Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Ординатор-дәрігер көмекшісі» өндірістік тәжірибесінің қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерилері.



р/н Іскерлік және дағды, бағалау критерилері Ұпаймен бағалау
1. Медициналық құжатты толтыру. 4,0
  Бөлімшеде науқасты біріншілік қарап тексеруді болжам диагнозды негіздеп, дұрыс жазып алу. 0,5
Курациялайтын науқастардың жағдайының динамикасын, зерттеу нәтижелерінің интерпретациясын, науқастарды қарауды, кеңес беруді, емдеу схемаларын өзгертуді негізеуді күнделіктерінде жазып көрсету. 1,0
МКБ-10 бойынша клиникалық диагнозды негіздеуді жазып алады. 0,5
Толық кеңес берумен шығару эпикризін жазады. 0,5
Стационарлы науқастың стационарлық карасын толтырады. 0,5
Ауру тарихындағы жазулар медициналық дкументацияны толтыру ережелеріне сәйкес, анық жазу мен уақытында жазылады. 1,0
2. Таңертеңгі конференция жұмысына қатысу 4,0
Барлық таңертеңгі конференцияларда болады. 0,5
Конференцияда кезекшілік бойынша есеп береді. 1,0
Паталого анатомиялық ашу бойынша есеп береді. 0,5
Қабылдау бөлімінде жұмыс істеген кезде жағадан түскен науқастар туралы есеп береді. 0,5
Керек жағдайда курацияланатын науқастар туралы сұрақтарға жауап береді. 0,5
Дискуссияға, талқылауға қатысады, сұрақтарға жауап береді. 1,0
3. Анамнез жинау 4,0
Аурудың басын және мүмкін себептерін анықтайды. 0,5
Аурудың басынан және стационарға түскенге дейін аурудың динамикасын сұрастырады. 0,5
Бұрын өткізілген зерттеулер мен емдеу туралы және олардың нәтиелерін сұрастыру. 0,5
Тұқым қуалау бейімділігін және қауіп қатер факторларын анықтайды. 0,5
Зиян әдеттері, кәсіптік зияндықтары, үйреншікті интоксикация туралы сұрастырады. 0,5
Науқастың аллергологиялық анамнезін анықтайды. 0,5
Науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 1,0
4. Науқастарды жалпы қарау 4,0
Науқастың жалпы жағдайын бағалау. 0,5
Науқастың есін бағалау. 0,5
Науқастың төсектегі алпын бағалау. 0,5
Науқастың дене бітімін, конституциясын, жүрісін бағалау. 1,0
Тері жамылғыларының түсін, бүтіндігін, өзгерістерін бағалайды. Сарғаюды, көгеруді, плетораны, қасыған іздерді, бөртпелерді, операциядан кейінгі тыртықтарды және т. б. анықтайды. 1,0
Ісінулерді бағалайды. 0,5
5. Ішкі ағзаларды қарап тексеру, пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау
Жүрек қан тамыр жүйесі 4,0
Жүрек, мойын, перифериялық қан тамырлар аймақтарын қарап тексереді, патологиялық өзгерістерді анықтайды. 0,2
Жүрек аймағын пальпациялайды, жүрек ұшы түрткісін сипаттайды. 0,5
Перифериялық қан тамырлар мен пульсты пальпациялайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Жүректің салыстырмалы тұйықталу шеарасын дұрыс перкуссиялау, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Науқастың жүрек аускультациясын ретімен жүргізу, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Науқастың артериялық қысымын өлшейді. 0,3
Жүрек қан тамыр жүйесінің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
  Тыныс алу жүйесі 4,0
  Кеуде клеткасын қарап тексереді, оның пішінің, симметриялығын, тыныс алу актісіне қатысуын бағалайды, патологиялық өзерістерді анықтайды. 0,5
Кеуде клеткасын пальпациялайды, ригидтілігін, ауырсынуын сипаттайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Өкпенің салыстырмалы және топографиялық шекараларын дұрыс перкуссиялау, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Науқастың өкпе аускультациясын жасау, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Бір минут ішіндегі тыныс алу жиілігін санау. 0,5
Тыныс алу жүйесінің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
  Ас қорыту жүйесі 4,0
  Ауыз қуысын, ішті қарап тексереді, іштің пішінің, симметриялығын, тыныс алу актісіне қатысуын бағалайды, патологиялық өзгерістерді анықтайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Іштің беткей пальпациясын жасайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Образцов- Стражеско бойынша іштің терең пальпациясын дұрыс жасайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Ұйқы безі, өт қабы және асқазанның ауырсыну нүктелерін анықтайды. 0,5
Іштің перкуссиясын жасайды, Курлов бойынша бауырдың шекараларын анықтайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Асқорыту жүйесінің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
  Зәр шығару жүйесі 4,0
  Бетті және бел аймағын қарап тексереді, патологиялық өзгерістерді анықтайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Іштің беткей пальпациясын жасайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Науқастың тұрған және жатқан күйінде бүйректің терең пальпациясын дұрыс орындау, алынған мәліметтерді интерпретациялау. 0,5
Несепағардың ауырсыну нүктелерін анықтап, ұрғылау симпомын тексереді. 0,5
Бүйрек артерияларын аускультациялайды. 0,5
Зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
  Тірек- қимыл жүйесі 4,0
  Алдынан және бүйірінен жарық түсіріп, буындарды қарап тексереді, патологиялық өзгерістерді анықтайды, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Буындарды пальпациялап, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Буындардағы белсенді және белсенді емес қимыл көлемін анықтайды. 0,5
Буындардың функциональды жетіспеушілік дәрежесін анықтайды. 0,5
Омыртқаны қарап тексеріп, пальпациялайды, жазықтығын және орымтқаның қиаю дәрежесін анықтайды. 0,5
Тірек- қимыл жүйесінің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
  Эндокринді жүйе 4,0
  Дене бітімін, тері жамылғыларын қарап тексереді, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,5
Алдынан және бүйірінен жарық түсіріп, қалқанша безі аймағын қарап тексереді. 0,5
Қалқанша безін пальпациялап, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 1,0
Науқастың дене салмағы индексін анықтайды. 0,2
Науқастың жүректің жиырылу жиілігін, пульсын санап, артериялық қысымын өлшейді, алынған мәліметтерді интерпретациялайды. 0,3
Эндокринді жүйенің зақымдалу синдромдарын анықтайды және болжам диагнозды қояды. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
6. Болжам диагнозды құрастыру және негіздеу. 4,0
  Ішкі ағзалардың зақымдалу синдромын анықтайды. 0,5
Жетекші синдромды анықтайды. 0,5
Жетекші синдром бойынша әсіресе таралған нозология шеңберін анықтау. 1,0
Болжам диагнозды негіздеу. 1,0
Науқастың қарап тексерілу жоспарын құрастырады. 0,5
Берілген диагноз кезіндегі тандаулы препаратарды атау. 0,5
7. Клиникалық диагнозды құрастыру және негіздеу. 4,0
Лабораторлы зерттеу мәліметтерін интерпретациялайды. 1,0
Аспапты зерттеу мәліметтерін интерпретациялайды. 1,0
Қосымша зерттеу әдістерінің мәліметтерін есепке ала отырып, салыстырмалы диагноз жүргізу. 1,0
МКБ-10 бойынша клиникалық диагнозды, негізгі, қосымша, фондық ауруларды, асқынуларын жазу. 1,0
8. Емдеу жоспарын құрастыру 4,0
Науқасқа дұрыс тәртәп пен ем дәм тағайындалады. 0,5
Негізгі ем тандап алынады. 0,5
Халықаралық патенттелмеген препараттардың атын, дұрыс дозировка және емдеу схемасын қолдану. 0,5
Симптоматикалық ем тандап алынады. 0,5
Емдеу жоспарын құрастырған кезде қосымша патологияның болуын ескеру керек. 0,5
Емдеу жоспарын құрастырған кезде препараттардың өзара әсерін ескеру керек. 0,5
Емдеу жоспарын құрастырған кезе науқастың өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (аллергия, жүктілік, жасы және т.б.). 0,5
Динамикадағы науқастың емдеу жоспарын өзгертуді негіздеу. 0,5
9. Функциональды диагностика кабинетіндегі жұмысқа қатысу 4,0
  Функциональды диагностиканы жасаудың көрсеткіштері мен кері көрсеткіштерін айтып беру. 0,5
Науқас үшін функциональды дианостиканың тиімді әдісін тандайды. 0,5
Диагностикалық процедураға науқасты дайындауға қатысу. 1,0
Науқасқа процедура жасалған кезде қатысу. 0,5
Зерттеу нәтижелерін интерпретациялайды, науқастың болжам диагнозымен салыстырады. 1,0
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
10. Кафедра немесе бөлімше меңгерушісінің, профессорлардың науқастарды қарау, консилиум, консультациялық қарауға қатысу. 4,0
Науқасқа алдын ала кеңес берудің мақсатын және жолын түсіндреді. 0,5
Курацияланатын науқастың ауру тарихын науқастарды қарау кезінде баяндайды. 1,0
Кеңесшінің қосымша сұрақтарына жауап береді. 0,5
Курацияланатын науқастың ауру тарихына қараудың немесе консилиумның адекватты жазбасын жасайды. 0,5
Емдейтін дәрігермен бірігіп, науқастың қарап тесерілу және емдеу жоспарын талқылайды. 0,5
Кеңесші келесі сұрақтар қойған кезде науқастың ауруының динамикасын баяндайды. 0,5
11. Паталого- анатомиялық конференция жұмысына, клиникалық талқылауға қатысу. 4,0
  Паталого- анатомиялық конференцияның мақсатын және міндеттерін айтып беру. 0,5
Өлім эпикризін толтыруға қатысу. 0,5
Мәйітті ашуға қатысу. 0,5
Клиникалық жәнепаталого- анатомиялық дагнозды саыстыра алу. 1,0
Диагноздың қарама қайшы келу категориясын анықтау. 0,5
Паталого- анатомиялық конференцияның өтуін тәжірибе күнделігіне жазу. 1,0
12. Бөлімшеде кезекшілік 4,0
  Кезекшілікті қабылдау. 0,5
лімшеде дәрігермен бірге науқастарды қарайды. 0,5
Бөлімшедегі науқастарға қажет көмек көрсетеді. 0,5
Басқа бөлімшелерде кезекші дәрігермен бірге науқастарға кеңес беруге қатысады. 0,5
Бақылау журналын дұрыс толтыру. 0,5
Бақылау бойынша науқастың ауру тарихына жазады. 0,5
Таңертеңгілік конференцияда есеп береді. 1,0
13. Қабылдау бөліміндегі жұмыс 4,0
  Жаңадан түскен науқастарды тіркеуге қатысу. 0,5
Ауру тарихының титулды бетін толтырады. 0,5
Қаылдау бөлімінде науастан анамнез жинау. 0,5
Қабылдау бөлімінде науқастарды қарап тексеру. 0,5
Болжа диагнозды жазып, қарап тексерілу жоспарын құрастырады. 0,5
Қабылдау бөлімінде емдеу шаралары мен шұғыл диагностикалық шараларды өткізуге қатысу. 0,5
Науқасты бөлімшеге немесе функцональды диагностика кабинетіне тасымалдауға қатысу. 0,5
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
14. Салауатты өмір салты принциптерінің құрылуына бағытталған шараларды өткізу. 4,0
  Курацияланатын науқастармен әңгімелесу. 0,5
Науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 1,0
Көбінесе таралған аурулардың алдын алуының негізгі принциптері туралы және халықтың денсаулығын нығайту жөнінде білімін көрсету. 1,0
Санбюллетендерді дайындау. 1,0
Шығару эпикризін толтырған кезде салауатты өмір салты принциптерін және аурулардың алдын алуын ескеру керек. 0,5
15. Баланың физикалық дамуын бағалау (центиль бойынша) 4,0
  Өмірінің алғашқы екі жылында балалардың бойын жатан қалыпта арнайы бой өлшегішпен өлшейді. Баланы бой өлшегішке басы бой өлшегіштің өозғалмайтын бөлігіне тиіп тұратындай арқасымен жатқызады. Басын көзшарасының төмеңгі қыры мен сыртқы есту жоының жоғарғы қыры бір вертикальды жазықтықта орналасатындай етіп орналастырады. Баланың аяғын тізесіне ақырын басып жазады. Қозғалмалы планканы табанына тығыз жанасырады. Планкалар арасындағы арақашықтық баланың бойына сәйкес келеді. 0,5
Дене салмағын 25 кг дейін көтеретін және10г дейін дәлдікпен өлшейтін арнайы балаларға арналған таразы көмегімен өлшейді. Асында жаялықты өлшейді, содан кейін өлшенген жаялықты жайып, толық шешіндірілген баланы коромысла жабық тұрғанда басы және иығы лотоктың кең жақына, ал аяқтары тар бөлігінде орналасатындай жатқызады 0,5
Сантиметрлік лента көмегімен баланың бас және кеуде шеңберін өлшейді. Бас шеңберін артынан лентаны шүйде нүктесінен, алдынан қасүсті доғасы үстінен өткізіп өлшейді. Лентаны он жақ самай аймағынан сол жаққа қарай бағыттайды және нәтижесін маңдай үстінен анықтайды. Кеуде шеңберін үш рет өлшейді: тыныштық кезінде тыныс алғанда, тыныс алу шыңында, тыныс шығару шыңында. Бала қолдарын түсіріп тұрады. Өлшеуіш лентаны қолдарын жанына созып тұрған күйінде артынан жауырын бұрыштарына сәйкес орнатады. Содан кейін қолдарын түсіріп, лентаны алдынан ортанғы төс нүктесі бойынша орнатады. 0,5
Параметрлердің сәйкестігін центильді белгілер және олардың өзаа сәйкестігі бойынша аықталады. 1,0
Баланың физикалық даму нәтижелерін бағалайды. Балалардың үш тобын ажыраады: негізгі, қауып қатер тобы және физикалық дамуында ауытқулары бар балалар тобы. 0,5
Дене салмағы, дене ұзындығы көрсеткіштерін, олардың сәйкестігін, бас шеңбері динамикада, яғни белгілі уақыт аралығында баланың дұрыс жетілуі туралы айту. 0,5
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
16. Нәрестелер мен омырау жасындағы балалардың физиологиялық рефлекстерін бағалау. 4,0
  Ауыз рефлексін тексеру. Ол үшін баланың аузынан ақырын түрткілейді (қалыпты жағдайда ауыздың дөңгелек бұлшық еттері жиырылады, соның әсерінен ерінің алдыға қарай шүршитеді). 0,3
Іздеу рефлексін тексеру. Ол үшін ерінге тигізбей ауызының бұрыш аймағының терісін сиалайды (қалыпты жағдайда астынғы еріні төмен түсіп, тітіркену жағына тілі ауытқып, басын бұрады). 0,2
Еу рефлексін тексеру. Ол үшін баланың аузына емізік береді (қалыпты жағдайда ол белсенді ему қимылдарын жасай бстайды). 0,2
Бабкиннің алақан ауыз рефлексін тексеру. Рефлексті баланың алақанының бас бармақтың өрлейтін аймағын басу арқылы шақырады. Жауап реакциясы ретінде бала аузын ашып, басын иеді. Рефлекс он және сол алақанда анықталады. 0,3
Ұстау рефлексін тексеру. Ол үшін баланың алақанына саусақ ұстатады (қалыпты жағдайда бала саусақты ұстап алады да қатты ұстап тұрады). 0,2
Моро рефлексін тексеру. Бұл рефлекс баланы үстелге жатқызып, екі жағынан басынан 15-20 с арақашықтықта тез арада үстелді ұрумен шақырылады (қалыпты жағдайда біінші бала қолдарын жанына жайып, саусақтарын жазады да, содан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді, қолдарының қзғалысы ұстап алу сиатында болады). 0,5
Бабинский рефлексін тексеру. Өзінің саусағының ұшымен балаың табанының сыртқы қыры арқылы өкшеден бақайларына бағыттап өткіземіз, сол кезде бақайлары веер тәрізді жазылады. Қалыпты жағдайда Бабинский рефлекі аяғының жамбассан, тізе, толарсақ буынында бүгіледі. 0,5
Тірелу рефлексін тексеру. Баланы қолтығынан ұстап, сұқ саусақтарымен басын ұстайды. Осы жағдайда сәл көтерілген бала аяғын барлық буындарында бүгеді. Тірекке түсірілген соң ол оған толық табанымен тңреледі, жартылай бүгілген аяғында «тұрады», денесін ік ұстайды. 0,5
Автоматты түрде жүру рефлексін тексеру. Бұл рефлекс тірелу рефлексінің жалғасы болып табылады. Баланы сәл алдыға еңкейтеді, сонда бала қадам қимылдарын жасайды, бірақ қолдары қозғалмайды. Кейде балтырдың төменгі үштен бірінде аяқтары айқасып қалады. 0,3
Бауэрдың еңбектеу рфлексін тексеру. Баланы ішіне жатқызады. Осы қалыпта бала бірнеше секунд басын көтеріп, еңбекеу қозғалыстарын жасай бастайды (спонтанды еңбектеу). Баланың табанына алақанды қояды, «еңбектеуге» баланың қолдары кіріседі де ол тіректен белсенді түрде итерііп қозғала бастайды. 0,5
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5
17. Менингиальды симптомдарды анықтау. 4,0
  Шүйде бұлшық еттерінің регидтілігін анықтау. Ол үшін қолын шүйдеге қойып, иегін төске жақындатып, басын иеді. Қалыпты жағдайда мойын бұлшық еттерінің қарсыласуы анықталмайды, иегін төске тигізе алады. 0,5
Науқас балада оң Керниг симптомын аяқтары созылған арқасында жатқан күйінде анықталады. Бір аяғын жамбассан және тізе буынында тік бұрыш жасай отырып бүгеді. Содан кейін жамбассан буынында аяғын жазбай, тізе буынында жазады. Сол кезде бұлшық еттердің қарыластығы анықалып, бел аймағында ауырсыну болады. 0,5
Брудзинский І симптомын тексереді. Шүйде бұлықеттерінің регидтілігімен бір уақытта тексеріледі: арқасында жатқан баланың басын белсенді емес иген кезде аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгіледі. 0,5
Брудзинский ІІ симптомын тексеру. Қасағаның буындасқан жерінен басқанда жоғарыдағыдай аяқтары бүгіледі. 0,3
Брудзинский ІІІ симптомын тексеру. Керниг симптмымен бір уаытта тексереді: аяғын тізе буынында бүгкенде екінші аяғы тізе буынында бүгіліп, ішіне қарай иіледі. 0,3
  Лессаж симптомын тексеру. Омырау жасындағы баланы екі қолымен қолтық шұнқырынан ұстап көтереді, арқасы жағынан сұқ саусағымен басын ұстап көтереді, сол кезде аяғын жамбассан және тәзе буынында бүгіп, аяқтарын ішіне жинайды. 0,5
Мондонези симптомын тексереді: көзі жабық күйінде көз алмасына басады, ауырсыну пайда болады. 0,2
Бехтерев симптомын тексеру: шықшыт доғасы үстінен соққылаған кезде ауырсыну пайда болады. 0,2
Алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс интерпритациялау. 0,5
Процедура үстінде науқасқа өз іс әрекеттерін түсіндіріп отырады және науқасқа сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, шыдамдылық және мейрімділік танытады. 0,5

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.