Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Тау хрусталі



Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады.. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі.

 

  Тастар құндылығына байланысты
Зергерлік зергерлік-әшекейлік әшекейлік
І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет(изумруд),алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, листве -нит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селе- нит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады

Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар.

Ел арасында «асыл тастар – қыздардың ең жақсы досы» деген ұғым бар. Бар-жоғы бес асыл тас бар және әрқайсысы өзіндік қасиет пен ерекшелікке ие.

Гауһар.Қырланған алмас – гауһар ең танымал асыл тас болып табылады. Әдетте әшекейлерге мөлдір гауһарлар пайдаланылады, бірақ зергерлік өнердің қымбатырақ үлгілерінде меруерт, жақұт, сары түсті, кәріптас түсті және қара тастарды да кездестіруге болады. Ең үлкен және әдемі деген гауһарлар әлем мұражайларында сақтаулы. Ең үлкен гауһар «Флорентиялық» деп аталады. Оның салмағы 137,27 каратқа тең. Гауһар Габсбургтердің тәжін әсемдеген, ал Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жоғалып кеткен. Гауһар сиқырлы қасиетке ие мықты тас деп саналады. Ол иесіне бақыт әкеледі, оны бәле-жаладан қорғайды, ал оған дұрыс қарамаған жағдайда сәтсіздік те әкелуі мүмкін. Гауһарды салтанатты жиындарға, әдемі көйлекпен, жалпы талғаммен тағу керек. Гауһарды күнделікті өмірде тағып жүру әдепсіздік саналады. Сонымен қатар бұл асыл тас жас қыздардың бейнесіне аса жараспайды.

Жақұт – ең қымбат асыл тастардың қатарына кіреді. Оған қоса, жақұт алмаспен бақталаса алатын қатты минерал саналады. Бұл асыл тастың ерекшелігі – қою көк түсінде. Алайда, алқызыл, ақшыл көк түсті, сары жақұттар да кездеседі. Бұлардың мөлдір түрі өте сирек болғандықтан жоғары бағаланады. Кейбір жақұттар астеризм эффектісіне ие, яғни оған күн сәулесі түскенде тастың ортасында алтыбұрышты жұлдыз пайда болады. Әлемдегі ең ірі жақұт «Шығыстың көк алпауыты» Цейлонда табылған. Оның салмағы 446 карат және соңғы мәліметтер бойынша жеке тұлғаға 1 млн долларға сатылған.

Жақұтты даналық тасы деп есептейді және иесіне өтірікті айыра алатын қасиет береді. Сонымен қатар ол адамды тыныштандырып, суық тию мен тамақ ауруларын емдеуге, қан қысымын реттеуге көмектеседі. Жақұтты көбіне алтын жиектемеге салып, мойынға тағады. Сонымен қатар осы таспен жүзік, сырғалар да кездеседі. Қыста жақұтты ақ алтын немесе платинада тағып жүрген құп саналады.

Лағыл – бұл ең жарқыраған асыл тастардың бірі. Ашық қызыл, жарқыраған лағылдар жауынгерлік көсемдердің жақсы көретін тасы болып келген. Әйгілі Ақсақ Темірдің өз аты жазылған ірі лағыл тасы болған. Лағылдың әртүрлі түстері бар, бірақ дәл қызыл тастар жоғары бағаланады. Олардың ең ірісі 440 каратқа тең. Әзірге оның аты жоқ және қырланбаған, оны өңдеумен әлемнің ірі зергерлері айналысуда.

Лағыл құштарлық, күш пен жігердің тасы саналады. Ол адамға сенімділік пен батылдық береді. Лағылды тек алтын жиектемеде және әдетте жүзікке салып тағады. Алайда алқа ретінде тағатындар да көп.

Меруерт.Ерекше реңкі үшін меруертті «жасыл мұз» деп те атайды. Бұл тастың кейбір үлгілері кейде гауһардан да қымбат тұрады. Меруерт ежелгі заманнан белгілі. Мысырлықтар ертеде оны сиқырлы ғұрыптарына пайдаланған. Ең ірі және, әрине, ең танымал меруерт - «Ұлы Моғол» тікбұрышты тасы. Оның салмағы 217,8 карат. Онда ислам дұға сөздері мен шығыс өрнектері соғылып жазылған. Бастапқыда меруерт Ұлы Моғолдар әулетінің жеке меншігінде болған, ал қазір жеке коллекцияда сақтаулы.

Меруерт емдік қасиеттерге ие. Ол ұйқысыздықта, қызу көтерілу сияқты ауруларда көмектеседі, көз көру қабілетін жақсартады. Меруертті алтын жиектемеде де, күміс жиектемеде де тағып жүре береді. Сонымен қатар бұл тас ер адамдарға да жарасады.

Інжу.Табиғаттың кездейсоқтығы тамаша інжулердің пайда болуына сеп болды. Оларды қабыршағына кіріп кеткен құмдардан тазартуға ұмтылатын ұлулар жасайды. Бір інжу 12 жылға жуық «пісіп жетіледі». Табиғи інжуді алу біршама қиын, сол себепті де ол жоғары бағаланады. Ең ірі інжу 6,4 кг тартады. Оның домаланған пішіні көптеген қатпарлармен алабажақтанып кеткен. Қазір бұл інжуге бірнеше адам иелік етеді, ал бағасы шамамен 60 млн доллар.Жасалу барысында домалақ пішінді інжу жоғары бағаланады.Інжу жастық пен пәктіктің белгісі, сол себепті жас қыздарға көбірек жарасады. Інжуден алқа, сырға, білезік, танамоншақ пен жүзіктер жасайды. Сонымен қатар көйлектер мен аксессуарларды әсемдеу үшін інжу жиі пайдаланылады.

Бес асыл тас
Гауһар
Жақұт
Лағыл
Меруерт
Інжу

Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақық тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді.

Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады.

Жартылай асыл тастар күңгірттеу болып келеді, түстері қанық емес.Кейбірі мөлдіреп тұрады.Жартылай асыл тастардың көптеген түлері бар.