Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Атынас» білім беру саласы



Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Естиярлар тобы

Күні

Тақырыбы:Киім

Мақсаты:сөздік қорларына жаңа сөз енгізу; қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту. Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар:қуыршақ, сандық, қуыршақ киімдері, үлестірмелі суреттер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап,ойын, практикалық.

Билингвальды компонент:киім, құлақшын, тон, қолғап, етік.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Сәнденіп даламыз. Сәулетті қаламыз. Сәулеңмен құлпырады, Сәлем, Күн-анамыз! Сәлеметсіңдер ме балалар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Далада не бар? - Мынау шырша, шыр-ша, шырша. -Мынау не? -Шыршаны қар басып тұр. -Шырша қандай? -Қар қандай? Тыңдайды. Амандасады. -Жылдың қай мезгілі екенін айтады, сөздерді естеріне түсіреді. Сөзді хормен, жеке қайталап, естеріне сақтауға тырысады.  
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік Қонаққа келген әжей сандық алып келеді. «Ғажайып сандық» дидактикалық ойыны. Шарты: Әжей сандықтан киімдерді біртіндеп шығарады. - Бұл- қолғап. Қол-ғап. Қ –қ-қа-қо-қи-қо – қолғап. Қолғап – киім. - Бұл- тон. Тон –киім. - Мынау – құлақшын. Құ-құ-құлақшын. Құлақшын не? Әже сандықтан алынбай жатқан киімдер бар екенін айтып балалардан көмек сұрайды. Алақай, алақай! Қуанып қалайық. Сиқырлап сандықты Қызыққа қанайық? Сандықты сиқырлап түбінен етік алады. - Мынау –етік. Етік, етік. - Қандай етік? «Кім тез байқайды?» дидактикалық ойыны. Шарты: орны ауысқан киімдерді атайды. Әже балаларға риза болып қайтады. Сергіту сәті Музыка әуенімен шаңғы, шана, коньки туралы өлеңді оқиды, мазмұнына сәйкес қимылдар көрсетеді. «Қайтала, көрсет» дидактикалық ойыны. «Аталған дыбыс кездесетін киімдерді ата, көрсет» ойыны. Дәптермен жұмыс жасау.   Әжеймен амандасады.   Балалар сандықтан шыққан киімдердің аттарын атап, қайталайды.     - Құлақшын – киім.     Балалар әжеге болысып сиқырлы сөзді қайталайды.   Сөзді айтып үйренеді. Етіктің түсін айтады.     Ойынға қатысып, орны ауысқан киімдерді атайды. Әжемен қоштасады.     Тақпақты қимыл жасап қайталайды.     Суретті көрсетеді. Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік Сұрақтар: 1. Қандай киім білесің? 2. Сенің тоның қандай? 3. Сенің етігің қандай? Киімдерді атайды. Өз киімдерінің түсін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:құлақшын, тон, қолғап, етік сөздерін

Игереді:қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдысын

Меңгереді:сөздерді түсініп, есте сақтау керек екенін

 

 

Атынас» білім беру саласы

Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Естиярлар тобы

Күні

Тақырыбы:Дене мүшелері.

Мақсаты:тақырып бойынша жаңа сөз үйрету; ойлау шапшаңдығын дамыту, тазалыққа тәрбиелеу. Қазақ тілін білуге қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар:қуыршақ, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап,ойын, практикалық.

Билингвальды компонент:дене мүшелері, көз, мұрын, құлақ, шаш.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Сәлеметсіңдер ме балалар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Ауа райы қандай?   «Қуыршақты ояту, киіндіру» дидактикалық ойыны. Тыңдайды. Амандасады.Сұраққа жауап береді.Жылдың қай мезгілі екенін айтады.
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік - Балалар, мынау не? - Төсекте кім отыр?   Қуыршақпен қосылып жаттығу жасайды. Қанеки, оң аяқ! Бір адым алға бас! Қанеки сол аяқ! Шырағым алға бас! Оң аяқ! Сол аяқ! Оң аяқ! Сол аяқ! Қолды жоғары созамын Басты оңға, солға бұрамын. Мен шымыр боламын. - Сендер де қол, аяқ, бастарыңды көрсетіңдерші,     - Балалар, тағы қандай дене мүшесін білесіңдер, көрсетіңдерші. - Мынау – көз. Кө-ө-з. Екі көз. Мынау – мұрын. Мұ-рын. Бір мұрын. Ұ-ұ-ұ-ұр-мұр – мұрын Мынау – құлақ. Құ-лақ. Екі құлақ. Мынау шаш. «Сақ бол» ойыны. Шарты: дене мүшелерін атайды, балалар оны дұрыс көрсету керек. Сергіту сәті Тікірейіп құлағы Мене бұрын тұрады Керіліп, созылып, Беті – қолын жуады. Бұл не? - Даладан келгенде неге қолдарыңды жудыңдар? Чистый – таза Су, қолымды жу. Сурет салу, дәптермен жұмыс істейді.   Естеріне түсіреді. - Қуыршақ Айжан     Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.     Дене мүшелерін атап, көрсетеді.     Сөздерді хормен, жеке қайталайды.     Аталған дене мүшелерін дұрыс көрсетеді.   Қимылды қайталайды   - Мысық   Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік Дене мүшелерін айтқызу. Үйренген сөздерін айтады.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі:көз, мұрын, құлақ, шаш сөздерін үйренеді.

Игереді:сөзді, дыбысты дұрыс айту дағдысы қалыптасады.

Меңгереді:дене мүшелерін таза ұстау керек екенін түсінеді.