Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

ОРЫТЫНДЫ





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемелекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды тарту және инвестициалаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам үшін қаражаттарын орналастырудың көптеген әдістері бар: банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін өзі жою дәрежесі жоғары мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену тағы басқа. Ақыр соңында осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттесу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылықтың болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80% — ы шоғырланған депозиттік нарықтың тұрақты және тиімді дамуымен байланысты. Мұндай өсімге қол жеткізудің себебі: талғампаз клиенттер қажеттіліктерін қанағаттандыратын банк өнімдері мен қызметтерін енгізу бойынша дұрыс жүргізіліп жатқан банк саясаты болып табылады. Банктің маңызды жұмыс бағыты, бар депозиттік өнімдерді модификациялау мен жаңа өнімдерді әзірлеу болып табылады.

Ақша қаражаттарын тарту кезінде таңдау құқығы клиентте болады да, банк салымшы үшін қатаң бәсекелестік күресін жүргізеді. Банктік бәсекелестіктің дамуымен байланысты ресурстардың шектеулілігі белгілі-бір клиенттерге банктің тәуелді болуына әкеледі. Егер бұл клиенттердің шеңбері тар болса, онда банктің оларға тәуелділігі де жоғары болады. Пассивтік операциялар бойынша банк таңдауы, әдетте, оның қарыз алушыларына қарағанда неғұрлым күшті тәуелді болатын клиентурасымен шектеледі. Сондықтан, банктің ресурстық базасын қалыптастыру мәселесін шешу үшін салымшылардың санын көбейту бойынша жұмысты жандандыру керек. Осыған байланысты банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Оның негізіне диверсификацияның қажет деңгейін ұстап отыру, ақша қаражаттарын басқа көздерден тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету, активтермен мерзімі, көлемі және пайыздық мөлшерлемесі бойынша балансталуын сақтау жатады.

Жинақ салымдарына халықтың қорлану немесе ақшалай қаражаттарды жинақтау мақсатында құралатын салымдары жатады. Бұл салымдар бойынша мерзімді депозиттерде біршама төмен пайыз төлейді. Кейде клиентке жеке шотының көшірмесі беріледі.

Біздің банктік тәжірибеде жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және шартына байланысты келесідей түрде жіктеледі:

— мерзімді жинақ салымдары;

— қосымша жарна қосылатын мерзімді жинақ салымдары;

— жастарға сыйақы салымдары;

— шарттық салымдар;

— мәлімдеуші салымдар;

— депозиттік сертификаттар.

Банктік тәжірибеде, клиентке есеп айырысу шотын ашу барысында туындайтын белгілі мерзімге қызмет ету депозиті де кеңінен қолданылады. Бұл депозит міндетті сипатқа ие, себебі, депозит сомасы есеп айырысу шотын ашу барысында салынуға тиісті. Бұл депозитті шартты депозитке жатқызуға болады. Өйткені, ондағы қаражат клиенттің есеп айырысу шотын жабу мен байланысты алынады. Бұл депозит негізінен мерзімсіз депозитті мерзімді несиелеу ресурсы ретінде де пайдаланады. Бұл депозит бойынша табыс және пайыз өте төмен болмауы мүмкін.

Дамыған депозит нарығы – кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі.

Сонымен бірге ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болып табылады. Экономикасы дамыған елдерде депозит нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған депозит институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды.

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.

Депозиттер арқылы банк ресурстарын қалыптастырылады. Салымдарға қаражаттарды тарту кезіндегі банктің материалды және ақша шығындары пайда болады. Сонымен қатар, салымдарға ақша қаражаттарын шоғырландыру банкке тәуелді емес, яғни тікелей клиенттерге тәуелді екендігі барлығымызға мәлім. Сондықтан, депозиттерді тарту үшін несие ресурстар нарығында банктер арасында бәсекелестік күрестің нәтижесінде, қызметтерді дамыту шараларын енгізуге мәжбүрлейді. Депозиттік базаны күшейту банктер үшін өте маңызды. Жалпы салымдар көлемін нығайту мен салымшылар санын көбейту арқылы депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдарын жақсартуға мен салымдарды тарту жүйесін ынталандыруға болады.

Кез келген мемлекеттің депозит нарығының даму деңгейі, менің ойымша, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің депозит қаншалықты дамыған деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады. Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Жалпы қорытындылайтын болсақ, жұмыстың бірінші бөлімі толығымен депозиттің экономикалық мәнімен оның жіктелуіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдарына, депозиттік нарықтың құрылымына көңіл бөлінген.

Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктердің депозиттік қызметтерін қарастырдым, және “Forte Bank” АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау жасадым.

Үшінші қортындылаушы бөлімде - Депозиттік нарықты қалыптастыру мәселелері мен жолдары айқындадым және де «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» қызметінің дамуының негізгі бағыттары бөліп қарастырдым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.

2. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие.» оқу құралы. Алматы. 2004ж.

3. Д.Т.Бохаев,Ұ.М.Искаков. «Қаржы нарығы және делдалдары» Алматы Экономика 2008ж.

4. Мамыров К.Н. Депозиттік нарық және оның даму ерекшеліктері// «Экономическая наука в Казахстане:проблемы ипути реформирования» уч.пособие Алматы 2003ж

5.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.

6. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» оқу құралы, Алматы Экономика 2005ж.

7. Сағиев М.С. «Ақша несие банктер» оқу құралы Алматы экономика және статистика институты 2002 ж

8. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое Обзрение НБ РК №2 2001ж

9. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж

10. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж

11. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж

12. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж

13. Делан Э.Дж. Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги банковское дело и денежно – кредитная политика» литература 1991ж

14.Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.

15. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж

16. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана»// www .hsbk .rz.

17. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой коференции «Жас – Туран – 2000» Алматы 2000ж

18. Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана//под ред. – Алматы: Білім 1995ж

19. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана.//Саясат №6 2004ж

20. Куанова Г.А. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество №3 2001ж

21. Кудайбергенова Л.Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Экономические реформы: особенности переходного периода: сборник научных трудов Алматы 1999ж

22. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.

23. Лим А. Депозит – капитал, приносящий доход// Финансы Казахстана №11 2000ж

24. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие.» оқу құралы. Алматы. 2004ж.

25.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.

26. Мамыров К.Н. Депозиттік нарық және оның даму ерекшеліктері// «Экономическая наука в Казахстане:проблемы ипути реформирования» уч.пособие Алматы 2003ж

27. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.

28. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» оқу құралы, Алматы Экономика 2005ж.

29. Сағиев М.С. «Ақша несие банктер» оқу құралы Алматы экономика және статистика институты 2002 ж

30. «Саясат» журнал №11 2006ж.

31. Сухов П.А. Некоторые аспекты устойчивости банковской системы//журнал Деньги и Кредит №5-6 2005ж.

 

Интернет желілері:

1) www.fortebank.com

2) www.nationalbank.kz

3) www.nur.kz

4) www.7kun.kz

5) Ranking.kz

6) www.nationalbank.kz

 

 

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.