Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Либелла Ботлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау



Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасы неғұрлым инвестициялық қатынастар тұрғысынан дүниежүзілік 20 елінің құрамына енеді. Тек, 1999 жылдың өзінде Қазақстан Республикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары тартылса, тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде 10 млрд. Долларды құрады. Даму және реконструкциялау бойынша Европалық банк Қазақстанның тартылған инвестициялары көлемі бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында бірінші, Орталық және Шығыс Европа мен Прибалтика елдерінің арасында Польша мен Венгриядан кейінгі үшінші орынды иеленетінін дәлелдейді.

Республиканың түрлі сусындар кешеніне бағытталған шетел инвесицияларын талдау жетекші орында АҚШ иеленуін көрсетеді. 1999 жылғы американдық инвестициялар ағымы 1998 жылмен салыстырғанды 2,3 есе өскен. Содан соң Нидерланды мен Великабритания көзге түседі. Германия, Канада, Қытай, Корея мен Турциядан келетін тікелей инвестициялар бойынша құлдырау байқалуда.

Сусындар өндірісінің салаларының Қазақстандық бөлігінің кейбір блоктарын конкурсқа шығарумен, сонымен қатар жақын жылдардағы экспорттық сусындар өндірісінің құрылысымен байланысты сусын шығарушы компанияларының қызметі жанданады деп күтілуде.

Сусындар саласына капиталды инвестициялау өз нәтижелерін беруде. 2000 жылы Республикада 1999 жылмен салыстырғанда 35,3 млн. тонна өндіріліп, 117,2 % құраған.

2000 жылғы сусындар ресурстары бойынша әрекет етуші жобалар саны – 208, соның ішінде 82 - өндірістік.

Ұзақ мерзімдік жоспарларға сай 2005 жылы сусындар өндірісінің көлемі 60 млн. тоннаны құрайды, ал экспорттық потенциал 48 млн. тоннаға дейін артады, мұның өзі тиімді өткізу мен дүниежүзілік нарықтарға жеткізу жолдарын табумен байланысты мәселелерді туғызады, яғни тасымалдау бойынша қосымша қуаттарға мұқтаждықтартың жоғары деңгейі байқалады. Тасымалдау бойынша жобаларды жүзеге асыру мемлекеттің және жобалардың үлестері бар сусын өндіруші компанияларының қаржылық қолдауымен тығыз байланысты.

Нарықтық сипаттағы жаңа өндірістік құрылымдарды құруды көздейтін алғашқы келісімдік құжаттар екі жаққа да нәтижелі міндеттер мен мақсаттардың кең спекторын қамтиды.

Осындай Қазақстан Республикасының басты міндеттері мынандай жағдайлармен байланысты шешілуі тиіс:

- дүниежүзілік мұнай державаларының тәжірибесін зерттеу;

- дайын және аралық өнімдерді өткізудің ішкі және дүниежүзілік нарықтарын маркетингтік зерттеу;

- өндірілген күкірт есебінен полимерлерді өндіру бойынша мекемелерді құру мүмкіндіктерін дәлелдеу;

Сол жылдары мемлекеттік органдар контракталық келісімдерді бекіту туралы, салықтық және басқа да жағдайлар туралы жеткілікті ақпарды иеленбеді, және жұмысты ұйымдастыру барысы мен тәсілдерін реттеуші заңдық база болмады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасында мынандай заңдар бекітіліп, өз күшіне енді: “Мемлекеттік мекеме туралы”, “Шаруашылықтық сріктестіктер туралы”, “Еркін экономикалық зоналар туралы”, Қазақстан сусындар саласын жекешелендірудің алғашқы қадамы жасалды

Ендігі кезекте, кәсіпорынның инвестициялық даму деңгейін бағалау үшін, біз оның қаржылық жағдайына мән береміз. Өйткені, «Либелла Боттлерс» ЖШС қаржылық жағдайын талдау инвестициялық бағалаудың негізі болып саналады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайынның ең бірінші критериі болып кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау болып саналады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз - кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін қайтару қабілеттілігі. Яғни міндеттемелеріне қарағанда активтері көп кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары деп есептеуге болады.

Кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері үшін төлеу қабілеттілігі қарызды жою деп саналады.

«Либелла Боттлерс» ЖШС қарызды жою көрсеткіштерін есептеу үшін 8 кестедегі абсолютті есептеу көрсеткіштерін қолданамыз.

 

8-кесте - Кәсіпорынның қарызды жоюды есептегенде қолданылатын абсолютті көрсеткіштер

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі жыл жыл Ауытқуы
+; -; %
Ағымдағы Активтер теңге -268982 91,1
Ағымдағы міндеттемелер теңге +85633 103,1
Тауарлы- материалды шығын теңге -56479 96,5
Ақша қаражаттары теңге +272551 212,6

Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.

 

1. Ағымдағы фирма жағдайының көрсеткіші (ПТСФ)

Бұл ағымдағы активтердің қысқа мерзімді активтерге қатынасы. Яғни ағымдағы активтердің орташа айналым ұзақтығына тең период кезеңдегі кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Төлем коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз берушілер жағдайы жақсы деп есептеуге болады.

Төлем коэффициентінің қалыпты көрсеткіші 2-2,5 болуы керек.

Есептеу нәтижесі бойынша 2004 жылы бұл көрсеткіш 1,1-ге, ал 2005 жылы – 0,98-ге тең болды.

2. Абсолютті қарызды жою көрсеткіші (АҚЖК)

Кәсіпорынды қатал бағалау көрсеткіші. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі ең қысқа мерзім ішінде төлей алатынын біле аламыз. Көрсеткіштің оңтайлы мәні – 0,2 – 0,25.

2004 жылы бұл көрсеткіш – 0,08 –ге тең. Ал 2005 жылы АҚЖК –тің мәні – 0,18-ге тең болды.

Бұл көрсеткіш төлем мәнділігі кәсіпорын жұмысының қалыпты дамуына кедергі жасайды. Себебі бұл көрсеткіш кәсіпорын төлем қабілеттілігіне күдік тұғызады.

3. Сындық бағадаудың көрсеткіші немесе коэффициенті.

Бұл кәсіпорынның өте қатал бағалау көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтердің кейбір бөліктерінің, яғни капиталдың ақша қаржаттары, дебиторлық қарыздар мен тез сатылатын бағалы қағаздардың ағымдағы міндеттемелерімен салыстыру арқылы есептеледі. Яғни егер кәсіпорынның жағдайы өте қиын, сындық жағдайда болса, онда кәсіпорынның қарыздарын қаншалықты көлемін төлеуге болатынын бағалауға негізделген көрсеткіш болып есептелінеді.

Дебиторлық қарыздардың орташа айналым ұзақтығы ішіндегі күтілетін төлем қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш тек ағымдағы міндеттемелерді бар ақша арқылы ғана емес, сонымен бірге күтілетін, сатылатын өнімнен түсетін пайданы да пайдаланып, төлеуге болатынын сипаттайтын көрсеткіш.

Көрсеткіштің оңтайлы мәні – 0,8 -0,7 болуы қажет. 2004 жылы ол – 0,5 , ал 2005 жылы – 0,4-ке тең болды.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорын өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы соммасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті). Бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды. «Либелла Боттлерс» ЖШС тәуелсіздік коэффициенті 2004 жылы – 0,87 , ал 2005 жылы – 0,86 –ға тең болды. Бұл көрсеткіштің оңтайлы мәні 0,5-0,6 болуы керек. «Либелла Ботлерс» ЖШС тәуелсіздік коэффициентінің мәні кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді және алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығына дәлел.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 9 кестеде келесі қаржылық тұрақтылығын бағалау коэффициенттері есептелінеді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын, қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағын көрсетеді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы соммасындағы қарыз капиталының үлесін сипаттайды. Бұның үлесі жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. «Либелла Боттлерс» ЖШС кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2004 жылы -0,13, 2005 жылы -0,14-ке тең болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды.

 

9-кесте - «Либелла Боттлерс» ЖШС қаржылық тұрақтылығын бағалау коэффициенттері.

Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл Оңтайлы мәні
Тәуелсіздік Коэффициенті Кн 0,87 0,86 0,5-0,6
Тәуелділік коэффициенті Кз 0,13 0,14 0,4-0,5
Қаржыландыру коэффициенті 6,5 6,2 > 1
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы 0,154 0,162 < 1
Инвестициялық коэффициенті Ки 1,01 0,998 ≥0,5
Меншікті айналым капиталы 249,4 -33,6 -
Маневірлік коэффициенті 0,014 ≥0,5

Ескертпе - «Ойл Сервис Компани» ЖШС мәліметтері бойынша есептелген.

 

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. «Либелла Боттлерс» ЖШС бұл коэффициентінің мәні 2004 жылы - 6,5, ал 2005 жылы- 6,2–ге тең болды. Қаржыландыру коэффициентінің оңтайлы мәні > 1.

Қаржыландыру коэффициентіне кері көрсеткіш, қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті.

Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады: 2004 жылы – 0,154, 2005 жылы -0,162. Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің, яғни 2004 жылы активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 15 тиынын тартқанын дәлелдейді. Ал 2005 жылы қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 16 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Келесі көрсеткіш инвестициялық коэффициенті. Бұл коэфициент меншікті капиталдың негізгі құралдар мен басқа да активтер сатып алуға пайдалануын көрсетеді.

«Либелла Боттлерс» кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2004 жылы – 1,01, 2005 жылы – 0,998-ге тең. Инвестициялық коэффициенттің оңтайлы мәні ≥0,5.

Меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтардың бекітілмегендігін сипаттайтын көрсеткіш - меншікті айналым капиталы (Сок).

Бұл коэффициенттің «Либелла Боттлерс» кәсіпорындағы мәні 2004 жылы – 0,014, ал 2005 жылы – 0-ге тең болды. Яғни бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қандай бөлігі табельді нысанда екендігін сипаттайды. Біздің кәсіпорынымызда бұл коэффициент 2005 жылы төмендеп, 0-ге тең болды. Мұның барлығы да кәсіпорынның инвестициялық тартымдылық деңгейі дұрыс деген мағынаны білдіреді.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.