, олардың қалыптасу

және даму жүйесіндегі ерекшеліктерін анықтау

7.1Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік

7.2 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің түрлері

7.3Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері мен меңгеру жүйесінің ерекшеліктері

8Жай сөйлем синтаксисі: жай сөйлемнің өзіне тән белгілерін нақтылап,

оны құрылымы мен түрлеріне, құрылысын қарай топтастыру,

мүшеленбейтін сөйлемдерді анықтау

8.1Жай сөйлемнің өзіне тән белгілері

8.2 Жай сөйлемнің құрылымына қарай бөлінісі

8.3Жай сөйлем түрлерін топтастыру

8.4Мүшеленбейтін сөйлемдер

8.5Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері

9Сөйлем мүшесі туралы түсінік: сөздердің сөйлем мүшесі болуының

негізгі шарттарын анықтап, дара, күрделі, үйірлі мүшелерді саралап,

оларды бір - бірінен ажырату жолдары мен белгілерін және сөйлемнің

тұрлаулы мүшелерін қарастыру

9.1Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

9.2Cөйлемнің тұрлаулы мүшелері:

Бастауыш: мағыналық, тұлғалық белгілері, құрамына қарай бөлінісі, күрделі бастауыштың

жасалу жолдары

9.3Баяндауыш: тұлғалық белгілері мен сөйлемдегі орны, күрделі баяндауыштар, модаль

баяндауыштар, оның бастауышпен қиысуы

10Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы түсінік: анықтауыш,

толықтауыш, туражәне жанама толықтауыш, пысықтауыш жайлы

түсінік бере отырып, өздеріне тән ерекшеліктерді анықтау

10.1 Анықтауыш: жалпы сипаттамасы, дара және күрделі түрі, мен

жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай қабыса байланысқан

және матаса байланысқан анықтауыштар

10.2Толықтауыш: тура және жанама толықтауыштардың өзіне тән

табиғаты, тұлғалық және мағыналық белгілері

10.3Пысықтауыш: оның қызметінде жұмсалатын сөздер мен

мағынасына қарай бөлінісі

11Жай сөйлемнің күрделену жолдары: жай сөйлемнің бірыңғай

мүшелер арқылы күрделенуі, үйірлі мүшенің өзіндік белгілері мен

айқындауыш мүшенің тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орнын анықтау

11.1 Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері: бірыңғай тұрлаулы және

тұрлаусыз мүшелер, БМ байланыстыратын жалғаулықтар мен

интонация арқылы байланысы

11.2 Үйірлі мүшенің жалпы сипаттамасы

11.3Айқындауыш: құрылысына қарай бөлінісі мен тыныс белгілері

12Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі: оқшау сөздер

туралы жалпы түсінік, қыстырма сөздердің құрамы және олардың жай

сөйлемге ұқсастығы мен өзгешелік жағы, тыныс белгілері, одағайдың

мағыналық және тұлғалық белгілері мен қаратпалардың сөйлемдегі

орнын анықтау

12.1 Оқшау сөздерге жалпы сипаттама

12.2Қыстырма сөздердің құрамы және олардың жай сөйлемге

ұқсастығы мен өзгешелік жағы, тыныс белгілері,

12.3 Одағайдың мағыналық және тұлғалық белгілері

12.4Қаратпалардың сөйлемдегі орны

13Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

мен қызметі және оның синтаксистік , стилистикалық мәні, сөйлем

мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверциялық түрі жайлы

түсінік бере отырып, өздеріне тән ерекшеліктерді анықтау

13.1Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі

13.2Бастауыштың сөйлемдегі орны

13.3Тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі орындары

14Сөйлемнің түрлері: сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінуі:

хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер жайлы түсінік бере

отырып, өздеріне тән ерекшеліктерді анықтау

14.1Хабарлы сөйлемнің құрылысы мен оған тән интонация

14.2Сұраулы сөйлемнің түрлері мен оның жасалу жолдары

14.3Бұйрықты сөйлемнің түрлері мен өзіне тән интонациясы, жасалу жолдары

14.4Лепті сөйлем туралы түсінік және оның түрлері

15Жай сөйлемнің құрылымдық типтері: жақты, жақсыз, жалаң,

жайылма, толымды, толымсыз, атаулы, бір мүшелі сөйлемдердің

табиғаты мен олардың даму аясын зерделеу

15.1Жақты сөйлемнің сипаттамасы құрылысы

15.2Жақсыз сөйлем туралы жалпы түсінік

15.3Жалаң және жайылма сөйлемдер

15.4.Толымды және толымсыз сөйлем туралы түсінік

15.5Атаулы сөйлем туралы түсінік

15.6Бір мүшелі сөйлем туралы түсінік

16Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы: құрмалас сөйлемнің

қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет бере отырып, өзіндік айырым

белгілерін, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы мен жасалу

жолдарын қарастыру

16.1Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары

16.2Құрмалас сөйлемніңөзіндік айырым белгілері

16.3Құрмаластардың жай сөйлемдерден басты айырмашылығы

17Салалас құрмалас сөйлемдерге жалпы сипаттама: салалас құрмалас

сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері, жасалу жолдары мен оның

тыныс белгілерін зерделеу

17.1Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері

17.2Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

17.3Көп компонентті салалас сөйлем

17.4Салаластың тыныс белгілері

18Сабақтас құрмалас сөйлем: сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық

табиғаты, зерттелуі мен айырым белгілері, оның салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы,

ұласпалы интонациясы, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

18.1Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық

табиғаты мен зерттелуі

18.2Сабақтас құрмаластардың айырым белгілері мен салалас сөйлемнен

негізгі айырмашылығы, интонациясы

18.3Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

18.4Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы

18.5Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаластар

18.6Аралас құрмалас сөйлем – көп құрамды құрмаластың бірі

19Бөгде сөз және оның түрлері: бөгде сөзге жалпы сипаттама: оның

түрлері мен өздеріне тән ерекшеліктері, берілу жолдары мен тыныс

белгілерін мысалдар арқылы қарастыру

19.1Бөгде сөз бен оның түрлері

19.2Бөгде сөзге тән ерекшеліктер

19.3Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі мен олардың тыныс белгілері

20Мәтін: мәтіннің негізгі белгілері мен ұғым категориялары,

құрылымдық ерекшеліктері, түрлері, сондай – ақ сөйлеммен ара

қатынасы, күрделі синтаксистік тұтастық мәтіннің негізгі тұлға бірлігі

екендігін анықтау

20.1Мәтіннің негізгі белгілері мен ұғым категориялары,

20.2Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері, түрлері

20.3Күрделі синтаксистік тұтастық

21Тыныс белгілері: тыныс белгілері жайлы жалпы түсінік, даму

жолдары мен оны дұрыс қоюдағы үш түрлі белгінің негізге алынуы

21.1Тыныс белгілерінің қалыптасуы

21.2Тыныс белгілерінде басшылыққа алынатын негізгі белгілер:

сөйлемнің синтаксистік ерекшілігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің

интонациясы

Практикалық / семинар сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

1Синтаксис және оның зерттеу нысандары сөз және оның формасының синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі

1.1 Синтаксис мәселелерінің зерттелу тарихы

1.2 Атаулы, күрделі сөз, номинативті, түйдекті тіркестердің сөз тіркесінен айырмасы

1.3СТ байланысу тәсілдері мен формалары

1.4Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің табиғаты мен номинативті, күрделі сөздерге ұласуы

2Матаса байланысқан есімді тіркестер, олардың атаулық тіркеске ұласуы мен изафеттік құрылыстар

2.1Меңгеріле байланысқан есімді тіркестердің зерттелуі мен түрлері: етістікті, ортақ, есім меңгеру

2.2Қабыса байланысқан етістікті СТ бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай үстеулі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан есімді, зат есімді СТ болып бөлінуі

2.3Меңгеріле байланысқан етістікті СТ дамуы, табыс септігіндегі сөздің ашық, жасырын қолданылу себептері; меңгерудің қабысуға ұласуы; берік, әлсіз, жалаң, қосарлы берік меңгеру; сабақты және салт етістіктердің меңгеруі; етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы; оның өзге түркі тілдерінен ерекшелігі; үстеулі сөз тіркестері

3Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

3.1Бастауыш: мағыналық және тұлғалық белгілері, күрделі бастауыштың жасалу жолдары

3.2Үйірлі бастауыштардың өзіндік ерекшеліктері

3.3Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны мен логикалық «предикатпен» қатынасы; есім және етістікті баяндауыштар

3.4Етістік баяндауыштардың жасалу жолдары мен күрделі Б қимыл кезеңдерін білдіруі

3.5Есім баяндауыштардың қалыптасуы мен дамуы; зат, сапалық есімдерден болған баяндауыштар; құрама баяндауыштардың жасалу жолдары мен есім баяндауыштарға ұласуы

3.7Жақтық және сандық қиысу; БТ пен БЯ қиыспайтын түрлері; БТ пен БЯ тыныс белгілері мен олардың мәні мен атқаратын синтаксистік қызметі

4Толықтауыштың тұлғалық және мағыналық белгілері, толықтауыш болатын сөз таптары

4.1Тура және жанама толықтауыштардың өзіндік ерекшеліктері; ТТ септік жалғаулы түрінде қолданылатын реттері; ЖТ мағыналары; үйірлі толықтауыштар; күрделі толықтауыштардың жасалу жолдары;

4.2Толықтауыш пен толықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс түрлері

5Анықтауыштың белгілері мен сипаты

5.1Анықтауыштың жасалуы мен анықтауыш болатын сөз таптары; оның құрылысына қарай түрлері, күрделі анықтауыштардың жасалу жолдары мен үйірлі анықтауыштардың өзіндік ерекшеліктері

5.2Пысықтауыштың жалпы сипаты

5.3Пысықтауыштың түрлері мен жасалуы

5.4Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер; мағынасына қарай түрлері; күрделі П жасалу жолдары; П пен пысықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс

6Жай сөйлемнің күрделену жолдары

6.1Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар мен БМ байланысты айтылатын жалпылауыш сөздер

6.2Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері; оның жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардан айырмашылығы; үйірлі сөйлем мүшелері туралы

6.3Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі мен сөйлемдегі орны, интонациясы; оның құрылысына қарай бөлінісі

7Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі

7.1Қыстырма сөздердің құрамы; қыстырма сөздер мен қыстырма сөз тіркестерінің мағыналарына қарай топтасуы; қыстырма сөйлемнің жай сөйлемге ұқсастығы мен өзгешелігі, тыныс белгілері

7.2Одағайдың мағыналық, тұлғалық бөлінісі, интонациясы, тыныс белгілері

7.3Қаратпа сөздің құрамы; қалыпты және көркем әдебиетте қолданылуы; сөйлемдегі орны мен тыныс белгілері

7.4Модальдық сөздердің кейде оқшау сөздер мәнінде қолданылуы мен тыныс белгілері

8Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

8.1Хабарлы сөйлем және өзіне тән интонациясы мен құрылысы

8.2.Сұраулы сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары

8.3Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары,түрлері,интонациясы

8.4Лепті сөйлемдердің түрлері мен баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан ЛС

9Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

9.1Жақты және жақсыз сөйлемдерге сипаттама, жасалу жолдары

9.2Жалаң және жайылма сөйлемдер,белгілері мен арақатынасы

9.3Толымды,толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы, ерекшеліктері

9.4Атаулы сөйлемнің құрылымы мен мағыналық түрлері

9.5Бір мүшелі сөйлемнің табиғаты,өзіндік ерекшеліктері

10Құрмалас сөйлем

10.1Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері; мағынасына қарай түрлері; жасалу жолдарына қарай бөлінісі, тыныс белгілері

10.2Жалғаулықты және жалғаулықсыз мезгілдес салалас

10.3Жалғаулықты себеп - салдар СС және жалғаулықсыз себеп-салдар СС, тыныс белгілері

10.4Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлем

10.5Жалғаулықты және жалғаулықсыз шартты салалас сөйлем, тыныс белгілері

10.6Жалғаулықты салыстырмалы және жалғаулықсыз СС, тыныс белгілері

10.7Талғаулы және кезектес салаластар,оның жалғаулықтары

10.8Түсіндірмелі салалас, оның жасалу жолдары

10.9.Көп компонентті салалас сөйлем және оның сыйыса айтылу жолдары

11Сабақтас құрмалас сөйлем

11.1Шартты бағыныңқы СС компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері, орын тәртібі, тыныс белгілері

11.2Қарсылықты бағыныңқылы СС, оның жасалу жолдары

11.3Мақсат бағыныңқылыСС, жасалу жолдары, тыныс белгілері

11.4Мезгіл бағыныңқылы СС компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері, орын тәртібі, тыныс белгілері

11.5Себеп бағыныңқылы СС, оның жасалу жолдары мен орын тәртібі, тыныс белгілері

11.6Амал бағыныңқылы СС мен жасалу жолдары, орын тәртібі

11.7Түсіндірмелі СС, оның жасалу жолдары, тыныс белгілері

11.8Салыстырмалы СС, оның жасалу жолдары, тыныс белгілері

11.9Үлестес (мезгілдес) СС,оның жасалу жолдары

12Көп бағыныңқылы СҚС бір бірімен байланысу тәсілдеріне қарай түрлері

12.1.Аралас құрмалас сөйлемдер

12.2.Бөгде сөз, оның түрлері, өзіндік ерекшеліктері,тыныс белгілері

12.3.Мәтіннің белгілері мен ұғым категориялары, құрылымдық ерекшеліктері

12.4.Күрделі синтаксистік тұтастық мәселесіне қатысты пікірлер

 

Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны

1Тіл білімінің синтаксис саласы, оның зерттеу нысандары мен қазіргі тіл біліміндегі

зерттелу жайы

1.1Зерттеу әдісі: тілдік фактілерді талдау, тану

1.2Синтаксистік форманың статусын ашу

1.3Синтаксис: тілдің ойлаужұмысының, рухани ізденістің нәтижесі

2Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары туралы көзқарастар мен өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан айырмашылығы

2.1Актив және пассив тіркесімділік

2.2Лексикалық тіркесімділік

2.3 Синтаксистік байланыс деңгейлері мен құралдары

3Есімді тіркестер мен етістікті тіркестердің өзара айырым белгілері

3.1Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

3.2Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

3.3Сабақты және салт етістіктердің меңгеруі

4Түрік изафеті,оның түрлері мен ерекшелігі

4.1Изафеттік құрылыстың өзіндік аясы

4.2 Изафеттік құрылыстың түрлері

4.3 Изафеттік құрылыстың қолданысындағы өзгешеліктер

5Сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттары мен тұрлаулы мүшелер

5.1 Сөйлем мүшесінің негізгі шарттары

5.2Субъект және предикат

6Жай сөйлем түрлері мен жақты сөйлемнің түрлері

6.1Жай сөйлемнің үйірлі және бірыңғай мүшелері

6.2 Жай сөйлемнің типтері мен түрлері

6.3Атаулы сөйлемдер

7Жай сөйлемдердің күрделену жолдары мен оқшау сөздердің лексика грамматикалық белгілері, тыныс белгілері

7.1Күрделенген жай сөйлемдер

7.2Көсемше,есімше оралымды сөйлемдер

7.3Қыстырма және қаратпалы сөйлемдер

8Құрмалас сөйлемдердің зерттелу барысы мен түрлері, тыныс белгілері

8.1ҚС грамматикалық табиғаты

8.2ҚС түрлері

8.3Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы

9Аралас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері мен зерттелуі,тыныс белгілері

9.1Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер

9.2Көп бағыныңқылы сабақтастар

9.3Көп сыңарлы салаластар

9.4 Бөгде сөз және оның түрлері

10Мәтін- синтаксистің бір бөлімі

10.1 Мәтін: зерттеулері мен анықтамасы

10.2 Мәтін: өзіне тән белгілері

10.3 Мәтін: түрлері

11Күрделі синтаксистік тұтастықтың зерттелу барысы мен түрлері,құрамы

11.1 Параллель байланысты және сипаттамалы күрделі синтаксистік тұтастық

11.2 Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық

11.3 Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац

Білім алушының өзіндік жұмысы

Апта БАӨЖ- ның тапсырмалары Ұсынылатын әдебиеттер мен өзге де ақпарат көздері Жұмыстың орындалу мерзімі БАӨЖ- дің орындалу түрлері
  А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтардың синтаксис туралы еңбектеріне шолу жасау   Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 3-том: Тіл құралы,352 бб. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, А. 1992. 10-14, 31-106 бб. 1-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
  Сөз тіркестері бойынша көркем әдебиеттен лингвистикалық талдау жасау Қабыса байланысқан есімді тіркестер, ерешеліктері Қабыса байланысқан зат есімді тіркестер Есімді және етістікті тіркестер бойынша лекцияларын толықтыру Матаса байланысқан сөз тіркестерінің жасалу жолдары Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің жасалу жолдары Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, А. 1992. 10-14, 31-106 бб. Балақаев М. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі:А.1992 246 б. Аблақов А. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері А., 1986ж. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері А., 1981ж.   2-апта Сөз тіркесінің түрлеріне талдау жүргізу/бір шығарма негізінде/   Ғылыми аннотация, реферат
  М.Балақаев пен С.Аманжоловтың сөйлем мүшелері жөніндегі көзқарастарын салыстыра отырып, конспектілеу Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, синтаксис, Алматы , 1957 ж. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. А. 1992. 2-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
  «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері», «Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі» тақырыптарын өз бетінше конспектілеу Қазақ тілі грамматикасы,-А.,2002 Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 2003 ж. 199 бб. 3-апта Ғылыми аннотация, реферат
  Бастауыштың өзіндік белгілері, логикалық бастауыштан айырмасы Зат есім бастауыштар. Сапалық есімдерден болған бастауыштар Күрделі және үйірлі бастауыштар Қазақ тілі грамматикасы Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 2003 ж. 199 бб. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің синтаксистік қысқаша курсы. А., 4-апта Ғылыми аннотация, реферат
  Баяндауыш, белгілері, логикалық предикатпен қатынасы, жасалуы Етістіктен болған күрделі баяндауыштар Қазақ тілі грамматикасы, Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 2003 ж. 199 бб.   4-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
  Айқындауыш мүшелер, түрлері Күрделі және үйірлі анықтауыштар   Қобыланова А., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис) 2005 ж. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, синтаксис, Алматы , 1957 ж 5-апта Ғылыми аннотация, реферат
Сөйлем және оның сөйлеумен ара қатынасы; Сөйлемдердің грамматикалық белгілері   Қазақ тілі грамматикасы, 2 т. 1967ж, 3-8 бб. Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 2003 ж. 199 бб. 5-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
Предикативтік қатынас Модальдық қатынас Интонациялық қатынас   Балақаев М. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі А. 1997 15-296 219. Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 1998 ж. 3-40бб. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А. 1963ж. 6-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі мағыналық қарым-қатынасына қарай түрлеріне талдау жүргізу/бір шығарма негізінде/
Белгілі жақты сөйлемдер Белгісіз жақты сөйлемдер Жақсыз сөйлемдер Жанама жақты сөйлемдер   Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1967 Сәдуақасов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. А. 1996ж. 6-апта мәтіннен мысалдар арқылы талдау, мағыналық қарым-қатынасына қарай түрлеріне талдау жүргізу/бір шығарма негізінде/ Ғылыми аннотация, реферат
Мүшеленбейтін сөйлемдер Атаулы сөйлемдер Сөз-сөйлемдер   Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1967 Сәдуақасов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. А. 1996ж. 7-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі мәтіннен мысалдар арқылы талдау  
Құрмалас сөйлемнің жасалуы 1.Жай сөйлемдердің көсемше,есімше, шартты рай, шылаулар арқылы құрмаласуына талдау жүргізу. 2.ҚС: тиянақты және тиянақсыз интонациялар мен компоненттердің орналасуына бір мәтін негізінде мысалдар табу   Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995ж. Аманжолов С. Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы. А. 1994 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995 Шәукенұлы Қ. Синтаксис: оқу құралы.А., 2004. 248 б.   8-апта Проблемалық шығармашылық тапсырмалар тәсілі, мәтін негізінде талдау жасау,   тыныс белгілері берілген сөйлемдерге жат жазу жұмысын алу.Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
Салалас құрмалас сөйлем және жалғаулықты салаластың мағыналық ерекшеліктеріне қарай бөлінісі Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995ж. Аманжолов С. Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы. А. 1994 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995 9-апта Жеке топ пен ұжымдық шығармашылық үйлесімділігі, тыныс белгілері берілген сөйлемдерге жат жазу жұмысын алу Ғылыми аннотация, реферат
Себептес СҚ: өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалуына талдау жұмыстарын жүргізу, сөйлемдер құрғызу   Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995ж. Аманжолов С. Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы. А. 1994 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995. 10-апта Тапсырмаларды күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жеткізу Ғылыми аннотация, реферат
Ұласпалы интонацияға белгілі бір мәтіннен мысалдар келтіру арқылы талдау жұмыстарын жүргізу   Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, Синтаксис.А.,2002. Шәйкенұлы А.Синтаксис.А.,2001ж. 3Ж. Жақыпов. Сөйлеу сипаттары. Қарағанды. 1998. 11-апта 12-апта Талдау, конспект жасау, сұрақ-жауап арқылы білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрі
Көп тармақты салалас сөйлемнің мағыналық қатынастарының әр түрлілігін мысалдар арқылы анықтау жұмыстарын жүргізу және өз бетінше мысалдар/сөйлем құрау/ жазу Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995ж. Аманжолов С. Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы. А. 1994 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995 12-апта 13-апта Ғылыми аннотация, реферат
Сабақтас ҚС: Сабақтас пен салаластың негізгі айырмашылықтарын білдіретін мысалдарды мәтіннен іріктеп алу жұмыстарын жүргізу Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.А.,1995ж. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. А.,1941. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.А., 1999.   Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі.А.,1948. 12-апта 13-апта   Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы 1.Шартты, мақсат, мезгіл, себеп,амал, түсіндірмелі, үлестес сөйлем компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері мен олардың жасалуына сөйлемдер құра білуге, белгілі бір мәтіннен /шығармалардан/ іріктеп алу дағдыларын қалыптастыру.
Бөгде сөз және оның тыныс белгілері   Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 1998 ж. 3-40бб. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А. 1963ж. 14-апта Жат жазу мен сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу
Мәтін- синтаксистің бір бөлімі Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, Синтаксис.А.,2002. Шәйкенұлы А.Синтаксис.А.,2001ж. Ж. Жақыпов. Сөйлеу сипаттары. Қарағанды. 1998. 14-апта   Ғылыми аннотация,реферат
Күрделі синтаксистік тұтастықтың зерттелу барысы мен түрлері, құрамы Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, Синтаксис.А.,2002. Шәйкенұлы А.Синтаксис.А.,2001ж. Ж. Жақыпов. Сөйлеу сипаттары. Қарағанды. 1998. 15 -апта Ғылыми аннотация, реферат

5. БАӨЖ- қойылатын талаптар мен курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Білім алушының өзіндік зерттеу мен жоба жасау жұмыстарының тақырыбы жұмыс оқу бағдарламасында көрсетілген. Зерттеу жұмысының тақырыбы студенттің қалауы бойынша белгіленуі немесе өзгертілуі мүмкін.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында білім алушы оның тақырыбын толық ашуы керек. Кейде тақырып өте кең болып, зерттеу жұмысының шеңберіне сыймауы мүмкін. Сондықтан зерттеу жұмысын қаралған сұрақтардың төңірегінде жазған жөн.Студент таңдаған тақырыбы бойынша реферат жазады. Рефераттың тақырыбы бойынша оқытушы қосымша бағыт-бағдар, ақыл-кеңес береді.

Реферат жұмысына қойылатын талаптар:

Білім алушы реферат жұмысының тақырыбын толық ашуы керек. Ол мазмұнды түрде түсінікті, жатық тілмен баяндалуы тиіс. Кейде тақырып өте кең болып, реферат жұмысының шеңберіне сыймауы мүмкін. Ондай жағдайда рефератты оның жоспарында қаралған мәселелердің төңірегінде жазған жөн. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен мақсат-міндеттері, теориялық негізі жазылады. Кіріспенің көлемі 1-1,5 бет шамасында болады. Жұмыстың негізгі бөлімінде зерттеу нысанына теориялық тұрғыдан зерттеу жүргізіліп, дәлелдемелер нақтылы мәліметтермен негізделеді. Сондай-ақ зерттеу нысанын жетілдірудегі өзекті мәселелер мен перспиктивалар не оның практикалық маңызы, мәні қаралады. Жұмыстың қорытындысында тақырыпты зерттеуден туындаған өзіндік пікірлер мен ұсыныстар беріледі. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Рефератты стандартты А4 қағаздың бір жағына әрбір жолдың аралығына 1,5 интервалдан қалдырып, қатесіз,анық жазу керек. Әр беттің сол жағында-30мм, оң жағында-10мм, жоғары жағында-25мм, төменгі жағында -20мм ашық жер қалдырылады. Жұмыстың көлемі 15 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың алғы бетін/титулын/ толтыру жалпы үлгі бойынша жүргізіледі. Жұмыстың жоспарында әрбір мәселенің тұсында сол мәселе қамтылған беттердің реттік саны көрсетіледі. Одан келесі беттерде мәтін жазылады. Реферат орындалғаннан кейін оқытушыға тапсырылады.

Қосымша мәлімет. Курс лекциялар мен практикалық сабақтардан, білім алушының өзіндік жұмыстары мен оқытушының кеңестерінен тұрады.Әрбір білім алушының курс бойынша оқылған лекциялардан конспектілері, практикалық сабақтарда орындаған жұмыстары, мәліметтері, жаттығулары, сондай-ақ интернеттен не өзге еңбектерден жинақтаған қосымша материалдары болуы тиіс. Практикалық сабақтар сұрақ-жауап, пікірсайыс, репродуктивті және продуктивті жазба жұмыстарын т.б. өткізу секілді түрлі тәсілдерді қолдану арқылы өтеді. Пікрсайыстарға қатысуына, тапсырмаларды орындауына қарай білім алушының белсенділігі, сабаққа деген ынтасы бағаланады. Презентация (тұсау кесер) өткізу:Білім алушылар берілген тақырып бойынша белгіленген мерзімде презентациялар өткізуі тиіс. Ол үшін екінші аптада студенттер бірнеше топтарға бөлініп, топ жасақтайды. Әрбір топ кем дегенде екі презентация өткізуі керек.Презентация(тұсаукесер) өткізу: тақырыптың жан-жақты ашылуына, презентацияның тартымдылығына, безендірілуіне, топтың тапқырлығы мен диаграммалардың қолданылуы, өлшемдік талаптарының сақталуы бағаланады.

6.1-аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

1.Синтаксис пәнінің мазмұны, зерттеу нысаны

2.Синтаксис мәселелерінің зерттелу тарихынан.

3.Сөз және оның формасының синтаксисі

4 Сөз тіркесінің синтаксисі

5.Сөз тіркесі табиғаты мен синтаксистік байланыстың аналитикалық және синтетикалық тәсілдерінің мәні

6.Атаулы және күрделі тіркестер мен олардың сөз тіркесінен айырмасы

7.Түйдекті тіркестер мен сөз тіркесі

8.СТ байланысу тәсілдері мен формалары

9 Есімді тіркестер

10.Қабыса байланысқан есімді тіркестер

11.Матаса байланысқан есімді тіркестер, изафеттік құрылыстар

12.Меңгеріле байланысқан есімді тіркестер

13Етістікті сөз тіркестері

14.Қабыса байланысқан етістікті СТ

15.Меңгеріле байланысқан етістікті СТ

16.Жай сөйлем синтаксисі

17Сөйлем түрлері мен тұрлаулы мүшелер

18.Сөйлемнің грамматикалық белгілері мен құрылымдық түрлері

19.Сөйлемді таптастыру туралы.

20.Мүшеленбейтін сөйлемдер.

21.Сөйлем мүшелері

22.Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары.

23.Дара, күрделі, үйірлі мүшелер және оларды бір бірінен ажырату жолдары

24. СМ атқаратын қызметіне қарай бөлінісі

27Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі

28Бастауыш: белгілері, күрделі бастауыштың жасалу жолдары.

29Үйірлі бастауыштардың өзіндік ерекшеліктері

30.Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. логикалық «предикатпен» қатынасы.

31.Етістік баяндауыштар, жасалу жолдары, күрделі Б қимыл кезеңдерін білдіруі

32.Есім баяндауыштар, жасалуы, ерекшеліктері.

33Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. Жақтық және сандық қиысу.

34.Тұрлаусыз мүшелер

35.Толықтауыштың тұлғалық және мағыналық белгілері

36.Тура және жанама толықтауыштар

37.Толықтауыш пен толықтаушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс түрлері

38.Анықтауыш және айқындауыш мүшелер

39.Анықтауыштың белгілері мен сипаты

40.Анықтауыштың жасалуы

41.Күрделі және үйірлі анықтауыштардың өзіндік ерекшеліктері

42Пысықтауыш

43.Пысықтауыштың жалпы сипаты

44.Пысықтауыштың түрлері мен жасалуы

45.Пысықтауыш болатын сөз таптары/қызметі.

46. Жай сөйлемнің күрделену жолдары

47.Бірыңғай мүшелі сөйлемдер арқылы жай сөйлемнің күрделенуі мен олардың тыныс белгілері

48.Бірыңғай мүшелер туралы түсінік

49.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар

50.БМ байланысты айтылатын жалпылауыш сөздер

51Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері, үйірлі сөйлем мүшелері

52.Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясы

53. Айқындауыштың құрылысына қарай бөлінісі,өзгешеліктері мен тыныс белгілері

 

7.2-аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

1Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі

2.Қаратпа сөздер,сөйлемдегі қызметі

3.Қыстырмалардың мәні

4.Одағайдың мағыналық және тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны

5Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

6.СС синтаксистік және стилистикалық мәні.

7.Логикалық екпін түскен сөздердің сөйлемдегі орны

8.СМ орын тәртібі және оның қызметі

9 Сөйлемнің түрлері

10Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің бөлінісі

11.Хабарлы сөйлем туралы түсінік, оған тән интонация, құрылысы

12.Сұраулы сөйлемнің түрлері мен жасалу жолдары

13Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары мен оған тән интонация

14.Лепті сөйлемдердің түрлері мен баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан ЛС

15Жай сөйлемдегі құрылымдық типтер

16.Жақты сөйлемнің сипаттамасы

17.Жақсыз сөйлем туралы жалпы түсінік, жасалу жолдары

18.Жалаң және жайылма сөйлемдер, олардың белгілері, арақатынасы

19.Толымды және толымсыз сөйлемдер, ерекшеліктері

20.Атаулы сөйлемнің құрылымы мен мағыналық түрлері

21Бір мүшелі сөйлемнің табиғаты,өзіндік ерекшеліктері

22Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы, қалыптасу, даму, зерттелу жолдарынан мәлімет, өзіндік айырым белгілері, жасалу жолдарына қарай түрлері,тыныс белгілері

23Жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлемдер

24.Талғаулы салалас сөйлем және оның жалғаулықтары

25 Кезектес салаластар, оның жалғаулықтары

26.Түсіндірмелі салалас, тыныс белгілері

27.Көп компонентті СС,сыйыса айтылу жолдары

28Сабақтас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама, оның грамматикалық табиғаты мен айырым белгілері, интонациясы

29.Шартты бағыныңқылы СС компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері, орын тәртібі

30.Мезгіл бағыныңқылы СС компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері, орын тәртібі

31.Себеп бағыныңқылы СС, оның жасалу жолдары мен орын тәртібі

32.Амал бағыныңқылы СС мен жасалу жолдары, орын тәртібі

33.Көп бағыныңқылы СҚС бір бірімен байланысу тәсілдеріне қарай түрлері

34.Аралас ҚС, өзіне тән ерекшеліктері

35Бөгде сөз, оның түрлері

36.Мәтіннің белгілері мен ұғым категориялары,құрылымдық ерекшеліктері

37.Мәтіннің сөйлеммен арақатынасы

38.Күрделі синтаксистік тұтастық

8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А.Тіл тағылымы: Ана тілі, 1992-445б.

2. Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 3-том: Тіл құралы,352 бб.

3. Балақаев М. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі:А.1992 246 б.

4. Аблақов А. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері А., 1986ж.

5. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері А., 1981ж.

6. Аблақов Ә. Исаев С. Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалық процесі. А., 1997ж, 3-26 б.

7. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегісинтаксистік қатынастар. А., 1985ж.

8. Қабиева Қ. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде. А., 1965 ж.

9. Қазақ тілі грамматикасы, 2 т. 1967ж, 3-8 бб.

10. Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі А., 2003 ж. 199 бб.

11. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің синтаксистік қысқаша курсы. А.,1994/2-басылым/. 67-70, 143-148

12. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1998ж. 177-196 бб.

13. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі,А.,1986, 112 б.

14. Хасенова С.т.б. Кестелі грамматика. А., 1996ж.

15. Қалиев Ғ. т.б. Қазіргі қазақ тілі/жаттығулар жинағы/.А., 1997

16. Жүнісбекова К.Оразбаева Ф.Ахметов Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар/Синтаксис/А., 1998, 196 б..

17. Қобыланова А., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис) 2005 ж.

18. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, синтаксис, Алматы , 1957 ж.

19. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. А. 1992.

20. Балақаев М. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі А. 1997 15-296 219.

21. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А. 1963ж.

22. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. 1999 214-249, 477 бб.

23. Қазақ тілі грамматикасы. II т. 1967ж. 115-146 бб.

24. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1967

25. Сәдуақасов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. А. 1996ж.

26. Сәдуақасұлы Ж Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері.А.,2004-128б.

27. Әмір Р.С. Құрмалас сөйлеидер қазақ тілінің грамматикалық-функционалдық жүйесінде.А., Қазақ университеті, 2009.-122б.

28. Б.Шалабай Қазіргі қазақ тілі.Синтаксис;Алматы, 2012ж.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф. Тілдік коммуникацияның негіздері.А., 1995.

2. Жүнісбекова К. Оразбаева Ф. Ахметов Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар.

3. Шәйкенұлы А.Синтаксис.А.,2001ж.

4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. А. 1992.

5. Нұрмаханова Ә. Жүнісбекова К. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқыту мәселелері.А., 1979ж.

6. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы А., 1968

7. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1967

8. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы.А.,1991.

9. Пән бойынша бағалау жүйесі

Кесте 1