Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Жобаның сандық талдануы



Пайда және шығындар туралы есеп беру

Бұл есеп беру арқылы компанияның операциялық қызметін көруге болады және сәйкесінше тиімділігін есептеу арқылы жобаның болашағын болжамдауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер, тікелей шығындарды өнімді сатудан түскен табыс қаншалықты жабатындығын білдіреді. Жоғарыдағы мәліметтер арқылы жобаның тиімді екенін айтуға болады, себебі түскен табыс шығындарды жауып отыр және несиені төлегеннен кейінгі пайда жыл сайын өсіп отыр (1-қосымша).

 

Баланстық есеп беру

Баланстық есептеме фирманың белгілі бір уақыт аралығында берілген активтерін, міндеттемелерін және акционерлік капиталын универсалды бухгалтерлаік өрнек арқылы көрсетеді:

Активтер = Міндеттемелер + Меншік капиталы

Кәсіпорын балансы бухгалтерлік есептің ІSA халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес құрылған. Берілген болжам 5 жылға есептелінген (2-қосымша).

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру (Кэш-фло) – жобаны жүзеге асырумен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысын көрсетеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияның ақша қаражаттарында өзгеріс туғызған құралдар қозғалысы және басқа да мәселелер туралы қаржылық резюмені ендіреді және компанияның ақша құралдарын алу көздері мен қолдану жолдарын көрсету үшін баланстық есеп пен пайда мен шығын туралы есеп баптарын біріктіреді. Осы есеп беру негізінде бізге қажетті жобаның тиімділік көрсеткіштерін есептеуге болады (3-қосымша).

Жобаның 5 жылғы өмірлік цикліндегі өнімді өткізуден түскен жалпы түсім долларлық эквивалентінде 16 612,75 мың долларды құрайды. Өнімді өндіру үшін кететін операциялық шығындар (жеке тұлғалардың салықтарын қоса) – 11 154,48 мың доллар. Барлық салықтар (жеке тұлғалардың салықтарын қоспағанда) – 2 008,07 мың доллар, яғни ақша қаражаттарының таза ағымы келесі соманы құрайды:

16 612,75 – 11 154,48 – 2 080,07=3 378,20;

Міндеттемелер бойынша жиынтық төлемдер 2 130,0 мың долларға тең және сәйкесінше міндеттемелер бойынша төлемдер төленгеннен кейінгі жобаның таза пайдасы 1 248,2 мың долларды құрайды. Жобаның негізгі тиімділік көрсеткіштері келесідей:

- (r=12%) NPV = -1500 + 282,5 + 358,65 + 404,42 + 407,55 + 378,59 = 331,7;

- (r=19,54%) NPV1 = -1500 + 264,7+314,7 + 332,2 + 314,1 + 273,6 = - 0,69;

- ІRR= 12% +(331,7/(331,7-(-0,69))) * (19,54%- 12%)= 19,5%

- PP = 316,4+450,0+568,0+640,8-1500=165,6/640,8*12=3 ай

Сонда РР - 3 жыл 3 айға тең болады.

Барлық есептелген коэффициенттер мәні оң болып отыр, яғни жоба тиімді деген қорытындыға келеміз және сәйкесінше халықаралық қаржы институттарының талаптарын қанағаттандырады.

Бұл көрсеткіштерден басқа жобаның қаржылық көрсеткіштерін есептелік.

Салыстырмалы көрсеткіштер

 

õ100%  
3. заем құралы

Ìåíøiê º½ðàëû

 

1. Пайызды жабу коэффициенті (ПЖК) (1 жыл)=(321,7+113,7)/157,5=2,42

ПЖК (2 жыл)=(629,8+103,9)/157,5=4,08

ПЖК (3 жыл)=(730,4+93,5)/118,1=6,10

ПЖК (4 жыл)=(829,0+84,2)/78,7=10,15

ПЖК (5 жыл)=(854,5+75,8)/39,4=20,67

2. Несиені жабу коэффициенті (НЖК) (1жыл)- бірінші жылы сома өтелмейді.

НЖК (2 жыл)=(418,3+103,9)/375=1,39

НЖК (3 жыл)=(494,4+93,5)/375=1,57

НЖК (4 жыл)=(569,1+84,2)/375=1,74

НЖК (5 жыл)=(592,5+75,8)/675=1,78

3. Заем құралдарының меншік құралдарына қатынасы

1 жыл =(1500/202,7)x100=740,1

1 жыл=(1125/621)x100=181,2

2 жыл=(750/1115,4)x100=67,2

3 жыл=(375/1684,5)x100=22,3

4 жыл=0

Пайдалылық көрсеткіші:

 

Сауда пайдалылығы

1 жыл=(202,7/1941,8)*100=10,44

2 жыл=(418,3/3236,3)*100=12,93

3 жыл=(494,4/3667,8)*100=13,48

4 жыл=(569,1/3883,5)*100=14,65

5 жыл=(592,5/3883,5)*100=15,26




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.