Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Азақтың ұлттық қыз ұзату көйлегінің моделін дайындауда, көйлекті әшекейлеудің сатыларын зеттеу.



Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды. Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырла- рына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдік - әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі.Қазақтың ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.