Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Инкрустацияның түрлері.



Инкруста́ция (позднелат. incrustatio - әріптердің. жабынды шоғырмақпен) - бұйымның немесе ғимараттың сәнін оюмен және суреттермен мәрмәрдің, керамиканың, металдың, ағаштың, перламутрдың,тастардың көмегімен әшекейлеу. Киімді инкрустациялау яғни әшекейлеу көптеген жылдардан бері келе жатқан құбылыс.Әрине бұрын әркімнін қалтасы көтере бермегендіктен тек байлар ғана киімдерін асыл тастармен ,моншақтармен сәндеп киіп жатқан.Ал бүгінгі таңда бұл тәсіл барлығына қол жетімді,өйткені техника күннен күнге дамып келеді.Қазіргі дизайнерлердің 100 % дерлік осы тәсілмен жұмыс жасайды өйткені тіккен бұйымдары өте әдемі көрінеді.Әдетте қолданылатын түрлері мынадай:

Осы үш тәсілдің ең жеңілі тастармен әшекейлеу болып табылады,өйткені тастардың теріс бетінде желімі бар оларды қалауыңша орналастырып үстінен үтікпен жүргізсең болғаны жабысады да қалады.Әрине тігілетін тастарда бар олар өте көлемді болғандықтан желіммен көпке шыдамайды сол себепті оларды арнайы тігу үшін тетікшелер жасап қойған.Бұл тастар өте әдемі жарқырап тұрады тек соны дұрыс безендіре білу керек.

2-кезекте моншақпен әшекейлеу. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақтардың түстері ашық және әртүрлі түстер мен әртүрлі стильдердің үйлесімінен болғаны дұрыс. Моншақтардың түсі киіммен бірдей болмауы керек, одан сәл ашық не сәл күңгірт болғаны жөн. Бұл әдісте оңайға соқпайды әрине, мон- шақтармен жұмыс жасай білетін жан болмаса оны жасау әркімнін қолынан келе бермейді.Моншақтарда да тетікшелер бар,яғни инемен шаншып әшекейлеуге арналған,бірақ оларды да дұрыс қолдана білу керек.

3-кезекте бисермен әшекейлеу, :Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.енді бұл өте күрделі болып келеді.Өйткені бисерлер өте майда болғандықтан жұмыс жасау қиынға соғады.Бисермен жұмыс жасай алатын жан өте төзімді ,байыпты,сабырлы болуы керек. Оның үстіне бисермен бір зат жасау үшін көп уақыт кетеді,бірақ «Сабыр түбі,сары алтын»демекші бисерден жасалған бұйым өте әдемі,сапалы,көздің жауын алады.Бір өкініштісі бисермен кез-келген адам жұмыс жасай алмайды.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.