Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Лекция № 3

1. Кедендік сараптама кеден кодексінің қай тарауымен реттеледі:

A) 56-тарау

B) 58-тарау

C) 59-тарау

 

2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу – бұл кедендік сараптама...............:

A) Міндеті

B) Мақсаты

C) Мәселелері

 

3. Кеден органдары қандай жағдайларда кедендік сараптама тағайындауы мүмкін:

A) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда

B) алдын ала шешім қабылдаған кезде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда

C) кеден ісі саласында кезде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда

D) кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде

 

4. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша кедендік сараптама тағайындауға негіз болып не табылады:

А) Кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым

В) Кедендік сараптамаға жолдамасы

С) кеден органы басшысының шешімі

 

 

5. Кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады:

A) Тауарлар

B) кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер

C) бiрдейлендiру құралдары.

 

6. Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:

A) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

B) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

C) сарапшының алдына қойылған мәселелер;

D) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.

 

7. Іс үшін маңызы бар және білімнің тиісті саласына кіретін мәселелерді шешу мақсатында сараптаманың осы саласының құралдарымен (әдістерімен) зерттелетін және танылатын объектінің (негізгі және қосымша) жақтары, қарым-қатынас – бұл ...........................................................................................................................................................

 

8. Негіздеме болған жағдайда өкілеттігі бар лауазымды тұлғамен тағайындалған және заңға сәйкес ресімделген міндетті сараптама – бұл ....................................................................

 

9. Негіздеме болған кезде кеден органының немесе биліктің кедендік емес органының осыған өкілеттігі бар лауазымды тұлғасымен тағайындалған және белгілі бір ереже бойынша тағайындалған сарапшы орындайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделген іс жүргізу әрекеті – бұл ...........................................................................................................................................................

 

10. Уәкілетті және құзыретті органдармен жүргізілетін және бақыланатын заттар – бұл ...........................................................................................................................................................


Тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері – нақты және болжамды қажеттілікті қанағаттандыруға арналған және өнімді тұтыну (пайдалану) процесінде, сондай-ақ оны құру, бағалау, сақтау кезінде тікелей пайда болатын қасиеттер мен көрсеткіштер жиынтығы.

 

Тағайындау – бұл тауарлардың физиологиялық және әлеуметтік қажеттілікті, сондай-ақ олардың жүйесіндегі қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі. Тағайындау тауарлардың белгілі бір қасиеттерінің біріне жатады.

 

Функционалдық тағайындалуы (функционалдық қасиеттер) тауарлардың негізгі және көмекші функцияларының орындау қасиетін, сондай-ақ қолдану әмбебаптығын көрсетеді.

 

Әлеуметтік тағайындалуы – тауарлардың жеке немесе қоғамдық әлеуметтік тұтынушылығын қанағаттандыру қабілеттілігі.

 

Жіктеулік тағайындалу– бірқатар қасиеттер мен көрсеткіштердің жіктеу белгілері ретінде қызмет етуі.

 

Әмбебаптық тағайындалуы – шарттар диапазонын қамтамасыз ету қасиеттері мен көрсеткіштерінің және нақты тауарды оның тағайындалуы бойынша адам үшін пайдалы қосыша функцияларын көрсете отырып, пайдалану мүмкіндігінің қабілеттілігі.

 

Сенімділік– тауарлардың сақтау және/немесе тұтыну (пайдалану) процесінде алдын ала ескертілген мерзім ішінде функционалдық тағайындалуын сақтау қабілеттілігі.

 

Ұзақ мерзімділік – тауардың шектелген жай-күйі немесе техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеудің белгіленген уақыты жеткенге дейін жұмысқа қабілеттілігін сақтай алу қабілеті.

Пайдалану мерзімі – бұл тауарлардың негізгі функцияларын атқару аралығында тауарларды пайдаланудың ұзақтығы.

Ресурс– нормативтік құжаттарда жазылған тауарларды пайдаланудың шекті мүмкіндігі, мысалы жұмыстың уақыт саны (сөндіргштерді) қосу және сөндіру саны.

Үздіксіздік – тауарларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігін және қиындылығын тудыратын ақауларсыз тауарлардың функционалдық тағайындалуын атқарушылық қабілеттілігі.

Жөндеуге жарамдылығы – анықталған ақауларды жойғаннан кейін тауарлардың бастапқы қасиеттерін қайта орнына келтіру қабілеттілігі, бірінші кезекте, функционалдық тағайындалуы.

Сақталуы – тауарлардың бастапқы санды және сапалық сипатын елеусіз шығындармен белгілі бір мерзім ішінде ұстап тұруы. Егер осындай шығындар болатын болса, онда олар үнемділікпен өзін-өзі ақтағаны болып саналады.

 

Бұйымның үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі Р(t) дегеніміз – белгіленген жұмыс шегінде бас тартудың болмауы. Бұл көрсеткішті анықтау үшін пайдалану процесінде бұйымның жұмысын қадағалайды және арнайы сынақ жүргізеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

 

 

Р(t) = N-m/N,

 

 

N – қадағаланатын бұйым заты;

m – жұмыс аяқталғанға дейін сынақтан өтпеген бұйым саны.

 

Бұйымның үздіксіздік мүмкіндігі оның элементтеріне кіретін үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты болады.

 

 

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.