Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Коллоидты химияның оптикалық қасиеттері



Дисперсті системалардың оптикалық қасиеттерін зерттеу ондағы бөлшектердің құрылымын, түрін, өлшемін және концентрациясын анықтауға септеледі. Коллоидты ерітінділердің оптикалық және молекулалық-кинетикалық қасиеттерін біріктіріп, өзара ұштастырып зерттеген нәтижелі. Дисперсті системадағы электромагнитті жарық толқынының қозғалысын қарастырайық. Дисперстік ортадан өтетін жарық бөлшектермен әрекеттесіп, жұтылады, шағылысады немесе шашырайды. Жарықтың бөлшек бетіне тиіп, онан шағылысуы оптиканың геометриялық заңы бойынша, яғни толқын ұзындығы бөлшек өлшемінен кіші болса ғана жүзеге асады. Спектрдің көрінетін бөлігі үшін бұл шарт ірі дисперсті системаларда ғана сақталады. Ал, бөлшек өлшемі толқын ұзындығынан едәуір кіші болатын коллоидты системаларға басқа жарық шашырату құбылысы тән [16.17].

Дисперсті система арқылы өткен жарық сәуленің интенсивтілігі біршама төмендейді және бірден екі процесті тудырады: жұту және шашырату. Жарық жұтылған кезде оның энергиясы жылуға айналады. Боялған орталардың көмегімен жарық жұтудың негізгі заңдылығын Ламберт пен Беер анықтаған. Ламберт заңына орай, ерітіндінің өте жұқа қабаты арқылы өтетін жарық интенсивтілігінің өзгеруі, өзі өткен ерітінді қабатының қалыңдығына тура пропорционалды, ал Беер заңына сәйкес ерітіндіде еріген зат концентрациясының жоғарылауы ерітінді қабатының қалыңдығы сияқты әсер етеді. Ламберт және Беер заңын дифференциалды тұрғыдан біріктіріп өрнектеуге болады мұндағы dI - өткен жарық интенсивтілігі; К-пропорционалдық коэффициенті; С-ерітінді концентрациясы; dx-жарық өткен ерітінді қабатының қалыңдығы.
Бұл теңдеудің интегралдық түрі: немесе мұндағы І0 – ерітіндіге түскен жарық интенсивтілігі; І – ерітіндіден шыққан жарықтың интенсивтілігі.
Осы тұста ескерте кететін бір жай бар: егер ерітінді концентрациясын өзгерткенде еріген зат диссоциацияланбаса немесе агрегацияланбаса, онда Ламберт-Беердің біріккен заңы орындалады.(3) теңдеудің оң жағындағы бөлігін (lgІ0/І) оптикалық тығыздық деп атайды. Ондағы пропорционалдық коэффициентін көбінесе жарық жұтудың молекулалық коэффициенті деп те атайды және оны ерітінді концентрациясы мен қабат қалыңдығы 1-ге тең болатын жағдайда оптикалық тығыздық ретінде қабылдайды [18,19].

 

3.1 Азот және фосфор тыңайтқыштарының өндірісі

Көп рудалық және рудалы емес пайдалы қазындыларды өндіру және қоры бойынша басыңқы орынды саны шектеулі елдер алады. Мысалы, дүниежүзілік өндірудің 2/3 бөлігінен астамы 90 жылдардың соңында тек төрт мемлекетте орналасқан: марганец бойынша – Қытайда, ОАР және Бразилияда, кобальт бойынша – Канада, Ресейде, Заирде, Замбияда, хром бойынша – ОАР, Қазақстанда, Үндістанда, Түркияда, вольфрам бойынша – Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Корейде, ванадий бойынша – ОАР, Ресейде, Қытайда, АҚШ-та. Қорғасынның жоғары сапалы қоры Қытайда, Австралияда, АҚШ-та, Канадада, Перуда, цинк – Канадада, Австралияда, Қытайда, Перуда, АҚШ-та шоғыландырылған.

Рудалық емес қазбалардың арасында минералды тыњайтқыштар өндірісі үшін шикізаттар қорыныњ үлкен елеулі екенін айту керек. Фосфориттер қорлары мен өндірісініњ көп бөлігі АҚШ-та, Мароккода, Ресейде, Қытайда, Қазақстанда орналасқан.

Калий тұздардың тыңайған жерлері Ресейде, Канадада, Германияда, Францияда, АҚШ-та, Белоруссияда орналасқан.

Құрылықтық қайраңның жер қойнауында әртүрлі металдардың көптеген жинақтары оқшауландырылған. Австралия, Канада, АҚШ, Жапон, Чили жағаларында темір, мыс, никель, қалайы жғне басқа рудаларды өндіру бойынша теңіз шахталары жұмыс істеуде. Малайзия, Индонезия, Тайланд жағасында қалайы кені, Аляскада – алтын кені, Үндістан, Бразилия, Австралия жағасында сирек кездесетін металлдар кені – маңыздылардың бірі болып табылады.

Қазіргі кезде тек қана Қытай мен Үндістан жыл сайын 60 миллион тонна минералды тыңайтқыштарды тұтынады екен. Елбасы Н.Назарбаев қытай кәсіпкерлерінің Қазақстанның химия кеніштеріне қомақты қаржымен келуге дайын екенін байқайтынын бекерге айтқан жоқ. Осы орайда қазақ елінің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өндіретін іргелі мемлекет болуға мүмкіндігі бар екенін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарға өз диқандарымыздың да мұқтаж екенін ұмытпаған жөн. Егер агроөнеркәсіп кешендері, шаруа қожалықтары ең қажетті озық агротехникаларды қолданатын болса, Қазақстанның ішкі қажеттілігі бұл тыңайтқыштарға жыл сайын 2,6 миллион тоннаны құрайды. Бұған қоса қазір Қазақстан жыл сайын химия өнімдерін, соның ішінде тыңайтқыштарды 2 миллиард АҚШ долларына экспорттап отырған ел.

Демек, ел химиясындағы бар мүмкіндікті дамыту үшін экспортпен бірге отандық ауыл шаруашылығы өндірісін көтерудің негізін қалыптастыру бізге әлемдегі ең негізгі өнім жеткізушілердің бірі болуға жағдай туғызады. Минералды тыңайтқыштарды Орталық Азия мен Ресей де өте көп мөлшерде пайдаланады. Сондықтан химия өнеркәсібін дамыту мәселелерін кешенді түрде қараудың кезі жеткен сияқты. Бұл үшін алдағы жылдарға нақты міндеттер қойып, Үкімет оны дер кезінде шешуге тиіс деп ойлаймыз.

Химия өнеркәсібі елдің ғылыми-техникалық өсу қарқынының деңгейін де анықтайды. Мысалы, өнеркәсіптік өндірістегі химия саласының үлесі АҚШ пен Жапонияда – 6,5, Қытайда – 7,7, ЕО елдерінде 4,6 пайызды құрайды. Ал Қазақстандағы химия өнеркәсібі бүгінгі күні мұндай көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ, бірақ белгілі бір өсу қарқыны байқалады. Сегіз айдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 70 миллиард теңгегені құрапты. Бұл 2007 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 11,7 пайызға көп.

Әсіресе, соңғы үш жылдан бері салада экономикалық өсу қарқыны анық байқала бастаған. Соған сәйкес бұл еліміздің өнеркәсіп өндірісіндегі химия саласы үлесінің арта түскенін көрсетеді. Мысалы, 2006 жылы химия саласының үлесі 0,8 пайыз болса, 2007 жылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 1 пайызды құраған.

Қазақстанның химия өнеркәсібі бүгінде минералды тыңайтқыштарды (фосфор, азот, хром тұздары, т.б.) дайындау саласына бейімделген. Елімізде химия саласының 500 кәсіпорны бар. Оның ішінде 460 кіші, 30 орта және 9 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған салада 14 мың адам еңбек етеді. Саладағы ірі кәсіпорындар туралы айтсақ, бұлар: “Қазфосфат” ЖШС, “ҚазАзот” ЖШС, және “Ақтөбе хром қоспалары” ЖШС болып табылады.

“Қазфосфат” ЖШС фосфор шикізатын өндіру мен минералды тыңайтқыштар, жемдік фосфаттар сияқты т.б. фосфор өнімдерін өңдеуге бағытталған. Оны шикізатпен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласынан 2008 жылы күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынды. Ол шілде айынан бастап іске кірісті. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна өнім өндіруге жетеді.

Химия ғылымдары институтын отандық химия ғылымының іргетасын қалаушы, қазіргі ғылымның негізі, күретамыры десек те артық айтқандық емес. Біздің институтта жылына 150-ден астам студент дәріс алып, олар білікті мамандар қатарын толықтыруға өзінше үлес қосуда. Ұлттық даму институттарының қаржылай және маркетингтік қолдау көрсетулерінің нәтижесінде біздің институт соңғы үлгідегі технологиялық өнімдерді игеруде соны жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Атап айтсам, мұнай-химия өнімдерін өндірудің жаңа катализаторларын, косметикалық ланолин өндіру, жұмсақ полимерлі табақтар мен электроизоляциялық жабындар және сапалы тыңайтқыштар өндіру сияқты осы заманның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Қарсылық білдірген себебіміз, іргелі ғылым ошағы мемлекет қарамағында қалсын дедік. Бұл – жалғыз біздің ғана жанайқайымыз емес, ғылыми орта айтып жеткізе алмай жүрген дат. Қуаныштысы, үкімет өзінің 28 наурыз күні отандық БАҚ-тарда жарық көрген қаулысымен іргелі ғылым нысандарын мемлекет меншігінде қалдырып әрі заңдық нормамен акционерлеуге яғни жекешелендіруге тыйым салынуын қамтамасыз ететін шешім қабылдады. Ондай болса, бұл оң қадамның Елбасының алдыңғы қатарлы елдер қатарына ену бағытындағы ұзақ мерзімді жоспарына, индустриялық-инновациялық дамуға толық мүмкіндік беретініне күмәнім жоқ.

Экспортты былай қойғанда, тыңайтқыш еліміздің өзінде тапшы болып отыр. Ал егер тыңайтқыш экспорттайтын болсақ, экономикамызға зор үлесі тиер-ақ еді. Қазір Үкімет басшылығы «бақ сынап көрсек» деп жатыр, кім біледі қалай боларын… Әлемдік рынокқа шығуға бөгет болып отырған біраз шаруаларды еңсеруге тура келіп тұр оларға. Менің ойымша, тығырықтан шығу үшін, ең алдымен, минералдық тыңайтқыштардың құнын төмендетудің жолдарын қарастырған жөн сияқты. Көп түйін сонда шешіле түседі деп ойлаймын.

Осы тұста айта кетейін, қазір алға қойылып отырған міндеттер зор. Атап айтсам, минералдық тыңайтқыш өндірудің жылдық көлемін 2014 жылы 3 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Оған «күдігім бар» немесе «сенімім мол» деп те айтпай-ақ қояйын. Оның нәтижесін уақыт көрсете жатар.

Жалпы айтсам, егер фосфор, азот және басқа минералдық тыңайтқыштар өндірсек, оны бүкіл дүниеге таратудың қиындығы болмас еді, өйткені қазір тыңайтқышқа зәру болып отырған елдер өте көп. Яғни өздеріңіз білесіздер, астық, ет, сүт сияқты сұранысы өте жоғары өнімдер өндіру тікелей тыңайтқыштарға байланысты.

Құрамында әртүрлі фосфоры бар өнім өндіруге, атап айтсам, фосфаттар негізінде фосфор қышқылы, фосфор қышқылының тұздарын шығаруға біздің қабілетіміз жетеді деп ойлаймын. Әсіресе ауыл шаруашылығына аса қажет. Тыңайтқыштың бұл түрін тасымалдай алмай отырғандығымыздың негізгі себебі сол қоспаларға кеп тіреліп тұр. Егер сөз болып отырған қоспалардан тазартсақ, фосфор тыңайтқыштарын тіпті жоғары бағамен экспорттауға да болар еді.

Химия өнеркәсібін дамытудың жалпы әлемдік ағымы дамыған елдерде мұнайды мономерлік және полимерлік материалдарға дейін тереңдете өңдеу технологиялары мен процестеріне бағытталған. Ал біздің елдегі өнеркәсіп, өкінішке қарай, мұнайды алғашқы өңдеу процестеріне ғана негізделген.

Біз жер қойнауындағы химиялық шикізат қоры жағынан дүниежүзіндегі ең ауқымды елдердің бірі қатарындамыз. Соған қарамастан, Қазақстанның химия өнеркәсібі қазіргі кезде дамыған елдермен салыстырғанда, екі ұрпаққа артта қалып келеді. Қазір барлық елдерді толғандырып отырған бір ғана мәселе – әлемдік деңгейде белең алып келе жатқан қаржылық қиындықтар мен азық-түлік тапшылығынан қалай да аман шығу.

«Қай бағытты ұстансақ дұрыс болар екен» деп сұрап отырған екенсіз, осындай сын кезеңде біздің химия кәсіпорындары өндіріп жатқан минералдық тыңайтқыштарды еселеп шығарсақ әрі тиімді, әрі ұтымды, әрі пайдалы іс болар еді. Минералдық тыңайтқыштарды өндіруді арттыруға қазір Елбасы да айрықша мән беріп отыр [5,19].

2009-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібінің даму жолының картасы» деп аталатын жобаны жүзеге асыруға біздің институтқа да зор міндеттер артылмақ.

Отандық химиялық өнімдердің экспорттық бағасы рыноктағы жалпы әлемдік құн арқылы реттеледі және ҚР Үкіметінің кедендік жинақтарымен бақыланады. Бірақ экспортталатын өнімдердің тар шеңберлі тізіміне, негізінен, алғашқы өңдеуден өткен мұнай өнімдері мен мұнай шикізаты ілініп, олардың бағасы айтарлықтай дәрежеде әлемдік шикізат рыноктарындағы мұнай бағасына тәуелді болып отыр. Ешкімге таңсық емес, отандық өндірістердің сұранысын жабатын химиялық өнімдердің басым бөлігі шетелдерден сатып алынады. Олардың бағасы әлемдік бағадан 2,0-2,5 есе қымбат. Сонымен қатар, оларды мерзімінде жеткізу – өз алдына басқа проблема. Бұл біздің отандық өндірістердің қуатын әжептәуір төмендетуге әсер етіп отырғаны тағы бар.

Анау бір жылдармен салыстырғанда, жағдай тұрақтанып келе жатқан сияқты. 1986 жылы оған деген сұраныс көлемі 1 млн тоннаны құраған болатын. Ал 1987-1991 жылдары оның көлемі 480,2 мың тоннаға дейін төмендеді. Тыңайтқыштардың ең аз көлемде пайдаланылған кезі 1998 жылы көрініс берді. Бар болғаны 10,7 мың тонна. Одан кейін 2002 жылы оның көлемі біршама өскен болатын. Соның өзінде ол 18,48 мың тоннаны ғана құрапты. Тыңайтылған егістіктер болса 0,8 пайызға ілдалдалап әрең жетті. Қазіргі кезде сұраныс қарқыны өсіп келеді дер едім. Яғни фосфор тыңайтқышын өндіру 200,0 мың тоннаға дейін жетті. Ал 2008 жылы мемлекеттің тағы 130,0 мың тонна тыңайтқышқа субсидия бергені жұртшылыққа мәлім. Бұл – қуанарлық жайт.

Әлемдік химия өнімдері рыногы орасан және ұйымдастырылуының өзі қазір жоғары бағаға лайық. Оған кім болса да тек аса сапалы тауармен ғана ене алатыны түсінікті. Әйтсе де, оның бір бөлігіне таласуға болатын да шығар… Қалай болған күннің өзінде де, не нәрсені болса да таразыдан өткізіп, екпіндемей, барар жолды бағамдап алған абзал.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін белгілі болған брендтерге қарағанда, экономикалық жағынан тиімді болып табылатын тауарлар бағасы маңыздырақ па деп ойлаймын.

Осы тұста айта кетейін, біздің ел, мәселен, фосфориттің әлемдік қоры жағынан төртінші орында тұр. Демек, экспорттың әлеуеті жоғары. Соған қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінде химия саласының үлесі тек 1 пайызды ғана құрайды. Елбасы Үкіметке қазір химия өнеркәсібін жетілдірумен мықтап айналысуды қатты тапсырды. Ал бұл сөз жоқ, химия өнімдерін арттырудың маңыздылығы ескеріле басталғанын аңғартып отыр.

Қазір институт бағындыру дәрежесіндегі көптеген инновациялық-технологиялық жобаларды қолданысқа енгізуге дайындап отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы Ұлттық инновациялық қор мен ҚР ғылыми қорының қаржылық және маркетингті қолдауымен жүзеге аспақ. Жаңа өндірісті меңгеру отандық технологияны шикізаттар мен материалдарды жоғары деңгейде өңдеуге, біздің химия өнеркәсібін дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жасауға септігін тигізеді.

Химиялық кластер – болашағынан көп үміт күттіретін әрі тиімді құрылым. Алайда барлық тығырықтан шығудың негізгі жолы бұл емес. Тек бизнес пен нарықтағы бірнеше саланы топтастырып, соның нәтижесінде жемісті ынтымақтастық құру үшін ғана қолайлы. Дәл қазіргі кезде кластер бізге еліміздің химия индустриясын дамытуға аса қажет. Инвесторларға келсем, бізге көз тігіп отырғандар аз емес. Білуімше, осы 3-4 жылдың ішінде 15 миллиардқа жуық инвестиция келеді деп күтілуде.

Нәтижелі істердің басы енді басталып жатыр. Негізі, Қазақстанды мұнай, газ және химия өнеркәсібі іске қосылғалы отырған сындарлы кезең күтіп тұр.

«Еурохим» – әлемге әйгілі ұйым. Ол өзінің жұмысшылар санының көптігімен және техникалық, шикізат ресурстарымен әлемді мойындатуға беделі де, мүмкіндігі де мол. Олардың әлемдік нарықта нық тұрғанына менің күмәнім жоқ. Олардың қазақстандық фосфор өнімдеріне назар аударулары жайдан-жай емес. Химия өнеркәсібінің бұл секторы кейіннен Ресейге өтіп кеткені болмаса, ұзақ уақыт бұрынғы Кеңес Одағының дәл осы салалас өндірістерімен бір болған еді. «Еурохимнің» біздің отандық бизнеске келуін, өз басым, қуана қолдаймын. Сөз жоқ, мұндай қарым-қатынастар ресурстарымызды тоғыстырып, қажетті ақпараттар алмасуымызға кең жол ашады. Ал олардың уәделері қаншалықты нәтиже беретінін алдағы уақытта көрерміз. Тек жақсылық күтейік [20].

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.