Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Ысқаша теория



Тақырып: Медициналық есептерді шығаруда программалау тілдерін қолдану

Мақсаты: Delphi-программалау тілін оқи отырып көптеген күрделі медициналық есептеулер мен логикалық есептеулерді жасауға қажетті компоненттер олардың қызметі мен қасиеттерін меңгеру.

Оқытудың міндеті:Программалау тілдерін оқыта отырып кез келген салада соның ішінде медицинада күрделі есептеулер мен нақты сарапнамалар жасауды үйрету.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Объектілік-бағдарлық программалау.

2. Программаны өңдеу технологиясы.

3. Delphi ортасында қосымшаларды құру.

4. Мәтінмен жұмыс істейтін компоненттер (Label, Edit).

5. Басқару компоненттері –батырмалар (Button, BitBtn).

ысқаша теория

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық”) процедуралық программалау тілдері-Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер- ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері- Borland C++ for Windows, Object Poscal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.

Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонеттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компонеттер кітапханасы (VCL , Visual Component Library) деп атайды . Компонеттер панеліне топ – тобымен жинақталған, жүздеген класстарға тиісті, стандартты компонеттер бар. Пайдаланушы жаңа компонет дайындап, оны осы понелге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып прграмма дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдасиыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р – кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды . Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компеляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.

 

Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компонеттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады.

Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:

Іске қосу-Программалар-Borland Delphi 7 → Delphi 7

Экранда Delphi ортасының терезелері көрінеді

 

 

Delphi программасын шақырғанннан кейінгі терезе көріністері:

1. негізгі терезе - Delphi 7;

2. форма терезесі- Form1;

3. объектілер инспекторы терезесі - Инспектор объектов (Object Inspector);

4. объектілер тізімін көру терезесі - Дерево объектов (Object TreeView);

5. редакторлы кодтау терезесі - Unit1.pas.

Негізгі терезеде бас мәзір мен құрал-саймандар тақтасы және компоненттер политрасы орналасқан.

Форма терезесінде негізгі терезеде орындалатын әрекеттердің жобалары жасалады

 

 

 


 

Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пунктерінде (ішкі мәзірлерге) Delphi-де

жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Стандартты түймелер:

 

-New (Жаңа);

 

-Open (Ашу);

 

-Save (Сақтау);

 

 

-Open Progect (Проектіну ашу);

 

-View Form (Форманы көрсету);

 

-Run (Іске қосу);

 

-Pause (Үзіліс);

 

-Add file Project (Проектіге файл қосу), т.б.

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.