Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Модульдің проектісі немесе файлын құру және сақтау



Менюдің әрбір пунктінде командалар жинағы бар. 1-суретте File пунктінің ашық менюі бейнеленген.

 

1-сурет

 

Кейбір командаларды қарастырайық.

New командасы

New Items терезесін ашады, оның көмегімен кейін қолданысқа енетін жаңа форма, проектінің немесе форманың шаблонын құруға болады.

New/Form командасы

Жаңа форма және оған сәйкес модульдің терезесін ашады және активті проектіге қосады.

New Application командасы

PROJECT1.DPR проектісінің файлынан және екі файл: UNIT1.PAS модулі және UNIT1.DFM формасының файлынан тұратын жаңа проект құрады. Бұл кезде IDE форма проектілеушісі және код редакторының терезелерін бейнелейді. Проектілеушінің терезесі ағымды болады, одан кейін жаңа проектіге атын беріп сақтау керек.

Open Project командасы

Ашылатын файл таңдалатын Open Project сұхбаттық терезесін ашады.

Save командасы

Ағымды файлдарды өз аттарымен сақтайды. Егер файл алдын ала ат беріліп сақталмаса, онда Delphi файл атын көрсету қажет болатын Save As сұхбаттық терезесін ашады.

Save Project As командасы

Бұл команда проектіні басқа атпен, қажет болған жағдайда, басқа каталогта сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл команданы таңдағаннан кейін программа кодының файлын сақтау үшін сқхбат терезесі пайда болады. Файлға бірден PAS кеңейтілуі Файл типі терезесінде беріледі. Өз файлыңызға ат беріп, OK батырмасын басыңыз, ары қарай файл проектісін сақтау үшін келесі (DPR – Delphi Project кеңейтілуімен) сұхбат терезесі ашылады. Проект атын беріп, ОК басыңыз.

Ескерту

Алдында құрылған проектіні ары қарай сақтау үшін Save командасын орындау жеткілікті.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.