Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Дәрігер неден күдіктенді?



А) Риниттің белгілері

В) Пневмонияға күдіктену

С) интоксикация белгілері

D) көмейдің бастапқы тарылуы

Е) Тонзиллиттің белгілері

 

284. Аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық бала анасымен тұмаумен ауырып келді. Дене температурасы 39,80С, шағын катаральді белгілер бар. Терісі сұр, ұстағанда қолы және аяқтары салқын, саусақтарында көгеру бар. ЖСЖ минутына 150 рет. Зәрдің тығыздығы 1010. Осы айтылған симптомдар жиынтығын қалай бағалайсыз?
А) тыныс жетіспеушілігі

В) жүрек жетіспеушілігі

С) гипотермиялық синдром

D) гипертермиялық синдром

Е) бүйрек жетіспеушілігі

 

Аурухананың қабылдау бөлімінде 8 айлық қыз бала ЖРВИ-мен ауырып келген. Гипертермиялық синдром пайда болды: дене қызуы 39,50С, ентігу, тахикардия, терінің сұрлануы, саусақтарының көгеруі, денесі салқын. Бұл жағдайда балаға қандай көмек береміз?

А) Антибактериальдық терапия

В) Антипиретиктер

С) Витамин препараттары

D) Қантамырларды кеңейтетін препараттар

Е) Дене қызуын басатын дәрі-дәрмектер

 

Емхананың аймақтық дәрігеріне 8 айлық ұл баланы анасы алып келді. Дәрігер тексеріп қарағанынан соң балаға рахиттің II дәрежесі диагнозы қойылды.

Аймақтық дәрігер қандай ем тағайындайды?

А) Витамин D3

В)Витамин Е

С)Витамин B5

D) Витамин РР

Е)Витамин А

Алалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен.

Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?

А) Крипторхизммен туылған нәресте

В) Жетіліп туылған нәресте

С) Шала туылған нәресте

D) Тым жетілген нәресте

Е) Жетілген аз салмақты нәресте

Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді.Шағымдары:дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген,әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған .Дәрігер қарағанда:өкпесінде қатаң тыныс,үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады.

Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?

А)Бронхтық астма

В)Жедел бронхит

С)Созылмалы бронхит

D)Жедел пневмония

Е)Созылмалы пневмония.

 

289. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 1 жасар ұл баланы көруге келді. Бала кенеттен ауырып қалған. Дене қызуы 38,50С, ринит белгілері және жөтел байқалады. Анасының айтуынша бала кешке қарай мазасызданған. Тыңдағанда: шулы тыныс, дөрекі «үрген тәрізді» жөтел, инспираторлық ентігу, бұғана үсті ойығының ішке кіруі, ауыз төңірегінің біршама цианозы байқалды.

Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?

А)Көмейдің компенсацияланған стенозы

В)Көмейдің субкомпенсацияланған стенозы

С)Көмейдің декомпенсациялық стенозы

D)Стеноздың терминалды фазасы

Е)Ларингит

 

Абылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.