Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

КІРІСПЕ



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

Кафедра:Қаржы.

 

 

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ « »

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

ПӘН: Қаржылық менеджмент

ТАҚЫРЫП: Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

 

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

 

жоспар

КІРІСПЕ

I. Компанияның инвестициялық саясаты туралы түсінік

Және оның мәні мен мазмұны

1.1.Инвестиция түсінігі және оның түрлері

1.2. . ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты

1.3. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу

2.2.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары

2.3. АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалау

 

III. АҚ «ИАО» -НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;

- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;

- ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;

- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру,талдау

- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

- АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалау

- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына өз әсерін тигізеді.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.