Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

МЕХАНИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ



Егер тұйық механикалық жүйенің денелері өзара тек тартылыс және серпімді күштерімен ғана әсерлессе, онда осы күштердің жұмысы кері таңбамен алынған потенциалдық энергияға тең болады.

A = –(Ep2Ep1).

Кинетикалық энергия туралы теорема бойынша бұл жұмыс денелердің кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең болады.

A = Ek2Ek1.

Сондықтан Ek2Ek1 = –(Ep2Ep1) немесе

Ek1 + Ep1 = Ek2 + Ep2.

 

Тұйық жүйедегі өзара тартылыс және серпімді күштерімен әсерлесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болып қалады. Бұл тұжырым механикалық процестердің энергияның сақталу заңын білдіреді. Ол Ньютон заңдарының салдары болып табылады. E = Ek + Ep қосындысынтолық механикалық энергия деп атайды. Механикалық энергияның сақталу заңы тұйық жүйеде денелер тек консервативті күштермен әсерлескенде ғана (яғни, потенциалдық энергия ұғымын енгізуге болатын күштер үшін ғана) орындалады. Энергияның сақталу заңын қолдануының мысалы – массасы m жүкті вертикаль жазықтықта айналдырып, ұстап тұрған жеңіл созылмайтын жіптің минималды беріктігін анықтау (Г.Х. Гюйгенс есебі). 1.20.1-суреті бұл есептің шешімін көрсетеді.

1.20.1-сурет. Христиан Гюйгенс есебі.

Үйкеліс күші консервативті болып табылмайды. Үйкеліс күшінің жұмысы жолдың ұзындығынан тәуелді. Егер тұйық жүйені құрайтын денелердің арасында үйкеліс күші әсер етсе, ондамеханикалық энергия сақталмайды. Механикалық энергияның бөлігі денелердің ішкі энергиясына (жылытуға) кетеді. Әрбір физикалық әсерлесу кезінде энергия жоғалмайды және пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге ауысады. Бұл тәжірибелік жолмен алынған дерек табиғаттың фундаментальды заңын – энергияның сақталу және айналу заңын білдіреді.

 

 

54. Бөгде күштер. Ток көзінің ЭҚК. Жалпылама Ом заңы.Бөгде күштер – тегі электростатикалық емес күш, тізбекте зарядтарды үздіксіз тұйық жолмен ретті қозғалатын потенциал айырымын туғызатын күш. ЭҚК-ток көзінің энергетикалық және ондағы бөгде күшінің әсерін сипаттайтын шама. ЭҚК тізбекте немесе оның бөлігінде бірлік оң зарядқа әсер ететін күштің істейтін жұмысына тең шама. . Тізбек үшін Ом заңы – тізбектегі ток күші түсірілген кернеуге тура пропорционал да, ал кедергісіне кері пропорционал , кедергі анықталады. Толық тізбек үшін Ом заңы – ток көзі бар тізбектегі токтың күші ЭҚКне тура пропорционал, ал сыртқы және ішкі кедергілерінің қосындысына кері пропорционал . Біртекті емес тізбек үшін Ом заңы – тізбектегі ток потенциал айырымы мен ЭҚК қосындысына тура пропорционал да, ал тізбектің толық кедергісіне кері пропорционал

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.