Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары



Компания қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлауда, жобаны талдау мен басқару барысында ете маңызды болып саналады. Компания басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

Жобаның үш түрлі вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып өтелік.

Инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлаудағы жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

3-кесте

№       Баптың атауы   Инвестициялық жобаның варианттары
бірінші екінші үшінші
1. Өнімді өткізуден түскен түсім (млн. теңге)
2. Айналым шығындары негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны
3. Жалпы табыс
4. Кезең шығындары (тұрақты шығындар)
5. Негізгі қызметтен түскен табыс
6. Негізгі емес қызметтен алынған табыс
7. Қызметтен алынған табыс
8. Табыс салығы
9. Таза табыс

 

Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен компанияның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

Тек осы екі құжатты - «Бухгалтерлік баланс» пен «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепті» пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірибеде анағұрлым жиі қолданылатын компания тиімділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі жөне өтімділік көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және компания қызметін кезең-кезеңімен қарағандағы динамикасын көрсетеді. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы ақша қаражаттарының келуі мен кетуі есебінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен төлемдер «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» осы төлемдердің жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта кетер бір жайт, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша қаражаттарының қалдығын Компаниядар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін, инвестицияларға, қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланады.

«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» компания қызметі үш негізгі салаға белінген:


1) операциялық;

2) инвестициялық;

3) қаржылық


.

«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

Әрине компания капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс компания қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы компанияның банкрот екендігін көрсетеді.

Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.

Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияның тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың aca маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Компания сату көлемін өзгерткеннен, оның компаниясы қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның компаниясы зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

Зиянсыздық нүктесі - компанияның өз щығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.

Компания қанша пайда табады деген мәселе, өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен жоғары болғанда туындайды, егер өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен төмен болса, бір ғана мәселе, яғни компания банкроттыққа дейін неше күн жұмыс жасай алады деген сүрақ туындайды.

Маржиналдық табысты талдауда айтылғандай зиянсыздық нүктесін есептеу үшін айнымалы және тұрақты шығындардың мәндері қолданылады. Алайда, мүлдем тұрақты шығындардың болмайтындығын ескеру қажет, олар да уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Зиянсыздық нүктесін есептеу компания құрылымында немесе оның қаржыландырылу жүйесінде езгерістер болған жағдайда қайтадан жүргізілуі мүмкін. Мұндайда тұрақты шығындар ретінде компанияның белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы шығындарының орташа мәні алынады.

Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді. Компания зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.

Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың бүгін қанша тұратындығын айқындап алу қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.

Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеулдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.

Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:


• пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);

• жыл сайынғы төлемдер ;

• кезең саны (ай, тоқсан, жьш);

• ағымдық деңгей мәні;

• болашақтағы деңгей мәні.


Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:

•бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;

• пайыздар деңгейі тұрақты.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:

1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;

2) осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.

Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.

Нақты пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс. Егер нақты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме - бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі. Ағымдық және нақты мөлшерлемелерді байланыстыратын теңдік мынадай түрде болады:

Ағымдық пайыз мөлшерлемесі = Нақты пайыз

мөлшерлемесі + Инфляция деңгейі.

Жоғарыда аталған екі қатенің ішінде, инфляциялық жобаға қаржылық талдау жасаудағы ең кеңінен тарағаны, пайыздық мөлшерлемелер қолданудағы ретсіздік болып табылады. Егер тұрақты бағаны қолданатын болсақ, нақты пайыздық мөлшерлемені қолдану қажет.

Кәсіпкердің мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдаумен бітпейді. Сонымен қатар, инвесторларды жобамен жете таныстыруы, мұның тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер қатарында, стратегиялық жоспарлау Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2030» жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында оны бірінші рет іске асыратын біздің көптеген компаниядарымыз үшін елеулі қадам болып саналады

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.