Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

III. АҚ «ИАО» -НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ



Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру мәселесіне тоқталар болсақ, жалпы шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы.

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті,ал маңыздылары келесілер табылады:

· саяси тұрақтылық;

· елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;

· қолайлы инвестициялық климат;

· басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;

· құқықтық қорғалуы,ашықтығы және тұрақтылығы;

· жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;

· табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;

· валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:

· қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу;

· тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;

· салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату;

· жерге жекеменшік енгізу, шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;

Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады:мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатқанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.

Инвестиция салу туралы шешім қабылдануының негізгі шарты инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау.Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де,жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

· республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

· халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

· инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

· үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

· әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

· инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

· есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

· аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі.

Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

Компанияның инвестициялық қызметін жақсарту жолдары

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң газ тасымалдау жүйесінің магистраль бөлімін басқарумен отандық мемлекеттік құрылым " Казахгаз " шұғылданды. Бірақ нәтижелі шаруашылық қылу үшін күрделі салуларды талап етті, бұл тек жұмыстардың шапшаң орындалуы мен бүкіл құбырлар жүйесінің жұмысқа жарамды күйде қалуы үшін ғана емес сонымен қатар олардың дамуын қамтамасыз ету үшін де. Қалыптасқан объективті жағдайлардың себебімен "Казахгаздың" бұл проблемаларды шешуге қауқары жетпеді, сол себепті үкіметтік деңгейде шетелдік инвесторларды тарту шешімі қабылданды. 1997 жылдың жазында Қазақстан Республикасы мен бельгиялық компания “Трактебель С. A” арасында ішкі және халықаралық газ тасымалдайтын жүйелердің концессиясы жайында келісім-шарт жасалды. Келісім шарт бойынша алғашқы мезгіл – 15 жыл сонымен қатар барлық шарттардың орындалуы барысында келісім-шартты созу мүмкіншілігі де қарастырылды. Концессияға жүйенің маңызды бөліктері енді, олар - 10 магистральді газ құбырлары, 21 қайта айдау құрылғылары бар компресссорлық станциялар және үш жер асты газ қоймалары .

Потенциалды инвестор арнайы келісім-шарт бойынша екі компания құрды - "Интергаз Орталық Азия "( газ құбырларының операторы ) және монополист "Алматы Пауэр Консолидейтед".

Сонымен қатар, концессионердің келуімен елде газ тұтыну дереу төмендей бастады, себебі инвестор өз ішкі қорларын пайдаланып газ жеткізумен айналыспай тек газ тасумен ғана шұғылданды. Ал бұл тұтынушыларға бағалардың жоғарылауын сонымен бірге газ және электр энергиясының үзілді-кесілді берілуін білдіретін. Әлеуметтік қорғанышқа дағдыланған тұтынушылар жалақының кеш берілуінің себебінен уақытылай төлей алмау салдарынан жылу - және электржабдықтаудың кесілуімен және осымен орайлас жабдықтаушылармен соттасумен алғашқы рет кездесті. Куәгерлердің айтуы бойынша оңтүстік аймақтағы қалалар үш жыл газ және жылу жеткіліксіздігінен азап шекті, сол себепті мұздап қалған қарапайым халық бақтардағы және скверлердегі жасыл желектерді шауып отын ретінде қолдана бастаған. Ал Алматыда наразылық митингілері дағдыға айнала бастады , әсіресе "ұрпақ" атты зейнеткерлер қозғалысы ерекшеленді.

2000 жылдың ақпанында "КазТрансОйл" ұлттық транспорттық компаниясы иелігіндегі құрылым "КазТрансГазды" құрады, өз кезегінде бұл құрылым "Интергаз Орталық Азия" компаниясының 100% акциясына ие болады. "КазТрансГаз" компаниясына ел газ нарығында және әлемдік деңгейде мемлекет мүддесін ұсыну мақсат етіп қойылады. Компания магистральді газ құбырларымен табиғи газ тасымалын басқарады, газдың ішкі және сыртқы нарықта сатылуымен шұғылданады, құбырлар және газ қоймаларын өңдейді , қаржыландырады, салады және қолданысқа енгізеді. Үш жылдың ішінде ел ішіндегі газ нарығында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

"КазТрансГаз" компаниясы 2000 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының үкіметінің №173 қаулына сәйкес құрылған.

"КазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының қызметінің негізгі бағыттары келесі болып табылады:

· магистральді газ құбырларымен газ тасу, ішкі тасу, экспортқа тасу, табиғи газдың халықаралық транзиті және жер асты газ қоймаларында ( ЖГҚ ) газ сақтау;

· бөліп тұратын газ құбырларымен газ тасу;

· табиғи газды ішкі нарықта сату;

· газ шығару және өңдеу;

Қазақстандық газды экспортқа тасудағы негізгі серіктестер:

« Карашығанақ » көлемі - 4690 млн. м2 ;

« Тенгизшевройл » көлемі - 1295 млн. м2 ;

« Толкыннефть » көлемі - 979 млн. м2 ;

Ішкі нарықтағы газ тұтынушылары:

Қазақстан Республикасының батыс, оңтүстік аймақтарының және Қостанай облысының халқы. Өндірістік ірі газ тұтынушылары металлургия кәсіпорындары, мәселен Соколовскі Сарбайский тауметаллургиялық комбинат, Донской ГОК, Актөбелік ферроқорытпалар зауыты , энергетикалық кәсіпорындар,Жамбыл ГРЭС және басқа да химиялық және энергетикалық нысаналар.

Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының газ кешенінің 2004-2010 жылға арналған даму бағдарламасына» сәйкес « КазТрансГаз » бірқатар жобаларды іске асыруға кірісті.

1. Сұйытылған көмірсутекті газ нарығын ұйымдастыру жобасы

2. Гелий және басқа да инертті газдардың өнеркәсіптік өндірісін дайындау бағдарламасы

3. Жер асты газ қойма(жгқ) құрылысының жобасы

4. Жұмыс істейтін станцияларда сұйытылған табиғи газ алатын құрылғылырды енгізу жобасы

5. «Бұқарлық газтасушы аймақ - Ташкент - Бішкек - Алматы » магистральді газ құбыры жүйесінде пропан-бутанды фракцияны қоса бөлетін газды ылғалдан арылту және тазарту жобасы.

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.