Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Кредит саны: 3 кредит



Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Ақтау, 2011 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді құрастыруға негізге алынған құжат:

ҚР ҒжБМ 04.08. 2003 ж. № 528 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама

 

Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты М.С.Жылқыбаева

 

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2011 ж.______________ отырысында талқыланды. Хаттама № ____

 

Кафедра меңгерушісі: _______________ ф.ғ.к., доц.Қабылов Ә.Д.

 

 

Институт әдістемелік кеңесінің 2011ж. _____________ мәжілісінде мақұлданды.

Хаттама №

Төрағасы: __________ п.ғ.к., доц.Қалиева Г.А.

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

1. ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ: СИЛЛАБУС -----------------------------------

 

2. «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ ------------------------------

 

3. ПӘННІҢ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ ------------------

 

4. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ ------------------------------------------------

 

5. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ -------------------------------------------------------------------------

 

6. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ----------------------------

 

7. СӨЖ ЖӘНЕ СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ----------------------------------------------------

 

8. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ ------

 

9. САБАҚТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ-------

 

10. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДИТОРИЯЛАР, КАБИНЕТТЕР ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛАР ТІЗІМІ -------------------------------------------------------------------------------

 

1.ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ -СИЛЛАБУС

1.Оқытушы туралы мәлімет

Дәріскер: ф.ғ.к., КМТжИУ доценті Жылқыбаева Маржан Сарсекешовна

Байланыс телефондары: ұялы телефоны: 8 701 6549989, жұмыс телефоны: 42-57-39

Email: Sarsekeshovna @mail.ru

 

2.Пән туралы мәлімет

Кредит саны –3.

Өтетін орны –32 ш/а., 107-аудитория

 

Пән коды Пән аты Курс Семестр Кредит саны Дәріс Тәжірибе Зертханалық жұмыс СОӨЖ СӨЖ Барлығы
KКТS02205 Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі -

3.Пререквизиттері:ТBK 1208 –Тіл біліміне кіріспе, NKT 1301 –Нормативті қазақ тілі, ККТFON 1203 –Фонетика, ККТL 2204 –Лексикология, ККТSO -2205 –Сөзжасам, MOR 3206 –Морфология.

4.Постреквизиттері:ZһTB 4210 –Жалпы тіл білімі, KL 3304 –Когнитивті лингвистика, TKN 2302 –Тілдік қатынас негіздері.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Қазақ тілінің өзініңграмматикалық-синтаксистік жүйесі бар. Тіліміздің сөйлем жүйесін қарастыратын синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақталған. Сатылы құрылым –әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі сырттан болған әсерді тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Яғни бұл курста зерттеу обьектісінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға ( сөз және оның формасының синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем және мәтін синтаксисі) бөлініп қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, сөздердің тіркесімдік қасиеттерін, сөз тіркесінің құрамын, сөйлемнің құрылу принциптерін, олардың түрлері мен жасалу жолдарын, мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын түсіндіріп береді.

Курс135 сағат көлеміндегі жарты жылдық академиялық мерзімге аптасына 3 несиелік сағат бойынша есептелген. Яғни, дәріс -30 сағат, тәжірибелік сабақ -15 сағат, СОӨЖ -20 сағат және СӨЖ -70 сағат. Қорытынды бақылау емтиханы тест түрінде алынады.

Пәннің оқытылу мақсаты:«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің басты мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік конструкциялардың түрлері мен жасалу жолдары, оның құрамы мен басты қағидалары туралы жүйелі білім беру. Қазақ тілі синтаксисі ғылымының туу, даму, зерттелу тарихынан хабардар қылу.

Пәнді оқыту міндеттері:

-Студенттерге қазақ тілінің синтаксисі ғылымының пайда болу, даму, зерттелу тарихынан мәлімет беру;

- Қазақ тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлем, олардың жасалу жолдары мен мағыналық және құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелері мен олардың түрлері туралы білім меңгерту;

- Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрамына және мағыналық түрлеріне қарай талдауға машықтандыру;

- Әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктері мен олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары туралы білім меңгерту.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисікурсын оқу барысында студент:

1) қазіргі қазақ тілі синтаксисінің теориялық мәселелерін меңгеріп шығуы керек;

2)мәтінге толық синтаксистік талдау жасай алатын болу керек.

6. Студент білімін бағалау бойынша ақпарат.

Студенттің білімі, білігі мен дағдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Ұпайдың пайыздық қатынасы Әріптік жүйе бойынша баға Ұпайдың сандық баламасы Дәстүрлі жүйедегі баға
95-100 А Өте жақсы
90-94 А- 3,67
85-89 В+ 3,33 Жақсы
80-84 В
75-79 В- 2,67
70-74 С+ 2,33 Қанағаттанарлық
65-69 С
60-64 С- 1,67
55-59 D+ 1,33
50-54 D-
0-49 F Қанағаттанғысыз

7. Пәннің саясаты мен процедуралары:

Міндетті талаптар:

- сабаққа міндетті түрде қатысу;

- бақылау жұмыстарының барлық түрлерін уақытында тапсыру;

- қалдырған сабақтарды өтеп шығу.

Рұқсат етілмейтін жайлары.

-cабаққа кешігу және сабақтан қалу;

- cабақ үстінде бөгде іспен айналысу;

- тапсырмаларды уақытында тапсырмау, т.б.

8. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

8.1. Пәннің тақырыптық жоспары.

Тақырып   Сағаттар
Дәріс Тәжірибе Зерт.жұмыс СӨЖ СОӨЖ
«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі -
Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары -
Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері -
Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері -
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері -
Жай сөйлемнің күрделену жолдары -
Сөйлемнің түрлері. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері -
Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер: өзіндік белгілер, жасалу жолдары -
  Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері -
Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары -
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері -
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.Құрмалас сөйлемнің зерттелуі. -
Бөгде сөз, оның түрлері -
Мәтін. Күрделі синтаксистік тұтастық -
Тыныс белгілері -
  Барлығы -

№1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі

Дәріс мазмұны:«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты. Курстың зерттеу обьектісі, салалары.Синтаксис мәселелерінің зерттелу жайы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі бойынша алғашқы зерттеулер. Синтаксис терминдерінің қалыптасуы.

Семинар

Тақырыбы:Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің зерттеу нысаны, салалары

Қамтылатын сұрақтар:

1. Зерттеу обьектісінің сипатына қарай салаларға бөлінуі.

2. Қазақ тілі синтаксисінің қалыптасуы, синтаксиске қатысты алғашқы еңбектер.

3. А.Байтұрсыновтың, Қ.Жұбановтың қазақ тілі синтаксисіне қатысты еңбектерінің рөлі.

4. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев оқулықтары мен С.Жиенбаев зерттеулері.

 

Негізгі әдебиеттер: 10(3-12бб.),11(5-21бб.),12(3-18бб.),13(581-590бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(3-10бб.),4(4-15бб.),6(11-25бб.),7(6-17бб.),8(3-15бб.),10(5-13бб.),20(16-27бб.),21(19-26бб.),35(33-45бб.),51(6-19бб.)

№2 дәріс

Тақырыбы: Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары.

Дәріс мазмұны:Сөз тіркесі туралы түсінік.Сөз тіркесінің зерттелуі.Сөздердің тіркесуі тәсілдері мен байланысу формалары.Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы. Сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік бірліктерден айырмашылығы мен ұқсастықтары.

Семинар

Тақырыбы: Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары

Қамтылатын сұрақтар:

1.Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер.

2.Сөз тіркесінің сөзбен, номинативті тіркеспен, күрделі сөзбен және сөйлеммен арақатынасы.

3. Түйдекті тіркестер.

4. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар.

 

Негізгі әдебиеттер: 7(3-15бб.),8(5-18бб.),9(7-15бб.),10(13-24бб.),11(22-31бб.),12(19-26бб.),13(591-600бб.)

Қосымша әдебиеттер: 1(3-19бб.),2(5-27бб.),3(6-31бб.),27(3-24бб.),33(13-29бб.),44(21-42бб.)

№3 дәріс

Тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері.

Дәріс мазмұны:Сөз тіркестерін топтастыру принциптері.Сөздің тіркесу қабілетіне қарай түрлері.Сөздердің тіркесуінің аналитикалық және синтетикалық тәсілдері. Сөздердің байланысу формаларына қарай түрлері. Сөздердің байланысу формалары: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Семинар

Тақырыбы: Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларына қарай түрлері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Сөз тіркестерін топтастыру принциптері туралы.

2.Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері.

3. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері.

4.Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.

5. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері.

Негізгі әдебиеттер: 7(16-27бб.),8(19-28бб.),9(16-28бб.),10(25-38бб.),11(32-39бб.),12(27-31бб.),13(600-611бб.)

Қосымша әдебиеттер: 1(20-29бб.),2(28-34бб.),3(32-45бб.),27(36-45),33(27-41бб.),44(43-53бб.)

№4 дәріс

Тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Дәріс мазмұны:Жай сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі. Сөйлем мүшесі туралы түсінік.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне сипаттама. Бастауыш, оның түрлері. Бастауыш болатын сөз таптары.Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары. Тұрлаулы мүшелердің сөйлемдегі орны. Құрамы мен мағынасына қарай түрлері.

Семинар

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері, олардың түрлері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары.

2.Дара, күрделі, үйірлі мүшелер.

3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

4. Бастауыш.

5. Баяндауыш.

8.Күрделі бастауыш болатын сөз тіркесінің құрылысы

9.Үйірлі бастауыштың күрделі бастауыштан айырмашылығы

10.Күрделі баяндауыштар

 

Негізгі әдебиеттер: 7(28-31бб.),11(40-53бб.),13(612-621бб.)

Қосымша әдебиеттер: 7(9-21бб.),15(26-46бб.),22(23-39бб.),26(11-35бб.),42(73-89бб.),47(62-78бб.)

 

№5 дәріс

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Дәріс мазмұны:Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне сипаттама.Анықтауыш. Айқындауыш мүше, оның түрлері. Толықтауыш,оның түрлері.Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің сөйлемдегі орны.

Семинар

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік.

2.Анықтауыш, оның құрамы мен құрылысына қарай түрлері.

3.Толықтауыш, оның мағынасына мен тұлғасына, синтаксистік қызметіне қарай түрлері.

4.Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері.

Негізгі әдебиеттер:7(32-43бб.),10(39-47бб.),11(54-61бб.),13(622-627бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(46-57бб.),5(13-24бб.),6(16-34бб.),8(53-62бб.),15(41-53бб.),22(12-39бб.)

№6 дәріс

Тақырыбы:Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Дәріс мазмұны:Жай сөйлемнің күрделенуі туралы түсінік.Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.Жай сөйлемнің оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, шылау, одағай т.б.) арқылы күрделенуі.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Семинар

Тақырыбы: Жай сөйлем, оның түрлі жолдармен күрделенуі

Қамтылатын сұрақтар:

1.Бірыңғай мүше. Үйірлі мүше. Айқындауыш.

2.Қыстырма сөздер. Қаратпа сөздер. Олардың құрамы мен тыныс белгілері.

3.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы пікірлер.

4. Сөйлем мүшелерінің қалыпты және инверсиялық орны.

Негізгі әдебиеттер: 10(48-56бб.),11(62-70бб.),13(627-640бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(58-69бб.),6(35-46бб.),7(22-35бб.),9(43-60бб.),13(102-109бб.),18(96-105бб.),25(39-61бб.),36(51-67бб.),52(45-59бб.)

№7 дәріс

Тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.

Дәріс мазмұны:Жай сөйлемнің түрлері.Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.Жақты және жақсыз сөйлемдер, олардың түрлері.Жалаң және жайылма сөйлемдер.Толымды және толымсыз сөйлемдер.Атаулы сөйлем.

Семинар

Тақырыбы:Жай сөйлемнің түрлері.Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

2.Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері.

2.1. Жақты сөйлем, оның түрлері.

2.2.Жақсыз сөйлем, оның жасалу жолдары.

2.3.Жалаң және жайылма сөйлемдер. Олардың белгілері, ара қатынасы.

2.4.Толымды, толымсыз сөйлемдер, олардың ара қатынасы.

2.5. Атаулы сөйлем және бір мүшелі сөйлемдер.

 

Негізгі әдебиеттер:10(57-65бб.),11(71-78бб.),13(641-649бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(70-79бб.),6(47-59бб.),7(36-45бб.),9(61-72бб.),12(67-82бб.), 13(109-120бб.),18(34-50бб.),25(50-61бб.), 3668-78бб.),52(60-75бб.)

 

№8 дәріс

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер:өзіндік белгілер, жасалу жолдары.

Дәріс мазмұны:Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Құрмалас сөйлем туралы пікірлер.Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.Салалас құрмалас сөйлем, оған тән белгілер.Салалас құрмаластың жасалу жолдарына қарай түрлері.

Семинар

Тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлемдер

Қамтылатын сұрақтар:

1.Құрмалас сөйлем, оның қалыптасу, даму жолдары.

2.Құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерден айырмашылығы.

3. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына қарай бөлінуі.

4. Салалас құрмалас сөйлемдер, өзіндік айырым белгілері.

5.Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас сөйлемдер.

Негізгі әдебиеттер: 1(17-24бб.), 2(3-24бб),3(5-19бб.), 4(40-59бб.), 5(23-55бб.), 6(41-60бб.),13(650-658бб.)

Қосымша әдебиеттер:8(24-41бб.), 19(29-35бб.),29(30-42бб.),46(46-51бб.),48(67-82бб.),51(30-42бб.)

№9 дәріс

Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері

Дәріс мазмұны:Салалас құрмалас сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуі. Мезгілдес салалас. Себептес салалас сөйлем. Жасалу жолдары.Қарсылықты салалас сөйлем.Шартты салалас сөйлем.Салыстырмалы салалас сөйлем.Талғаулы салалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем. Түсiндiрмелi салалас сөйлем.

Семинар

Тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлемнің мағынасына қарай түрлері

Қамтылатын сұрақтар:

1. Салалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Мезгілдес салалас.

2.Себептес салалас сөйлем. Жасалу жолдары.

3.Қарсылықты салалас сөйлем.

4.Шартты салалас сөйлем.

5.Салыстырмалы салалас сөйлем.

6.Талғаулы салалас сөйлем.

7.Кезектес салалас сөйлем.

8.Түсiндiрмелi салалас сөйлем.

 

Негізгі әдебиеттер: 2(25-34бб.),3(20-28бб.),4(60-72бб.),5(56-70бб.),6(3-19бб.),13(659-667бб.)

Қосымша әдебиеттер: 8(42-55бб.), 19(29-42бб.),29(43-50бб.),46(52-63бб.),48(83-90бб.),51(43-56бб.)

 

№10 дәріс

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары

Дәріс мазмұны:Сабақтас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. Сыңарлары: бағыныңқы, басыңқы. Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы.Бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі, тыныс белгілері.

Семинар

Тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымы

Қамтылатын сұрақтар:

1.Сабақтас құрмалас сөйлем,

2.Оның компоненттерінің грамматикалық табиғаты.

3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Негізгі әдебиеттер: 2(35-45бб.),4(73-82бб.),10(66-73бб.),13(668-681бб.)

Қосымша әдебиеттер:8(56-60бб.),10(11-29бб.),17(33-55бб.),26(23-29бб.),37(42-63бб.),46(64-70бб.),48(91-100бб.)

№11 дәріс

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Дәріс мазмұны:Сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеу тарихы.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.Қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем. .Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Семинар

Тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Сабақтас құрмаластың жеке түрлері, олардың бағыныңқы компоненттер арқылы ажыратылуы.

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң түрлерi

2.1.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнiң жасалу жолдары, компоненттерiнiң мағыналық ерекшелiгi.

2.2 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнiң жасалу жолдары,

компоненттерiнiң мағыналық ерекшелiгi.

2.3 Мезгiл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнiң жасалу жолдары, компоненттерiнiң мағыналық ерекшелiгi.

2.4 Себеп, амал, мақсат, түсiндiрмелi, салыстырмалы, үлестес сабақтас құрмалас сөйлемдер.

 

Негізгі әдебиеттер: 2(46-57бб.),4(83-90бб.),10(74-89бб.),13(682-700бб.)

Қосымша әдебиеттер: 8(61-72бб.),10(30-46бб.),17(56-70бб.),26(30-46бб.),37(63-70бб.),46(71-95бб.),48(101-125бб.)

 

№12 дәріс

Тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі.

Дәріс мазмұны:Көп компонентті құрмалас сөйлемге түсінік.Көп компонентті салалас сөйлемге сипаттама.Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.Аралас құрмалас сөйлем.Оныңсыңарларының байланысуы, мағыналық қатынасы. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі. Жалпы тіл білімінде зерттелуі. Қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Семинар

Тақырыбы: Көпқұрамды құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлем туралы пікірлер

Қамтылатын сұрақтар:

1. Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлем. Оның түрлерi.

2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердiң орын тәртiбi.

3. Аралас құрмалас сөйлемдер.

4.Құрмалас сөйлем туралы пікірлер.

Негізгі әдебиеттер:2(58-67бб.),5(71-83бб.),6(20-35бб.),13(700-715бб.)

Қосымша әдебиеттер: 8(73-80бб.),1047-56бб.),16(56-90бб.),17(71-86бб.),26(47-62бб.),37(71-83бб.),46(90-102бб.),48(126-142бб.),53

№13 дәріс

Тақырыбы: Бөгде сөз, оның түрлері

Дәріс мазмұны:Бөгде сөзге жалпы сипаттама.Бөгде сөздің түрлері.Төл сөз бен төлеу сөз.Төл сөздің төлеу сөзге, төлеу сөздің төл сөзге айналуы.Ортақ төл сөз.Авторсөзі. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері.

Семинар

Тақырыбы: Бөгде сөз, оның түрлері мен тыныс белгілері

Қамтылатын сұрақтар:

1.Бөгде сөз туралы түсінік.

2.Бөгде сөздің түрлері, олардың өзіне тән ерекшеліктері.

3.Төлеу сөзге жалпы сипаттама.

4. Ортақ төл сөз, оның өзіне тән ерекшелігі. Стильдік қолданысы.

 

Негізгі әдебиеттер:7(44-56бб.),10(90-99бб.),13(732-739бб.)

Қосымша әдебиеттер: 8(81-93бб.), 26(105-125бб.),29(123-139бб.),30(95-123бб.),31(45-93бб.),45(35-64бб.)

 

№14 дәріс

Тақырыбы: Мәтін. Күрделі синтаксистік тұтастық.

Дәріс мазмұны:Мәтін туралы түсінік.Мәтіннің сөйлеммен ара қатынасы.Мәтін лингвистикасы.Мәтінніңбөліктері.Күрделі синтаксистік тұтастық.Абзац.

Семинар

Тақырыбы: Мәтін синтаксисі

Қамтылатын сұрақтар:

1.Мәтін, оның негізгі белгілері мен негізгі ұғым категориялары.

2.Мәтіннің құрылымдық ерекшелігі, түрлері.

3.Мәтін лингвистикасы –тіл білімінің дербес саласы.

4. Күрделi синтаксистік тұтастық– мәтiннiң негiзгi тұлға бiрлiгi.

 

Негізгі әдебиеттер:4(92-100бб.),10(100-117бб.),13(732-749бб.)

Қосымша әдебиеттер:48(125-136бб.),49(200-213бб.),50(85-121бб.)

 

№15 дәріс

Тақырыбы: Тыныс белгілері

Дәріс мазмұны:Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік.Сөйлем соңындағы тыныс белгiлер.Сөйлем iшiнде келетiн тыныс белгiлер. Тыныс белгілердің тарихына қысқаша шолу.

Семинар

Тақырыбы: Пунктуация

Қамтылатын сұрақтар:

1.Тыныс белгілері туралы мағлұмат.

2.Тыныс белгілерінің қалыптасу, даму жолдары.

3. Сөйлем түрлеріне қарай сөйлемнің соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілер.

4.Бірыңғай мүшелер мен оңашаланған мүшелер және оқшау сөздерге қатысты қойылатын тыныс белгілер.

5. Бастауыш пен баяндауыш арасындағы тыныс белгілер.

6. Құрмалас сөйлемдердегі, бөгде сөз түрлеріне байланысты қойылатын тыныс белгілер.

 

Негізгі әдебиеттер:10(118-125бб.)

Қосымша әдебиеттер:42(45-63бб.),43(52-67бб.),45(75-94бб.),47(24-39бб.),52(123-145бб.)

 

9. Курстық жоба(оқу жұмыс жоспары бойынша курстық жоба жоспарланбаған)

 

10. СӨЖ , СОӨЖ тапсырмалары және олардың орындалу кестесі

Сабақ тақырыбы Тапсырма Сабақ түрі Бақылау түрі   Ұсынылатын әдебиеттер Тапсыру мерзім  
 
Синтаксис, оның салалары, зерттелуі Синтаксис салаларымен, ол туралы зерттеулермен танысболу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 4(3-12бб.),5(4-16бб.),6 (3-18бб.),8(3-14бб.) Қосымша әдебиеттер:10(3-19бб.),17(5-20бб.),18(45-61бб), 21(29-39бб), 51(29-45бб.) 1-апта  
Сөз тіркесіне тән белгілер. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формалары Мәтіннен сөз тіркестерін анықтап, олардың тіркесу тәсілдеріне, байланысу формаларына қарай ажырата білу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер:2(5-14бб.),3(3-11бб.),5(17-25бб.),8(15-22бб.) Қосымша әдебиеттер:10(20-39бб.),11(5-22бб.),12(18-26бб),16(3-27бб.),18(65-72бб.), 31 (62-76бб.) 2-апта  
Сөйлем мүшелері Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, ажырата білуді меңгерту СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 4(13-20бб.),5(26-37бб.),8(23-29бб.),9(3-25бб.) Қосымша әдебиеттер:3(21-39бб.),9(7-15бб.),15(21-37бб.),16(28-35бб.), 47(51-72бб.) 3-апта  
Жай сөйлемнің күрделенуі, сөйлемнің түрлері Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, оларды құрылымына, айтылу мақсатына қарай ажырату. Жасалу жолдарын, өзіне тән белгілерін айқындау СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет: 2(15-27бб.), 3(12-27бб.),5(38-46бб.),8(30-36бб.) Қосымша әдебиет: 7(26-38бб.), 8(19-31бб.),10(40-57бб.),12(27-39бб.),14(9-22бб.),21(34-48бб.),23(19-42бб.) 4-апта  
Құрмалас сөйлем. Кез келген мәтіннен құрмалас сөйлемдерді дұрыс таңдап, оларды жай сөйлемдерден ажырату СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 2(28-35бб.), 3(28-39бб.), 8(37-42бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(40-53бб.), 8(32-47бб.),17(21-42бб.),23(43-67бб.) 5-апта  
Салалас құрмалас Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді, оның ішінде салалас құрмаласты анықтап, жасалу жолдарын көрсету СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет:1(3-27бб.),3(40-47бб.), 5(47-55бб.), 6(19-28бб.), 7,8(43-50бб.) Қосымша әдебиет:3(54-67бб.), 11(23-45бб.),13(8-31бб.),14(23-35бб.),16(36-50бб.),19(14-31бб.), 6-апта  
Жалғаулықты салалас сөйлемдер, олардың түрлері Түрлі жалғаулықтар арқылы жасалаған салалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратуға жаттығу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 1(28-39бб.), 3(48-56бб.), 5(56-64бб.), 6(29-37бб.), 7, 8(51-57бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(68-75бб.), 11(46-70бб.), 13(32-45бб.), 14(36-43бб.), 16(51-62бб.), 19(32-46бб.) , 35 (37-45бб.) 7-апта  
Сабақтас құрмалас сөйлемдер Дайын мәтіннен алынған сөйлемдерді ғана емес, студенттердің өздері құраған сөйлемдерді талдатып, сабақтастың жасалу жолдарын меңгерту СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негіз.әдебиет: 1(40-56бб.), 3(57-76бб.), 5(65-72бб.) 6(38-59бб.),7, 8(58-65бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(76-90бб.), 11(71-80бб.), 13(46-70бб.), 14(44-58бб.), 16(63-71бб), 19(47-55бб.),46 (51-67бб.) 8-апта  
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері   Теориялық білімнің толық меңгерілгенін байқау үшін сауаттылыққа баса назар аудару СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег. әдебиет: 4(23-34бб), 5(73-79бб.), 8(66-72бб.),13 (28-35бб.) Қосымша әдебиеттер: 10(58-73бб.), 11(81-102бб.), 12(40-51бб.), 13(71-92бб.), 14(59-67бб.), 17(43-59бб 9-апта  
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты еңбектер Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты зерттеу еңбектеріне шолу, ғалымдар пікірлерімен таныс болу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 5(80-85бб.), 8(73-86бб.) Қосымша әдебиеттер: 5(25-37бб.), 6(11-27бб.), 7(39-46бб.),22 10-апта  
Аралас құрмалас сөйлемдер Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына жаттығу жүргізу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 5 (86-90бб.), 8(86-100б.) Қосымша әдебиеттер:5(38-50бб.), 6(28-45бб.),7(47-58бб.),18(103-121бб.), 22(21-33бб.) 11-апта  
Бөгде сөз, оның түрлері Мәтіннен төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білу, төл сөздің берілу жолдарын білу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 2(36-45бб.), 3(77-95бб.),5(91-100бб.),8(101-125бб.) Қосымша әдебиеттер:18(134-159бб.), 22(34-45бб.) 12-апта  
Мәтін, оның белгілері, негізгі ұғым категориялары,құрылымдық ерекшелігі Мәтіндерді түрлеріне қарай ажырата білу, құрылымдық ерекшеліктерін, түрлерін көрсету СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 5(101-105бб.), 8(126-149бб.) Қосымша әдебиеттер:3(91-105бб.), 12(52-67бб.),21(49-63бб.) 13-апта  
Тыныс белгілері Түрлі белгілерді негізге ала отырып, тыныс белгілерді дұрыс қою СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет: 5(106-111бб.), 8 (150-167бб.) Қос.әдебиет: 9(16-5-21бб.), 10 (74-102бб.), 11(103-141бб.), 17(60-75бб.) 14-апта  
Синтаксистік синонимдер және оларға ұқсас тілдік құбылыстар.   Синтаксистік синонимдер және оларға ұқсас тілдік құбылыстар. Сөз тіркесінің синонимимясы.   СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 5(112-117бб.), 8(168-189бб.) Қос. әдебиет: 9(22-30бб.),10(103-110б.),11(142-167бб.),17(158-183бб), 34(45-62бб.), 35(19-28бб.) 15-апта  

 

11. Қорытынды және аралық бақылау тапсырмалары

Қорытынды бақылау тапсырмалары 300 тест түрінде жасақталған

1 аралық бақылау (8-аптада өткізіледі):

1.Сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттары

2.Сөйлем мүшелерінің қазақ тіл білімінде зерттелуі

3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

5.Күрделі сөйлем мүшелері, оларды үйірлі мүшелерден айыру жолдары

6.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

7.Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері

8.Бастауыш болатын сөз таптары

9.Күрделі бастауыштың жасалу жолдары.

10.Үйірлі бастауыштар

11. Баяндауыштың қазақ тіл білімінде зерттелуі

12.Баяндауыштың тұлғалық белгілері

13. Баяндауыш болатын сөз таптары

14. Есім баяндауыштар, олардың өзіндік ерекшеліктері

15. Етістік баяндауыштар

16.Баяндауыштың бастауышпен қиысуы

17.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша, оның мәні.

18.Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

19. Сөйлемдегі оқшау сөздер

20. Жай сөйлемнің түрлері

2-аралық бақылау(15-аптада өткізіледі):

1. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу тарихы туралы пікірлер

2. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі

3. Құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері

4. Жай сөйлемнің құрмаласу тәсілдері

5. Құрмалас сөйлемнің жіктелу тарихы

6.Салаласу мен сабақтасу туралы пікірлер

7.Салалас құрмаластың айырым белгілері

8. Мезгілдес салалас

9.Шартты салалас

10.Себеп-салдар салалас

11. Салыстырмалы салалас

12. Қарсылықты салалас

13.А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлем жөніндегі зерттеулері

14.Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлемге қатысты пікірлері

15.С.Аманжоловтың, М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың Қ.Есеновтың еңбектеріне шолу.

16. Қ.Шәукенұлының сөйлемге қатысты пікірлері

17. Төл сөз бен төлеу сөз

18.Мәтіннің белгілері, негізгі ұғым категориялары

19. Күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміз

20.Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін негізге алынатын белгілер

 

Дебиеттер

Негізгі:

1. Томанов М. Құрмалас сөйлем туралы бірер сөз // Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы 1956.№ 6.

2.Есенов Қ. Шартты рай тұлғалы оралым //Қазақ тілі грамматикасы бойынша зертеулер. Алматы: Ғылым, 1974.

3.Шалабай.Б. Құрмалас сөйлем құрылымына бірер сөз //Қазақстан мектебі. 1982. №8.

4.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995

5.Базарбаев Н. Қазіргі қазақ тіліндегі арлас құрмалас сөйлемдер// Қазақ филологиясының мәселелері . Ташкент, 1974.

6. Сағындықұлы .Б. Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлемдер. А., АКД ,1997.

7.Ағманов Е . Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.1986.

8. Әбілақов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесі.1971.

9.Әбілақов Ә. Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері, 1973 10.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1966.

11.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992

12. Серғалиев М., Сайрамбаев.Т. Қазіргі қазақ тілі сөз тіркестері синтаксисі.1973.

13. Қазақ грамматикасы. А.,2002

Қосымша:

1. Сайрамбаев Т. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері. 1976.

2.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері.1981.

3.Сайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.

4.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

5.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.1992.

6.Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. 1993.

7.Әміров Р.С.,Әмірова Ж.Р. Жай сөйлем синтаксисі .1996.

8.Балақаев М. Қазақ тілі грамматикмсы. Синтаксис. 1949.

9.Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері.1963.

10. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. 1941.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі туралы зерттеулер.1999.

12.Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер.1959.

13. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері.1959.

14.Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері.1957.

15.Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы.1968.

16.Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер.1974.

17.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. 1982.

18.Күлкенова О. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі. 1988.

19.Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері.1968.

20.Сайрамбаев Т. Синтаксис туралы ойлар.1996.

21.Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мәселелері.1996.

22.Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. 1991.

23.Сәдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер.1996.

24.Шаяхметова М.Х. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері.1980.

25.Әміров Р. С. Жай сөйлем синтаксисі.А.,1983.

26.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис.А.,1971.

27.Балақаев М ., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі.А.,1997.

28.Балақаев М., Серғалиев М. Қазіргі қазақ тілі мен мәдениетінің мәселелері.А.,1965.

29.Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. А.,1992

30.Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А.,1974.

31.Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. А.,1967.

32.Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. А.,1964.

33.Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы.А.,1991.

34.Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А.,1981.

35.Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А.,1998.

36.Мадина Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. А.,1959.

37. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі көпбағыныңқылы сабақтас сөйлемдер. «Қазақ тілі мен әдебиеті». Алматы,1972.

38.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

39. Хасанова С., ӘбдіғалиеваТ., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. А,1996.

40. Жүнісбекова К., Оразбаева Ф., Ахметов Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Синтаксис. Алматы,РБК, 1998.

41.Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. Алматы,1997.

42. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелер туралы. ҚазССР ҒА Хабарлары. А,1954, №2.

43.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы,1996.

44. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі. А, 1997.

45.Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. Алматы,1956.

46.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. Алматы, 1982

47. Жиенбаев С. Сөйлемнің оңашаланған мүшелері туралы. «Халық мұғалімі»,1939.

48.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы,1995.

49. Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы. «Қазақ тілі мен әдебиеті». А, 1993. №1.

50.Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы. Екінші кітап. 1975.

51.Шәукенұлы Қ. Синтаксис. Алматы, 2004

52.Мұсабекова Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. А, 1959.

53.Қалиев Ғ. т.б. Қазіргі қазақ тілі: жаттығулар жинағы. Алматы,1997.

3.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс №1. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі

Мақсаты: синтаксистің зерттеу объектісі, салалары туралы түсінік беру, оның зерттелу тарихына шолу жасау.

Тірек сөздер: синтаксис, сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі, сөйлем мүшелері, сөз формалары, сөздердің тіркесу қабілеттілігі.

1.«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің басты мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік конструкциялардың түрлері мен жасалу жолдары, оның құрамы мен басты қағидалары туралы жүйелі білім беру. Қазақ тілі синтаксисі ғылымының туу, даму, зерттелу тарихынан хабардар қылу.

2.Синтаксис гректің syntaхіsқұрастыру, құрау деген сөзінен шыққан. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай төрт салаға бөлінеді:

§ Сөз және оның формаларының синтаксисі.Сөзді өзіне тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады.

§ Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

§ Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

§ Мәтін синтаксисі.

Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарайды.

Сөз сөз тіркесінің негізгі материалы болса, сөз тіркесі сөйлем құраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы және мәтіннің негізгі материалы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді.

3.Синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде біздің жыл санауымыздың II жартысында-ақ қарала бастады. Синтаксисті грамматиканың бір саласы деп түсініп, оны алғаш сөз еткен адам –б.з.ІІ ғ. өмір сүрген Александрия тіл зерттеушілерінің көрнекті өкілдерінің бірі –Аполлони Дискол. Ол синтаксистің объектісін айқындау, сөйлем, сөйлем мүшесі дегендерді ғылыми тұрғыда шешу тәрізді мәселелермен айналыспаған, сөздердің байланысын, байланысудың жолдарын қарастырған.

Ал XIX ғ. тіл біліміндегі қисындық бағыт өкілдері синтаксисті сөйлем туралы ілім деп бағалап, оны мүшелерге жіктеумен ғылыми тұрғыда айналысқан.

Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттеліп, сөз болуы А. Байтұрсыновтан басталады. 1920 ж. шыққан «Тіл құралдары» (3 кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл құралында» баяндалады. Одан соңғы синтаксисті зерттеуде, терминдерін, ережелерін қалыптастыруда еңбек еткен Қ. Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов тәрізді лингвист ғалымдар.

1930-1940жж. қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты. Оларда жай және құрмалас сөйлемдер синтаксисінің негізгі мәселелері сөз болады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады. 1939ж. Қ.Жұбановтың, С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда да синтаксистің еленбей жүрген саласы сөз тіркесі екені, оның жекелеген мәселелерін де ол авторлар зерттеу нысаны ретінде танымайды. С.Аманжоловтың жоғарыда аталған кітабында «сөздердің тізбектері» деген тақырып бар. Онда лексикалық және тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп баяндайды.

Қ.Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мәселелерді өзінше дұрыс бағдарлауға тырысты. Осы бағытта орта мектепке арнап 1936ж. грамматика оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журналында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жариялады. Қазақ тіл білімінде проф. Қ.Жұбанов синтаксистің анықтамасын бере отырып, сөз тіркесін де сөйлем сияқты синтаксистің негізгі объектілерінің бірі деп қарастырады.

Мектеп тәжірибесінен ұлғайған ой-пікірлер проф. С.Аманжоловты да «Қазақ тілінің қысқаша курсын» жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы болғандықтан және автордың синтаксис мәселелерін ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде филолог-студенттердің қажетіне жарады. Бірақ автор сол кездегі «жаңа ілім» қағидаларын қазақ тілі синтаксисімен ұштастырмақ болды. Сөйтемін деп синтаксистің біраз мәселелерін қате түсіндірді. Дұрыс қорытқан пікірлері де болды. Олар соңғы жылдары басқа авторлармен бірігіп жазған мектеп оқулықтарынан орын алды.

Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950ж. кейін оқта-текте аталады, бірақ авторлардың оны қай мағынада жұмсап отырғандығы аян емес, оған берген анықтамалары мүлдем басқа жайды меңзейді.

Қазақ тіліне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөзбен топ құрай алатындығы жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.

1954ж. «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап –қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика мәселелеріне жан-жақты мағлұмат беретін елеулі табысы. Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы –сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қаралуы.

М.Балақаев өзінің алғашқы еңбектерінде сөз тіркесі әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп, жай сөйлемге арналған еңбегінде синтаксистің бірден-бір зерттеу объектісі сөйлем деп қарастырады. Кейінгі зерттеулерінде «сөз тіркесі –сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі, сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді, олар жай сөйлем синтаксисінде қаралу керек» деп пікірін жөндейді. Бұл туралы Т.Қордабаев басқаша пікір білдіреді: «сөз тіркесі синтаксистегі басты тұлға емес, сөйлемнің бір бөлшегі ретінде ғана қаралуы тиіс», – дей келіп, «синтаксистің негізгі объектісі боп есептелетін 3 нәрсені қарастырады: 1) жай сөйлем синтаксисі, оның құрамы, структуралық, мағыналық түрлері, 2) сөздер тіркесі, ерекшеліктері, 3)сөйлемдер тіркесі».

Осындай біршама ұзақ тарихында синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде қаралып келеді. Оның негізгі зерттеу объектісі сөйлем деп қалыптасқан болса, XX ғ. бастап синтаксистің тағы бір объектісі сөз тіркесі деген пікірлер айтыла бастады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Синтаксистің зерттеу нысаны не?

2.Қазіргі &

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.