Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оларды анықтау әдістемелері



Инвестициялар экономикалық категория ретінде көптеген маңызды функцияларды атқарады,осы функцияларсыз кез – келген мемлекеттің дамуы мүмкін емес. Макродеңгейде инвестициялар келесілерге негіз болады:

· ұлғаймалы ұдайы өндірістің саясатын жүргізу үшін;

· ғылыми – техникалық прогресті ( ҒТП ) тездету, сапаны жақсарту және отандық өнімге бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін;

· қоғамдық өндірісті құрылымдық қайта құру, халық шаруашылығының барлық салаларының теңгермелі дамуы үшін;

· өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;

· азаматтық құрылыс, денсаулық сақтауды, мәдениет, жоғары және орта мектептерді дамыту және басқа әлеуметтік проблмларды шешу үшін;

· жұмыссыздық проблемаларын жеңілдету немесе шешу үшін;

· табиғи ортаны қорғау үшін;

· әскери - өнеркәсіптік кешенді конверсиялау үшін;

· қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және басқа көптеген проблемаларды шешу үшін;

Көптеген уақыт бойы экономикалық дағдарыстағы ҚР–дың экономикасы үшін инвестициялар оның тұрақтануы, жандануы мен көтерілуіне қажетті. Өндіріске жаңа технологияларға салынған инвестициялар қатаң бәсекелік күресте (сыртқы және әшкә нарықта) аман қалуға көмек етеді, өз өнімінің бағаларын икемдірек реттеуге мүмкіндік береді, тағы сол сияқты.

Макроэкономикалық ауқымдағы бүгінгі әл – ауқаты кешегі инвестициялар нәтижесі болып келеді, өз кезегінде, еңбек өнімділігімен және одан да жоғары әл – ауқаттың ертеңгі өсуінің негізін қалайды. Біз әрдайым бүгінгі және ертеңгі тұтыну арасындағы таңдауда боламыз. Бүгін өндірілгеннің қаншалықты көп бөлігін біз сақтаймыз және инвестициялаймыз, ертең соншалықты көп мүмкіншілігіміз болады. Керісінше, қаншалықты бүгінгі ресурстарды тұтынуға көп пайдаланамыз, соншалықты ертең қажеттіліктің жоғары деңгеіне мүмкіндігіміз болады.

Инвестициялар микродеңгейде де айрықша маңызды роль атқарады. Бұл деңгейде олар келесі жетістіктерге жету үшін қажет:

· өндірісті кеңейту және дамыту;

· негізгі қордың шамадан тыс моральдық және физикалық тозуын болдырмау;

· өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

· нақты кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын көтеру;

· табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

· басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат салу және құнды қағаздар сатып алу;

Қорытындылай келе олар болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін, тұрақты қаржы жағдайын және табысты максималдауды қамтамасыз ету үшін қажет.

Осылай, инвестициялар маңызды экономикалық категория болып келеді және макро мен микро деңгейде маңызды роль атқарады, біріншіден, қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс, құрылымдық жаңғырту, табысты максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік проблемеларды шешу үшін.

Бірақ, ортақ экономикалық тұрақсыздық, инфляцияның жоғары қарқындылығы , кәсіпорынның табыстылығының деңгейін асыратын несие бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер үшін соңғы жылдары капитал салымдары мен капитал құрылысының көлемі бірден қысқарды. Бұл, республиканың экономикалық жағдайын нашарлатып жіберді.

Инвестицияның құрылымын ортақ және жеке деп бөледі.

Инвестицияның ортақ құрылымына нақты және портфельді (капитал құрушы және қаржылық) деп бөлінуін жатқызуға болады. Инвестициялардың жалпы көлемінің көп бөлігін капитал құрушы инвестициялар құрайды. 1996 жылы инвестицияның жалпы көлеміндегі капитал құрушының үлесі 81% құрады, ал қаржылықтың үлесі тек 19% болды. Кейбір жеке құрылымдарға капиталдық салымдар құрылымының келесі түрлері жатады: технологиялық, ұдайы өндірістік, салалық және территориялық.

Технологиялық құрылым деп – шығындар түрлері мен олардың жалпы сметалық құндағы үлесі бойынша белгілі бір объект құрылысына кеткен шығындар құрылымы түсініледі. Яғни, капитал салымдарының қанша үлесі олардың жалпы мөлшерінде құрылыс – монтаж жұмыстарына, жабдықтар мен машиналар сатып алуға және олардың монтажына, жобалау – іздестіру жұмыстарына кететіні көрсетіледі. Капитал салымдарының технологиялық құрылымы оларды пайдалану тиімділігіне елеулі әсер етеді. Бұл құрылымның жетілдірілуі жобаның сметалық құнындағы жабдықтар мен машиналардың үлесінің оңтайлы деңгейге дейін өсуінде тұжырымдалады. Негізінен капиталдық салымдардың технологиялық құрылымы келер кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының активті және пассивті бөліктерінің арасындағы қатынасты қалыптастырады.

Жабдықтар мен машиналар, яғни келер кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының активті бөлігінің үлесінің өсуі оның өндірістік қуатының ұлғаюына, сонда, өнім бірлігіне салынған капиталдың төмендеуіне алып келеді. Экономикалық тиімділік механикаландырулар деңгейі мен еңбекті автоматтандыру деңгейінің өсуі және бір өнімге кеткен шартты түрде тұрақты шығындардың азаюы арқылы жүзеге асады. Капитал салымдарының тнхнологиялық құрылымын талдау қалай ғылыми, солай тәжірибе түрінде маңызды болып келеді.

Ұдайы өндірістік құрылым да оларды пайдалану тиімділігіне елеулі әсер етеді.

Капиталдық салымдардың ұдайы өндірістік құрылымы деп – олардың, негізгі өндірістік қорлардың ұдайы өндірістік формалары бойынша жалпы сметалық құнындағы, үлестірілуі мен орта қатынасы. Жалпы мөлшеріндегі капитал салымдарының қанша үлесі жаңа құрылысқа, қолданыстағы өндірісті қайта құруға және техникалық қайта қарулануына бағытталғанын анықтауға болады.

Теория мен тәжірибе көрсеткендей, өндірісті қайта құру мен техникалық қайта қарулану жаңа құрылысқа қарағанда тиімдірек. Себебі:

Біріншіден, қосымша өндірістік қуаттардың іске қосылу мерзімі қысқарады.

Екіншіден, меншікті капитал салымдары салыстырмалы түрде қысқарады.

Негізгі капиталға салынған нақты инвестициялардың ұдайы өндірістік құрылымының өзгеру динамикасы оң және жағымсыз түрдегі белгілі бір ілгерілеулер немесе тенденцияларды көрсете алады. Оның жағымсыз аспектісі – жаңа құрылысқа нақты инвестициялар үлесінің өсуі олардың өндірісті кеңейтуге, қайта құруға және техникалық қайта қарулануына бағытталған үлесінің өсуі азаюына алып келуі мүмкін. Бұл өндірістің техникалық деңгейіне және инвестициялардың тиімділігіне, яғни экономикаға кері әсер етуі мүмкін. Тенденциядағы оң аспект – талданатын кезеңде, мысалы, шағын кәсіпорындар құру процессі жоғары қарқынмен жүргізіліп және осыған орай жаңа құрылысқа бағытталған инвестициялар үлесі артқандығында көрінеді. ҚР–да шағын бизнесті құру және экономикада оның ролінің өсуі қажетті және прогрессивті болып келеді.

Нақты инвестицияларды ҚР экономикасының салалары бойынша бөлу республика үшін маңызды, себебі, оның болашағы белгілі бір шамада осы бөлініске байланысты. Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігі олардың салалық және территориялық құрылымына байланысты.

Салалық құрылымы – экономика мен өнеркәсіп салалары бойынша олардың бөлінуі мен ара қатынасы. Оның жетілдірілуі үйлесімдікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасындағы барлық халық шаруашылығында ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуді қамтамасыз ететін салаларды тезірек дамытуда тұжырымдалады. Мемлекет, мысалы, бюджет қаражаттары және басқа тұтқалар көмегімен прогрессивті бағыттағы инвестицияның салалық құрылымының өзгеру тенденциясына елеулі әсер ете алады.

Меншік формалары мен қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы экономикадағы инвестиция тиімділігі үшін маңызды болып келеді.

Меншік формалары бойынша меншік құрылымы дегеніміз – олардың меншік формалары бойынша жалпы соммадағы ара қатынасы мен бөлінісі. Яғни, олар: мемлекетке, муниципалдық органдарға, жеке және заңды тұлғаларға, немесе аралас меншік формасына жатады. Жеке инвестициялардың олардың жалпы соммасындағы үлесінің өсуі оларды пайдалану деңгейіне және де республика экономикасына оң әсер етеді.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы дегеніміз – қаржыландыру көздерінің қимасындағы олардың ара қатынасы мен бөлінісі. Инвестицияның бұл құрылымының жетілдірілуі бюджеттен тыс қаражаттар үлесінің оңтайлы деңгейге дейін өсуінде тұжырымдалады. Жылдар бойынша өзгеріс серпіні негізінде оң және кері әсерлерден болған өзгерістерді ұсынып талдауға болады.

Кәсіпорындағы инвестицияларды пайдалану тиімділігі, оның қаржылық жағдайы кәсіпорындағы олардың құрылымына байланысты. Кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымы деп – жалпы соммасындағы нақты және портфельді ара салмағын айтады. Оның жетілдірілуі портфельді және нақты инвестициялардан максимум қайырым алуда тұжырымдалады. Бұл ең тиімді жобаларға салынған инвестициялардың үлесі максимумға бағытталу керек екенін білдіреді. Қазіргі кезде кәсіпорын үшін қалай нақты, солай портфельді инвестицияларадың құрылымы маңызды болып келеді. Портфельді инвестициялар құрылымы деп олардың кәсіпорындардан сатып алынған құнды қағаздар түрлері бойынша және басқа кәсіпорындар активтеріне салынған ақшалары бойынша ара қатынасы мен бөлінісі.

Мемлекеттік инвестициялардың үлесі бірден төмендеп, кәсіпорын инвестицияларының үлесі жоғарылағанда, инвестицияның жалпы тиімділігі оларды пайдалану тиімділігінен, сонымен қатар, кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымынан байланысты.

Жоғарыда айтылғандарды жалпылай, мынадай қорытынды жосауға болады - әр түрлі бағыттар бойынша инвестиция құрылымын талдаудың ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Оның тәжірибелік мәні – инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясы анықтауға және осы негізде тиімді инвестициялық саясат әзірлеуге мүмкіндік береді. Инвестициялық құрылымды талдаудың теориялық мәні – осы талдау негізінде инвестициялық қызметке және инвестицияны пайдалану тиімділігіне әсер ететін, бұрын белгісіз болған жаңа факторлар анықталады.

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.