Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Орытынды



 

Дипломдық жұмысымдағы қарастырылған сұрақтар мен мәселелерді ескере отырып мынадай қорытындыға келуге болады.

Жаңа экономика жағдайында нақты сектордағы инвестициялық және де инновациялық артықшылықтарды әкімшілік модификациялау және мемлекетпен жаңа кертартпа тәртіппен байланысты автономды бизнес –бірліктерді енгізу қажет. Инновациялық үрдістерді де жүзеге асыру үшін нақты сектордың ірі компанияларының әкімшілік стимулдарын мемлекет қалыптастыру керек.

Біз, аймақтық инвестициялық программалар ресурстарды тиімді пайдалануына, даму артықшылықтарын анықтауға, инновациялық даму мен кластерлік әдісіне бағытталуы керек деп ойлаймыз. Кластерлерді дамытуға инвестицияның мультипликативті әсері облыстың потенциалын күшейтеді және мыналарда көрініс табады: байланысты және қолдаушы салалардың өсуімен; облыстың салықтық потенциалын кеңейтумен; жаңа технико-экономикалық парадигмаға өтумен; индустриалды –инновациялық даму деңгейінің өсуімен; халық ағыны, оның жұмыспен қамтылуының артуымен, сәйкесінше, тұтыну сұранысының өсуімен.

Дүниежүзілік тәжірибе мен ғылымдағы әдістерді жалпылай отырып экономиканың нақты секторына қаржы капиталын құюдың келесі жолдарын ұсынамыз: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен несие тарихтарының мәліметтерінің тұтас базасын құру; жергілікті билік органдарының кепілімен шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуді кеңейту; қоймадағы өнімдердердің және тағы басқалардың айналым құралдарының бір бөлігін кепілдеме (залог) ретінде пайдалану; қаржы лизингісін кең пайдалану; инновациялық технологияларды енгізу; несие тапсырыстарын Интернет арқылы қабылдау; шағын және орта бизнеске несиелерді сақтандыру жүйесін кеңейту; қаржыландырудың құрылымдық формасын қолдану.

Біздің ойымызша, барлық экономикалық агенттерінде өндірістік инветициялардың, сонымен қатар, инновацияның қаржыландыруының жеке қорларын қалыптастырудың міндетті тәртібін енгізу, және бөлек банктік спецшоттарға (инвестициялық субшоттар) алғашқы қаржы көздерінің қаражаттарын және инвестициялардың, материалды емес активтердің тозу құралдарының, амортизациялық аударымдардың, табыстың реинвестицияланатын бөлігінің, интелектуалды және өнеркәсіп меншігінің объектілерін сатудан түскен табыстың, құнды қағаздардың, қаржылық қолдау ретінде мемлекетпен ұсынылатын және қаржылық инвестицияларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз көмек ретінде түсетін қаржылардың міндетті кіруін (зачисление) регламенттеу қажет.

Сонымен қатар, инвестициялық процестерді жеделдету үшін маркетингтің кең көлемде енгізілуі қажет. Инвестициялау қажеттілігі маркетингтік тұрақтылықта қажетсінеді. Яғни, дәлелденбеген қаржыландырудың қосымша көздерін және олардың мақсатсыз қолданылуын болдырмау үшін кәсіпорындар, сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер тәжірибесіне көңіл аударады. Инвестиция жоспарын дайындаған кезде кәсіпорын өндірістің негізгі құралдар жағдайы туралы мәліметтерді талдап, және жабдықтар паркін жаңарту бойынша дәл болжау жасау керек.

Шетел капиталын тартуға қолайлы факторлар:

- мелекеттің саяси тұрақтылығы;

- макроэкономикалық жағдай;

- объектиті заңдылық;

Батыс экспортерінің ойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуал қолайлы, бірақ, қаржылық тәуекел, салықтық заңдылықтағы және әкімшілдіктегі жеткіліксіздіктер, сақтандыру саласындағы құқықтық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіздігі және тағы басқалар сияқты маңызды қайшылықтар шетел капиталы мен инвестициялардың түсім процесін тоқтату мүмкін. Бірақта Қазақстан шетел инвесторлары үшін іскерлік ахуалдың базалық параметрлері бойынша тартымды нарық болып келеді, республикаға ірі нарықтық потенциал, табиғи және еңбек ресурстарының молшылығы тән.

Шетел инвестицияларын тарту және оларды пайдалану мемлекеттің түпкілікті ынталарына және елдің сыртқы қарызға алуларының жалпы стратегиясына сай болып, оның сыртқы қарыздары бойынша позицияларын нашарлатпау керек.

Қазақстан Республикасында инвестициялар жүзеге асырылады:

- шетел капиталының (біріккен кәсіпорындардың) үлескерлік қатысуымен кәсіпорынды құру;

- филиалдары мен өкілділіктерінің шетел инвестицияларына түгелдей қатысты кәсіпорындар құру;

- кәсіпорын меншігіне мүліктік кешендерін, үйлер, ғимараттар, кәсіпорындағы қатысу үлесін, акциялар, облигациялар мен басқа құнды қағаздарды шетел инвесторларымен сатып алу;

- жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарын, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарын иелену;

- қарыздар, несиелер, мүліктер және мүліктік құқықтарды және тағы да басқаларын ұсыну;

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.