Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ЖШС “Итеко Полюс” қызметінің жалпы сипаттамасы



Бұл жобаны “Итеко Плюс”ЖШС Қазақстан Республикасы Алматы қаласында полипропиленді қаптар өндіру үшін 1500000 АҚШ доллары мөлшерінде несие ресурстарын тарту мақсатымен ұсынып отыр.

Қазақстанда орау материалы- полипропиленді (ПП) қаптарға сұраныс жоғары болса да, өзіміздің ірі өндірісіміз жоқ.

Қант, жарма, құрылыс материалдарын, ұн және басқа да сусымалық материалдар өндіруде орау материалдарына туып отырған қажеттілікті өз зауытымызды соғу арқылы қанағаттандыруға болады. Қазіргі қаптардың 100% шамасындағы мөлшері Қытайдан импортталады. Статистика мәліметтері бойынша өткен жылы Қазақстанға ауылшаруашылық өнімдерін орау үшін 10 млн. АҚШ долларына 55 млн. ПП қаптар сатылып алынды. Осы сандарды көріп келесідей қорытынды жасауға болады, экономиканың басқа да салаларын ескергенде осы орау түрін өндірудің болашағы бар екеніндігі. Рынокты талдау нәтижесінде ПП қаптарға сұраныс жыл сайын он пайызға өсіп отырғаны анықталды, ал болашақта осы пайыз өседі деп күтілуде. Жұт өнеркәсібінің орау материалдарына өсіп отырған сұранысты қанағаттандыра алмауына байланысты сапалы және арзан орау материалдарының дефицит мәселесін жабатын тұтынушылар үшін ПП тоқылған қаптары айқын таңдау болып табылады. Қазіргі кезде сол қаптарға қажеттілік жылына 58 млн. құрайды. Болашақта ПП тоқылған қаптарға сұраныс жылына 100 млн. астам қапты құрайды.

Ауылшаруашылық саласының және рыноктарының дамуына қойылатын негізгі талап, ауылшаруашылық тауарларын сенімді сақтау және басқа рыноктарға бұзбай жеткізу мақсатымен тиімді буып-түю болып табылады.

Ауылшаруашылық және өндірістік өнеркәсіп өнімдерін ораудың әйгілі әдісі 50 кг қаптарға орау болып табылады және көптеген сусымалық материалдар осы әдіспен оралады.

”Итеко” ААҚ-да қап өндіретін құрал-жабдықты орналастыруға болатын барлық коммуникация түрлерімен жабдықталған өндіріс орыны бар. Осы факторларды ескере отырып “Итеко”ААҚ несие ресурстарының және меншік құралдары арқылы өз ПП қаптарын өндіру туралы шешім қабылдады.

Осы мақсат үшін жобаны жүзеге асыратын ЖШС”Итеко Плюс” еншілес компаниясы құрылды. ПП қаптар өндіру бойынша қуаттылығы жылына 25 млн.дана болатын құрал-жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылданды. Өндірісті жібергеннен кейін, жыл сайынғы 5-8 млн.данаға рынок өсімін ескергендегі жоба өнімі алатын рынок үлесі 25-30% құрайды. Бұл жаңа рынокты меңгеру мен өндірістің дамуы үшін тиімді мөлшер болып табылады (1 – кесте).

5-кесте. ПП қаптар өндірісін ұйымдастыру жобасының жалпы құны келесідей болады:

Атауы Сома, мың долл.
ПП қап өндірісі үшін қажет құрал-жабдық 1 050
Құрал-жабдыққа ҚҚС (НДС)
Құрылыс-монтаж жұмыстары 103,1
Айналым капиталы 136,9
Барлығы: 1 500

 

ПП қаптарын өндіру бойынша зауыт құрамына кіреді: қима таспасын өндіретін құрал; тоқыма учаскісі; полиэтиленнен жасалатын үрленетін пленканы өндіру учаскесі; тігін учаскесі; баспа учаскесі(қаптарға түсті баспа түсіру); қаптау учаскесі (теңдерге орау); өндіріс қалдықтарын өңдеу учаскесі. Барлық учаскелер дәйекті түрде қызмет етеді.

Бұл жабдықтардың барлығы орналасқан ғимаратында негізгі және көмекші қызметтер бар. Жабдықтарды монтажбен іске қосу жарты жыл ішінде жоспарланады. Өндіріс іске қосылғаннан кейінгі бірінші жылда қап өндіріс көлемінің 45% шығарылады, яғни жылына 25 миллионға дейін қап шығарылады. Қазақстанда өзінің ПП өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы ААҚ ”Итеко” үшін жақсы вариант болып табылады. Себебі қазіргі уақытта Қазақстан ПП қаптарын шетелден сатып алады, ал осындай өндірісті ұйымдастыру өзінің импорт алмастыру өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде ЖШС ”Итеко Плюстің” айналым капиталын қаржыландыру, жабдықтар сатып алумен монтажды-құрылыс жұмыстары үшін 1500000 АҚШ доллары сомасында инвестиция қажет. Берілген жобада ақша құралдарының ағымы жобаның 5 жыл өмір сүру цикіліне есептелген, мұнда бұл сома 5 жылға 12%-бен ұзақ мерзімге алынған. Барлық негізгі есептеулер мен бағалар 2001жылдың қаңтардағы орташа курс 145 теңгемен АҚШ долларында берілген.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.