Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Курсы – 4



СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Мамандығы: 051305 «Жалпы медицина»

Пән: «Ординатор-дәрігер көмекшісі»

Кафедра:Балалар аурулары

Курсы – 4

 

Семей 2014 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«31» 08. 2012 ж.

№ 1 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Жагипарова Ж.К.

 

Кафедра отырысында бекітілген

«30» 08. 2013 ж.

№ 1 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Жагипарова Ж.К

 

Кафедра отырысында бекітілген

«31» 08. 2014 ж.

№ 1 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Жагипарова Ж.К


1. Кіріспе:

«Ординатор-дәрігер көмекшісі» тәжірибесі 051301- «Жалпы медицина» мамандығы, «Балалар аурулары» пәні бойынша дайындық деңгейіне және міндетті минимум мазмұнына қойылатын мемлекеттік талапты іске асыруға арналған.

«Ординатор-дәрігер көмекшісі» өндірістік тәжірибесі 8-семестрде балалар бөлімшесінде стационарлы жағдайда 5 күн ішінде өткізіледі.

2. Тәжірибенің мақсаты: «Балалар аурулары» пәні бойынша білімді жүйелеу және тәжірибелік дағдыларды игеруді бекіту.

 

3. Тәжірибенің міндеттері:

· балалар стационарындағы дәрігер-ординатордың дағдыларын меңгеру;

· науқастарға кеңес беру және өзара қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

 

4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

  • балалар жасында кең таралған аурулардың клиникасы және диагностика принциптерін;
  • қазіргі кездегі клиникалық-лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін;
  • балаларда кең таралған аурулардың қазіргі кездегі емдеу принциптерін;
  • балалар бөлімі, қабылдау бөлімі, функциональды диагностика дәрігерлерінің міндеттерін;
  • балалар бөлімінің, қабылдау бөлімінің, функциональды диагностиканың жұмыс ерекшеліктерін;
  • әр түрлі диагностикалық процедуралар өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • медициналық құжаттарды толтыру;
  • науқас баланың анамнезін жинау;
  • науқас баланың жалпы жағдайын бағалау;
  • баланың физикалық жағдайын бағалау;
  • қабылдау бөлімінде науқастарды сұрыптау;
  • алғашқы және клиникалық диагнозы негіздеу;
  • зерттеу және емдеу жоспарын құрастыру;
  • лабораториялық-аспаптық зерттеу деректерін интерпретациялау.

Студент машықтануы қажет:

  • балаларды қарау, пальпациялау, перкуссиялау, аускультациялау;
  • балалардағы физиологиялық және патологиялық рефлекстерді анықтау;
  • шүйде-бұлшықет сіреспелілігін анықтау.

5. Тәжірибе өткізудің саясаты:

Тәжірибе саясаты–кафедраның студентке берілген пәнді оқу үдерісінде қойылатын жалпы талаптарға, студентердің тәжірибелік дағдыларды неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған:

· Білімді, біліктілікті және практикалық дағдыларды толық көлемде игеруге;

· Оқытушыларға, медициналық қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

· Білім алушылар тәртіпті және ұқыпты болуға тиіс, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге тиіс;

· Тәжірибеге келгенде санитарлық кітапшаларының СЭС рұқсаттамасымен болуы тиіс;

· Аурухананың мүлкіне мұқият қарауға;

· Отқа қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс;

· Аурухананың ішкі тәртіп ережелерін сақтауға тиіс;

· Студент босатқан тәжірибе күнін бағдарлама бойынша өтеуге міндетті.

 

Тәжірибе өткізу бойынша студенттерге қойылатын талаптар:

1. Санитарлық кітапшасы болуы керек.

2. Тәжірибеге уақытында келу.

3. Медициналық форма кию.

4. ЕПҰ талаптарын орындау.

5. Тәжірибе күнделігін күнделікті жүргізу

6. Күнделікте тәжірибе жетекшісінің және бөлім меңгерушісінің күнделікті қолы болуы керек.

7. Барлық жоспарланған дағдыларды игеру.

 

6.Тәжірибенің мазмұны:




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.