Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Химия институтының құрылғанына 65 жыл болып қалыпты. Институт несімен мақтана алады?



– Иә, химия институты сонау 1945 жылы құрылған-ды. Қазіргі таңда ең ірі ғылыми орталықтардың бірі саналады. Мұнда республика көлемінде, сонымен қатар, шет мемлекеттерді мойындатқан әртүрлі ғылыми мектептер қалыптасып, дамыған. Институтта іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстары бірқатар салаларда, атап айтсам, органикалық, бейорганикалық және физикалық химия, полимерлер және мономерлер химиясы, табиғи физиологиялық активті заттар және мұнай салалары бойынша сұранысқа ие. Қазіргі кездегі өзектілігі басым нанотехнология, нанобиоматериалдар алу саласында да жұмыстар атқарылуда. Мұнай өндіру, өңдеу саласында институттың көп ресурстары пайдалы өнімдер мен тауарға жұмсалуда. Экологиялық мониторингке институт жағынан үлкен назар аударылуда. Мұнай қалдықтарын залалсыздандыру, атап айтқанда, күкірт қалдығы төңірегіндегі проблемаларды шешу жолдарын қарастыруды қолға алып отырмыз. 2009 жылы ғарышқа аттанушы ғарышкерлердің кеме бортындағы зерттеу жұмыстарына институттың екі ғылыми жобасы қабылданды. Тағы бір айта кетерлігі, аталған іс-шаралар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, институтта көп бағытты мәселелерді шешу мақсатында шағынхимиялық кластер құрылды.

Еурохим» компаниясының «Сарытас» зауытын сатып алғандығына қалай қарайсыз? Жалпы, аты әйгілі осы компания бізге не береді? Тым көп уәде береді деп ойламайсыз ба?

– «Еурохим» – әлемге әйгілі ұйым. Ол өзінің жұмысшылар санының көптігімен және техникалық, шикізат ресурстарымен әлемді мойындатуға беделі де, мүмкіндігі де мол. Олардың әлемдік нарықта нық тұрғанына менің күмәнім жоқ. Олардың қазақстандық фосфор өнімдеріне назар аударулары жайдан-жай емес. Химия өнеркәсібінің бұл секторы кейіннен Ресейге өтіп кеткені болмаса, ұзақ уақыт бұрынғы Кеңес Одағының дәл осы салалас өндірістерімен бір болған еді. «Еурохимнің» біздің отандық бизнеске келуін, өз басым, қуана қолдаймын. Сөз жоқ, мұндай қарым-қатынастар ресурстарымызды тоғыстырып, қажетті ақпараттар алмасуымызға кең жол ашады. Ал олардың уәделері қаншалықты нәтиже беретінін алдағы уақытта көрерміз. Тек жақсылық күтейік.

Біздің елде қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне сай жөндеу жүргізетін кәсіпорын жоқтың қасы. Сондықтан украиндық «Сереп» пен «Азовмашқа» тәуелдіміз. Осы тығырықтан қалай шығуға болады деп ойлайсыз?

– Бұл – шынымен де, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл жерде украиндық кәсіпорындардың дәл қазір көмегі тимесе, анау айтқандай зияны жоқ. Мен мұны кеңестік дәуірден қалған, содан бері бір шешімі табылмай келе жатқан бір түйткіл дер едім. Украинаның Львов қаласындағы апатты еске алайықшы. Украина аумағында Қазақстанның «Қазфосфат» компаниясына қарасты фосфор тиелген 15 цистерна шойын жолдан шығып кетіп, апаттың арты айыптаулар мен үлкен саяси дауға ұласып кетті [14].

Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғанымызға, міне, неше жыл болды, бізде әлі күнге дейін өзіміздің қауіпті жүктер тасымалының талабына сай жөндеу жұмыстарын істейтін кәсіпорын жоқ.

Ткен жылы Балқаш қаласында үлкен зауыт салынды. Қалай ойлайсыз, зауыт алға мақсат қойғандай «Қазфосфат» ЖШС-ін шикізатпен қамтамасыз ете ала ма?

– Қайдам… Иә, «Қазақмыс» қазақстандық металлургия корпорациясы Балқаштағы мыс балқытатын зауыттың жанынан күкірт қышқылын шығаратын зауыт салуын салды. Оның жобалық қуаты 1,2 миллионға есептелді. Басында-ақ бұл зауыт «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған еді. Балқаш күкірт қышқылы зауытының пайдалануға берілуіне байланысты өткен жылдың соңына қарай жергілікті рынокта күкірт қышқылының профициті болады деген болжамның болғаны да рас. Ал «Қазфосфат» ЖШС таяу уақыттарға дейін қышқылды Өзбекстаннан алып келді. «Қазақмыс» пен «Қазцинк» болса, күкірт қышқылын қосалқы өнім ретінде ғана шығаратындықтан, «Қазақфосфатты» толықтай қышқылмен қамтамасыз етуі екіталай. Өйткені өнім өздеріне металлургиялық процестерді атқару үшін де қажет. «Қазфосфатты» толықтай қышқылмен қамтамасыз ете алмайды» деуімнің негізгі себебі «Қазатомпром» да республика бойынша күкірт қышқылын ең көп қажет ететін компания. Өнім олардың өздеріне де керек.

Еліміз химия, мұнай, газ, металлургия саласындағы білікті мамандарға аса зәру. Жоғары оқу орындары да мүлде жоқ емес, ұстаздар да баршылық. Ондай болса, бар кедергі неде деп ойлайсыз?

– Кедергі әртүрлі болды ғой. Қайсыбірін айтарсың…
Осындай түйінді түйткілдерді шешу мақсатында біздің институт соңғы жылдары химия саласы бойынша мамандар дайындайтын ЖОО-мен тығыз қарым-қатынас орнатты. Яғни алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ инновациялы білім консорциумы құрылды.

Білікті мамандарға сұраныс артып тұрған мына заманда химия институтына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өйткені химия саласы бойынша маман дайындаудың негізгі ошағы – осы институт. Маман дайындаудағы қордаланып қалған түйткілдер енді шешілуі тиіс деп ойлаймын.

Атап айтсам, мынандай базаларды құру көзделіп отыр:
• құрамында фосфор бар әртүрлі минералды тыңайтқыштар мен минералды материалдар өндіруге қажетті фосфорит өңдеуге арналған жаңа технологиялар мен техникаларды бақылаудан өткізетін қазіргі заманғы іс-тәжірибелік база құру («Қазфосфат» ЖШС базасында);
• фосфатты кен орындарын байыту технологиясы бойынша өткізетін қазіргі заманғы іс-тәжірибелік база құру («ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС базасында);
• органикалық және бейорганикалық химия өндірісінің диверсификациясы бойынша іс-тәжірибелік база құру («Каустик» АҚ базасында)

Ұсыныс«Саяси даулармен» өзге елге тәуелді болмас үшін, менің ойымша, «Қазфосфаттың» Тараз қаласындағы филиалы – теміржол транспортының кешенінде жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын ашу керек. Әлбетте, ол халықаралық келісімшарттардың талабына сай болуы тиіс. Мен бұл жерде Базель конвенциясын айтып отырмын. Бұл әрі Елбасының «2015 жылға дейінгі ҚР транспорт стратегиясы туралы» қаулысын жүзеге асыруға бір септігін тигізген болар еді [15].




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.