Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Жобаның технологиялық бөлімі



1. Өндіріс технологиясын және негізгі құралдарды сипаттау.

Бұл бөлімде жаңа таңдалған немесе өздерінің құралдары жөнінде ақпарат болуы тиіс, яғни оның құны, қуаттылығы, өнімділігі, энергошығындары; өнеркәсіп немесе ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы сипатталуы тиіс.

Бұл бөлімнің мәні келесіде, неге сол құралды сатып алғаны негізделеді, оның артықшылықтары айтылады.

1.1. Құралдың таңдалуы

Әр түрлі ақпарат көздері арқылы, соның ішінде Интернет арқылы ПП қаптар өндірісі үшін қажетті құралдар рыногы зерттеліп, осы құрал түрі таңдалды. Бұл құралдың өндірушілері негізінен Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда орналасқан. Ресейде сәйкес құралдар сататын бірнеше ірі фирмалар бар: ”Юг Тара”, АҚҰ ”Зимак” (Мәскеу), ”Алеко-Тара”(Ростов-на-Дону),

”Сибцентр”, олар тайвань, қытай және корей өндірушілерінің дилерлері болып табылады. Ресей дилерлерінің және сондай-ақ корей, қытай, тайвань өндірушілерінің бір қатар ұсыныстары зерттелді. Талдау бойынша қытай өндірушілерінің бағасы ең арзан болып табылады, ал Тайвань және Кореяның құралдары шамамен 30-40% қымбатырақ. Сәйкес құралдарға орташа баға келесідей:

Қуаттылығы жылына 10 млн. қап құрайтын құралдың бағасы 350 мың доллардан 495 мың долларға дейін, жылына 20 млн. қап-993 мың доллардан 1 096 мың долларға дейін, 25 млн. қап- 1100 мың доллардан 1 350 мың долларға дейін. Келіссөздер арқылы екі жаққа да тиімді келісім қабылданды, 1 050 мың долларға қуаттылығы жылына 25 млн. қап құрайтын құралды сатып алды.

1.2. Өндіріс процесі

ПП қап өндіру процесі келесі сатылардан тұрады: ПП түйіршіктерінен ПП таспа өндіру; ПП таспаларды қолдану арқылы домалақ тоқу станоктарында түтікше тәрізді мата өндіру; түтікше тәрізді матаның төмен жағын автомат арқылы тігіп, оны қапқа айналдыру; қапқа полиэтиленді қосымша қап кигізу; қаптарға мөр басу; 500/1000 данадан теңдерге орау.

1.3.Технология, қуаттылық және зауыттың орналасу жерін таңдау.

ПП қап өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру үшін зауыт таңдаған өндіріс процесінің технологиясы мен құралдары бүгінгі күні бүкіл дүниежүзі бойынша ең жақсықұрал- жабдық болып табылады.

Таспаларды өндіру учаскесінде экструзионды-құйма технологиясы қолданылады, ол таспаның қалындығының дәлдігін бақылап отырады, яғни шикізаттың үнемдеуіне мүмкіндік береді.

ПП қаптарды өндіретін зауытты Алматы қаласында орналастыруының себептері:

1. Қазақстандағы қант және минералды тыңайтқыштар өндіретін өнеркәсіп салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру.

2. ПП қаптар өндіру үшін қажетті құралды орналастыра алтын ғимараттар мен өндіріс базасының болуы.

3. Импорталмасатын өнім шығару.

1.4. Зауыт қуаттылығы

Қуаттылығы жылына 25 млн. қап құрайтын өндіріс көлемі рынок мөлшері, экспорт мүмкіндігін және басқа да факторларды ескеру арқылы анықталған. Халықаралық тәжірибеде ПП тоқылған қаптарды өндіру бойынша жылына 25 млн. қап өндіру оптимальді болып табылады.

1.5. Технология және өнім стандарттары.

Қажетті технология мен шығарылатын өнім толығымен халықаралық стандарттарға сай және лицензиясы мен кепілдемесі бар (2 – кесте).

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.