Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ОРЫТЫНДЫ



Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Шығыс Азия сияқты елдер. Сонымен қатар инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін мынандай шарттар бекітілген болатын :республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау, әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы болып табылады. Сонымен бұл курстық жұмыста АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалап, тиімділігін зерттеп, жалпы еліміздегі инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар мен инвестициялық қызметін талқыладым.

Қорыта келе менің ойымша, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып, кәсіпорындарымыздың қарқынды деңгейде дамуына, бәсекеге төтеп беріп, дайын өнім шығаруға, халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін.

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.