Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Абсолюттік монархия



1. Жаңа дворяндық – джентри

2. Қалалықтар

3.Шаруалар: копигольдер – ескі шаруалардың ұрпақтары және фригольдер – жердің ерікті меншік иесі болып бөлінеді.

Мемлекеттік құрылыс

Англияда абсолюттік монархия феодализм ыдырап, капиталистік өндіріс қатынастары пайда болғандақалыптасты. Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі сол, ол толық аяқталмады, яғни күшті король билігімен қатар парламент те әрекет етіп тұрды.

Мемлекеттік билік пен басқарудың ең жоғарғы органы – король - өзіне бағынышты органдармен көмегімен заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін жүзеге асырды. Жасырын кеңес – мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды: лорд-канцлер, лорд қазынашы, жеке мөрді сақтаушы лорд, лорд-адмирал. Парламент – сословиелік өкілеттік органы.

Жергілікті басқару

Графтықтар сақталды, бірақ ең төменгі территориялық бірлік – приход болды.

Сот жүйесі

Вестминстерлік соттармен бірге төтенше соттар (Звездная палата) пайда болды.

Құқығының негізгі белгілері:

Англиядағы құқықтың негізгі қайнар көздері:

1. әдет – ғұрыптар

2. нормативиік актілер (мысалы, 1017 ж. Кунт заңдары)

3. разъездік соттың «жалпы құқықтары»

4. даудың, айтыс – тартыстың жинағы деп аталатын сот мәжілісі барысында толтырылатын хаттамалар

Сөйтіп, маңызды сот ісінің «жылнамаларда» басылатын болды. Сөйтіп, жалпы құқықтың негізгі принципі қалыптасты: «дау – дамайлар жинағында» жазылған жоғары тұрған соттың шешімі ұқсас істерде немесе төмен тұрған соттарда міндетті түрде қаралуы тиіс. Сөйтіп, сот президенті пайда болды.

Ұқсас шешім болмаған жағдайда – құқықтың жалпы принциптері немесе соттың еркін қаралуы

· «әділеттік құқығы» - тұлға өз мүддесінің «жалпы құқық» соттарынын қорғалуын таппағанда, ол өз ісін «ар - ұятына қарай» шешуін өтініп, корольден «қайыр» сұраған.

· статуттар – орталық биліктің заң шығарушы актілері, яғни король мен парламент қабылдаған актілер.

Англосаксондық құқық жүйесіне тән белгілер: сот процестіне негізделген «жалпы құқық» және «әділеттік құқығының» пайда болуы;

«Жалпы құқық» жерді феодалдық ұстаумен байланысты ғана мәселелерді қарастырды. «әділеттік құқығы» негізінде копигольдер және лордтар арасындағы азаматтық істерді ғана қарастырды.

XII – XII ғ.ғ. ағылшын құқығында бұрын – соңды болмаған – сенімгерлік меншік институты пайда болды. Оның мәні мынада: бір тұлға екінші тұлғаға басқаның мүддесі үшін өз мүлкін сеніп тапсырады, береді.

Міндеттеменің негізгі қайнар көзі шарт және құқық бұзушылықтар болды. Англосаксондық құқық шартының барлық түрлерін білді.

Некеге отыру, оны бұзу және ерлі – зайыптылардың қатынастары жөніндегі мәселелер канондық құқық құзіретінде. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қатынас «жалпы құқықпен» реттелді.

Барлық қылмыстар 3 топқа бөлінді : тризна-сатқындық (дарға асу жолымен өлім жазасына кесілді); фелония –ауыр қылмыстар (өлім жазасына кесілді) ;

мисдиминор - терісқылықтар (мүлкі тәркіленген).

Бақылау сұрақтары:

1. Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

2. Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары

3. Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс

4. Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері

Тақырып 8. Ортағасырлық Германия мемлекеті мен құқығы

Жоспар:

1. Ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;

2. Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)

3. Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуы ХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).

4. Пруссия мемлекетік құрылысы

Германия дербес мемлекет ретінде Франк мемлекеті құлаған кезде пайда болды. Алғашында ел Тевтондық мемлекет деп аталды. Оған Швабия, Бавария, Франкония, Саксония және Лотарингия кірді.

Кезеңге бөлінуі.

1-кезең – ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;

2-кезең – Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)

3-кезең – Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуы ХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).

Ертефеодалдық монархия.

Көршілес ұлттардың көмегімен территорияның кеңеюі нәтижесінде Европа орталығында ХІІІ ғасырда Герман ұлтының «Қасиетті Рим империясы» деп аталатын империя пайда болды. Оның құрамына герман герцогтіетері және Солтүстік Италия мен словенияның мәжбүрлеп қосып алған жерлері кірді. Бұл әр халықты (неміс, славян) біріктірген жасанды мемлекет еді. әлсіз болғандықтан, жеке неміс қаладағы республикалық және дербес князьдігінің бөлінуіне әкеп соқты.

Қоғамдық құрылыс.

Бұл кезеңдегі тұрғындардың негізігі қабаты – феодалдар мен шаруалар болды. Феодалдар верхушка мен рыцарьлықтан тұрды, ал шаруалар бірнеше категорияларға бөлінді : еріктілер - өз жерін өзі иеленуші ; чиншевиктер – басқалардың жерін ұстаушылар және сол үшін чинш-оброк төлеушілер ; басыбайлы шаруа және халықтар және қалалықтар – саудагерлер мен қолөнершілер,

Германияның мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшеліктері болды.

а) король (император) сайланбалы болды.

б) жергілікті феодал, әсіресе князьдық билігінің лауазымдылығы сонша, тіпті олар дербес государьға айналып кетті. Формальды түрде герман королінің билігі кең болғанымен шын мәнінде зайырлы феодалдарға берілген, артықшылықтар нәтижесінде шектеулі еді. Х ғасырда басқарудың сарайлық – вотчиналық жүйесі бекітіледі.

Скер.

Германияның қарулы күштері бұл кезеңде император-вассалы – рыцарьлардан тұрды. Феодалдық әскери қызметі 6 аптамен шектелді. Қажет жағдайда жасаққа шаруаларда шақырылды.

Сот.

Императордың сот билігі шектеулі болды. Жоғарғы юрисдикция зайырлы және рухани феодалдық жолында шоғырланды. Сословиелік соттар пайда болды. өзіңе тең соттасу принципі бекітіледі. Шаруаларға сот билігін феодалдар жүзеге асырады.

Сословиелік өкілеттік монархия.

Қоғамдық құрылыс.

Таптық құрылыстағы өзгерістер орта феодалдық жоғалуынан, рыцарьлықтың құлауынан көрініс табады. Духовенство 2 топқа бөлінеді. Жоғарғы духовенство – ірі жер иелері және төменгі духовенство – ауылдық және қалалық священниктер. Қала тұрғындарының ішінен жоғарғы қабат – патрициат, ортаңғы топ – шеберлер және тұрғындардың плебейлік бөлігі – подмастерья бөлініп шығады.

Мемлекеттік құрылыс.

Князьдықтың экономикалық нығаюы сәтінде Германияның саяси ыдырауы өседі. Бұл кезеңде Германияда дербес мемлекет құқығы бар 324 территориялық бірлік, 1475 ерікті рыцарьлық иеліктер болды. ХІV ғасырдың басында мемлекеттері ірі 7 князьдан құралған топ басқарды: Бранденбург, маркграфы, Саксондық герцог, Рейн пфальцграфы, Чехия және Богемия корольдері және Кельн, Майнцс, Трирск епископтары бар. Олар курфюрст деген атаққа ие болды. Курфюрсттер әрбір император сайланардың алдында өз билігін өзі шектейтін өзі ойлап тапқан шарттарды қабылдауы тиіс дегенді ойлап тапты. Бұл талаптар Сайлау капитуляциясы дкп аталады.

ХІV ғасырда өкілетті орган ұйымы – Рейхстаг тұрақты сипат ала бастады. Ол 3 алқадан тұрды : Курфюрстер алқасы, князьдар, графтар алқасы және қала өкілдігі алқасы. ХVІІ ғасырдан бастап бұл алқалар империя сословиесі немесе шен атауына ие болды. әр мемлекетте өзінің сословиесі (шені) болды. Олар оқшауланған тұйық корпорацияны құрады. Көптеген мемлекеттерде 3 тұйық және бір-біріне тәуелсіз курия құрылды. Олар: духовенство, рыцарь және қалалықтар. Бұл курияның жиналысы – ландтаг деп аталады.

Қалалар өздерінің саяси маңыздылығына қарай 3 топқа бөлінді : империялық, ерікті және князьдық немесе земдік.

1495 жылы империялық сот құрылды. Онда барлық мәселелер рим құқығы негізінде шешілді.