Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Lt;h4>Қорытынды

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:</h4>

- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

- іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;

- мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;

- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

- қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

- өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

- инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;

- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық. Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV); 2) инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).

Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

- ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;

- өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;

- ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;

- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;

- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

- салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;

- Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;

- отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;

- «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;

- инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;

- инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.