Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Химия өнеркәсібінің наны немесе Теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда



 

Теңіз күкіртін пайдалану көлемінің ұлғаюы өндіріс рыногының кеңеюіне және жаңа жаб­дықтарды орнатуға бөлінген көлемді қаражаттың арқасы екендігі даусыз.

Қазақстанның мұнайлы Солтүстік Каспий өңірінде шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, бірқатар перспективалы, кең ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мұнай өндірісінің артуымен қатар күкірт те қордаланып, жиналуда. Бұл өңірдегі мұнайдың ерекшелігі ілеспе газдағы күкіртті сутегінің молдығында болып отыр. Шикі мұнайды тауарлы күйге келтіру үшін оны тазалайды, нәти­жесінде бағалы коммерциялық өнім – элементарлы күкірт алынады. Ал мұндай күкірт шын мәнінде табиғаттың байлығы болып саналады.

Қазақстан мұнайынан алынатын элементарлы күкірт өндірістік орындар үшін аса бағалы шикізат болып табылады. Алайда, осынау бағалы химиялық заттың басым бөлігінің мұнай өндірісі нысандарына таяу маңдағы қоймаларда қордаланып жатқандығы жасырын емес. “Теңізшевройл” кәсіпорны қорда­лан­ған күкіртті пайдаға асыру бағытындағы жұмысты жандандырғанға дейін оның экономи­калық тиімділігі көрінбеді.

ТШО өз қызметінің алғашқы жылдарында ры­нокқа сатумен айналысқан жоқ. Күкіртті түйір­шектеу және оны экспортқа шығару жобалары, тіпті кесек күкіртті нарыққа шығару бұрынғы Кеңес Одағының химия өнеркәсібінің ыды­рауына байланысты мүмкін болмай қалды. Алайда күкіртті қоймада ұстауды (Теңіз күкірті арнайы жабықталған алаңда, “күкірт картасы” деп аталатын әдіспен қатты үлкен блок түрінде сақталады) бұлайша жалғастырудың да шегі болатыны белгілі. Күкіртті блок түрінде сақтау Канада, Мексика, Нидерланды, Польша және Америка сияқты елдерде тәжірибеге енген бірден бір әдіс болатын.

Кесек күкірттің блок түрінде орасан көп мөлшерде жинақталып қалуы (бүгінде “күкірт картасында” 8 миллион тоннадан астам өнім бар) мамандардың үрейін туғызып, қоғамдық пікірді де үдете түсті. Қазақстан Республикасы Үкіметі ТШО-ның алдына жинақталған өнімді жою міндетін қойды. Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде күкірт қауіпсіз, коммерциялық өнім деп бағаланса да, оның бұлайша сақталуы жергілікті тұрғындар мен экологиялық үкіметтік емес ұйымдарды да жиі мазалайтын болды.

Күкірт төңірегіндегі осындай әңгімелердің, оны “өндіріс қалдығы” санатына жатқызу сияқты қате пікірлердің өрістеуіне байланысты ТШО жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, мынадай пікірге келді: тіпті теңіз күкірті рынокты толтырған жағдайда да (әлемдік деңгейде элементарлы күкіртті шығаратын бірден бір ел Канада екендігі белгілі, бұл елде қоймаларда жинақталған шикізат қоры ондаған миллион тонна шамасында) әлемдегі ең таза, бәсекеге әбден лайық өнім болып қалады, оның тазалығы – 9,999 [4].

ТШО мүдделі тұтынушылардың талаптарын зерттей отырып, күні бүгін 100 миллионнан астам АҚШ долларын күкіртті түйіршектеу мен қабыршақтауға арналған қондырғы құрылысына бөліп отыр. Өнімнің бірінші түрі, яғни түйір­шектелген түрі сұранысқа ие Жерорта теңізі елдері рыногына, ал екінші түрі Қытай Халық Республикасына жөнелтілуде. Кәсіпорынның бұл бағыттағы күш-жігері толықтай өз жемісін берді де. Қазірдің өзінде жылдық өнім көлемі 1 миллион тоннадан асып (2005 жылдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 300 мың тоннадан астам өнім өткізілді), кәсіпорын айтарлықтай табысқа қол жет­кізді.

Бүгінде кәсіпорын күкірттің барлық түрін: темір жол цистерналары арқылы жеткізілетін сұйық, пластик қаптарға салынған түйіршектелген, қабыршақталған және кесек (уатылған) күкірттерді қауіпті күкірт шаңына жол бермейтін технологияға негізделген арнаулы темір жол вагондары арқылы жөнелтетін болды. 1990 жылдардың ортасында ТШО-ның қауіпсіздік техникасы жөніндегі мамандарының талабы бойынша, кесек күкірттерді ашық темір жол вагондарымен тасымалдауға қатаң тыйым салынды. Уатылған күкірттерді вагондарға тиеу тек 2002 жылы жүкті көпіршік тектес жа­бындымен жабу сияқты тасымалдаудың қауіпсіз түрі ұсынылған кезде ғана қолға алынды.

ТШО-ның күкіртті түйіршектеу бағытындағы қазіргі өндірістік қуаты (800 мың тоннадан астам) кәсіпорынның жылдық тауарлы өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Екінші буын зауыты үшін 2007 жылы ол пайдалануға берілген кезде ТШО-ның қуаты жылына 24-25 миллионға жетіп, түйіршек­теудің жаңа қондырғылары іске қосылатын болады. Кәсіпорынның маркетинг және тасымалдау бөлімінің болжамы бойынша, күкіртті өңдеу және тұтыну рыногындағы қазіргідей оңды ахуал сақталатын болса, 15-20 жыл ішінде Теңіздегі элементарлы күкірттің қоймадағы қоры (мұнай өндіру көлемінің өсуін ескере отырып) жойылуы мүмкін.

Күкірт – бағалы шикізат. Орыстың ғұлама ғалымы, атақты химик Дмитрий Менделеев күкіртті “химия өнеркәсібінің нанына” теңеді. Сондықтан да ТШО элементарлы күкірттің рыноктағы орнының болашағына үлкен үмітпен әрі сеніммен қарайды. Өнімнің бұл түрінің негізгі тұтынушылары қатарында Қытайдан (сұраныс жөнінде алда) басқа, Тунис, Израиль, Марокко және Жерорта теңізінің басқа да мемлекеттері, сондай-ақ сұйық және кесек күкіртке ынта білдіріп отырған Ресей Федерациясы мен Қазақстанның кейбір аймақтары бар. Көрші Ресей Федерациясында химия өнеркәсібінің қайта жандануына және Қазақстанда химия, минералдық тыңайтқыштар өндірісінің қолға алынуына байланысты болашақта элементарлы күкіртке деген сұраныс көбеймесе, азаймайтыны сөзсіз [5].

 

2.1 Күкірт неге керек?

 

Бізді қоршаған заттардың ішінде күкірт жоқ емесі шамалы. Мәселен, күнделікті пайдаланып жүрген қағаз, резина, эбонит, шырпы, мата, дәрі-дәрмек, косметика, пластмасса, бояу, тыңайтқыштар мен улы химикаттар, бәрі-бәрі… белгілі дәрежеде күкірт қоспасының нәтижесі. Бір ғана мысал, автомобиль шығару үшін 14 кг. күкірт пайдаланылады. Еш­қандай қоспасыз мынаны айтсақ та жеткілікті: еліміздің өнеркәсіптік қуаты әдетте шикізатты тұтынумен айқындалады.

Күкірттің әлемдік өндірісінің басым бөлігі қағаз өнеркәсібіне жұмсалады. Күкірт целлюлоза бөлуде таптырмас дәнекер. Бір тонна целлюлоза шығару үшін, 100 кг.-нан аса күкірт жұмсалады. Эле­ментарлы күкірттің көп бөлігін резина өнеркәсібі де каучук үшін пайдаланады.

Ауыл шаруашылығында күкірт элементарлы түрде және дәнекерлеуші ретінде қолданылады. Сондай-ақ оны минералды тыңайтқыштар және түрлі зиянкестерге қарсы препараттар дайындағанда да пайдаланады. Өсімдіктерге фосфор, калий, басқа да заттар қаншалықты керек болса, күкірт те сондай қажет. Күкіртті топыраққа фосфорит ұнтағымен қоса айдайды. Топырақтағы бактериялар күкіртті тотық­тырады, яғни қосылыс нәтижесінде пайда болған күкірт және күкірт қышқылы фосфоритке әсер етіп, өсімдіктер жақсы сіңіретін фосфор қосындысының түзілуіне әкеп тірейді.

Күкірттің негізгі тұтынушысы – химия өнер­кәсібі. Әлемде өндірілетін күкірт көлемінің шамамен жартысы күкірт қышқылы өндірісіне жұмсалады. Бір тонна H2SО4 алу үшін, 300 килограмдай күкірт жандыру керек. Химия өнеркәсібіндегі күкірт қышқылының рөлін біздің тағамымыздағы нанмен теңеуге әбден болады. Менделлев кестесіндегі №16 элементтің маңыздылығын дәлелдейтін мысалдар жүздеп саналады. Ең бастысы – күкірт тау-кен, тамақ, тоқыма сияқты өнеркәсіп салаларына аса қажет.

XXІ ғасыр – экзотикалық материалдардың, трансуран, титан сияқты элементтердің ғасыры. Ендеше, баршаға аян №16 элемент өзінің қажет­тігін күн өткен сайын дәлелдей бермек. Қазірдің өзінде аса маңызды химиялық өнімдердің 150-інің 88-і құрамында күкірт не оның қосындылары бар [6].

 

2.2 Химия ғылымының корифейі

 

Кеше химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған V халықаралық Бірімжанов съезі қорытындыланды.

Съезд жұмысы “Минералдық және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің бүгінгі көкейкесті мәселелері және экология мәселелері”, “Мономерлердің, синтетикалық және табиғи қосылыстардың химиялық технологиялары”, “Полимерлер: композициялық материалдардың химиясы және химиялық технологиясы”, “Жану үдерісіндегі химиялық физика, наноматериалдар, материалтану, каллоидтар және жоғарғы қабаттар”, “Химия білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері” деген негізгі бағыттарда жүрді.

Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының ірі ұйымдас­тыру­шысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы Бірімжанов бұрынғы Самара губерниясының Бузулук қаласында 1891 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Бастауыш білімді әйгілі Ал­тынсарин мектебінде алып, орта мектепті Қызылордада бітірген. Ол 1928 жылы Халық білімі тәжірибелік институтының (ПИНО) студенттері санатына еніп, 1932 жылы Қазақ педагогикалық институты­ның химия бөлімін бітіріп шықты.

Әкесі Ахмет Қорғанбекұлы белгілі заңгер, Мемлекеттік Думаның депутаты, “Алаш” партиясының қайраткері, кеңес дәуірінде халықтық әділет комитетінің алқа мүшесі, Қазақстан Жоғарғы сотының мүшесі қызметтерін атқарған. Анасы Гүлжауһар Әлмұхамедқызы Әбілқайыр ханның шөбересі.

Еңбек жолын студент кезінде-ақ бас­та­ған Б.Бірімжанов 1930 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақмола өңіріндегі Нұра ауданы бойынша сауат­сыздықты жою жөніндегі төтенше өкілі бол­ған, ал 1931 жылы Халық ағарту ко­миссариатының өкілі ретінде Шалқар ауданында міндетті бастауыш білім беру мен ұйымдастыру ісімен айналысты.

1934 жылғы қаңтардан бастап Б.Бірімжанов Қазақ мемлекеттік универ­ситетінде қызмет етті. Ал 1936 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты болып қабылданды. Алғашқы ғылыми ізденістерін профессор С.А.Щукаревтің жетекшілігімен бастады [7].

ҚазМУ-ға оралған соң Батырбек Ах­метұлы осы оқу орнының қабырғасында ас­систент, аға оқытушы (1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі (1954), про­фессор (1965) қызметтерін абыроймен атқарды.

Осыдан 10 жыл бұрын оның 85 жыл­дық мерейтойы қарсаңында жарық көрген “Баташ аға” атты кітапта жас ғалымның қыр­қыншы жылдары “нағыз профессор­ды” көру мақсатында Мәскеуге барып келуге сұранатыны жайында дерек бар. Ол кезде бұл жай түсінікті еді – Қазақстанда жоғары дәрежелі маман химиктер жетіс­пей­тін. Ал бүгінде ҚазҰУ-дың химия фа­куль­тетінде аса зор ғылыми әлеует топтас­тырылған, ондаған профессорлар саны барлық кез келген өзге факуль­тет­тегі­лерден асып түседі. Бұл істе Б.Бірімжанов еңбегінің ерекше екенін айтуымыз керек.

Батырбек Ахметұлының бүкіл ғұмыры химия факультетімен байланысты. Осындағы профессорлық-оқытушылық құрамда және ғылыми іс саласында қызмет ететіндердің көпшілігі – оның әкелік қамқорлығы мен мейірімділігін сезінген адамдар. Бүгінгі көрнекті ғалымдардың жетістіктерінде ол кісінің еңбегі мол. Оның үстіне ҚазМУ-да химияның қазақ тілінде оқытыла бастауы да профессор Б.Бірімжанов еңбегінің нәтижесі. Ол 1940 жылдан бастап ұстаздық қызметпен қатар Қазақстанның химия өнер­кәсібі үшін зор маңызы бар ғылыми пробле­малар­мен айналысты. Ә.Б.Бектұровпен бірлесе ізденіп, енді ғана ашылған Қаратау фосфориттерін қышқылсыз қайта өңдеу мүмкіндіктерін зерттеді.

1946 жылы “Қазақстандық шикізаттан термофосфаттарды алудың оңтайлы жағдайлары” деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1952 жылы Балқаштың мыс балқыту комбинатында күкірт натрийін шығарудың үздіксіз өндірісі әдісін ендірді. 1954 жылдан бастап ҚазМУ-дың бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1980 жылға дейін 26 жыл бойы химия факультетінің деканы болды.

Б.Бірімжанов жаңа оқу ғимаратын салуға және факультеттегі сирек элементтер, табиғи қосылымдар, жоғары молекулярлық қосы­лым­дар, коллоидтық химия, жалпы химия, химиялық кинетика және жану сияқты жаңа кафедраларды ашуға барлық күш-жігерін салды. Химия факультеті оның басшы­лы­ғымен университеттің алдыңғы қатардағы оқыту және ғылыми орталығына айналды. Аталмыш факультеттің саналуан жетістіктері оның деканының есімімен байланысты.

ҚазМУ-дың физикалық-химиялық әдістер зертханаларында Б.Бірімжановтың жетекшілігімен басталған ғылыми-зерттеулер кезінде Ресейдің техникалық ғылымдар ака­демиясының академигі Г.И.Ксандопуло құр­ған және көп жыл басшылық еткен Жану проб­лемалары институтында қазір де табысты жалғасуда. Дәл осы институтта 1996 жылы 12 желтоқсанда Б.Бірімжановтың 85 жылдығына орай “Экологиялық таза техно­ло­гиялар мен материалдар жөніндегі қазіргі проблемалар” атты симпозиум ашылып, ғалымның барельефі бар ескерткіш тақта орнатылды.

1965 жылы Б.Бірімжановқа профессорлық ғылыми атақ берілді, ал 1967 жылы ол “Бал­қаш өңірінде тұздар түзілісінің физикалық-химиялық үрдістері және оларды пайдалану” деген тақырыпта докторлық дис­сер­тация қорғады.

1970 жылы ол Үкімет қаулысымен Қазақ Совет Энци­к­лопедиясының бас редакциясының мү­шесі және Қазақ Совет Энцик­ло­педиясының химия жөніндегі редак­ция­лық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, 1981 жылы жарық көр­ген химия саласындағы тұңғыш Қазақ энци­клопедиялық сөздігінің редакторы болды. Сол сөздікте Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт – химиялық физиканың зерттеле бас­тағаны ресми түрде мойындалды және жан-жақты баяндалды.

Б.Бірімжанов оқыту әдіскері ретінде де танылған азамат. Он жыл бойы (1963-1973 жж.) ол Қазақ КСР Білім министрлігінің химия жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесін бас­қарды, сонымен бірге кеңестік химик­тер­дің ұлттық комитеті (ИЮПАК) жанындағы жоғары білім мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

Б.Бірімжанов ғылыми кадрларды даярлау жөнінде көп жұмыстар атқарды, 1964 жылдан бастап ол жеті мамандық бойынша химия ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежелерін беру жөніндегі ҚазМУ Ғылыми кеңесін басқарды, ал 1978 жылдан бастап бейорганикалық, аналитикалық химия және электрохимия жөніндегі маманданды­рыл­ған кеңестің жұмысына жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен 36 кандидаттық және 5 докторлық диссертация қорғалды. Ол қайтыс болған соң тағы 6 шәкірті канди­даттық диссертация қорғады.

Б.Бірімжановтың жеке өзі және онымен бірлескен қызметкерлері 900-ге жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 17 монография шығарды. Ғалым республиканың орта және жоғары мектептеріне арналған 10 оқулықты қазақ тіліне аударып, 6 оқулықты редак­ция­лады. Оның 20 ғылыми-әдістемелік жұмысы жарық көрді [8].

Б.Бірімжановтың шығармашылық және ғылыми тақырыптарының шеңбері өте кең. Ол Қазақстан Республикасындағы табиғи тұздарды іс жүзінде қолдану жөніндегі кө­лем­ді зерттеулердің негізін салды, отандық табиғи байлықтарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың тиім­ділігін өз еңбектерінде ұдайы айтып отыр­ды. Табиғи тұздарды іс жүзінде қолдану­дың қолданбалы зерттеулерін жүргізумен қатар ол континенталдық тұздардың түп тамырын зерттеу жөнінде өте ауқым­ды теориялық жұмыстарды жүргізді. Балқаш, Алакөл, сондай-ақ 100 тұзды көлдің, 15 өзеннің және 39 өзен са­ғаларының суларын зерттеу жөніндегі үлкен жұмыс нәтижесінде континент­алдық тұз түзілу теориясын жасады. Одан кейінгі жылдары Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Есіл, Талас өзен­дері­нің, сондай-ақ олардың бойында жасалған Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Сергеев су қоймаларының суларын зерттеуді жалғастырды.

Осы жұмыстармен қатар, ол жоғары сапалы тыңайтқыштарды өңдеу мақсатында Қазақстанның таби­ғи фосфаттарын зерттеу ісін жүргізді. Атап айтқанда, Қаратау және Ақтөбе кен орындарының фосфо­рит­терін зерттеді.

Б.Бірімжановқа ғылымның ең жаңа жетістіктерін жіті қадағалап, өзі басқарған бейорганикалық химия кафедрасының ұжымын қазіргі заманғы ғылыми деңгейге бағыттап отыру қасиеттері тән болатын.

Ол – ғылыми жұмыста кванттық-химиялық есептердің, сынақтардың математикалық жоспарлануының, нәтиже­лерді статистикалық өңдеуден өткізудің бастамашысы. Б.Бірімжанов ерітінділердегі бейорганикалық қосылымдарды белгілі бір бағытта алмастыру үшін иондалған сәулелендіруді және радиациялық химия әдістерін пайдалануға көп көңіл бөлді.

Б.Бірімжанов өндірістің ғылыммен байланысын жүзеге асыруға ұдайы назар аударып отырды. Мәселен, ол өзінің жетекшілігімен жасалған ультрады­быс­тар­ды қолдану арқылы сараптаудың тиімді әдістерін бірқатар кәсіпорындарға ендіру жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізді.

Оның ғылыми-педагогикалық, ұйым­дас­тырушылық және қоғамдық қызметін мемлекет жоғары бағалап, білікті мамандар даярлау ісіндегі зор табыстары үшін Ленин, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, алты медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің көптеген грамоталарымен марапаттады. Сонымен қоса “Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді.

Батырбек Ахметұлы Бірімжанов білімпаз ғалымдығымен қатар, химия факультетінің бүкіл бір дәуірін көзге елестетер ғажап адам болды. Оның ғалым, тәлімгер және ғылым мен білім ұйымдастырушысы ретіндегі жарқын бейнесін есте сақтау үшін қайталанбас тұлғаның мол ізденістен туған еңбектерін ыждаһаттылықпен жалғастыру қажет деп ойлаймыз.

Мұнай химия бойынша ақпарат

«Мұнай химия кешенінің құрылысын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара әрекеті – отандық көмірсутек шикізатынан қосымша құн алудың айқын жолы»

Ақшолақов Б.У., энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
Сармурзина Р.Г., ЭМРМ мұнай химия Департаментінің директоры, х.ғ.д., профессор
Хайдаргалиева Ш.А, ЭМРМ мұнай химия өнеркәсібі басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында анықтаған – «Біздің энергетика мен мұнай химияны дамытудағы басты мәселе, энергетикалық өнімдердің қосымша құнын арттыру арқылы, осы секторлардың кірістілігін арттыру. Әсіресе басымдылық секторлар – мұнай химия, газ ресурстары, экспорттық энергетикалық маршруттарды басқару тиімді болуы тиіс». Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқарудағы бағыттардың бірі, шикізатты, соның ішінде көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің инновациялық өндірістерін құру болып табылады. Энергетикалық ресурстар мүмкіндігін максималды пайдалану және өзіндік құны жоғары мұнай химия өнімін шығаруды қамтамасыз ететін, өзара байланысты өндірістерді құру, әзірленген көшбасшы инвестициялық жобаларда көзделген, оларды іске асыру Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті болып дамуын қамтамсыз етеді.
Өңдеу өндірістерін құрудың инвестициялық жобаларын іске асыруға дайындық кезінде, мемлекет инвесторлар және кәсіпкерлермен бірлесе тек қана экономикалық, технологиялық сипаттағы мәселелердің кешенді шешімін зерттеп, әзірлеп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінің өндірістік әлеуетінің үйлесімді дамуы проблемаларын, қоршаған орта жағдайын жақсарту, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру проблемаларының кешенді шешімін зерттеп, әзірлейді. Әр бағыттың кешенді шешімі республика экономикасының дамуының және оның әлемдік жүйеде бәсекеге қабілеттілігінің синергетикалық нәтижесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңдеу өндірістерін құрудағы мұндай тәсіл дүние жүзі мемлекеттерінің көбінде қолданылады, ол құрылыс көлемінің өсімімен және осындай өндірістердің пайдалануға берілуімен және осы елдердің белсенді экономикалық өсімімен ілесіп жүруімен түсіндіріледі. Өңдеу күштерін құру үрдісі көмірсутек шикізатын терең өңдеу саласында және мұнай химия өндірістерін құруда аса белсенді байқалады. Бұл мұнай химия өніміне жоғары сұранысқа және оны қолданудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар көмірсутек шикізатын терең өңдеудің экономикалық тартымдылығына да байланысты. Қытай, Иран, Малайзия, Сингапур және басқа да Азия елдері мұнай химия өнімінің өндірісі бойынша бірнеше кәсіпорындардың құрылысын жүргізуде. Азия тек қана маңызды өтім нарығына айналып қана қоймай, сонымен қатар BASF, Lurgi, Linde, ABB/CBI, Uhde, Mitsubishi және т.б. сияқты халықаралық жетекші компаниялардың лицензияланған технологияларын пайдаланып, мұнай химия саласында қуатты өндірістік базаға айналуда.
Қазақстанның мұнай химия өнеркәсібі үшін 2008 жылды сала дамуының жаңа деңгейіне ауысу жылы деп анықтауға болады, атап айтқанда, қазіргі уақытта министрлік, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ және басқа да мұнай химия кәсіпорындарымен бірлесе отырып, әлемдік деңгейдегі мұнай химия өндірісін құрудағы бірнеше өзара байланысты инвестициялық жобаларын әзірлеп, іске асыруға дайындады.
Инвестициялық жобаларды әзірлеу кезінде мұнай газ кен орындарының ресурстық мүмкіндіктері ғана ескерілген жоқ, сондай-ақ жаңартылған Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық мүмкіндіктері мен өндірістік ресурстары да ескерілді, келешекте, басқа да мұнай-, газ өңдейтін зауыттардың ресурстық және технологиялық мүмкіндіктері анықталып, қатыстырылады.
Қазақстандық мұнай химия өндірістерінің үйлесімді құрамын және масштабын анықтау үшін және нақты инвестициялық жобалар әзірленгенге дейін шет елдік мамандар мен сарапшыларды қатыстырумен бірнеше зерттеулер жүргізілді, атап айтқанда, Exxon Mobil және Nexant компаниялары зерттеулер жүргізді, олар Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының мүмкіндігін және мақсатқа сәйкестілігін атап өтті.
Зерттеулер нәтижелері бойынша Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының экономикалық және технологиялық негізделген бағыттары анықталды, ол өндірістердің құрылыстары инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін сәйкес заңнамалық және нормативтік құқықтық негіз құрылды – Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2008-2013 жылдарға арналған мұнай химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасының» жаңа редакциясы бекітілді.
Инвестициялық жобалардың жоғары капитал сыйымдылығын ескере отырып, мұнай химия кешендерінің құрылысы, құрылған арнайы экономикалық аймақ «Атырау облысының ұлттық индустриалды мұнай химия технопаркі» шеңберінде жүзеге асырылады. Сәйкес Жарлыққа мемлекет басшысы 2007 жылдың желтоқсанында қол қойды.
Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай химия өндірісін құрудағы старттық және базалық шаралар - Атырау облысындағы алғашқы интегралданған мұнай химия кешенінің құрылысы болып табылады. Жобамен жылына 1,25 млн. тонна көлеміндегі полиолефин (800 мың тонна/жыл. полиэтилен және 450 мың тонна/жыл. полипропилен) өндірісі көзделген.
Жобаны іске асыруға дайындық үш жылдан астам мерзімде жүзеге асырылды: кешеннің технологиялық комплектациясы мәселелері, қажетті шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, кешеннің оңтайлы және экономикалық мақсатқа сәйкес қуаттылығы анықталды, өндірілетін өнімге маркетингтік стратегия жасалынды, жобаның экономикалық және қаржылық үлгілері есептелінді, қажетті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша шешімдер шығарылды, экологиялық заңнаманың ережелері мен талаптары және өңірдің экономикалық дамуының мәселелері, әлеуметтік мәселелер ескерілді және т.б.
Мысалы, ТЭН әзірлеуде министрліктен, ұлттық компаниядан, басқарма тобынан бірлескен мамандар тобының, техникалық тапсырманы дайындау барысында, лицензиар-компаниялардан 60 астам технология варианттары мен қондырғылар қарастырылды. Жетекші халықаралық компаниялар орындаған, алдын-ала және толық ТЭН материалдарында, алдын-ала ТЭН –«Shell Global Solutions Int.» (Нидерланды) және кешеннің толық ТЭН - «Foster Wheeler UK», технологиялар мен қондырғылардың таңдалып алынған және келісілген варианттары енді.
Кешен интеграцияланған болып табылады – оның технологиялық циклында бірнеше қондырғыларды реттілікпен пайдалану көзделеді: басында мономерлерді алған соң – төменгі молекулярлы қоспалар, содан соң полимерлер (полиолефиндер). Жобаның жалпы құны 6,3 млрд. АҚШ долл. (762,3 млрд. тенге) құрайды, кешен бірнеше өзара байланысқан технологиялық қондырғылардан тұрады. Әр технологиялық қондырғы, халықаралық нарықта орын алған үздік технологиялар бойынша дайындалады: газ өңдеу - ABB/CBI, Linde; бу крекингі - Linde, ABB/CBI, TECHNIP, Stone & Webster; пропанды дегидрирлеу - UOP, ABB/CBI, Uhde; этиленді димеризациялау – Axens, полиэтилен мен полипропиленді Basell/Borealis технологиясы бойынша өндіру.
«Jacobs Consultants» компаниясы маркетингтік зерттеу жүргізіп, маркетингтік жоспар әзірледі, ол бойынша өнімнің негізгі бөлігі Қытай, Батыс және Шығыс Еуропа нарығына жеткізіліп отырады. Өнімнің белгілі-бір бөлігі, аралас өндірістерді дамыту үшін, сонымен қатар кіші және орта бизнестің, құрылған ЕЭА шеңберінде түпкі өнімді өндіруі үшін, Қазақстанда қалып отырады.
Жобалық компанияға халықаралық серіктес қатыстырылды – полиолефиндерді өндіру технологиясына лицензиясы бар және қатысу үлесі 25% болатын, Lyondel Basell компаниясы. Осыған сәйкес лицензиялық келісім шарттары құрылды және өнімнің «off-take» шарттары қарастырылады.

Алматы қ. «ҚазЭкоЖоба» АҚ компаниясы дайындаған, Қоршаған Ортаға тиетін Әсер Бағасының (ҚОӘБ) жобасы әзірленді. 2006 жылдың тамызында Атырау қ. ҚОӘБ қоғамдық тыңдаулар өткізілді. ҚОӘБ және қоғамдық тыңдаулардың нәтижесі бойынша, кешен құрылысы Атырау облысындағы Қарабатан (Ескене) темір жол станциясының жанындағы игерілмеген жер аумақтарында жүзеге асырылады.

Бұл кешен басқа өзара байланысқан кешендер үшін негізгі өндірістік звено болып табылады, олардың құрылысы ЕЭА-та жүзеге асырылады және оның негізінде бірнеше басқа өндірістерді ұйымдастыру болжануда, соның ішінде басқа өнім, хош иісті қоспалар өндірісі. Бірінші кезеңде Тенгиз кен орнынан 7 млрд. м3 астам көлемдегі этан мен пропан экстракциясы бар құрғақ газ және пропан пайдаланылады [9].

Жоба мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдері негізінде жүзеге асады:
- арнайы экономикалық аймақ шарттарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі «Тенгизшевройл» ЖШС ұзақ мерзімді кезеңге, шикізат жеткізу бойынша Келісімге қол қойды;
- 2008-2011 жылдары алғашқы интеграцияланған мұнай химия кешенінің инфрақұрылым объектілерінің құрылысы шамамен 100 млрд. тенге (800 млн. $ АҚШ) көлеміндегі бюджеттік несиелеу қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жоба «Қазақстанның 30 корпоративті лидері» Бағдарламасы шеңберінде іске асатын «көшбасшы» жобалардың тізіміне енді. 2008 жылдың 25 маусымында көшбасшы жоба бойынша Атырау қ. (Атырау облысының әкімшілігі) жұмысшы тобының шығу кеңесі өткізілді.

Ағымдағы кезеңде Жобаны іске асыруға дайындық бойынша мыналар жүзеге асырылуда:
«Miller&Lentz» және «Purvin&Getz» компаниялары ТШО өндірудің қорлары мен болжамдарының, сондай-ақ ТШО физикалық активтерінің «due diligence» сараптамалық бағасын жүзеге асырады;

Жобаны басқару компаниясы Foster Wheeler (РМС), Жоба объектілерінің болашақта орналасу алаңдары бойынша инженерлік-іздеу жұмыстарын бастады;
Foster Wheeler (РМС) жобалау бойынша жобаның бас мердігерін таңдау үшін тендерлік құжаттаманы дайындау, жабдықты жеткізу және толық аяқтау шартымен кешен құрылысының жұмыстарын жүргізеді;
Foster Wheeler (РМС) әлеуетті жергілікті мердігерлердің қатысуымен, кешеннің тұрмыстық қамсыздану объектілерінің техникалық сипаттамалары мәселелері бойынша нұсқаушы кеңес өткізді.

Жобаның толық аяқтау шартына бас ЕРС мердігер сайлау бойынша тендерге қатысу үшін ұйымдастырылған Барлық консорциумдармен кездесулер жүргізілді, онда жобаны іске асырудың техникалық нақтылаулары мен коммерциялық шарттары талқыланды.
Мұнай химия өнімін өндіру үшін көмірсутек шикізатын өңдеу сатылы технологиялы болады – бір технологиялық қондырғылардан алынған өнім, басқа қондырғыларда одан әрі өңдеудің әртүрлі варианттары үшін шикізат болуы мүмкін.
Мұнай химия өндірісінің толық технологиялық схемасын анықтау белгілі-бір мұнай-химия өндірісіне (маркетинг нәтижесі) деген қажетілікке, сондай-ақ сәйкес түрде бар мүмкіндіктерге де байланысты.

Осылайша, мұнай химия өндірісін құруда инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды Қазақстанда іске асыру кезінде жаңартылған Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық мүмкіндіктері мен өндірістік ресурстары және алғашқы интеграцияланған мұнай химия кешенінің ресурстық және технологиялық мүмкіндіктері ескерілді, және, келешекте, басқа мұнай- және газ өңдейтін зауыттардың мүмкіндіктері ескеріледі.
ЕЭА шеңберінде басқа инвестициялық жобалар іске асады – хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша (бензол, параксилол) мұнай химия кешендері және хош иісті көмірсутектер негізінде этиленгликоль, терефталь қышқылы, полиэтилентерефталат (пластикті бөтелкелер өндірісі үшін шикізат), этилбензол, поливинил хлорид және т.б.өндірісі. Жаңаландырылған Атырау МӨЗ технологиялық және ресурстық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде әлемдік деңгейдегі инновациялық өндірістерді құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі іске асырылуға және басқа технологиялық схемалар бойынша мұнай мен газды өңдеудің аралық өнімдерін өңдеу (бензол, этилен, пропан) негізінде, құрылғалы жатқан интерграцияланған мұнай химия кешені іске асырылуға дайын. Мысалы, Ақтау пластмасса зауытында әртүрлі маркалы полистирол өндірісінің құрылысына жобалық құжаттама әзірленуде, сондай-ақ Қаражанбас мұнайын өңдеу кезінде, Қазақстанның климат жағдайына жарамды жол битумын шығару бойынша өндіріс құрылысы жоспарлануда.
Сонымен қатар, жақын арада, полиолефинді, шиналық өнім үшін синтетикалық каучук және т.б. өндірісінің көлемін кеңейту арқылы, метанол мен оның шығындыларын шығару бойынша өндіріс құру үшін жобалар мен техникалық шешімдерді дайындау басталады [10].

Инвестициялық жобаларды іске асыруға дайындаудың маңызды мәселелерінің бірі – құрылысы жоспарланатын мұнай химия кешендерін аумақтық орналастыру бойынша проблемаларды шешу, олардың іс-әрекетінде экологиялық заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстанның әртүрлі аумақтық өңірлерінің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп, сондай-ақ елдің өндіруші күштерінің жоспарлы түрде дамуын және жаңа жұмыс орындарын құру проблемаларын шешу болып табылады.
Осылайша, алғашқы интеграцияланған мұнай химия кешені құрылысының инвестициялық жобасын іске асыруға дайындау кезінде, өндірістің дислокация орны Атыраудың қалалық аумағының өнеркәсіптік аймағынан Қарабатан станциясы ауданының ешбір инфрақұрылымы жоқ және игерілмеген жер аумағына ауыстырылды. Бұд Жобаның айтарлықтай қымбаттауына әкелді, бірақ Атырау қаласына түсетін өндірістік және экологиялық салмақты жеңілдету үшін, өркениет игерілмеген жерлерде жаңа, қала құрастыратын кәсіпорын құру үшін, бұл өзгеріске мемлекет те, инвесторлар да саналы түрде барды. Тек кешеннің құрылысы кезеңінде 5-тен 10 мыңға дейін әртүрлі мамандық жұмыскерлері қатыстырылады, автомобиль және темір жолдың жаңа тармақтары құрылады, электр беретін желілер, су құбыры, телекоммуникациялар қосылады, әкімшілік, әлеуметтік, тұрғын үйге арналған объектілер, яғни нақты жаңа қала құрылады. Сол, Қарабатан ст. ауданында, жоғары қосымша құнды мұнай химия өнімін шығаратын, хош иісті қоспаны (бензол, параксилол) терең өңдейтін мұнай химия кешені құрылады.

Полиэтиленнің, полипропиленнің, терефталь қышқылының, полиэтилентерефталаттың, поливинилхлоридтің әртүрлі маркаларының өндірісі, ішкі отандық нарық пен экспортқа шығару үшін, өнеркәсіпке және тұрмысқа арналған бұйымдар шығаратын кіші және орта бизнес кәсіпорындарының дамуына шикізаттық негіз береді.

2013 жылы негізгі мұнай химия өндірістері пайдалануға берілгеннен кейін, пластмассалы құбырлар, құрылыс және композиционды материалдар, буып-түю өнімдері (бөтелкелер, тетрапакеттер және пакеттер), корпусты пластикті және штампталған өнімдер, медицинаға және тұрмысқа арналған бұйымдар және т.б. шығаратын кіші және орта бизнес кәсіпорындарының белсенді дамуына болжам жасауға болады.

Осылайша, Қазақстанда мемлекет пен кәсіпкерліктің белсенді өзара әрекеті негізінде, пайдалануға берілуі 2013 жылы жүзеге асатын, көмірсутек шикізатын терең өңдейтін әлемдік деңгейдегі мұнай химия өндірісі құрылысының өзара байланысқан инвестициялық жобалары іске асады. Бұдан соң кіші және орта бизнес кәсіпорындарының белсенді өсімі үшін нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады [11].

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.