Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ІІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ



2.1 Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстерi

Қаржыландыру үшiн инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiне баға беру жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар халықаралық тәжiрибеде кеңiнен қолданылатын қағидалар мен әдiстерге негiзделген. Ресейде мұндай әдiстемелiк ұсыныстар 1994 жылы басылып, шығарылған болатын. Оларды құрастыруда мемлекеттiк меншiк көзi арқылы қаржыландырылатын күрделi қаржы тиiмдiлiгiн анықтаудағы отандық тәжiрибе ескерілген /15/. Бiздiң тарапымыздан осы әдiстемелiк ұсыныстар Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына сәйкестендiрiлдi. Салымдар бойынша депозиттiк пайыз деңгейi, несиелер бойынша банктiк пайыз мөлшерi, қарыз капиталы бойынша пайыз нормасының көлемi, ҚҰБ - ның қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерi, сыртқы инвестициялар бойынша ссудалық пайыз ставкасы, сәйкесiнше, әртүрлi болады. Әдiстемелiк ұсыныстардың Қазақстан экономикасының ерекшелiктерiне сәйкестендiрiлуi, тиiсiнше, төмендегi есептеулердi назарға iлiктiрiп және пайдалануға негiздедi.
Бұл ұсыныстар жинағының қағидаларының бiрi күтiлген әртүрлi уақыттағы шығындар мен табыстарды алғашқы кезеңдегiдей экономикалық құндылықтар бойынша сәйкестендiрiп келтiру болып табылады. Бұндай келтiру (әртурлi уақыттағы шығындарды, нәтижелердi дисконттау) оларды а — дисконттау коэффициентiне көбейту арқылы жүзеге асады. Тұрақты дисконт нормасы бойынша дисконттау коэффициентi мына формула бойынша есептеледi: /15, 47 6.1:

а

 


мұндағы
Е — дисконт нормасы немесе капиталға пайда нормасы (бiрлiк үлестер)
t- есептеудің қадамдық нөмірі(ай, тоқсан, жыл)

Егер де дисконт нормасы уақыт жағынан өзгерiп t қадамында Е болса, онда дисконттау коэффициентi 1>0 жағдайында былай анықталады /15,48б/:

а = (14)
Сондай-ақ:

(15)

 

мұндағы

 

Е , Е - есептеудiң бiрiншi, екiншi т.с.с. қадамдарындағы дисконт нормасы.
Уақыт жағынан нәтижелерi әртүрлi болатын екi немесе бiрнеше жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау дисконт нормасының деңгейiне тiкелей байланысты. Себебi дисконт нормасының мөлшерi ең ұтымды нұсқанын таңдауды анықтайтын соңғы нәтиже үшiн өте маңызды.
Әдiстемелiк ұсыныстарда дисконт нормасын бағалаудың төмендегiдей қағидалары көрсетiлген /15, 50
1. Меншiк капиталын қолданғанда оның мөлшерi инфляцияны және инвестициялыққ\ тәуекелдi есепке алғандағы салымдар бойынша депозиттiк пайыз деңгейiмен анықталады. Дисконт нормасы депозиттiк пайыздан жоғары болған кезде өндiрiстiк инвестицияларға ақша құйылып, ақшаның бағасы және несие бойынша банктiк пайыз мөлшерi өседi. Ал дисконт нормасы депозиттiк пайыздан төмен болған жағдайда инвесторлар ақшалай қаражаттарын тiкелей өндiрiске салмай, банктерде сақтауға тырысады.
2. Қарыз капиталын қолданғанда дисконт нормасы несие бойынша банктiк пайыз деңгейiмен және қарыз бойынша пайыз төлеу шарттарымен анықталады.
Барлық инвестициялық жобаларды мемлекет қатысатын халықшаруашылығы жобалары және әртурлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, соның iшiнде, шетел инвесторлары да қатысатын коммерциялық жобалар деп ажыратуға болады.
Халықшаруашылығының тиiмдiлiгiн бағалауда ҰБ-нiң қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес дисконт деңгейiне сүйенуге болады. Халық шаруашылығының тиiмдiлiгi мемлекеттің қаржылық мүддесiн ғана көздемей, сондай-ақ, инвестициялардың қоғам үшiн белгiленген әлеуметтiк және экономикалық нәтижелерiне жетудi мақсат ететiндiктен, ҚҰБ-нiң есеп ставкасы тең дисконт нормасын жоғарғы деңгейдегi деп тану керек, ал халықшаруашылығы инвестициялық жобаларын тәжiрибеде iске асырғанда ол (дисконт нормасы) едәуiр
төмен болуы мүмкiн. Коммерциялық тиiмдiлiктi бағалағанда әрбiр инвестор салынған капиталдың жылды табыс нормасын өз бетiнше бағалауға қуылы, яғни, әр шаруашылық жүргiзушi субъект жеке дисконт нормасын белгiлейдi.
Инвестициялы жобаның барлық қатысушылары үшiн қабылданған дисконт нормасын бекiту тәсiлдерi болып мыналар табылады:
1. Алғашқы этапта дисконт нормасының жоғарғы шегiн анықтау қажет. Ол iшкi пайда нормасымен — (IRR) анықталады.
Iшкi пайда нормасы инвестициялы жобаның интегралдық әсерi нөлге теңестiрiлген дисконт нормасына сәйкес келедi. Бұндай қорытындының экономикалық мәнi мынада: егер жоба түгелiмен қарыз қаражаттары есебiнен жүзеге асса, онда iшкi пайда нормасы (IRR) максималды пайызға тең болады, яғни, несие алуға жағдайтуып, жобаның жүзеге асырылуының басталу уақыты мен объектiнiң жойылу кезiне дейiнгi уақыт аралығында түскен пайда есебiнен оны (несиенi) өтеу мүмкiндiгi болады (есептiц шегi — Т).
Iшкi пайда нормасының (IRR) сандық мәнi мынандай теңдiк шешiмiмен анықталады:

 

 

мұндағы:
Н — есептеудiң t қадамындағы қол жеткен нәтиже (мысалы, сатылған өнiм көлемi);
Ш — есептеу қадамындағы пайда болған, күрделi қаржы кiрмейтiн шығындар;
К — есептеудi t қадамындағы күрделi қаржылар.

 

2. Депозиттiк пайызға сәйкес дисконт Е нормасының төменгi деңгейi белгiленедi. Бұл жағдайда депозиттiк салымдардан түсетiн пайдаға салынатын салық ставкаларын және өзге де салықтарды есепке алу керек.
Пайдаға салынатын салықтың әртүрлiлiгiн ескере отырып, дисконт нормасының төменгi деңгейi былай анықталынады:

Е =

 

Мұндағы:
Д— депозиттiк пайыз ставкасы бiрлiк үлесi;
Нд — депозиттiк салымдар бойынша пайдаға салынатын салық ставкасы (бiрлiк үлесiнде);
Нo - өндiрiстiк қызметтен түскен пайдаға салынатын салық ставкасы (бiрлiк үлесiнде).
Мысалы, жылдық депозиттiк ставка — 0,12, депозиттiк салымдар бойынша пайда салынатын салық ставкасы — 0,15және өндiрiстiк
қызметтен түскен пайдаға салынатын салық ставкасы — 0,35 болған жағдайда дисконт нормасын былай табуға болады:

 

Е =0,12х

 

3. Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалап және олардың ең ұтымды нұсқасын тандау үшiн орташа дисконт нормасын төмендегi теңдiкке сәйкес есептеу керек:


Егер дисконт нормасы — Е iшкi пайда нормасынан Е (IRR) кем немесе оған тең болса, онда инвестициялық жобаның осындай нұсқасы таңдалынады немесе ол кейiнге қалдырылады.
Е — дисконт нормасын анықтаудағы мұндайтәсiл мынандай қорытындыға әкеледi:
- бiр жағынан, әртүрлi инвестициялық жобалар iшiнен ұтымды деп табылған жобаға салған күрделi капиталынан инвестор Ем-ға сәйкес минималды түрде болса да қайтарым (пайда) алуы керек;
- екiншi жағынан, Е деңгейiнiң Е1п деңгейiнен артуы пайда нормасы бойынша капиталға инвестордың тиiмсiз қойған шарттарының салдарынан жобаның мақсатқа сәйкес екендiгiне күмән тудырады.
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қабылданған дисконт нормасы бойынша инвестициялық жобаның тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн төменгi формулалар бойынша есептеулерiне болады:
- таза ағымдағы құн немесе интегралды әсер;

 

 

- пайда алу индексi:

 

Егер инвестициялық жобаның таза ағымдағы құны (NPV) щң мәнге ие болса (белгiленген дисконт нормасына сәйкес), онда жоба тиiмдi деп танылып, оны қаржыландыру туралы мәселе қарастырыла бастайды.


Оң мәнге ие таза ағымдағы құнға сәйкес пайда алу индексi (Р’)бiрлiктен жоғары болса, онда бұл көрсеткiш те жобаның тиiмдi екенiн дәлелдейдi.
Тағы да бiр мысал қарастырайық. Жобаға салынады деп белгiленген инвестиция көлемi 10 млн, доллар, салымдар бойынша жылдық депозиттiк ставка — 10%, депозиттiк пайда бойынша салынатын салық ставкасы — 15%, өндiрiстiк пайдаға салынатын салық ставкасы — 35%делiк. Есептеу қадамдарының әртүрлiлiгiне байланысты күрделi қаржы, нәтижелерi және шығындары төмендегi кестеде бөлiнiп көрсетiлген:

3-Кесте

  Шартты белгiлер 1 жыл 2 жыл З жыл
Күрделi қаржы К
Нәтиже Н
Шығын Ш

 

Есептеу кезеңдерi:
1. Инвестордың максималды пайдасын анықтайтын iшкi пайда нормасы IRR:

Бұл теңдiктiң шешiмi бойынша Е1п 0,20-ке тең.
2. Салық салудың ерекшелiгiн ескере отырып, инвестордың капитал пайдасының минималды деңгейiн анықтайтын депозиттiк пайыз бойынша дисконт нормасы мынаған тең:

Е =0.1x

 

3. Дисконт нормасының ұтымды деңгейi:

 

 

Таза ағымдағы құн:

 

 

- Пайда алу индексi:

Белгiленген Ен = 0,16 дисконт нормасына сәйкес жобаны тиiмдi деп тануға болады. Мысалы, есептiң алғашқы қадамында күрделi қаржы бойынша келтiру коэффициентi барлық салымдардың 50%—ын құрап, ал әсер (нәтиже — шығын) осы қоғамдағы барлық (дисконтталмаған) тиiмдiлiктiң 8 -ак. құраған, мiне, осылай жоба тиiмдiлiгiнiң төменгi деңгейiн анықтауға болады. Коммерциялық тиiмдiлiктi есептеуде капиталдан түсетiн пайда деңгейiне деген нр инвестордың жеке көзқарасы негiзiнде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге сүйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерiн анықтаудың осындай тәртiбi қаржыландыру үшiн инвестициялық жобаларды объективтi түрде таңдауға мүмкiндiк бередi.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.