Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты



 

Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық стратегия кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:

1. Жоғары- экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;

2. Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;

3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;

4. Инвестициялар тиімділігін жоғарлату үшін мемлекет араласуын қолдау;

5. Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;

6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту.

Коммерциялық тәуеклділіктің әсер етуі жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуеклділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімент қадағаланады.

Жалпы инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығруға мүмкіндік беруі қажет

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды,инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы,қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы.

Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:

· Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

· Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;

· Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;

· Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;

· Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;

· Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;

· Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.