Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Проектіні сақтау және ашу



Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File-Save Project As не File-Save Project All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтауды сұралатын Save Unit1 As атаулы терезе көрінеді. Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Project (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Project) бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі:

- сақтау сұралатын терезенің Жаңа бума құру түймесін шерту. Бума белгішесі терезеде орналастырылып қойылады;

- клавиатурадан бума атын енгізу;

- буманы екі рет шертіп, ашу;

- терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді;

- Файл аты өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Проект файлы .dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, Негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.

 

 

Мұндағы ескеретін жайт: модуль мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бірақ молульді басқа проектілерде де пайдалану мүмкін. Сондықтан оларды түрлі атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектіні ашу үшін File-Open Project командасының берілуі тиіс. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, онда көрінген проект атауын екі рет шертсе болғаны.

Ескерту. Файл атауы латын әріптері, цифрлар және астын сызу белгісінен тұруы мүмкін, оның цифрдан басталуына рұқсат етілмейді.

Басты терезенің тақырыбы бойынша проектінің қай режимде ашық тұрғанын анықтауға болады.

Тақырып мәтіні Жұмыс режимі
Delphi 7 – Project1 Өңдеу
Delphi 7 – Project1 [Running] Орындау

Меню жолындақосымшаларды өңдеу және тестілеу үшін қажет командалар бар және олар кез келген стандартты Windows-меню сияқты қолданылады.

Саймандар тақтасы. Саймандар бас менюдің кейбір командаларын орындайды.

Бұл панельде проектіні дискіде сақтау батырмалары, проектіні ашу, программаны орындауға жіберу батырмалары бар.

Компоненттер палитрасы пиктограммалар жинағы түрінде орналасқан. Жинақтар жиынтығы визуальды компоненттер кітапханасын құрайды (VCL – Visual Component Library). Компоненттердің бірнеше категориялары бар, олардың әрқайсысында өз қосымшасы бар. Компоненттер палитрасы көмегімен формада компоненттер экземплярларын құрамыз (немесе объектілер).

Форманы проектілеушінің терезесі – компоненттер палитрасында бар компоненттер программалар жиналатын басты орын. Форманың өзі – бұл орындалуға дайын программа. Форманың көрсетілген орнына объект – таңдалған тип компонентінің экземпляры қойылады.

Объектілер инспекторының терезесі (Object Inspector) – тышқанды шертумен шақырылған қандай да бір компонент немесе форманың өзінің қасиеттерін бейнелейді. Шақырылған компонент аты терезе тақырыбының астында орналасады.

Бұл терезенің екі қосымшасы бар – Қасиеттері (Properties) және Оқиғалар (Еvents).

· Қасиет компоненттің атрибутын анықтайды, мысалы, батырма өлшемі немесе белгі шрифті.

· Оқиға, мәселен, тышқанның батырмада немесе терезені жабудағы шертуі сияқты әрекеттерді білдіреді.

Жұмыс барысында жүйе Pasсal тілінде формамен байланысқан программаның мәтінін Кодтар редакторының терезесіндеқалыптастырады. Delphi жүктелгеннен кейін бұл терезе форманың терезесінің артында жасырынып тұрады, оны көру үшін саймандар тақтасындағы Toggle Form/Unit батырмасын басу керек.

Тұтынушы программаның мәтінін өз бетінше немесе объектілердің формада орналасу кезінде жүйенің ұсынысы бойынша толықтыра алады.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.