Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Либелла Ботлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау



“Либелла Боттлерс” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы бойынша юстициялық басқармада 1999 жылдың 13 наурыз айында тіркелді. Оның заңды түрде тіркелген мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, село Теректі, Зеленая көшесі 2А. “Либелла Боттлерс” ЖШС-нің негізгі құрушысы шетел азаматтығы бар (Литва Республикасының азаматы) жеке тұлға: Сурвилла Элегиус. Жарғылық қордың үлесі – 100 %. Құжаттарға сәйкес жарғылық капиталдың көлемі – 150 000 қазақстандық тенге, соның ішінде нақты құрылған жарғылық капиталдың көлемі 120 000 қазақстандық тенге.

“Либелла Боттлерс” ЖШС қызметінің негізгі бағыты – концентратталған және концентратталмаған, яғни газдалған және натуралды (аса газдалмаған) сусындар өндірісі болып табылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдайтын болсақ 2004 және 2005 жылдың мәліметтеріне тоқталайық. Мұнда, өнімді өткізуден түскен түсім бір жылда 465 145 мыңға көбейіп, өсу қарқыны 178 %-ға көбейген, осы өткізілген өнімнің өзіндік құны да 410 991 мың теңгеге көбейген. Өзіндік құн азайған кәсіпорының қызметінің тиімділігі арттып, қаржылық – шаруашылық жағымды әсерін тигізетін еді, бірақ, керісінше азаймай, артып отыр.

Пайда мен шығын өссе де жалпы табыс 72 154 мың теңгеге көбейіп, оның өсу қарқындылығы 84 % құраған.

Өнім өткізу көлемі, өзіндік құн, төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар және экономикалық санкциялар тағы басқа факторлар оң әсерін тигізгендіктен таза табыс 2004 жылы 32 999 мың теңге болып 2005 жылы 49 119 мыңға көбейіп 82 118 мың теңгені құрады. Өткізілген өнімнің 1 теңгеге кеткен шығыны 0,11 – ға көбейіп отыр.

Жұмыскерлер мен жұмысшылар саны 4 және 2 адамға есепті жылы көбейіп, өсу қарқыны 267,6 % және 272,1 % құрады.

 

 

2-кесте – Кәсіпорынның экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлш. бірлігі 2003 ж. 2004 ж. Ауытқуы
(+;-) %
Өнімді өткізуден түскен түсім мың тг. 260 516 725 661 +465 145
Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг. 175 299 586 290 +410 991
Жалпы табыс мың тг. 85 217 157 371 +72 154
Таза табыс мың тг. 32 999 82 118 +49 119
Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығындар тг. 0,85 0,90 +0,11
Жұмыскерлер саны адам +4
соның ішінде:          
-жұмысшылар адам +2 102,3
Еңбек өнімділігі          
- 1 жұмыскерге мың тг. 2 658,3 7 114,3 +4 456 267,6
- 1 жұмысшыға мың тг. 3 064,9 8 340,9 +5 276 272,1
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры мың тг. 23 405 29 988 +6 583 128,1
Жұмысшылардың еңбек ақы қоры мың тг. 17 684 21 750 +4 066
1 жұмыскердің орта жылдық еңбек ақысы мың тг. 238,8 +55,2 123,1
1 жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы мың тг. 120,2
Өнім рентабельдігі % 14,8 12,4 -2,4  

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылы 6 583 мыңға көбейген, ал жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2004 жылы 17 684 мың теңге болып 4 066 мыңға көбейіп 21 750 мың теңгеге жеткен.

Сәйкесінше, бір жұмыскердің орта жылдық еңбек ақысы 238,8 мың теңгеден 294 мың теңгеге өсті, ал бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы 2005 жылы 42 мыңға көбейіп, 250 мың теңгені құраған.

Ал өнім рентабелділігі 2004 жылы 14,8 % – дан 2005 жылы 12,4 % – ға жеткен.

Осы көрсеткіштерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын салыстырмалы түрде қызметін табысты орындаған.

Бұл жағдай қаржылық жағдайға қолайлы болып тұр.

 

3-кесте – Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлш. Бірілігі 2003ж. 2004ж. Ауытқуы
(+;-) %
1. Өнімнің қорқайтарымдылығы теңге 3,4 6,6 +3,2
2. Өнімнің қорсыйымдылығы теңге 0,2 0,1 -0,1
3. Қормен қарулану мың. тг. 795,3 1062,9 +267,6 133,6
4. Тозу деңгейі % 72,1 79,4 7,3  
5. Жарамдылық деңгейі % 27,9 20,6 -7,3  

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

Жоғарыда, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану көрсеткіштері көрсетілген кестеге тоқталайық. Мұнда, есепті жылы өнімнің қорқайтарымдылығы +3,2 теңгеге көбейген, пайыздық қатынаста 94 % өскен 2005 жылда. Сатылатын өнім санының артуы мен негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнының қысқаруы бұл көрсеткіштің оң белгіленуіне себеп болып отыр, бірақ өнімнің қорқайтарымдылығы (+) – ке артқандықтан,өнімнің қорсиымдылығы -0,1 теңгеге азайды.

Қормен қарулану есепті жылы +267,6 мың теңгеге көбейген, сонда бір адам 2005жылы негізгі қордың құнын ағымдағы жылға қарағанда 33,6 % – ға көп жұмсайтын болған.

Ал, тозу деңгейі 2004 жылы 72,1 % – дан 2005 жылы 79,4 % – ға жеткені таңқаларлықтай емес.

Бұл кәсіпорынның атқаратын қызметі артып, өнім саны көбейіп, жұмысы оң нәтиже беріп отырғаны бізге мәлім. Сонымен қатар, негізгі құралдарын тиімді әрі үнемдеп пайдаланатынын көріп отырмыз. Себебі, тозу деңгейі аз ғана мөлшерде артқан, ал оның жарамдылығы бір жылда шамалап (7,3 % – ға) азайып отыр.

 

4-кесте - “Либелла Боттлерс” ЖШС еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау

№ р/р Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2004 ж. %-бен 2003 ж.
адам % адам %
1. Барлық жұмыскер.саны 100,0 100,0
  соның ішінде:          
2. -жұмысш. 86,7 85,3 102,3
3. -ИТЖ және қызметкерлер: 13,3 14,7 115,3
4. -мамандар 8,2 8,8 112,5
5. -қызметшілер 5,1 5,9

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

Кестедегі мәліметтерден байқайтынымыздай, “Либелла Боттлерс” ЖШС 2005 жылы тіркелген барлық жұмыскерлердің ішінде негізгі үлесті жұмысшылар алып отыр. Олардың үлесі осы жылы 85,3 % құрап, өткен 2004 жылғы көрсеткіштен 1,4 % кем болды. Ең төменгі үлес кәсіпорын қызметкерлеріне келіп отыр. Олардың үлесі 2005 жылы 0,8 % артып, 10,0 % теңесті. Мұннан байқайтынымыз, кәсіорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдардың жоспарлы санының нақты көрсеткіштермен сәйкестігі арқылы анықталады. Өндірістегі жұмыскерлердің жіктемесін анықтау және олардың жас мөлшерлері бойынша топтау еңбек ресурстарының пайдалануын бағалағанда қажетті шарт болып саналады.

Кәсіпорындағы еңбектің жалпы жағдайын бағалағанда еңбек өнімділігін ескеру шарт. Еңбек өнімділігі - кәсіпорындағы бір жұмысшының және жалпы жұмыскерлердің еңбек ету тиімділігін көрсетеді. Жалпы, еңбек өнімділігі екі көрсеткішпен сипатталады: өнімділік және еңбек сиымдылығы.

Өнімділік өндірілген өнім көлемін оған кеткен уақыт шығынына бөлу арқылы анықталады. Осыған сәйкес өнімділік сағыттық, күндік және жылдық мерзімге анықталуы мүмкін.

Өнымнің шығарлуына байланысты өнімділіктің натуралды, құндық және еңбектік әдістері ажыратылған.

Кәсіпорындағы өнім өндіру көрсеткіштерін пайдалана отырып, біз еңбек өнімділігінің жылдық, күндік және сағаттық мөлшерлерін келесі кестеде келтіреміз.

“Либелла Боттлерс” ЖШС еңбек өнімділігі көрсеткіштері көрсетіп отырғанындай, өткізілген өнім көлемінің 2005 жылы 178 % артуына байланысты, бір жұмыскердің еңбек өнімділігі осы кезеңде өткен 2004 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 4 456 мың теңге немесе 167,6 %-ға, 1 күндік өнімділігі 17 935 теңгеге немесе 163,2 %-ға, сағаттық өнімділігі 2 242 теңгеге немесе 163,3 %-ға өскен.

 

 

5-кесте - “Ойл Сервис Компани” ЖШС жұмыскерлерінің еңбек өнімділігінің деңгейі

№ р/р Көрсеткіштер Өлш. бірл. 2004ж. 2005ж. Ауытқуы
(+;-) %
1. Өткізілген өнім көлемі мың. тг. 260 516 725 661 465 145
2. Жұмыскер-ң орта тізім. саны адам
3. Бір жұмыскер. жыл. өнім-гі мың. тг. 2 658,3 7 114,3 4 456 267,6
4. Бір жұмыск-ң күнд. өнімділігі тг. 10 985 28 920 17 935 263,2
5. Бір жұмыск-ң сағат. өнімд. тг. 1 373 3 615 2 242 263,3
6. Жұмыс күндері-ң саны күн 2,0 101,6
7. Жұм. уақыты-ң Ұзақтылығы сағат 8,0 8,0 - 100,0

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің өсуіне кәсіпорында шығарылған өнімдердің түрлерінің көбеюі де ықпал етті. Аталған кезеңде жұмыс күнінің ұзақтылығы 8 сағатты құрап, ол шама өткен жылғы көрсеткіштен ауытқыған жоқ.

Жалпы кәсіпорындағы өнімділіктің жоғарылауына шығарылатын өнім түрлерінің ұлғаюы да әсер етті.

 

 

6-кесте - Кәсіпорынның жұмыс тиімділігін анықтау

Көрсеткіштер Өлш. бірлігі 2004ж. 2005ж. Ауыт. (+;-) Өзгеру қар., %
Жалпы табыс мың тг. 85 217 157 371 72 154
соның ішінде:          
-бұрғылау мың тг. 59 153 107 015 47 862 189,9
-ұңғымаларды жөндеу мың тг. 26 064 50 356 24 292 193,2
Таза табыс мың тг. 32 999 82 117 49 118 248,8
Өнім рентаб-гі % 14,8 12,4 -2,4 -
Өткізу рент-гі % 12,6 11,3 -1,3 -
Өнд-с рент-гі % -

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

“Либелла Боттлерс” ЖШС негізгі өндірістерінің ішінде концентратталған, концентратталмаған және натуралды сусындардан түскен жалпы табыс есепті жылы өткен 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда тиісінше 47 862 мың тг. және 24 292 мың тг. ұлғайды. Кәсіпорынның таза табысы есепті кезеңде 49 118 мың теңге артып, өндіріс рентабельділіктерінің тиісінше 33 пайызға жоғарылауына әсер етті, бірақ, өнім мен өткізу рентабельділігі 2,4 және 1,3 пайызға төмендеді.

 

7-кесте - “Либелла Боттлерс” ЖШС кезең шығындарын талдау

№ р/р Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2004 ж. %-бен 2003 ж.
мың тг. % мың тг. %
1. Кезең шығындары 47 450 73 351 154,5
  соның ішінде:          
2. -жалпы және әкімшілік шығындар 22 286 46,9 30 808 138,2
3. -өткізу шығындары 25 134 53,1 42 543 169,2

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

7 – кесте мәліметтерінен кезең шығындары жалпы және әкімшілік шығындары мен өткізу шығындарынан тұратынын көріп отырмыз. 2005 жылы кәсіпорынның кезең шығындары 2004 жылғы деңгейден 54,5 % артқаны байқалады. Жалпы және әкімшілік шығындарының үлес салмағы 2004 жылы 46,9 пайыздан 42 пайызға азайғанмен соммасын салыстырғанда 38,2 % артты. Ал, өткізу шығындарының үлес салмағы 53,1 пайыздан 58 пайызға артып, соммасы 69,2 пайызға көбейді. Үлес салмағы да.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.