Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Бұйымның ұлттық стильдегі конструкциясын зеттеу.



Азақтың ұлттық қыз ұзату көйлегінің конструкциясының ерекшелігін зеттеу.

Бұйымның ұлттық стильдегі конструкциясын зеттеу.

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады.Оның қарапайымды- лығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шы- ғарылған ғаламаттардан тұрады, Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киімдердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп – білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық ерекшелене қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.

Зерттеу барысында қыздарға арнайы «Қыз ұзатуға»қандай көйлек кигенді қалайтындары туралы анкета жүргізілді.Сол анкетаның нәтижелері мынадай.

Диаграмма сипаттамасы.

Бұл диаггараммада қызыл түсті қатар көп көлемді алып тұр,одан кейін жасыл түс, соңғы қанық көк түс алып тұр. Әр қайсысна жеке тоқталсақ:

1.Силуэт. Қынамалы - - түспен белгіленіп тұр.

Жартылай қынамалы - - түспен белгіленіп тұр.

Көлемді - - түспен белгіленіп тұр.

2.Жең. Фонарик. - - түспен белгіленіп тұр.

Қондырмалы - - түспен белгіленіп тұр.

Екі тігісті - - түспен белгіленіп тұр.

3.Баска .Қысқа баска - - түспен белгіленіп тұр.

Ұзын баска - - түспен белгіленіп тұр.

Баскасы жоқ - - түспен белгіленіп тұр.

4.Шлив. Қысқа шлив - - түспен белгіленіп тұр.

Ұзын шлив - - түспен белгіленіп тұр.

Шливі жоқ - - түспен белгіленіп тұр.

Көйлектің түсіне келер болсақ анкета нәтижесінде «Қыздың көзі қызылда » демекші қыздардың 53% -ы қызыл түсті таңдаған.Әрине қызыл түс бай , қанық,көзге бірден түсетін түс, кімнін болсада жұрт назарында болғысы келеді.Екінші орында қою жасыл түс 20% .Үшінші ашық сары өте әдемі жарқын түс қыздардың 10% осы түсті ұнатады екен.Төртінші қою көк түс 9% бұл түсте соңғы кездері көп назарда жүр.Бесінші орында қызғылт түс 8% бұл түсте ашық жарқын қыздарға жараса кетер.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.