Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы



 

Қазақстан экономикасының мұнай мен газ экспортына бағыныштығынан шығу жолындағы әрекеттері былтырдан көріне бастады. Баспасөз беттерінде әлсін-әлсін шығып жатқан мағлұматтарға қарағанда, бұл бағыттағы үкіметтің қимылдары отандық және халықаралық сарапшыларға ішкі және сыртқы мұнай-химия нарығын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мемлекет қарамағындағы «ҚазМұнайГаз»-ға жүктелген нақты тапсырыстардан көрінеді. Бұл тапсырыстар алдыменен совет заманынан қалып, өткен оншақты жылда төзіп, күйреу жағдайына жеткен елдегі химия кәсіпорындарын қайта қалпына келтірумен қатар, мұнай-химия саласындағы аса маңызды жаңа жобаларды жүзеге асырумен байланысты.

Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық «Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық .

Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде [12].

Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.

2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.

Совет өкіметі заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым – қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу – қажалуға жетіп, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.

«Nexant Ltd» атты консалтингілік компаниясының бағалауынша, Қазақстанның мұнай-химия саласын құрудың бас жоспарын 15 жылда іске асыру үшін 7 млрд доллар қаржы қажет. Осыншама ұзақ мерзімді және қомақты қаржының қажеттігі, елде жаңадан оншақты химия кешендерін салып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтаумен қатар, совет заманынан қалған іске асатын зауыттарды қайта қалпына келтіру. «Nexant LTD» сарапшылары қосымша қаржылардың қажет болу мүмкіндігін болжап отыр.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.

Осы келеңсіз жағдайды түзету мақсатында, үкімет 2004-2010 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасын дайындады. 2005 жылы Ақтаудағы полистирол өндіретін «SAT Operating Aktau» зауытын қайта іске қосылуы бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Кәсіпорынды «SAT&Company» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ иелігіндегі «ATOLL» АҚ басқарып отыр. «SAT Operating Aktau» - стиролды синтездеу мен өндіру бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі кешендерінің бірі болып табылады. Шикізат- стиролмен қамтамасыз етіп отырған «Нижнекамскнефтехим» ресейлік компаниясы. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты, 21 сәуірде «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы Атыраудағы мұнай өндіру зауытында (АНПЗ) бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесінің таныстыру рәсімі өтті. Бензол салада кең пайдалынылатын қасиеттерімен қатар, қазір аса қажетті стирол шығаратын шикізат, сондықтан жобаның тез арада іске асырылуы күтілуде.

2005 жылы 23 қараша күні Астана қаласында өткен «Қазақстандағы мұнай-химияның дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы» тақырыбындағы II халықаралық конференциясында мұнай-химия саласының даму бас жоспары талқыланып, ғылыми мәселелері мен әлемдік озат технологияларды ендіру, саланың бәсеке ортасындағы мүмкіндіктері және келешектегі өнімдерді әлемдік полимерлер нарығына шығару әдістерін игеру мәселелері қарастырылды. II конференциядағы ҚР Премьер – Министрі Даниял Ахметовтың айтуы бойынша көмірсутектерді өндіру мен барлау жұмыстарына лицензия алатын компанияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - мұнай-химия кешеніне қатысуы болмақ. Осыған қоса айтылған кешендерде «экономикалық ерік аймақ» ашу (СЭЗ), қатысушыларға түрлі салықтық жеңілдіктер беру ниетіне қарағанда, өкіметтің инвестициялық саясатының маңызды саланы дамытуға бет бұрғанын көрсетеді.

26 сәуірде Алматыда өткен III Халықаралық мұнай-химия конференциясында Атырау облысында жаңадан салынатын мұнай-химия кешені жобасының таныстыру рәсімі өтті. Қазіргі заманға сай құрылатын кешен қуаты жылына 400 000 тонна тығыздығы төмен және жоғары полиэтилен, 400 000 тонна жүйелі полиэтилен және 400 000 тонна полипропилен өндіретін болады. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд АҚШ долларға бағаланып отыр. Көзделген жобаны жүзеге асыруға BASSELL, Shell International сияқты әйгілі әлемдік мұнай-химия компаниялары мен қаржы институттары ат салысуға ынтасын білдірді. Жақында, осы мақсатта, аталмыш компаниялармен тиісті Меморандумға қол қойылған болатын. Қазақстан жағынан қатысушылар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «ATOLL» және жекеменшік «SAT&Company» кәсіпорындары болды.

Зіңіз басқарып отырған Химия ғылымдары мен Органикалық катализ және электрохимия институттарының ғалымдары акцияларды «Самұрық» мемлекеттік холдингіне беру арқылы ғылыми-зерттеу институттарын қайта құруға қарсылық білдірді. Арты дауға ұласты. Орын алған түсінбестіктердің анық-қанығын өз аузыңыздан естісек дейміз.

– Химия ғылымдары институтын отандық химия ғылымының іргетасын қалаушы, қазіргі ғылымның негізі, күретамыры десек те артық айтқандық емес. Біздің институтта жылына 150-ден астам студент дәріс алып, олар білікті мамандар қатарын толықтыруға өзінше үлес қосуда. Ұлттық даму институттарының қаржылай және маркетингтік қолдау көрсетулерінің нәтижесінде біздің институт соңғы үлгідегі технологиялық өнімдерді игеруде соны жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Атап айтсам, мұнай-химия өнімдерін өндірудің жаңа катализаторларын, косметикалық ланолин өндіру, жұмсақ полимерлі табақтар мен электроизоляциялық жабындар және сапалы тыңайтқыштар өндіру сияқты осы заманның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Қарсылық білдірген себебіміз, іргелі ғылым ошағы мемлекет қарамағында қалсын дедік. Бұл – жалғыз біздің ғана жанайқайымыз емес, ғылыми орта айтып жеткізе алмай жүрген дат. Қуаныштысы, үкімет өзінің 28 наурыз күні отандық БАҚ-тарда жарық көрген қаулысымен іргелі ғылым нысандарын мемлекет меншігінде қалдырып әрі заңдық нормамен акционерлеуге яғни жекешелендіруге тыйым салынуын қамтамасыз ететін шешім қабылдады. Ондай болса, бұл оң қадамның Елбасының алдыңғы қатарлы елдер қатарына ену бағытындағы ұзақ мерзімді жоспарына, индустриялық-инновациялық дамуға толық мүмкіндік беретініне күмәнім жоқ.

Алым ретінде сіздің елдегі химия саласындағы ахуалға қандай баға беретіндігіңізді білсек дейміз. Қалай ойлайсыз, тыңайтқыштарды экспорттауға мүмкіндігіміз бар ма?

– Экспортты былай қойғанда, тыңайтқыш еліміздің өзінде тапшы болып отыр. Ал егер тыңайтқыш экспорттайтын болсақ, экономикамызға зор үлесі тиер-ақ еді. Қазір Үкімет басшылығы «бақ сынап көрсек» деп жатыр, кім біледі қалай боларын… Әлемдік рынокқа шығуға бөгет болып отырған біраз шаруаларды еңсеруге тура келіп тұр оларға. Менің ойымша, тығырықтан шығу үшін, ең алдымен, минералдық тыңайтқыштардың құнын төмендетудің жолдарын қарастырған жөн сияқты. Көп түйін сонда шешіле түседі деп ойлаймын.

Осы тұста айта кетейін, қазір алға қойылып отырған міндеттер зор. Атап айтсам, минералдық тыңайтқыш өндірудің жылдық көлемін 2014 жылы 3 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Оған «күдігім бар» немесе «сенімім мол» деп те айтпай-ақ қояйын. Оның нәтижесін уақыт көрсете жатар.
Жалпы айтсам, егер фосфор, азот және басқа минералдық тыңайтқыштар өндірсек, оны бүкіл дүниеге таратудың қиындығы болмас еді, өйткені қазір тыңайтқышқа зәру болып отырған елдер өте көп. Яғни өздеріңіз білесіздер, астық, ет, сүт сияқты сұранысы өте жоғары өнімдер өндіру тікелей тыңайтқыштарға байланысты [13].

Құрамында әртүрлі фосфоры бар өнім өндіруге, атап айтсам, фосфаттар негізінде фосфор қышқылы, фосфор қышқылының тұздарын шығаруға біздің қабілетіміз жетеді деп ойлаймын. Әсіресе ауыл шаруашылығына аса қажет. Тыңайтқыштың бұл түрін тасымалдай алмай отырғандығымыздың негізгі себебі сол қоспаларға кеп тіреліп тұр. Егер сөз болып отырған қоспалардан тазартсақ, фосфор тыңайтқыштарын тіпті жоғары бағамен экспорттауға да болар еді.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.