Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ЕМШАРА МЕЙІРБИКЕСІНІҢ КӨМЕКШІСІ» КӘСІБИ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫҢДЫСЫ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ



(сараланған сынақта)

Дагды мен іскерлік, бағалау критерийі ¥пай мен бағалау
  1.Емшара кабинетін санитариялық-індетке қарсы шарамен қамтамасыз ету 4,0
Халаттың үстінен клеёнка фартук, қолгап киеді. 0,2
Дезинфекциялаушы ерітінді бар ыдысты және арнайы таза дайындайды. 0,2
Заттарды тазалаудың жүйелілігін сақтайды: шкаф, медициналық стол, мейірбике столы, орындық, тоңазытқыш, кушетка, білікше, терезенің алды, батарея, кран, раковина, есіктің тұтқалары, еден. 0,6
Жинағаннан кейін 60 минут бактерия жойғыш шамды қосады. 0,5
Емшара кабинетінің есігін қатты жауып, кварцтеу уақытында ішке ешкімді жібермейді. 0,5
Бактерия жойғыш шамды қосып кабинетті желдетеді. 0,4
Тазалауға арналған инвентарьды қолданғаннан кейін дезинфекциялайды. 0,2
Қварцтеу және емшара кабинетін тазалау журналына белгі қояды. 0,4
Бөлімнің жетекші мейірбикесі бекіткен жаппай тазарту кестесін сактайды (7 күнде 1 рет). 0,2
Жуғыш заттарды қолданып кабинетті алдын ала ылғалдап тазарту. 0,2
Ғимаратты дезинфектантпен өңдейді. 0,4
Жиһаздарды жылжытып қойып кабырғаларды, есіктерді, еденді, бұрыш-тарды, плинтусты, еденді периметр бойынша, сосын ортасын мүкият жуады. 0,2
  2.Венадан қан алу  
Пациентке тексерудің мақсаты мен жолы туралы түсіндіріп, оның келісімін алады. Қажет болған жағдайда нұсқау береді және пациентті емшараға дайындау бойынша жадынама береді. Жарактандыруларды дайындайды, жолдама мен пробирканы нөмірлейді. Отырған немесе жатқан күйде венепункция жасау үшін пациенттің ыңғайлы орналасуына көмектеседі. 0,5
Қолдарын жуып, кептіреді, арнайы киім мен қолғапты киеді. 0,3
Пациенттің шынтағының астына клеенка білікшені қояды. Қолдың қарына резеңке бұрау салып, бұраудың ілмегі төмен қарап, ал бос ұштары жогары қарап түратындай етіп байлайды (бұраудың астына сулық салады немесе көйлектің жеңін қайырып бұрауды орналастырады). 0,5
Пациенттен жүдырығын бірнеше рет жұмып-ашуын өтінеді. Жуандау венаны тауып алады. Шынтақ бүгілетін аймақтағы венаны 70% спиртке батырылған мақтамен немесе салфеткамен асептика тәртібін сақтай отырып кем дегенде екі рет ауыстырып тазалайды. 0,5
Венепункция жасайды. Иненің венаға түскеніне көз жеткізеді: поршеньді өзіне тартады. Бұрауды алмастан қанның қажетті мөлшері жиналғанша поршеньді өзіне қарай тартады. 0,5
Инені венадан алмас бұрын бұрауды шешеді. Пункция жасалған жерді 70% спиртке батырылган стерильденген мақтамеп (салфетка) басып, инені суырады. Шарикті 1-2 минут басып тұрады, сосын дезинфекциялаушы ерітіндіге тастайды. 0,5
Қанды таганға орналастырылған пробирканың бойымен жайлап жібереді. Шприцті дезинфекциялау үшін науаға салады. 0,3
Пациентің орнынан тұруына немесе ыңғайлы қалыпта жатуына комектеседі. 0,2
Тағанды мактамен немесе поролонмен бекітіп контейнерге, сосын бикске орнатады. 0,2
  3. Венаға дәрі жіберу 4,0
Қажетті жарақтандыруларды дайындайды. Пациентпен ізгі ниетті қарым-қатынас орнатады. Пациентке емшараның мақсаты мен жолын түсіндіріп, келісімін алады. 0,3  
Маска киеді, гигиеналық тәсілмен қолды тазалайды, қолғап киеді. 0,5
Пакетті ашып шприцті жинайды, спиртпен екі рет тазартылған тампонмен ампуланың мойнын тазартады. 0,5
Дәріні шприцке сорып алады (дәрігер тагайындаған мөлшерді). Инені алып дезинфекциялаушы ерітінді бар ыдысқа салады. Венаға дәрі жіберуге арналған инені шприцтің басына кигізеді, ауасын шығарып, инеге қалпақша кигізеді. Шприцті науаға қояды. 0,5
Пациентті кушеткаға отырғызады немесе жатқызады. Веналық бұрауды салфеткамен жабылған иінге салады. Шынтақтың астына клеенка жастықты қояды. Венаны тексереді. Шынтақтың бүгілген жерін спиртпен екі рет сүртеді (тампондарды 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа тастайды). 0,5
Шприцті алып, қалпақшаны алып тастайды. Шприцте ауаның жоқтығын тексереді, шприцті жоғары қаратып, канюляны сұқ саусағымен ұстап инені бекітеді. Венаны сол қолдың бас бармағымен басып, теріні тесіп, инені венаға параллель ұстай отырып иненің 1/3 венаға енгізеді. Поршеньді өзіне қарай тартып, қанның пайда болғанын көрсе бұрауды шешеді. 0,5
Шприцтің поршенін баса отырып, дәріні ақырын енгізеді. Дәріні енгізіп болған соң, шприцті иненің жалғастырғышын ұстап турып суырады. Инъекция жасалған жерге спиртке батырылған шарикті қойып, пациенттен бүгуін өтінеді. 0,3
Иненің қалпақшасын кигізбестен, шприцті инемен қоса қолданылған шприцтер мен инелерге арналған контейнерге тастайды. 0,3
Инъекция жасалған жерді тексереді. Егер қан шығып тұрмаса, спиртке батырылған шарикті қанмен контактіленген материалдарға арналган арнайы ыдысқа тастайды. 0,3
Пациентті палата мейірбикесі отырған жерге дейін шыгарып салады. Столды сүртеді, қолғапты шешіп, қанмен контактіленген материалдарға арналған контейнерге тастайды. 0,3
  4. Венаға тамшылы инфузия жасау үшін системаны толтыру және венага дәрі-дәрмектердің тамшылы инфузиясын жасау 4,0
Пациентпен оңаша сенімді қарым-қатынас орнатады (егер, ол есін білетін болса). Пациентке дәрілік ерітіндіні енгізудің мақсатын, емшараның жолы мен маңызын тусіндіреді, емшара жасау үшін пациенттен немесе оның туыстарынан келісім алады. 0,5
Қолды гигиеналық деңгейде тазалайды, стерильденген халат, маска, қолғап киеді. Тамшылап енгізу үшін бір рет пайдаланылатын системаны дайындайды. Салфетка, мақта шарик, пинцет салынған стерильденген науаны дайындайды. Инфузияға арналған дәрілік ерітінді бар сауытты. 0,4
Сауыттан металл қақпақшаны қайшының көмегімен шешеді. Сауыттың тығынын спиртпен екі рет тазалайды. Системадағы қысқышты жабады. Сауыттың түбін жоғары қаратып тағанға іледі. Тамызгыны төңкеріп, инені қалпақшасымен бірге алады да, стерильденген науаға салады. Системаның үшын төңкерілген тамызғыдан жоғары ұстап тұрып тамызғыны ерітіндімен толтырады. 0,5
Тамызғының сауытпен бір деңгейде болуын қадағалайды. Тамызғыны жартылай толтырады. Системаныңұшын төмен жіберіп, түтікшені ерітіндімен толтырады, қысқышты жабады. Қалпақшалы инемен жабады. 0,5
Пациентті ыңғайлы етіп жатқызады. Пациенттің шынтағына клеенка жастықты қойып, венаны тексереді. Иінді салфеткамен орап, қарына веналық бұрауды салады. Венаны тексереді. 70% спиртке екі рет батырылған әртүрлі мақталы шариктермен пункция жасайтып жерді сүртеді. 0,5
Системадан инені кақпақшасымен шешеді, сосын инеден қақпақшаны алады. Ине енгізетін жерден төменірек сол қолдың бас бармагымен венаны басып тұрады. Пациентке жүдырығын түюді ұсынады. 0,3
Канюляның астына стерильденген салфетканы салып, иненің ұзындыгының 1/3 венага енгізеді. Бұрауды алады. Системадағы қысқышты ашады. Системаның түтікшесін оң қолдың саусақтарымен қысады. Системаны иненің канюлясына жалғайды, салфетканы ауыстырады. Тамшылардың таму жылдамдығын қысқыштың кемегімен реттейді. Инені лейкопластырьмен бекітіп, ине енгізілген жерді стерильденген салфеткамен жабады. Венаға дәрі енгізу кезінде пациенттің жағдайы мен көңіл-күйін бақылайды. 0,5
Инфузия аяқталған соң инъекция орнына тері антисептикалы мақта шарикті (салфетка) басып тұрып венадан инені суырады. Пациенттен шынтагын бүгуді өтінеді (шарикті бинтпен бекітуге болады). 0,2
Инені қалпақшасын жаппастан, сақтық шараларын сақтай отырып науаға тастайды, сосын емшара кабинетіне келіп қолданылған инелер мен шприцтерге арналған контейнерге тастайды. 0,2
Венепункция және инфузия орындарын тексереді. Қан ағып тұрмаса шарикті антисептикпен бірге науаға тастайды. Қажет болған жағдайда инъекция орнына таңғыш таңады. 0,2
Инфузия біткен соң 40 минуттай пациенттің жағдайын бақылайды, сосын оны посттағы мейірбикенің немесе палата мейірбикесінің бақылауына тапсырады. 0,2
  5.Күйіп қалған жерді өндеу 4,0
Күйіп қалған жерді тексереді, кезбен көру арқылы термиялық күйіктің дәрежесін анықтайды, I дәрежелі күйікке күйіп қалған терінің күшті гиперемиясы, қатты ауырсындыру тән екендігін айтады; II дәрежелі күйікте гиперемияланған теріде ішіндегісі мөлдір көлемі әртүрлі сулы бертпелер пайда болады; Ш дәрежелі күйікте гиперемия аймақтарында жарылған сулы бөртпелерден эпидермис үзіктерімен терінің ақ беліктері («доңыз») керінеді; IV дэрежелі күйік — терінің бүрісуі. 0,5
Науқастың күйігінің келемін «Тоғыздық тәртібі» бойынша аныктай алады (бас — 9%, қол — 9%, дененің алдыңғы беті 9x2%, аяқ — 18%, жыныс мүшелері мен бұтаралық— 1%). 0,5
Науқастың қолын стерильденген клеенкамен жабылған манипуляция столына қойғызады. Таңгышты Эсмархтың стерильденген кружкасына құйылған антисептика ерітіндісімен сулайды. 0,5
Таңғышты кайшымен қырқады, қысқыштың көмегімен алып шылапшынга тастайды. Сосын манипуляция столындагы стерильденген клеенканы ауыстырады. 0,5
Дэрігерге корнцангпен ішінде стерильденген хирургиялық пинцет пен қайшы, ерітіндіге салынган және қүрғақ шариктер салынған бүйрек тәрізді шылапшын үсынылады. 0,5
Егер наукас қатты ауырсындыруды сезінсе, науқастың күйген жерін 2-3 минут орау үшін 1-2%новокаинга батырылған салфетка беріледі. 0,5
Жарақатты өңдегеннен кейін дәрігердің нұсқауы бойынша жаңа жақпамайлы немесе дымқыл таңгышты таңады. Таңғышты эр саусаққа жеке-жеке қойып, № 2 эластик торлы-тутікшелі бинтпен бекітеді. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты унмен ез әрекетін түсіндіреді. 0,5
  6.Инфекцияланған жарақатты өндеу 4,0
Наукасты таңу белмесіне алып келеді, астына іріңнің ағып кету мүмкіндігін ескере отырып клеенка төсейді. Іріңнің және шайынды судың столға тамып кетпеуі үшін жараның астына бүйрек тәрізді шылапшынды қояды немесе лигнин не стерильденген мақтаның бірнеше қабатын төсейді. 0,5
Таңгышты алып, жараның айналасындағы теріні тазалаған соң, жараның үстіне бірнеше қүрғак дәке шариктерді бірінен кейін бірін басып сүртеді. Қолданылған шариктерді шылапшынға тастайды. 0,5
Жараны сутектің асқын тотығына батырылған бірнеше шариктердің көмегімен тазалайды. Сосын құрғақ шариктермен жараның бетінде пайда болған көпіршіктерді сүртеді. 0,5
Фурацилин ерітіндісіне батырылған шариктерді қолдана отырып жоғарыда аталған әрекетті қайталайды. Жараны стерильденген мақталы шариктермен сүртіп, кептіреді. 0,5
Қажет болған жағдайда дәке турунданы дайындайды. Ұзындығы 20-30 см турунданың бір шетін корнцангпен алып, пинцеттің комегімен аспаптың ернеуін айналдыра орайды. 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісі бар банкаға салып, ерітінді сіңірілген соң алады. 0,5
Гипертониялық ерітіндіге батырылған турунданың үстіне осы ерітіндіге батырылған бірнеше салфетканы қояды немесе суда еритін негізді жақпамайды (левосин, левомеколь, сорбилекс) жағады. 0,5
Мардымсыз ірің беліндісі болса және түйіршіктер пайда болса тітіркендіргіш әсері жоқ жақпамайларды қолданады: Вишневский жақпамайы, винилин (Шостаковский бальзамы), шырғанақ майы, каланхоэ, метилурацил жақпамайы, солкосерил-гель, синтомицинді эмульсия, т.б. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жагымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. 0,5
  7. Жұмсақ таңғышты таңу 4,0
Жұмсақ таңғыштың науқасқа қажетті түрін аныктайды (циркулярлы, спираль тәрізді, шымырлатқыш, крест тәрізді, масақ тәрізді, т.б.). 0,5
Науқасты таңғышпен таңатын жері қозғалмайтындай және орауға ыңғайлы болатындай етіп жатқызады немесе отырғызады. Науқасқа қарама-қарсы тұрады. 0,5
Таңғышты шетінен бастап ортасына қарай (төменнен жоғары қарай) таңады, арнайы таңғыштарды қоспастан. 0,5
Таңғышпен таңуды таңғыштың шетінен бастайды. 0,5
'Гаңғыштың әрбір қабаты алдыңғы оралған жердің жартысын немесе 2/3 болігін жабатындай етіп таңу керек. 0,5
Таңғышты қос қолдап таңу керек: бір қолмен таңғышты тарқатып отырып, екінші қолмен оны түзетіп, біртегіс етіп тарта отырып таңады. 0,5
Дененің конус тәрізді белігіне (бөксе, тізе, білек) таңғышты таңу кезінде, таңғыштың дұрыс таңылуы үшін таңғыштың әрбір 1-2 орамынан кейін оны айналдырып отырады. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. 0,5
  8.Әйелдердің қуығын катетерлеу 4,0
Кез келген манипуляция немесе операция алдындағыдай катетеризациялау алдында да қолды тазартады. 0,5
Науқасты тізесін сәл бүгіп, шалқасынан жатқызады. Аяқтарының арасына несепке арналған ыдыс қойылады. Әйелдің астын кез келген дезинфекциялаушы ерітіндімен жуады, (мысалы, 1:1000 фурацилин ерітіндісімен), егер қынапта бөлінді болса бүркіп жуады. 1,0
Науқастың оң жағына тұрып, сол қолымен сарпайдың жапсарын екі жаққа қарай ашып, оң қолымен (жоғарыдан төмен анус бағытына қарай) сыртқы жыныс мүшелерін дезинфекциялаушы ерітіндімен мұқият сүртеді. 0,5
Оң қолына ішкі ұшы стерильденген вазелин майымен тазартылған катетерді алады, несеп шығару каналының сыртқы тесігін тауып, катетердің ұшын соған мұқият енгізеді. 1,0
Несеп өздігінен шықпай қалған уақытта, қалдық несепті шығару үшін ішперденің алдыңғы қабырғасы арқылы қуықтың түсын жайлап басады. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен ез әрекетін түсіндіреді. 0,5
  9.Ерлердің қуығын катетерлеу (жумсақ катетермен) 4,0
Кез келген манипуляция немесе операция алдындағыдай катетеризациялау алдында да қолды тазарту. 0,5
Науқасты тізесін сәл бүгіп, шалқасынан жатқызады. Аяктарының арасына несепке арналған ыдыс қойылады. 0,5
Еркектің мүшесін сол қолымен ұстап, ұшын дезинфекциялаушы ерітіндіге батырылған мақтамен сүртеді. 0,5
Пинцеттің көмегімен оң қолына катетерді алады, пинцет катетердің ішкі үшына жақын орналасу керек. Катетердің сыртқы ұшын осы қолдың тертінші, бесінші саусақтарының арасына қойып, қысып ұстап тұрады. 0,5
Катетердің ішкі ұшына стерильденген вазелин майын жагады, несеп шығару каналының сыртқы тесігіне мұқият енгізеді. 0,5
Жайлап, бірден күш түсірмей каналдың бойымен жылжытады. Жыныс мүшесі алға қарай бағытталып тұру керек. 0,5
Несептің ағысы несеп шығару каналын жуып кету үшін катетерді несеп шықпай тұрып алады. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты унмен ез әрекетін түсіндіреді. 0,5



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.