Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Бизнес жоспар негізіндегі шикізат пен материалдар



Шикізат

1. бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;

2. табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.

24. Бизнес жоспар негізіндегі сату бағдарламасы

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады. Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен өнімнің өзіндік құнына негізделген.

Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Қазақстан өзінің қонақжайлылығымен кеңінен танылған ел. Сонымен қатар қонақ үй және туристік бизнес республикада әлі жетілмеген. Туристер Қазақстанға келуге асықпайды, демалыс базалары тұру қолайлылығы, аумақтарының тазалығы, номерлердің бағасы тым жоғары.Қазақстанда қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарын дамытудың негізгі үрдістері:

- нарықта халықаралық қонақ үй желісінің пайда болуы;

- шағын кәсіпорындар мен баламалы қонақ үй нысандары желісін белсенді дамыту (сөткелік пәтерлер);

- алдағы 2-3 жылда туристер легін ұлғайту және қонақ үй жұмыстарының көрсеткіштерін жақсарту;

- қонақжайлылық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.

25. Бизнес жоспар негізінде орналасқан жері. Ғимараты және құрылысы(жоба мысалында)

Орналасқан жері

Болжамды пунктті коммуникацияны жүргізуге барынша ыңғайлы және жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында, алайда маршруттық автобус жолаушыларын клиенттер ретінде тарту үшін, қаладан алыстау жердегі Қызылорда облысының елді мекендерінің біреуіне жақын жерге орналастыру жоспарланып отыр. Жол бойындағы қызмет көрсету мекені жанар-жағармай құю станциясынажақын орналасады. Пунктіңшамамен орналасуы мүмкінорын2-қосымшадакөрсетілген. Жол бойындағы қызмет көрсету орнына бөлінген жер телімінің көлемі 2000 ш.м.құрайды. Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің құрылысына алынатын жер телімісатыпалынадынемесеұзақмерзімді пайдалануға жалға алынады.

Ғимарат және құрылыс

Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің құрылымына келесі нысандар кіреді:

Ø Қонақүй

Ø 13 нөмірліжатын бөлме

Ø 2бөлекдушжәнедәретхана

Ø кір жуатынорын

Ø кафе,ас мәзірініңішінде ертеңгі, түскі, кешкі асқарастырылған.

Ø азық-түлік дүкені, сусындар және халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету. Автокөлікті орналастыруда күзеті бар автотұрақ ұйымдастырылған, 12 жүк автокөлігі мен 15 жеңіл көлікке арналған қоршалған тұрақжәнебейнебақылауқарастырылған.

Ø Дөңгелек жөндеу шеберханасы

 

26. Бизнес жоспар негізінде материалдық техникалық жабдықтау мәселелері(жоба мысалында)

27. Тауардың құндылығына қарай материалдардың топқа бөлінуі(жоба мысалында)

28. Бизнес жоспар негізінде коммуникациялық инфрақұрылым(жоба мысалында)

Коммуникациялық инфрақұрылым

Электрмен жабдықтау Жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің аумағын электр қуатымен жабдықтау орталық электрмен қамтамасыз ету жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау Жол бойындағы қызмет көрсету орнының аумағы су құбырымен қамтамасыз етіліп, тұтыну орындарына су сорғыш арқылы жеткізілетін болады. Байланыс Жол бойындағы қызмет көрсету орнын байланыспен қамтамасыз ету үшін, ұялы байланыс Beeline және Kcell қызмет операторлары аумағында болуы қажет.

29. Туристік кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыру, басқару және қызметкерлердің құрылымы (жоба бойынша)

Кәсіпорында директор жалпы басшылық жасайды. Басқарушы әкімші мен қосалқы құрамның жұмысын бақылайды. Өндірістік құрам әкімшіге бағынады.

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады (1-сурет).

 

1-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

 

 

 

Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді.

Қызметкерлерді басқарудың негізгі бағыттары:

Қызметкерлерді іріктеу. Барынша маңызды бағытқа қызметкерлерді сауатты түрде іріктеу жатады. Лауазымдық міндеттерге негізделумен біліктілік талаптары қалыптасады. Оларда қызметкердің өзіне тапсырылған жұмысты дұрыс орындау үшін қандай білімі, шеберлігі, дағдылары мен жеке сипаттамаларының болуы қажет екендігін көрсетіп кету керек. Жəне осы талаптарға сəйкес үміткерлер таңдалып алынады.

Әр кәсіпорынның штаттық кестесі әр қилы, алайда негізгі көрсеткіштер ұқсас. Мысалы, зерттейтін жобада қызмет сапасы сондай-ақ кешен қызметкерлерінен (басқарушы, техникалық қызметкерлер құрамы) де тәуелді екенін атап өтелік. Тапсырысты қабылдау мезетіндегі клиентпен тілдесуден бастап және оны белгіленген орынға жеткізге дейін клиенттің қанағаттандырылуы үшін барлық жауапкершілік қызметкерлер құрамында жатататындығын нақты түсіну қажет. Өйткені қызметкерлер құрамы мен клиент арасындағы тікелей байланысу әрдайым орын алып тұрады. Осыған байланысты қызметкерлер құрамы жоба әкімшісімен тәжірибелі және маманданған жұмыскерлер арасынан жиналады. Осылай база құрылысынан кейін әкімші келесі қызметкерлер құрамын жалдауды атқаруды жоспарлауда. Берілген жобаның толық қанды жұмыс істеуі үшін толық жауапкершілік тартатын Басқарушы лауазымын енгізу жоспарлануда. Ол барлық қызметкерлер құрамының жұмысын үйлестіруі, клиенттермен жақсы байланыста болуы, бухгалтерлер жұмысын тексеруі, қызметтің орындалу реті мен сапасын қадағалауы тиіс. Жалдауға жорамалданған қызметкерлер құрамы – басқарушы, бухгалтер – 2 адам, қызметші/кір жуушылар – 5 адам, аспазшы – 2 адам, даяшылар – 2 адам, штаттық электрші – 1 адам, фитнес пен бассейн бойынша, және басқа да спорттық шұғылданулар бойынша нұсқаушылар – 2 адам, моншашы – 1 бірлік, күзетшілер – 4 бірлік.

 

35. Франчайзинг жүйесі - ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас нысаны, онда ірі корпорациялар, компаниялар (франчайзерлер) шағын фирмалармен, еншілес компа- ниялармен, бизнесмендермен (франчайзи) франчайзер атынан әрекет етуге айрықша құқық беретін шарт жасайды. Шағын фирма өз бизнесін белгіленген уақыт ішінде және белгілі жерде «негізгі» фирма белгілеген нысанда жүзеге асыруға міндетті. өз кезегінде фран- чайзер франчайзиді тауар, технологиямен жабдықтауға, бизнесіне әртүрлі көмек көрсетуге міндеттенеді.

36. Франшиза берудің артықшылықтары.

• Бизнесті дамытудың жоғары қарқыны; • франчайзер басқа кәсіпкерлердің инвестицияларын пайдалану арқылы өз бизнесін кеңейтеді; • жақсы сапа менеджменті, яғни франчайзи өз ісін өзінің қаражаттары арқылы басқарады, сондықтан жалдама- лы менеджерлерге қарағанда олар жақсы жұмыс істейді, ынталану деңгейі де жоғары; • франчайзи жергілікті нарықтың ерекшеліктерімен таныс және жергілікті әкімшіліктің қолдауына әрдайым ие болып отырады.

37. Франчайзер үшін кемшіліктер мен қиындықтар да бар: • франчайзер жеке филиалдары берген табыстың толық үлесін ала алмайды; • франчайзи қызметін бақылау жұмысы өте күрделі, соған байланысты франчайзидің тікелей тұтыну- шыға ұсынатын тауар/қызметінің сапасы франчайзер ұсынатын тауар/қызметтің сапасымен сәйкес келмеуі мүмкін; • франчайзер өз бизнесіңіз жаңалығын (ноу-хау) өз франчайзиларының жауапсыз әрекеттерінің нәтижесінде жоғалтып алуы мүмкін. Франчайзер тәуекелін төмендету мәселесі франчайзингтік жүйені құру, соның ішінде франчайзингтік шарт- ты және франчайзи таңдау белгілерін анықтау мұқият қарастыру арқылы шешіледі.

38. Франчайзинтік жүйені енгізу мақсаты:

• Сату жүйесін дамытуды жеделдету, соның ішінде тәуелсіз кәсіпкерлердің көмегімен жаңа аумақтарға және ресурстарға шығу; • Тиісті тауар/қызмет/жұмысты сату қызметін қоса алғанда, франшиза беруден табыс табу; • Тауар белгісінің (бренд) маңызын арттыру.

39. Турбизнес кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері.

Жоба жүзеге асырылуынан экономикалық және әлеуеметтік пайдалар жоба жүзеге асырылуы өтетін өңірде адамдардың өмір сапасының жақсарыуына ықпал етеді, бұл бюджетке салықтық кірістердің үлкеюімен, туристік база қызметтеріне қойылатын бағалар деңгейін нарық үшін тиімді деңгейде ұстаумен білдіріледі. Сонымен қатар жобаның жарқын әлеуметтік бағыттылығы бар, яғни қызмет көрсету нарығында бағаның орташа нарықтық деңгейінде көрінетін жұмыс орынын қамтамасыз етуде, бюджетке салық түсімдерінің артуында, балалардың көңіл көтеру орталықтарына ұсыныстардың артуында көрінеді. Кешендік, экономикалық баға, жобаның өткізілген қаржылық үлгісі жобаның қаржылық өткізілуі,сонымен қатар өткізуден экономикалық әсер алатын күйдегі оның инвестициялық қызығушылығы туралы куәландырады. Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін, жобадағы барлық факторларды ескеру қажет. Экологиялық зардаптары туралы өндіріске қатысты қаралады. Сонымен қоса, әлеуметтік ықпалы да зор.

40. Бизнес – жоспар негізінде түйіндеме

Бизнес – жоспардың түйіндемесінде 12 пункт көрсетіледі:

1. Жобаның негізгі идеяс

2. Бағытталған нарық

3. Мақсатты тұтынушылар тобы

4. Негізгі өнімнің түрі

5. Негізгі бәсекелестік артықшылығы

6. Жобаның жетекшісі

7. Білімі және тәжірибесі

8. Жұмыс орнын құру

9. Жобаның жалпы құны

10. Өндіретін өнімнің болжамы

11. Дайындық кезеңінің ұзақтығы

12. Жұмыстың жоспары кезеңге шығуы

 

41. Бизнес – жоспар негізінде қосымшалар

Қосымшалар Көп жағдайларда потенциалды серіктестер не- месе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның жəне т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мəліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бəсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары жəне өзге де көптеген нəрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады.

 

42. Бизнес – жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес- жоспардың құрамы және оның толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін әзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен және сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар әзірленуі тиіс. Егер де әңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.

Бизнес – жоспардың бөлімдері:

1. Түйіндеме

2. Тауар және қызметке сипаттама

3. Маркетингтік жоспарлау

4. Өндірістік жоспар

5. Қызметкерлер құрамы

6. Жобаны іске асыру

7. Қаржлық жоспар

8. Әлеуметтік экономикалық және экологиялық әсері

9. Қосымшалар

 

43. Бизнес – жоспарды дайындаудың кезеңдері

Бизнес-жоспарды дайындаудың екі кезеңі:

1. Ақпараттар жинау;

- қызмет, сіз не істегіңіз келеді? Соны анықтау

- нарық, тұтынушылар кімдер? Олар қай жерде және нені қалайды, бәсекелеріңіз кім?

-қаржы, сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?

2. Ақпараттарды жөнге келтіру.Жоспар бәрін тегіс қамти алатын алатын және қысқа болуы тиіс:

- қарапайым, түсінікті тілде жазылады

- өз ойыңызды белгілі мәселелерді баяндайтын нақты бөлімдермен ретке келтіріңіз

- жоспар оқылуға жеңіл болуы үшін, қосымша материалдарды, қосымшада көрсетіңіз.

 

44. Кәсіпорынға сипаттама және оның қызметтері

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз — бұл жеке тұлғалардың азаматтардың өзінің меншігіне негізделген және азаматтардың атынан соларды тәуекелге баруы- мен және солардың (мүліктік) жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған бастамашыл қызметі.

Заңды тұлға құрылтай құжаттарға негізделумен әрекет етеді: • құрылтай шарты (егер коммерциялық ұйымды бір ғана тұлға құрып отырса, жасалмайды); • Жарғы. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) әрекеті қажетті құжаттар қосарланған өтініштің берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс. Заңды тұлғаны құрудың мақсатқа лайықты болмауының себебіне орай оны тіркеуден бас тартуға жол берілмейді. Мемлекеттік тіркеуден бас тартуға байланысты сотқа шағымдануға болады. Тіркеу орга- ны заңды тұлғаны тіркеуден және филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу мен қайта тіркеуден заңсыз түрде бас тартқан жағдайда өтінім беруші сол арқалаған шығындарды сот тәртібімен өтеп беруді талап етуге құқылы.

ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК (ТС) ДЕГЕН НЕ?

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.

• Азамат тек бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.

• Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүддесін көздеумен немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде серіктестік қызметінің тақырыбын құрайтын мәмілелерді жасасуға құқығы жоқ.

• Қатысушы өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) өзге қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға тек қалған қатысушылардың келісуімен ғана бере алады.

Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктеншығатыны туралы қалған қатысушыларды заңна- малық актілермен немесе құрылтай келісімшарт пен ескерілген мерзімнен кем болмайтын мерзімнен бұрын ескертумен содан кез келген уақытта шығып кете алады.

КОММАНДИТТIК СЕРIКТЕСТIК (КС) ДЕГЕН НЕ?

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жау- ап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп таныла- ды. Салымшылардың жауапкершілігі енгізген салымның сомасымен шектеледі, және олар серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайды. • Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. • Сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес толық серiктестiктiң қатысушысы бола алмайды. • коммандиттік серіктестіктің салымшысы құрылтай құжаттармен ескерілген өлшемде, әдіс пен тәртіп бойынша бастапқы салым мен қосымша жарналарды (салымдарды) салымдап отыруға міндетті. Сенім (Коммандиттік) серіктестігінің салымшысы төмендегідей құқықтарға ие: • серіктестіктің таза табысының оның жарғылық капиталдағы үлесіне тиесілі бөлігін құрылтай құжаттарда ескерілген тәртіп бойынша алып отыру; • серіктестіктің қаржылық есебімен танысу, сондай- ақ оның дұрыс құрастырылғанын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету; • Жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бөлі- гін басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға серіктестіктің заңдық актілері мен құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте беруге. • Салымшының өзінің барлық үлесін басқа тұлғаға беруі оның серіктестік қатысушысы болуын тоқтатады

«ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК (ЖШС)» ДЕГЕН НЕ?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды. ЖШС қырылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. «ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ИЕ СЕРІКТЕСТІК (ҚЖС)» ДЕГЕН НЕ?

Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік деп өзінің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салған салымдары бой- ынша жауап беретін, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда соған қосымша түрде тиесілі болып келетін мүлік бойынша солар салымдаған салымдарға еселі көлемде жауап беретін серіктестік танылады. ҚЖС қызметі жоғарыда аталған бірқатар нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңымен реттеліп отырады. Қосымша жауапкершілікке ие серіктестікке арнап жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ережелер қолданылады.

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ (АҚ) ДЕГЕН НЕ?

Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акциялар шығарып отыратын заңды тұлға танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және заңнамалық актілерде ескерілген жағдайларды санамағанда, соларға тиесілі акциялардың құны шегінде қоғамның қызметімен байланысты залалдардың тәуекелін арқаламайды. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының

мүлкінен бөлектенген мүлікке ие, өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды. Акционерлік қоғамның құқықтық күйі, акционер- лердің құқықтары мен міндеттері ҚР АК, Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, өзге де заңнамалық актілерге сәйкес белгіленеді.

«ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ (ӨК)» ДЕГЕН НЕ?

Өндіріс кооперативі деп азаматтардың солардың жеке еңбектік қатысуына және соның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын біріктіруге негізделген) мүшелік негізіндегі ерікті түрде бірлесуі танылады. • Кооператив мүшелерінің саны екеуден кем бол- мауы тиіс. • Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікте болады. • Кооператив мүшесінің кооперативтің міндеттемелері бойынша (субсидиарлық) жауапкершілігінің шекті көлемі құрылтай құжаттармен белгіленеді, алайда ол кооператив мүшесі пайының бағасының көлемі- нен кем болмауы тиіс. • Кооператив мүшелерінің арасындағы жауапкершілікті бөлу олардың пайларының көлеміне теңбе-тең түрде жүргізіледі. ӨК қызметі жоғарыда аталған бірнеше нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ 1995 жылдың 5 қазанындағы №2486 «Өндіріс кооперативі туралы» заңымен реттеліп отырады.

 

45. Жобаның тұжырымдамасы және өнімнің сипаттамасы.

Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім неме- се қызмет түрлерінің нақты анықтамасы мен сипатта- масын беру қажет. өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек. өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның әлеуетті сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады. өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар, сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет. Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.

 

46. Нарық жағдайында бизнес-жоспарды дайындау қажеттілігі және оның маңызы.

Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамысы туралы, жер, әнергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және әкономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді.

Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.

Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы әкономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады.

Бизнестің табысты дамуының шешуші әлементі - сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.

Жоспарлау - болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені әкономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.

Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.

Сонымен, бизнес-жоспар - бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған

мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал.

Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.

 

47. Бизнес-жоспарды дайындаудағы әдеттегі қателіктер: құрылымы, логикасы, өнім және маркетингтік стратегия

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:

• әкономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр.,
олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып
көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды
күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп
біле алмайды;

• шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі
жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша
көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;

• инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға
жоспарлардың өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;

Бизнес жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

• Болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму
перспективасын айқындау;

• Осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды
бағалау және оларды товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін
түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығн
анықтау;

• өнімді өткізу алдында кезедсуі мүмкін кедергілерді алдын ала
айқындау;

• өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік
беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау;

бизнес-жоспар қазіргі нарықтық әкономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.

Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:

1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.

2. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға
көмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге
асырылуына негіз болады.

3. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен
тең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.

4. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс
тұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тарту
немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.

Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:

• Сізге қанша ақша қажет?

• Ол сізге қашан қажет болады?

• Қаражат сізге не үшін қажет?

• Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере
аласыз?

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.

5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз
оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған. Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше əртүрлі себептер бар: Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады: - Істі ашу үшін не қажет? - Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дəрежеде ақиқатқа сай ма? Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Əдетте, банктер кəсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес- жоспарды талап етеді. Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе заңды тұлғалар шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дəлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін. Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кəсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар. Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспар əріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді. Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кəсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уəде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипат- тау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.  Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мəміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды жəне жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді.

Кіріспе бөлім Кіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа бо- лып (ары кеткенде 2-3 беттен тұрып) жəне дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кəсіпорынның ата- уы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мəні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.

Мысалы, туризм саласындағы мотельдерді ашуға байланыты кіріспе бөлімі былай жасалады: Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды бөлігі.

Қонақ үй бизнесі туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы тұрғындарға уақытша тұратын үй ұсыну болып табылады.

Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.

Қонақ үй қызметтері нарығы қонақ үй кәсіпорындары мен қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі субъектілердің болуымен сипатталады.

Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Республиканың бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық, барынша ашықтық және оның ынтымақтастыққа дайындығы – осының бәрі туристік сияқты қонақ үй саласының да жедел дамуына ықпал етеді.

 

48. Кәсіпкерліктің түрдері.

Кəсіпкерлік – бұл бастамашыл қызмет:

- таза табыс алуға бағытталған;

- сұранысты қанағаттандыру жолымен;

- меншік мүлкіне негізделген;

- кəсіпкердің атынан жүзеге асырылатын;

- кəсіпкердің тəуекелге баруымен жүзеге асыры- латын;

- кəсіпкердің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет.

Мемлекет кəсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді жəне соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сəйкес: «..Əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар».

Жоғарыда көрсетілген шарттардың бірі мөлшерінен асқан жағдайда, жеке кəсіпкерліктің субъектілері Қазақстан Республикасының шағын кəсіпкерелер субъектілеріне арнлаған заңында қарастырылған жеңілдіктерді қолдануға құқы жоқ. Төмендегідей қызметтерді жүзеге асыратын ЖК мен заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып танылмайды:

есірткілік заттарды, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы байланысты қызметтерді жүргізетін;

- акциздік өнімдерді шығаратын жəне (немесе) көтерме саудада сататын;

- астық қабылдау орындарында астықты сақтау қызметін жүзеге асыратын;

- лотерея ұйымдастыратын;

- ойын жəне шоу-бизнес саласындағы қызметпен айналысатын;

- аккредитациялау, сертификаттау, метрология жəне сапаны басқару саласындағы қызметпен айналысатын;

- мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, электр жəне жылу қуатын өндіру, өңдеу жəне сату қызметімен айналысатын;

- радиобелсенді материалдардың айналымы- мен байланысты қызметпен;

- банкілік қызметпен (немесе оның жекеле- ген түрлерімен) жəне сақтандыру нарығындағы қызметпен (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

- аудиторлық қызмет;

- құнды қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет.

 

49. Бизнестің формалары.

Сізге, келешек кəсіпкер ретінде бизнестің формасын белгілеп алу керек. Сіздің бизнестің қандай формасын таңдап алғаныңызға көп нəрсе байланысты болмақ:

ü бизнесті тіркеу мен жүргізудің ерекшеліктері;

ü қаржылық тəуекелдердің көлемі;

ü салықтар;

ü пайда;

ü заңдық жауапкершілік.

Көптеген бизнесмендер өзінің кəсіпкерлік жолын жеке кəсіпкерлік (ЖК) деген формасы- нан бастаған болатын, одан əрі бизнестің дамуына қарай Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) деген формасына көшіп отырған. Сізге бизнестің əртүрлі формаларын мұқият зерттеп жəне өзіңізге барынша ыңғайлы бола- тындай формасын таңдап алуды ұсынамыз. Жеке кəсіпкерлік пе немесе заңды тұлға ма? Жеке кəсіпкер (ЖК) –заңды тұлғаны құрусыз жеке кəсіпкерлікті жүзеге асырушы жəне шағын кəсіпкерлік субъектілеріне арналған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының азама- ты немесе оралман. ЖК өз мөрі болуы мүмкін. Заңды тұлға – мүлкі бар жəне осы мүлкімен өз міндеттемелері бойынша келісімдер жасауға құқы бар ұйым. Заңды тұлғаның жеке балансы жəне өз аты жазылған мөрі болуы тиіс.

Жеке кəсіпкерлік (ЖК) Жеке кəсіпкерлік дегеніміз – бұл жеке тұлғалардың азаматтардың өзінің меншігіне негізделген жəне азаматтардың атынан соларды тəуекелге баруымен жəне солардың (мүліктік) жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған бастамашыл қызметі.

Жеке кəсіпкерлік заңды тұлғаны құрусыз бір азаматпен (жеке кəсіпкерлік) немесе азамат- тар тобымен (біріккен кəсіпкерлік) жүзеге асы- рылады. Жеке кəсіпкерлікті кəсіпкер өз бетінше, сондай-ақ азаматтардың (кəсіпкерлердің) тобы бірлескен түрде жүзеге асыруы мүмкін. Біріккен бизнес кезінде жекеменшік кəсіпкерлікпен байланысты мəмілелердің барлығы біріккен кəсіпкерлікке барлық қатысушылардың атынан жасалып, ал құқықтар мен міндеттерге солардың барлығы ие болып жəне барлығының атынан жүзеге асырылады.

Ерлі-зайыптылардың кəсіпкерлігі. Ерлі-зайыптылардың некеде болу кезінде жинаған мүлкі, егер солардың өзара жасасқан келісімшартында сол мүліктің ерлі-зайыптылардың үлестік меншігі болып табылатыны немесе олардың біреуіне немесе тиісті бөліктермен солардың əрқайсысына меншік құқығы негізінде тиесілі бо- лып табылатыны ескерілмесе, олардың бірлескен меншік мүлкі болып табыла ды. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкі егер некеде болу кезінде ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкініің есебінен сол мүліктің құнын едəуір мөлшерде арттырған салымдаулардың жүргізілгені анықталса (күрделі жөндеу, қайта салу, қайта жабдықтау жəне т.б.), солардың бірлескен меншік мүлкі деп танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың некеге отыруына дейін олардың əрқайсысына тиесілі болған мүлкі, сондай- ақ некеге отыру кезінде сый ретінде немесе мұра ретінде алынған мүлкі солардың əрқайсысының меншігі болып табылады. Жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ- киім жəне т.б.), бағалы заттар мен өзге де сəнді бұйымдар, ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатының есебінен некеде болу кезінде сатылып алынғанымен, соларды пайдаланған жұбайының меншігі болып танылады. Жұбайлардың біреуінің міндеттемелері бой- ынша өтеу соның меншігінде жататын мүлікке ғана, сондай-ақ соның ерлі-зайыптылардың ортақмүлігіндегі сол мүлікті бөлістірген жағдайда соған тиесілі болатын үлесін е арнап қолданылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншіктену құқығының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының неке мен отбасы туралы заңдарымен белгіленеді.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық салу Жеке (жалғыз) жұмыс істейтін кəсіпкерлер салық салуы бекітілген болып келетін кəсіпкерлерге жəне салық салуы бекітілмеген кəсіпкерлерге бөлінеді

Арнайы салықтық режим шағын биз- нес субъектілеріне арнап əлеуметтік салықты, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есеп- теу мен төлеудің жеңілдетілген тəртібін белгілеген.

Патентке немесе жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимдерді қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу нысанына Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынған (алуға жататын) табыстың барлық түрінен құралатын табыс жатады. Шағын бизнес субъектілері салықты есеп- теу мен төлеудің, сондай-ақ солар бойын- ша салықтық есептілікті ұсынудың төменде келтірілген тəртібінің бірін ғана өз бетінше таңдап алуға құқылы: 1) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тəртібі, оған мыналар жатады:

- біржолғы талон негізіндегі арнайы салықтық тəртіп;

- патентке негізделген арнайы салықтық режим;

- жеңілдетілген декларацияға негізделген ар- найы салықтық режим; 2) шаруалық немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салықтық тəртіп; 3) ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері мен ауылдық тұтынушылық кооперативтерінің заңды тұлғаларына арналған арнайы салықтық тəртіп; 4) жалпытағайындалған тəртіп. Салық төлеуші болып табылатын кəсіпкер Салық Кодексінде тағайындалған жағдай жəне тəртіппен жалпы бекітілген тəртіпті немесе ар- найы салық тəртібін таңдауға құқылы.

Арнайы салық режимі Арнайы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген категориясы үшін бекітілген жəне салықтың жекелеген түрлерін жəне жер телімдерін пайдалану ақысын есептеу мен төлеуде жеңілдетілген тəртібі қарастырылатын бюджетпен есеп айырсудың ерекше тəртібі, сон- дай - ақ сол бойынша салық есебін ұсыну. Арнайы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін есептеу мен əлеуметтік сал ықты, корпоративтік немесе жеке табыс салығын, басты төлеушіден ұсталатын салықтан басқа, жеңілдетілген тəртіп орнатқан. Патентке немесе жеңіл детілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимдерді қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу нысанына Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынған (алуға жататын) табыстың барлық түрінен құралатын табыс жатады. Яғни шығындарды есептемегенде осындай табыстың түсуіне байланысты барлық табыстар. Сондықтан Сізге қайсысы пайдалы екенін есептеп алыңыз – арнайы салық режимі немесе жалпы бекітілген режим бойынша салықтық тіркеуге тұру.