Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Нейролептик-циклодол.





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Препарат:циклодол

Әсерлесу механизмі:антихолинергиялық әсерлер жинақталады

Әсерінің өзгеруі:холинергиялық әсерді күшейтеді,гипертермия болуы мүмкін

10) Тертациклин-кальцийАнтибиотиктердің әсері кальций препараттарымен қолданғанда төмендейді, асқазан ішек жолдарында күрделі қиын сіңірілетін қосылыстардың түзілуіне байланысты.Осыған байланысты тетрациклин мен кальций препараттарын қолдану интервалы 1,5-2 сағат болу керек немесе антибиотиктерді парентеральды қолдану керек

11) Наркозға арналған заттар –нейролептик.Наркозға арналған заттарды психозға қарсызаттармен(нейролептикпен) біріктіргенде жалпы ауру сезімін басады, вегетативті реакцияларды басады, психикалық тежелуге, үлкен молшерде естен тануға алып келеді, яғни нейролептиктер наркозға арналған заттардың әсерлерін шамадан тыс күшейте алады. Мысалы фентанил+дроперидол.

12.) Триметоприм-сульфаниламидтер.Екеуін жұптастырғанда дигидрофолатредуктазаны тежеп, дигидрофолийдің тетрагидрофолий қышқылына өтуін тоқтатады. Сульфаметаксазол мен триметопримнен тұратын бактрим(бисептол, котримоксазол, септрин) препараты бактерияға қарсы жоғарғы әсерлі, бактерицидтік әсерлі, қан сарысуындағы препараттың жоғарғы концентрациясы 3 сағ кейін анықталады, әсер ету ұзақтығы 6-8 сағ, бүйрек арқылы шығарылады, диспепсиялық бұзылыстар, тері аллергиялық реакциялар, жиі болады. Қан түзетін жүйені тежеуі мүмкін.Кейде бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуы дамиды. Суперинфекция да дамуы мүмкін.Бауыр,бүйрек, қан түзу жүйесі айқын бұзылғанда қолданылмайлы,6 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік кезінде тағайындалмайды. Сульфаметрол+триметоприм(лидаприм), сульфамонометоксин+триметоприм(сульфатон), сульфадимезин+триметоприм(потесептил) препараттары да осыған ұқсас.

13) Тетрациклин – Нистатин. Тетрациклинмен емдегенде оларға тән асқынулар суперинфекция болып табылады. Тетрациклиндер әсері кең спектрлі антибиотиктер болғандықтан ас қорыту жолдарының сапрофиттік микрофлорасын тежеп, кандидомикоздың және стафилококкпен, протеймен, көк ірің таяқшасымен шақырылатын суперинфекцияның дамуына қолайлы жағдай жасайды. Кандидомикоздың алдын алу және емдеу үшін саңырауқұлақтарға қарсы антибиотик Нистатин қолданылады. Сонымен қатар тетрациклинмен бірге В тобының витаминдерін тағайындаған жөн.

14) Изониазид – Рифампицин. Изониазид – Рифампицин препараттары туберкулезге қарсы 1-топ – тиімділігі жоғары препараттар қатарына жатады. Изониазид изоникатин қышқылы гидразидтерінің негізгі өкілі, синтетикалық зат болып табылады. Оның туберкулез микобактериясында жоғарғы белсенділік көрсетеді. Изониазид туберкулез таяқшасына бактериостатикалық, бактерицидтік әсер көрсетеді. Изониазидке туберкулез микобактериясының тұрақтылығы стрептомицин мен рифампицинге қарағанда өте баяу дамиды. Рифампицин алапес микобактериясына, грамм оң бактерияларға қарсы әсер көрсетеді. Микробтарға қарсы әсер механизмі РНК синтезінің тежелуімен байланысты болуы керек. Олар бактериостатикалық, ал жоғарға концентрацияда бактерицидтік әсер көрсетеді. Белсенділігі жағынан изониазидке жақын.

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.