Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Кесте түрлері.



Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геометриялық кескінді бейнелейтін кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді.

Кесте түрлері.

Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

Санап кестелеу де аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Санап кестелеу түрлері:Терме тігіс - өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай "инені алға салу" әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.Айқас тігіс - кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.

Өткерме тігісті кесте.Кестенің бұл түріне мережкалар (шілтерлер) жатады.

Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.

Бір жақты тығыз кесте - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.

Зер кесте.Алтын, күміс сияқты қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе қымбат шапандар, дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер, қалталар эер жіпптермен кестеленеді.

Мата мен жіпті бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс.

Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады. Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді. Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.Мысалы мына екі суретте көріп тұрғанымыздай кестеленген мата тартылып талған және бүршіктеліп тұр.Кестеміз жақсы шығу үшін созылмайтын қатты, сапалы материал таңдау керек.Мата дұрыс таңдалмаған жағдайда кесте беркелкі шықпайды және бұйымым көне бұйымға ұқсап сәні кетеді.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.