Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Тісті берілістің бұзылу түрлері және жұмысқа қабілеттілігінің критериялары.



 

Тістердің кернеулі күйі. Тісті берілістердің жұмысқа қабілеттілігін анықтайтын негізгі элемент доңғалақтардың тістері болады.

Тісті берілістердің жұмыс істеуде ілінісу зонасынан өтуде тістер циклдық контакт жүктемеге ұшырайды, бұл тістердің контакт зонасында және табанындағы гальтель радиусында (созылу зонасында) максималь кернеу қоздырады. Тістің көрсетілген зоналарындаы кернеудің шоғырлануы фотосерпімділік әдісімен алынған (ең үлен кернеу зонасына ең үлкен жиілік тура келеді) кесінді картинасында жақсы көруге болады (3.3- сурет).

 

 

3.3- сурет – Оптикалық серпімді материалдады тіс моделінде статикалық иілуде интерференциялы кесіндісі

 

Іліністе айландырушы моментті беруде нормаль күштен басқа, сырғанаумен байланысты болған үйкеліс күші әсер етеді . Осы күштер әсерінен тіс күрделі кернеулі күйде болады (3.4 а- сурет). Оның жұмысқа қабілеттілігіне шешуші әсер тігізетін негізгі екі кернеу: контакт кернеуі және иілу кернеуі . Әр бір тіске және тұрақты әсер етуші болмайды. Олар уақытта қандайда үзілмелі нольден басталатын цикл бойынша өзгереді. Доңғалақтың бір айналысында (t1) әсер ету уақыты бір тістің ілінісу ұзақтығы (t2) тең. кернеуі одан да аз уақыта әсер етеді (3.4 б- сурет).

 

а) б)

 

3.4- сурет – Іліністе әсер етуші күштер және кернеулердің уақытта өзгеру графигі

 

 

Максималь кернеулер әсері зонасында уақыт өтуімен тістердің бұзылуы пайда болады.

Тістердің қажулық қирауы (усталостное разрушение) себебшісі айнымалы кернеу болады: иілу кернеуден тістердің сынуы және контакт кернеуден беттердің боялуы. Контакт кернеуге және үйкеліске ілінісуде тіс бетінің тозуы, жейілуі және басқа түрдегі бұзылулар байланысты.