Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Либелла Боттлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау



Жеке инвестициялық ресурстардың шектелу жағдайында, республикада тиімді экономиканы құруға бағытталған, құрылымды – инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сусындар шығарушы салаларының жаңа кен орындарын, көлікті, өңдеуші және машина жасау өндірісін енгізу жолымен өндіруді кеңейту үшін ірі отандық және шетел капитал салымдарын талап етеді.

“Либелла Боттлерс” ЖШС – нің алға қойған мақсаттары нақты жобаларды жүзеге асыру процессінде атқарыла алады, олардың мәні келесілерден тұру керек:

· өнеркәсіптермен және банктермен қызығушылықтарын біріктіру, осы негізде өнеркәсіптік – қаржылық топтарды құру;

· үйлесімдірек іс-әрекеттерге алып келетін, көлденең және тікелей салааралық байланыстарды дамыту;

· алдыңғы қатарлы сусындар державаларымен және компанияларымен экономикалық қатынастармен байланыстарды ары қарай тереңдету;

· сусындар өндіруші саланы жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету, сусындар шығару бизнесінде өңдеудің, маркетингтің, менеджменттің жаңа әдістерімен иемдену;

· республиканың алдыңғы қатарлы банктарымен консорциумды құру;

“Либелла Боттлерс” ЖШС–ның инвестициялық стратегиясының негізгі мақсаттары:

- қаржылы–несиелік жүесін өзгерту және инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру;

- құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру және тиімді бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыру;

- жоғары ресурс жинақтаушы және ғылыми сиымды технологияларды енгізу негізінде өндірісті модернизациялау;

- нарық инфрақұрылымын және институционалды қайта жаңаруларды дамыту;

- аймақтардың және ұлттық экономиканың ахуалын жақсарту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;

- құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту, Қазақстанның қор нарығының ролі мен көлемін үлкейту;

- тікелей және жанама мемлекеттік әсер ету әдістерін қолдануымен инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа нарықтық әдістерін енгізу;

- аймақтардағы белсенді инвестициялық саясатты жүргізу;

- аймақтық инвестициялық саясатты қалыптастыру, тиімді салықты-бюджеттік саясатты қалыптастыру;

Дүниежүзілік тәжірибеде ең көп тараған және қазақстандық жағдайлар үшін жарамды белсенді инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық формасы – инвестициялық бағдарламаларын дайындау болып табылады.

Осыған орай, “Либелла Боттлерс” ЖШС –нің бағдарламалары салааралық, салалық және аймақтық мағынадағы бөлімшелерін өзіне қосады, белгілі бір уақыттық мерзімге және инвестиция көздеріне байланысуында және соңында, мемлекет қатысуымен барлық инвестициялық объектілерді және жобаларды біріктіреді. Осындай бағдарламаларды дайындау және олардың орындалуын бақылау инвестициялық қызметті реттеу бойынша макроэкономикалық координацияны нақты етеді.

Отандық экономистердің болжамдық бағалаулары бойынша, мемлекетпен кепілді мемлекеттің бюджет қаражаттары, несиелер мен қарыздар келешекте мемлекет бюджетінің жалпы деңгейінен 20 % –дан аспайды. Бірақ, оларды бөлу және пайдаланудың ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгерту қажет.

“Либелла Боттлерс” –те, біріншіден, мақсатты бағдарламалар мен тек конкурстық негізде қатаң сәйкестікте мемлекеттік инвестициялық қаражаттарды бөлуге өту керек. Екіншіден, коммерциялық емес сипаттағы және өздерінің қаржы көздері жоқ, әлеуметтік мәндегі объектілер үшін қайтарымсыз қаржыландыруды сақтау. Үшіншіден, қайтарымсыз қаржыландыру және жеңілдікті несиелеу формасындағы инвестицияларға бағытталатын, бюджет қаражаттарының мақсатты шығындалуын мемлекеттік бақылауды күшейту. Төртіншіден, тікелей бюжеттік қаржыландыруды – инвестициялық жобаларды бірлескен мемлекетті-бюджеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар, жеке ұлттық және шетел капиталын тартумен; мемлекеттік кепілдіктер мен инвестицияларды сақтандыру арқылы жанама қолдау, мамандандырылған инвестициялық банктер, қорлар құруда қатысу және тағы басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Сонда, “Либелла Боттлерс” ЖШС–нің экономикалық өсуі және көп каналды қаржыландыруды қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық стратегия негізгі бағыттарды қосу керек:

- мемлекеттік қаржыларды толық және жеке пайдалану арқылы немесе мемлекеттік кепілдіктер қодауымен, мемлекет үшін маңызды өмірлік қамтамасыз ету (жизнеобеспечение) объектілеріне капиталдық салымдарды қаржыландыру;

- аймақ пен ел экономикасының өсуінің базасы бола алатын, бөлек объектілердің нүктелік инвестициялауы;

- елдің бүкіл салалар, өндірістер мен аймақтары бойынша ұлттық шаруашылықты кең көлемде инвестициялау;

Инвестиция саласындағы парадигманың ауысуы, кез–келген аумақта сияқты, ұзақ және қиын процесс болып келеді. Сондықтан, инвестициялармен істің қазіргі жағдайының тез өзгеруіне, жеке капитал құрылғанша дейін және оны пайдалану шарты мен инвестициялық мақсатта халықтың жинақтауының құрылуына дейін, үміттенбеу керек.

Қазіргі кезде, ҚР–ның экономикасы белгілі бір құлдырудан кейін біртіндеп көтеріле бастады және одан әрі өсу үшін ғана емес, оны қолдау үшін де қаржылық ресурстардың көп мөлшерінде қажетсінеді.

Елдегі ақшаның жеткіліксіздігі бәрімізге белгілі фактор.

Мұндай жағдайда, шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша негізгі бағыттардың бірі болып қарастырылады. Шетел инвестициялары ішкі инвестициялардың ынталандырушысы, даму катализаторы және өсуі бола алады. Әсіресе, бұл тікелей инвестицияларға қатысты, себебі, олармен Қазақстанға тек ақша ғана емес, дүниежүзілік нарықтарында инвесторлар – компанияларымен жинақталған көп жылдық тәжірибе де алынып келеді. Сонымен қатар, шетел инвестициялары үкіметтің ақша қиыншылықтарын жеңілдете алады, бірақ, сыртқы қырызды өсіру жолымен, сонда, ел тәуелділігін өсіру арқылы. Шетел инвестицияларының өсуі біздің елдің дүниежүзілік ақшаның қозғалыс цикліне қосылуының серігі (спутник) болып табылады, және дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлануға себепші болады.

1992 – 1998 жылдардағы елде болған жекешелендіру процессі, құнды қағаздардың ұлттық нарығының тез дамуы және оның нормативті базасын құру бірінші рет отандық тарихта ҚР–ғы шетел инвестицияларын дамыту үшін алғышарттарды жасады. Сонымен қатар, белгілі бір прогресске қарамастан соңғы кезде қарама–қайшылық, толықсыздық және тұрақсыздық нормативті–құқықтық базаның шетел инвестицияларын тарту жолындағы маңызды кедергі болып қалып отыр.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанда тікелей шетел инвестицияларының иелерімен алынған, табысты шетелге шығарудың бірден өсуі қауіпті болды. Тікелей шетел инвестицияларының табыстарын шетелге шығару серпіні туралы келесі кесте мәліметтері айтады.

 

10-кесте - Тікелей шетел инвестициялары мен 2000-2004 жылдары ҚР –ның тікелей инвесторларының табыстарын шетелге шығару серпіні

  өлшем бірлігі
Тікелей шетел инвестициялары АҚШ млн.долл. 1468,0 1278,2 2860,6 2157,1 2188,1
Шетелге реинвестицияланатын табыс АҚШ млн.долл. 329,6 934,3 1056,5 926,6
Тік. инвес-ға реинвестицияланатын таб-ң үлесі % 22,5 73,1 36,9 43,0 46,0

 

2000-2004 жылдары шетелге шығарылған, Қазақстанда тікелей шетел инвестициялар иелерімен алынған, табыстарының көлемі 2000 жылы 330 млн. АҚШ долларынан 2004 жылы 1015млн. АҚШ долларына дейін көбейгенін 2–ші кесте мәліметтерінен көре аламыз. Бұл, жаңа тікелей инвестициялар соммасына шетелге реинвестицияланатын табыстар үлесі 2004 жылы 46 % жеткенін айтады.

2002 жылы шетелге реинвестицияланатын табыстардың үлесі 2001 жылы 73,1 % -дан 36,9 % -ға дейін төмендеген сияқты. Бірақ, бұл елес жаңа тікелей инвестициялардың 2,2 есеге өсуімен байланысты. Егер, олар алдыңғы жылғы деңгейде сақталса, ал бірінші жылы оларда көбінесе қажетті қайтарым болмайды, онда шетелге табыстарды реинвестициялаулардың тартылған тікелей инвестицияға қатынасы 79,8 % жетер еді. Сонда, Қазақстаннан инвестицияланған әр доллардан түскен табыстан шетелге жыл сайын шамамен 80 % “аққан”.

Жасалған септер бойынша, жыл сайын тікелей шетел инвестицияларының ҚР–на тартылған әр 100 АҚШ долларынан шетел фирмаларының табыстары формасында 45 % қайтып шетелге кетеді. Сонда, шетелден ҚР–на инвестицияланған әр доллардың табыстылығы жылдық 45 % құрайды. Шетел фирмаларының туған елдерінде ол 7-9 есе аз бола тұрып. Сонда, біздің мемлекетке бос қаражаттарды шетел активтеріне емес, отандық экономиканы дамытуға салу керек еді.

Сонымен қатар, салықтық заң шетел инвестицияларын тартудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ал басқаша, оның жетілгендігінен тек өндірістік тиімділік ғана емес, елге инвестицияларды тарту мәні де байланысты. Республиканың мұнай өндіру кешенін дамытудың инвестициялық стратегиясын жүзеге асыру Қазақстан секторындағы Касспий теңізінің кен орындары меңгеруді қарастыратындақтан да, бұл өте маңызды. Бұл ары қарай, өндірісті бөлу туралы келісімді жүзеге асыруын жорамалдау.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.