Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Орытынды



 

Химия өнеркәсібінің жаңа салалары даму деңгейі, қазіргі кездегі институт бағындыру дәрежесіндегі көптеген инновациялық-технологиялық жобаларды қолданысқа енгізуге дайындап отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы Ұлттық инновациялық қор мен ҚР ғылыми қорының қаржылық және маркетингті қолдауымен жүзеге аспақ. Жаңа өндірісті меңгеру отандық технологияны шикізаттар мен материалдарды жоғары деңгейде өңдеуге, біздің химия өнеркәсібін дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жасауға септігін тигізеді.

Қазақстандық мұнай химия өндірістерінің үйлесімді құрамын және масштабын анықтау үшін және нақты инвестициялық жобалар әзірленгенге дейін шет елдік мамандар мен сарапшыларды қатыстырумен бірнеше зерттеулер жүргізілді, атап айтқанда, Exxon Mobil және Nexant компаниялары зерттеулер жүргізді, олар Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының мүмкіндігін және мақсатқа сәйкестілігін атап өтті.

Зерттеулер нәтижелері бойынша Қазақстанда мұнай химия өндірісі дамуының экономикалық және технологиялық негізделген бағыттары анықталды, ол өндірістердің құрылыстары инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін сәйкес заңнамалық және нормативтік құқықтық негіз құрылды – Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2008-2013 жылдарға арналған мұнай химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасының» жаңа редакциясы бекітілді.
Инвестициялық жобалардың жоғары капитал сыйымдылығын ескере отырып, мұнай химия кешендерінің құрылысы, құрылған арнайы экономикалық аймақ «Атырау облысының ұлттық индустриалды мұнай химия технопаркі» шеңберінде жүзеге асырылады. Сәйкес Жарлыққа мемлекет басшысы 2007 жылдың желтоқсанында қол қойды.

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай химия өндірісін құрудағы старттық және базалық шаралар - Атырау облысындағы алғашқы интегралданған мұнай химия кешенінің құрылысы болып табылады. Жобамен жылына 1,25 млн. тонна көлеміндегі полиолефин (800 мың тонна/жыл. полиэтилен және 450 мың тонна/жыл. полипропилен) өндірісі көзделген.

Жобаны іске асыруға дайындық үш жылдан астам мерзімде жүзеге асырылды: кешеннің технологиялық комплектациясы мәселелері, қажетті шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, кешеннің оңтайлы және экономикалық мақсатқа сәйкес қуаттылығы анықталды, өндірілетін өнімге маркетингтік стратегия жасалынды, жобаның экономикалық және қаржылық үлгілері есептелінді, қажетті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша шешімдер шығарылды, экологиялық заңнаманың ережелері мен талаптары және өңірдің экономикалық дамуының мәселелері, әлеуметтік мәселелер ескерілді және т.б.

Мысалы, ТЭН әзірлеуде министрліктен, ұлттық компаниядан, басқарма тобынан бірлескен мамандар тобының, техникалық тапсырманы дайындау барысында, лицензиар-компаниялардан 60 астам технология варианттары мен қондырғылар қарастырылды. Жетекші халықаралық компаниялар орындаған, алдын-ала және толық ТЭН материалдарында, алдын-ала ТЭН –«Shell Global Solutions Int.» (Нидерланды) және кешеннің толық ТЭН - «Foster Wheeler UK», технологиялар мен қондырғылардың таңдалып алынған және келісілген варианттары енді.
Кешен интеграцияланған болып табылады – оның технологиялық циклында бірнеше қондырғыларды реттілікпен пайдалану көзделеді: басында мономерлерді алған соң – төменгі молекулярлы қоспалар, содан соң полимерлер (полиолефиндер). Жобаның жалпы құны 6,3 млрд. АҚШ долл. (762,3 млрд. тенге) құрайды, кешен бірнеше өзара байланысқан технологиялық қондырғылардан тұрады. Әр технологиялық қондырғы, халықаралық нарықта орын алған үздік технологиялар бойынша дайындалады: газ өңдеу - ABB/CBI, Linde; бу крекингі - Linde, ABB/CBI, TECHNIP, Stone & Webster; пропанды дегидрирлеу - UOP, ABB/CBI, Uhde; этиленді димеризациялау – Axens, полиэтилен мен полипропиленді Basell/Borealis технологиясы бойынша өндіру.
«Jacobs Consultants» компаниясы маркетингтік зерттеу жүргізіп, маркетингтік жоспар әзірледі, ол бойынша өнімнің негізгі бөлігі Қытай, Батыс және Шығыс Еуропа нарығына жеткізіліп отырады. Өнімнің белгілі-бір бөлігі, аралас өндірістерді дамыту үшін, сонымен қатар кіші және орта бизнестің, құрылған ЕЭА шеңберінде түпкі өнімді өндіруі үшін, Қазақстанда қалып отырады.
Әлемдік химия өнімдері рыногы орасан және ұйымдастырылуының өзі қазір жоғары бағаға лайық. Оған кім болса да тек аса сапалы тауармен ғана ене алатыны түсінікті. біздің ел, мәселен, фосфориттің әлемдік қоры жағынан төртінші орында тұр. Демек, экспорттың әлеуеті жоғары. Соған қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінде химия саласының үлесі тек 1 пайызды ғана құрайды. Елбасы Үкіметке қазір химия өнеркәсібін жетілдірумен мықтап айналысу ісі де жүзеге асырудағы ақпараттар көрсетілген.

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.