Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Р экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары



Мемлекет, инвестициялық ресурстар нарығындағы жағдайды реттейтін, негізгі операторлардың бірі болып бой көрсетеді, ал оның шетел инвестицияларына деген саясаты көбіне елдегі инвестициялық ахуалдың күйін анықтайды, әлеуетті инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді.

Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновоциялық – инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы – инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.

Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы–несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.

Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі – аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді.

Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.

Индустриалды–инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауашаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, жоғары техникалық және технологиялық деңгейді сақтаған, салалар мен өндірістің экспорттық және импорттық орнын алмастырушы, бәсекеге қабілетті салаларды қолдау табылады.

Дүниежүзілік тәжірибені талдау, құрылымының қайта құрылуының шешуші шарты болып қарастырылатын, экономикадағы инвестициялық үрдістерді мемлекетпен қолдау экономика өсуінің тұрақты қарқындарын қолдау және жетістік түріндегі нақты нәтиже береді. Қазақстанда инвестицияларды ынталандырудың заңды және экономикалық негіздері 2003 жылы 8 қаңтарда қабылданған ҚР–сының “Инвестициялар туралы” заңында анықталған. Бұл заң ҚР–дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР–да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвестициялардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

Қазіргі технологияларды пайдаланатын қолданыстағы өндірісті жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:

- инвестициялық салықтық преференциялар;

- кеден баждарымен салық салудан босату;

- мемлекеттік натурдық гранттар;

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл – ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.

Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл–ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы – сапалы экономикалық өсуге.

Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып келетін, жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР – сының артықшылықтарының бірі болып табылады. Салық тәртіптемесінің тұрақтылығы, қоғамның демократияландырылуы, нарық реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әлеуетті инвесторлар алдында тұрған проблемаларды мемлекетпен ұғыну қажет.

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігуі шетел инвестициялары үшін қалыпты инфрақұрылымды және құқықты жағдайларды қалыптастырусыз мүмкін емес. ҚР-ның экономикасын жаңғыртуда шетел капиталы маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімді саясаты бар жаңа іскерлік ахуал жасау міндетті түрде қажет. Тек осы жағдайда ғана ҚР артықшылықтары, табиғи ресурстарды, транзиттік геополитикалық жағдайды, ғылыми–техникалық әлеуеті мен білімі бар халықты қосқанда, капитал тартудағы ҚР–ның бәсеке қабілеттілігінің маңызды шарттары болады. Республиканың дамыған инфрақұрылымдағы өмірлік қажеттілігі кең территориялы–орнықтырушылық базамен және экономикалық шаруашылық–салалық құрылымымен анықталады. ҚР–сы қысқа мерзімде негізгі өндірістік қорларға капитал түсімін қамтамасыз ету қажет және базалық салалар мен өндірістерді сақтау мен дамыту мақсатында шикізат ресурстарын экспортқа бағдарланған қайта өңдеуді ұйымдастыру керек. Болмаған жағдайда, экономика құрылымын қайта құру міндеттерін шешпейтін, экспорттың тауарлы – шикізаттық бағдарлануы ҚР – на көптеген жылдарға бекітіледі.

Қазақстан Республикасында тұрақты экономикалық өсуге жету үшін үлкен көлемдегі инвестициялық салымдарды талап етеді. Капитал салымдары, тұтыну деңгейінің ары қарай төмендеуін тудыратын, ішкі көздер есебінен қатаң биімделуді талап етеді, ал, бұл саяси-әлеуметтік түсініктемелерге қолайлы емес. Негізгі өндірістік қорларға сыртқы тікелей инвестицияларды тарту баламалы таңдау болып келеді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей шетел инвесторларына тек салықтық, кедендік және тарифтік жеңілдіктер жасау жеткілікті тиімді емес. Инвестордың операциондық территориясын кешенді инфрақұрылымдық жайғастыру шетел капиталын тартудағы өте қажетті шарты болып табылады. Біріншіден, жол және көлік жүйесін, теңіз порттарын, әуежайларды, сумен және энергиямен жабдықтауды, телекоммуникация жүйесін, қоймаларды, логистикалық жүйелерді, тұрғын үй секторларын дамыта бастау керек.

Дамыған және тез дамушы елдер, әсіресе Азиатты – Тынық Мұхиттық аймақ, соңғы 30 – 40 жылда өз елдерін инфрақұрылымдық жайғастыру үшін келісім шарт түрлері бойынша шетел инвестицияларын тез қарқынмен тартқан. Несиелік қарызға алумен ұштастырылған жеке тікелей салымдар жетістікке жету кілті болды. Шетел инвестициялары ҚР–сы үшін сыни болып келеді. Мәселе экономиканы жаңғырту үшін жинақ ақшаның жетіспеушілігінде ғана емес.

Инвестициялық ахуал нарық реформаларының жетілуінің, жеке меншік құқығының тұрақтылығына және елдегі жағдайға деген дүниежүзілік капиталдың сенім білдіруінің өлшемі болып келеді.

Сонымен қатар, ұлттық шаруашылықтың ең ірі объектілеріне ВОТ тұрпаты бойынша (Build – Operate - Transfer) – салу (құрылыс) – эксплуатациялау – беру стратегиялық инвесторларды тарту дүниежүзілік нарыққа тез биімделуді қамтамасыз ету. Тек ақшалай салымдарды тарту ғана емес, сонымен қатар, сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі, нарық білімі, елеулі ресурстарымен және әртүрлі елдердегі кәсіпорындарды басқару бар стратегиялық инвесторларды тарту маңызды. ЖҰӨ қалыптастырудағы нақты өндірістің салалық салымын қамтамасыз ететін, негізгі өндіріс қорларына салынған капиталдар ғана стратегиялық инвестициялар болып саналуы тиіс. Мысалы, пепси–кола өндіретін завод ҚР–ның макроэкономикалық дамуына салым салмайды, себебі, шетелде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді және шетел шикізат концентратының өндірісін, тұрлаулы валютаға сатып алып, қаржыландырады. Сонда да, кіріптарлық заводқа салынған инвестициялар пайдалану, өңдеу және отандық мыстың экспортына стратегиялық болып келеді. Сонда, Қазақстандық түсті металлургияға және өңдеуші өнеркәсіптерге капитал салымдары қаржыландырады және ЖҰӨ -ге салым қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, үкімет концессияға (келісім шартқа) табыстау үшін жеке консорциумға белгілі бір уақыт кезеңіне жоба береді. Консорциум бұл жобаны салып, бірнеше жылдар бойы пайдаланады және өз шығындарын өтеп отырып, жобаны пайдаланудан табыс алып отырады. Консцессия мерзімі аяқталған соң консорция жоба активтерін үкіметке береді.

Бірақ инвестициялар қарыздар мен несиелерден тұратын болса, үкімет міндеттенбейді және қайтарымдығына кепілдік бермейді.

Қайтарымдылығы тек операциондық табыстарға байланысты. Сонда, үкіметтен бюджет қаражатын тарту қажеттілігі алынады да, барлық тәуекел жеке секторға жатады.

Шетел инвестицияларының жоғары деңгейімен дамыған нарық экокномикасына негізделетін экономикалық өсу ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі екендігі Қазақстан – 2030 стратегиясында анықталған. Батыс Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестициялар өте қажетті, бірақ, өмір сүру деңгейінің төмендігіне орай халықтың ақша жинауға және олардың нвестициялауға мүмкіндігі жоқ.

Шетел және жергілікті инвесторлар қолайлы инветициялық ахуалды қажет етеді: саяси өкіметтің тұрақтылығы, бизнес туралы тұрлаулы заңдар, тізбекті және ашық салық тәртіптемесі мен үкіметтің бизнеске аз араласуы. Шетел инвестицияларының түсімі Қазақстандағы демографиялық жаңғыртуды жалғастыру және нарық реформаларын дамытуды, аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында, мемлекет экономикаға, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан әлеуметтік поцесстерге әсер ету құралы ретінде пайдаланатын салық негізгі реттеушілердің бірі деген мәнге ие болады. Солай, кәсіпкерлердің бөлек категорияларына жеңілдіктер жасай отырып, қоғамдық өндірістің түрлі салаларына мемлекет әсер ету шамасында, және керісінше, белгілі бір салаға жоғары салықтарды енгізіп, мемлекет ондағы кез–келген кәсікерлік белсенділігін төмендете алады, тіпті өнідірісті тоқтатуға дейін.

Инвестициялық ресурстар ұлттық экономика дамуының алдыңғы қатарлы көздері және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ұстанымға ие. Технологиялық капитал салымдарының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету ең басты проблема болып отыр. Жалпы, бұл проблема шешілмеген. Ұзақ уақыт бойы қаржыландырудың төмен деңгейі экономиканың нақты секторындағы инвестциялық процестің ұдайы өндірісінің өзгеруіне алып келді. Негізгі құралдар тозуының деңгейі жоғарылады.

Машина жасауда конверсиялық шаралар жүргізу үшін инвестициялар қажет. Проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі – жиынтық сұранысты біршама арттыруға бағытталған макроэкономикалық шаралар көмегімен ішкі нарықты кеңейту. Оған, жеке табыстар мен халықтың сатып алу қабілеттілігін жоғарлату, инвестициялар құрылыс үшін тауарларға өсіп жатқан сұранысты көтермелеу, мемлекетпен отандық тауарларды тікелей сатып алуларды жоғарлату арқылы жетуге болады.

“Халықтың нақты табысын жоғарылату әлеуметтік мәселені шешеді және экономикалық сұраныстың маңызды шарттары ретінде тұтыну сұранысын көтереді. Қаржы саласын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті көтеру, мемлекетке сенімшілікті күшейту халықтың жинақ ақшаларын өсіру үшін қажетті және сенімді негіздерін және қорлануға олардың трансформацияларын қалыптастырады” – деп есептейді В.К Гуртов.

Халықтың жинақ ақшаларына инвестициялық процесстерді тарту үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалануға болады. Ол үшін, меншік иелері үшін инвестицияның табыстылығы мен қайтарымдылық сенімділігін қамтамасыз ететін, отандық өнеркәсіп дамуына зейнетақы қор активтерін инвестициялау механизмдерін әзірлеу керек.

Өтпелі кезеңдегі халықтың жинақ ақшаларына жасалған мемлекеттік эксперимент банктік салаға және мемлекетке деген халық сенімін үзді. Сондықтан, халықтың жинақ ақшаларының максимальді қауіпсіздігіне кепілдік беру қажет.

Қазақстандық банктер мен мемлекеттік бюджеттің тартылған қаражаттарын және кәсіпорындар мен халықтың жеке инвестицияларын салғанда ғана өнеркәсіп тауарларының отандық өндірісінің өсуі мүмкін болады.

Табыс инвестицияны жүзеге асырудың ықыластандырғыш уәждері болып табылады. Кәсіпкерлер өндіріс қаражаттарын, мұндай сатып алулар табысты болады дегенде ғана бір компонент бар, ол – процент мөлшерлемесі.

Өнерәсіптік және де инновациялық сектордың өңдеуші салалары жеке инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Мұнда, өңдеуші өнеркәсіпке жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау мемлекет міндеті болып табылады.

Қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген активтеріне салымдар салатын инвесторларға, жеке инвестицияларды тарту процессін ынталандырушы экономикалық тұтқа ретінде “ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңына ” сәйкес берілетін инвестициялы салықтық және кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік натурдық гранттар және көптеген кепілдіктерді пайдалану қажетті. Бірақ, заңмен қарастырылатын преференсиялар, берілген салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берілетін жеңілдіктердің салыстырылымсыздығы түрінде, индустриалды–инновациялық сектор салаларының дамуына қажетті әсер етуге мүмкіншілігі жоқ. Мұндай жағдайда, оларды фискалды саясат шараларымен толтыру қажет.

Экономикалық тұтқаларды пайдалану ұйымдастырушылық сипаттағы шаралармен толтырылуы керек. ҚР мен оның аймақтарының инвестициялық мүмкіншіліктері туралы берілетін ақпараттың көлемі мен сапасы еліміздің экономикасына капитал салымдары туралы инвесторлардың шешім қабылдауына үлкен әсер етеді. Осыған орай, инвестициялық мүмкіншіліктердің призентациясы бойынша жасалып жатқан жұмыстарында индустриалды–инновациялық сектор салаларын дамытуға ерекше көңіл аударылуы керек. Перспективті жобаларды іздеу бойынша әлеуетті инвесторларға және жеке инвесторды қызықтыра алатын, инвестициялық жобаларды әзірлеу мен идентификациялау бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсететін, аймақтардағы ақпаратты–консультативтік орталықтарды құру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы керек.

Ақпараттық–презентациялық шараларды жүзеге асырудан басқа инвесторлармен тиімді диалог жүргізуге көшу керек, әсіресе, трансұлттық компаниялармен, индустриалды–инновациялық дамудың ірі инвесициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, басымды өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекетпен шаралар қабылданады, бағытталған:

- акционерлер құқығын қорғауды күшейтуге және корпоративті басқарудың тиімділігін жоғарылату;

- тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;

- қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін тездетуге;

Индустралды–инновациялық даму айналасында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар көзі – республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, сонымен қатар, мемлекет басқаруындағы кәсіпорындардар (дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары, ұлттық коипаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаржалары болады.

Басымды бюджеттік инвестициялар арасында, индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалды және инфрақұрылымды негіз құратын салалар қалу керек. Яғни, бюджетті инвестициялар, жоғары технологиялық өндірістердің қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын және аймақтардағы іскерлік және инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасайтын, қажетті басымды және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталуы қажет.

Индустриалды–инновациялық секторлар салаларына бюджеттік инвестициялардың бағытталуы – негізгі қызметі несие капиталының ішкі және сыртқы нарығында қаражаттарды, сонымен қатар, экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін институционалды инвесторлар қаражаттарын тарту болып табылатын – дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Әр өндірістің әлеуетін анықтаған соң, инвестициялық саясат өз күшін Қазақстан экономикасының шикізат секторының кішірек участігіне тоқтату керек. Тек осы жағдайда ғана, өндіруші сектормен бірге ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканың негізін құра алатын, бірнеше жаңа қуатты салалардың пайда болуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкімшілік ресурстары шектеулі, немесе барлық ресурстарды көптеген салаларға тарату тек жоғары қосылған құны бар орта дамыған салалардың пайда болуына алып келуі мүмкін, бірақ, халықаралық ауқымдағы бәсеке қабілеттілігінің жоғары емес деңгейінде.

Индустриалды–инновациялық дамудағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің басқа құралы – ұлттық компаниялар. Мемлекет осы компаниялардың иесі ретінде экономиканың стратегиялық салаларында олардың ресурстарын, шикізат емес секторында жоғары технологиялық өндірістердің дамуына, инвесторлар ретінде және өнімді тұтынушылар ретінде де тарту керек.

Мұнай мен газ салаларына салынатын инвестициялар табиғи байлықтарды табуға, мұнай мен газ өндіруге және сатуға мүмкіндік береді, ал, мемлекет бюджеті бұл сатулардан қаражат алады. Бірақта, экологияның нашарлауына, қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Сонымен қатар, бұл салаға ҚР – ның еңбек ресурстары жеткіліксіз мөлшерде тартылады.

Шетел инвестицияларын пайдалана отырып, мемлекет реттеуінің дұрыс жүйесінде тек мұнай саласын ғана емес, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптерді, құрылыс, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларын, ғылым, мәдениет және білімді де жоғарылатуға болады.

Дүние жүзі экономиканы тез ғаламдану жағдайында дамушы елдер арасында шетел инвестицияларын тарту бойынша бәсеке қалыптасты.

Шетел инвестицияларын пайдалану, кәсіпкерліктің еркін салаларына капиталды халықарлық еңбек бөлінісінде ел экономикасының қатысу жүйесімен шартталған, объективті қажеттілік болып келеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, капиталдың құйылуынсыз дүниежүзілік шаруашылық қызмет ете алмайды. Дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлану мақсатын қойып, Қазақстаннан капиталды шығару және оның Қазақстанға импорт процессінің объективтілігін мойындамауға болмайды. Шетел инвестициялары үшін тартымдырақ салалар – жақсы экспорттық потенциалы мен кең монополияланбаған ішкі нарығы бар, табиғи ресурстарды эксплуатациялаумен байланыстылар жатады. Инвестицияны ең көп қажетсінетін салалар: электр энергетикасы мен машина жасау – минимум инвестиция ресурстарын алады. Жинақтау дифициті жағдайында барлық салалар қосымша қаржыландыру көздерінде қажетсінеді, бірақ шетел инвесторларының жанар–жағармай және шикізат салаларына бағытталуы экономика құрылымының қайта құрылуын және экономика өсімін тоқтаттырады.

Мұндай “құрылымдық қиылыс” жайдан–жай болмаған – ол, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің еліміздің нақты жағдайын біршама бейнелейді. Біздің еліміз халықаралық экономикалық сахнада, біріншіден тұтыну сұранысына есептелген, шикізат ресурстары мен алғашқы өңдеуден өткен өнімдер экспортері ретінде және шетелдің жоғары техникалық өнімдері мен қызмет көрсетулерінің импортері ретінде, шығады. Шетел капиталы ұлттық шаруашылықтың дамуына ешқандай әсер етпей, қазір шетел сұранысына бағытталған өндірістің тек бірнеше салаларына “өсу катализаторы” ретінде әсер етеді.

Инвестициялық саясатты өмірге келтіру, салалардың басымды бағыттарын талдау - өте қиын, себебі, нарықтық механизмдер әрдайым жүзеге аса бермейді. Мұнда, мемлекет жағынан қатаң бақылау қажет; және де экономикалық перспективалармен байланысты салалармен аймақтарға бағытталған инвестицияларды қолдау үшін жақсы саясат; шетел инвестицияларын тарту бойынша ғылыми тұрақталған, өлшенген, белсенді мемлекеттік саясат та қажет.

Шетел инвестицияларының көлемі өндірістік секторға ҚР–дың экономикалық саясатына және елдегі саяси жағдайға байланысты болады деген көзқарас бар. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, шетел капиталын тарту бойынша ойластырылған саясат – дағдарыстан шығудың ең тиімді әрі тіке жолы, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету тұтқасы.

Біздің ел дамуының инновациялық үлгісі фундаменталді ғылымға және ғылыми кадрларды дайындауға көп шығындарды қажет етеді. Өндірістік білімдер (ноу–хау) мен технологиялық прогреске бағытталатын, ел дамуының белгіленген инновациялық жолы ғылым мен білімдегі және олардың реформалауындағы инновациясыз мүмкін емес. Қазақстанда бұл салалар тез дамушы дүниежүзілік ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге, ғаламдану мен ақпараттануды қосқанда, әсер ете алатын дамушы болу керек.

2015 жылға дейінгі инндустриалды–инновациялық даму программасында ғылымды дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары нақты белгіленген: оның стратегиялық әлеуметтік–экономикалық артықшылықтарының бірі ретінде анықталуы; ғылыми сиымды, ресурс сақтаушы және экологиялы таза өндірістердің өңдеуге бағытталған зерттеулерін дамыту; ғылыми жетістіктердің іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ететін; механизмдер мен ынталар жүйесін құру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны тұрақтандыру. Бұл мақсаттарға жету үшін ғылым саласында сапалы адамдық капитал қажет. Сондықтан, мемлекет саясаты кадрлық потенциалды сақтау және дамыту, жоғары біліктілігі бар мамандарды дайындау және аттестациялау, оларды әлемдегі ең жақсы ғылыми орталықтарда оқыту, жас талантты ғалымдарды қолдау сияқты бағыттарды өзіне қосады.

Мемлекеттің ғылыми–техникалық және инвестициялық саясатының құрылымдық бөлігі аммортизациялық саясат болып келеді. Амортизация нормасын, оның салыну тәртібі мен пайдалануын белгілей отырып, мемлекет ұдайы өндіріс қарқыны мен мінезін және негізгі құралдардың жаңару жылдамдығын реттейді.

Амортизациялық саясатты дайындағанда мемлекет келесі қағидаларды ұстану керек:

1. негізгі құралдардың қайта бағалауын жүргізгенде уақыттылық және дұрыстылық, әсіресе, инфляция жағдайында;

2. амортизация нормалары негізгі құралдардың функционалды белгіленуіне байланысты және олардың моральді, физикалық тозуын объективті ескеріп, дифференсацияланған болу керек;

3. амортизация нормалары тек қарапайым үшін жеткілікті болу керек емес, сонымен қатар кеңейтілген ұдайы өндіріске мүмкідік туғызады;

4. Меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындарда және шаруашылықтың ұйымдастырушылық формаларында амортизациондық аударымдар олардың функционалдық белгіленуінен қолданылуы керек;

5. барлық кәсіпорындармен тездетілген амортизация жүргізілу мүмкіншілігі;

6. амортизациялық саясат негізгі құралдардың жаңаруына және ҒТП –ның тездетілуіне себепші болу керек.

Дұрыс амортизациондық саясатты жүргізе отырып, мемлекет кәсіпорындарға негізгі құралдардың қарапайым және белгілі түрде кеңейтілген ұдайы өндірісі үшін жеткілікті инвестициялық қаражаттарды иемденуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы инвестициялық қызметті белсендіру үшін экономикалық, ұйымдатырушы–құқықтық және методикалық сипаттағы шаралар жиынтығын жүзеге асыру қажет.

Экономикалық сипаттағы шаралар:

1. импорт алмастырушы бәсекеге қабілетті салалар мен өндірістің әлемдік технико–технологиялық деңгеін сақтаған салаларды қолдау;

2. тұрып қалғандарды тиеу және барлық өндірістік қуаттарды толықтай пайдалану арқылы өндірістің капитал сиымсыз өсімінің мүмкіншіліктерін қолдану, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнім шығаратындар;

3. нақты сектор кәсіпорындарының салықтық жүктемелерін төмендету және салықтық жеңілдіктерді реттеу;

4. инвестицияларға жинақ ақшаларды трансформациялау механизмдерін жетілдіру, осы негізде нақты сектордағы инвестициялық қызметті ынталандыру;

5. негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде олардың нарық құнын анықтау, пайдаланылмаған өндірістік жабдықтарды инвентарлау, меншікке аммортизация мен салық салу кезінде кәсіпорын балансынан оны босату, оның тиімді бөлігін шығару және оны пайдалану механизмін дайындау;

6. инвестициялық қызметтегі бәсеке ортасын дамыту, капиталдық құрылыс тиімділігін арттыру;

7. экономиканың нақты секторына несие ресурстары бағыттауды ынталандырушы деңгеңге дейін банктік пайыз мөлшерлемесін біртіндеп төмендету;

8. корпоративті қағаздар қазақстандық нарығын қалпына келтіру және оның қатысушыларының санын кеңейту;

Ұйымдастырушы – құқықты сипаттағы шаралар:

1. инвесторларға мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту мемлекеттің, фирмалардың, жеке тұлға қаржылық құралдарын біріктіруші, кепілдемелік және кепілдік (залог) қорларды құру арқылы ;

2. қаржылық лизинг пен ипотекалық несиелеуді дамытуды тездету;

3. банктердің арнайы шоттарындағы амортизациялық қорлар құралдарын аккумуляциялау механизмін құру және осы негізде амортизациялық аударымдар пайдалануын бақылауды күшейту;

4. инвестициялық сайыс арқылы кәсіпорындар акцияларын сатып алған инвестициялардың міндеттемелерін орындауды инвентарлау, олардың орындалуын бақылау;

5. инвестициялық қызметтің қажетті заңды базасын қалыптастыруды жандандыру;

6. приватизацияланған үйлер мен ғимараттар арқылы жерге деген меншік туралы сұрақтарды шешу негізінде кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Методикалық сипаттағы шаралар:

1. корпоративті қағаздардың қазақстандық нарық қызметінің құқықтық қамсыздандыруын жетілдіру;

2. бағытты программаларды дайындау, қарастыру және мақұлдау процесстерін реттеу, олардың жүзеге асырылуының қаржылық қамтамасыздығы бойынша талаптарын қатаңдату;

3. инвестициялық шешімдерді оптимизациялау үшін кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын бағалау бойынша методикалық ұсыныстарды дайындау және пайдалану;

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.