Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Р-ғы инвестициялық қызмет және оны мемлекттік реттеу



 

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрект жасайды. Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

· Капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;

· Инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;

· Қаржылық капиталдың айналым саласы.

Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

1. ішкі ресурстар жеткіліксіз болғандықтан экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету қажет;

2. үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;

3. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;

4. серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

· экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына жәрдемдесу;

· өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;

· ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;

· өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;

· депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;

· жаңа жұмыс орындарын жасау.

2006 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі – қаржы емес активтерге жұмсалған 1409,3 млрд.теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0%-ды құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 проценттік пунктке артық.Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік пунктке өсіп, 408% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың үлесінің 0,6 проценттік пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік - коммуналдық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады.

Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

· Күрделі инвестиция;

· Инвестициялық сфера;

· Қаржы капиталын пайдалану сферасы;

· Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

2-кесте

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар нақты бағамен, млн.теңге

Жылдар Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция Оның ішінде
  Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға.
  млн теңге. % млн теңге % млн.теңге % млн.теңге %
95,3 44,9 13,3 2,9 53,8 84,6 1,7 1,2 2,0

 

Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.