Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Status praesens.



Anamnesis morbi.

Науқас өзін 1998 жылдан бері науқас санайды. Шахтада жұмыс істеп жүргенде, ең алғаш рет жүрген кезде тыныс алуы қиындап, жөтел пайда болған. Сол жылы кәсіптік аурулар дәрігеріне қаралып тексерілгеннен кейін «созылмалы обструктивті бронхит» деген диагнозбен амбулаторлы және стоционарлы ем қабылдаған, емінде: бисептол, бэротек, бромгексин қабылдаған. Өткізілген ем көмек беріп, науқас жағдайы жақсарады.

Сол жылы бірнеше айдан кейін ауру өршіп, тұншығу ұстамасы қосылған. Науқасты кәсіби аурулар дәрігеріне тексерілу барысында «гормонотәуелді бронх демікпесі» деген диагнозы қойылған. Соған байланысты науқас 1993 жылдан бастап үнемі преднизалон қолданып, жылына 1-2 рет стационарда ем қабылдап отырады.

Науқас өзінің қазіргі жағдайының нашарлауын бір аптадай бері суық тиюіне және ауа райының ылғалдануымен байланыстырады. Науқас 3.11.2010 жылы жедел жәрдем көмегімен Көпсалалы клиникалық №1 аурухананың қабылдау бөліміне келіп, сол күні 3- терапия бөліміне стационарлы ем қабылдауға жатқызылды.

 

 

Anamnesis vitae.

Науқас Алияров Нурлан Нуржкенович 1960 жылы Қарағанды қаласында туған. Жанұясында екінші бала.

Дамып жетілуі жасына сай, ақыл-ой және физикалық даму жағынан өз қатарынан қалмаған. Орта білімі бар. Жанұясында әлеуметтік тұрмыстық жағдайы орташа. 30 жыл шахтада жұмыс істеген. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. 2004 жылдан III топ мүгедегі, 2008 жылдан бері II топ мүгедегі.

Туберкулез, Боткин ауру және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Аллергиялық анамнезінде-көмір шаңына,пенницилинге, интал дәрілеріне аллергиясы бар.

Тұқым қуалау анамнезінде-тұқым қуалаушылық аурулары болмаған.

Зиянды әдеттері: күніне 4-5 рет темекі шегеді, аздап алкогольді қолданады.

 

Status praesens.

Науқастың жалпы хал- жағдайы орташа ауырлықты, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты. Санасы ашық. Төсектегі қалпы ортопноэ. Дене бітімі – нормостениялы. Бойы – 165, салмағы - 63 кг.

Тері жамылғысы бозғылттау, акроцианоз байқалады.

Тері асты шел майы біркелкі таралған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияланбайды.

Тірек - қимыл аппараты: сүйектерде, буындарда патологиялық деформациялық өзгерістер байқалмайды, пальпациялағанда ауырмайды, қозғалыстары еркін.

Тыныс алу жүйесі.

Тыныс алуы мұрын арқылы, еркін. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді. Тыныс алу актісіне бұлшықеттерінің екі жағы да бірдей қатысады. Тыныс алуы экспираторлы, жиілігі минутына 22 рет. Тыныс алғанда кеуде қуысы кеңеймейді, тек толығымен жоғары көтеріледі.

Жалпы қарағанда: көкірек клеткасы үнемі тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Бұл қабырға аралықтың кеңеюінен. Сонымен қатар қашықтықтан сырылдар естіледі.

Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі, элластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне жақсы таралмайды, әлсіреген.

Салыстырмалы перкуссияда:өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс.

Топографиялық перкуссия:

  Алдыңғы аймақ     Оң жақ   Сол жақ  
Бұғанадан 3 см жоғары   Бұғанадан 4 см жоғары  
    Артқы аймақ     VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында.   VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында.  
  Кренинг алаңының аймағы.   6 см   7 см

 

 

Өкпе экскурсиясы.

 

Топ. сызық. Оң жақ. Сол жақ.

l. med. clavicularis. дем алғанда =2 дем алғанда =2

дем шығ-да =2 дем шыға-да=2

l. axil.media. дем алғанда =3 дем алғанда =3

дем шығ-да =3 дем шыға-да=3

l. scapularis. дем алғанда =2 дем алғанда =2

дем шығ-да =2 дем шыға-да=2

 

 

Өкпенің төменгі шекарасы.

оң жақ. сол жақ.

l.parasternalis. VI қабырға аралық

l.med.ciavic-s. VII қабырғаның жоғарғы қыры.

l.axil. anterior. VIII қабырға аралық.

l.axil. media. IX қабырға аралық.

l.axil. poster-r. X қабырға аралық.

l.scapularis. XI қабырға аралық.

l.paraverteb-s. XII кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі.

Аускультацияда:Өкпе үстінен тыныс алудың әлсіреуі әсерінен тыныс шығарған кезде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс шығару қиындаған.

Жүрек-тамыр жүйесі.

Жалпы қарағанда: жүрек тұсында ешқандай өзгерістер жоқ. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.

Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, күші шамалы.

Жүрек шекаралары.

Шекаралары Оң жақ Сол жақ Жоғарғы
Салыстырмалы тұйық шекарасы IV қ.а. төстің оң жағынан 1 см сыртқа V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке. Сол жақ төс маңы сызығы бойынша III қ.а.
Абсолюттік шекарасы Төстің оң жақ қырынан IV қ.а. V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке Сол жақ төс маңы сызығы бойынша IV қ.а.

 

 

Тамыр шоғырының шекарасы.

Оң жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

Сол жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

Қан тамыр шоғырының ені-6 см.

Аускультацияда:жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары әлсіреген, жүректің соғу жиілігі минутына 90 рет. Артериялық қан қысымы 130/80 мм сынап бағанасында. Екі қолының білек артериясында пульс жиілігі бірдей, 80 рет.

Ас қорыту жүйесі.

Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, таза. Кариозды тістері бар. Қызыл иегі қалыпты.

Ішінің пішіні дұрыс, симметриялы, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысады.

Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқыр ішек оң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5 см; тоқ ішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;

Тоқ ішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.

Бауыр қабырға доғасынан шықпаған. Шеті үшкір ауырсынусыз.

Курлов бойынша перкуссия:

l. media clavicularis – 10 см.

l. media anterior – 9 см.

l. arkus costalis – 7 см.

Көк бауыр пальпацияланбайды.

Курлов бойынша өлшемі 6*4 см.

Нәжісінің түсі қоңыр, күніне бір рет үлкен дәретке отырады. Іш қату мен іш кебу болмайды.

Зәр шығару жүйесі.

Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлімігінде теріс мәнді.

Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Дизуриялық өзгерістер жоқ.

Эндокриндік жүйе.

Бұл жүйе жағынан шағымдары жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған. Бездер жағынан патологиялар анықталған жоқ.

 

Жүйке – психика жүйесі.

Санасыашық, есі дұрыс, адекватты. Тері сезімталдығы сақталған. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі.

«Саусақ мұрын» сынамасын дұрыс орындайды. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті сақталған.

 

Ажыратпалы диагноздың I – этапы.

Менің науқасымның клиникалық суретіне, шағымына, анамнезіне, өмір тарихына, объективті көрінісіне сүйене отырып, мынандай симптомдар мен синдромдар анықталды.

1. Тұншығу ұстамасы.

Оның негізінде бронх өткіздігіштігі бұзылып, бронхоспазммен көрініс береді. Ол экспираторлы тұншығу ұстамасымен сипатталады.

2. Бронхобструктивті синдром.

Оған тән симптомдар: қиын бөлінетін аз мөлшердегі қою қақырықты жөтел, өкпеде перкуторлы қорабты дыбыстың естілуі, аускультацияда құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі.

3. Тыныс алу жеткіліксіздік синдромы.

Оған тыныштық жағдайда және шамалы күш түскенде пайда болатын ентікпе цианоз тән.

 

Менің науқасымның ауруының ағымының ауырлығын, негізгі анықтайтын клиникалық көрініс- тұншығу ұстамасы болып табылады.

Осы айтылған синдромдар келесі ауруларда кездеседі:

1. Жүрек демікпесі.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.