Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

БРОНХ КАРЦИНОИДЫ.



Бронх карциноиды (БК) ол-бронх эпителиінен өсетін қатерлі ісікті сырқат.

Ауру туғызушы факторлар:

Созылмалы бронхит, бронхэктаз, пневмосклероз, созылмалы пневмония сияқты өкпенің бейспецификалық аурулары.

Науқас шағымы: бронх карциноиды кезінде науқас ұстамалы жөтелден кейін жеңіл бөлінетін сұйық ал қызыл қан аралас қақырыққа шағымданады, ал менің науқасымда қақырық сарғыш түсті,қою,жабысқақ және аз мөлшерде қиын бөлінеді.

Бронх карциноиды кезінде ауырсыну сезімі тұрақты болады, менің науқасымда ауырсыну сезімі байқалмайды.

Қарағанда:БК бар науқастарда дене температурасы субфибрильді және ұзақ уақыт сақталады, ал менің науқасымның дене температурасы тұрақты 36,5°.

БК кезінде ұстама кезінде науқас бетінде, мойынында, кеуденің жоғарғы бөліктерінде қызғылт-күлгүн немесе ал қызыл дақтар пайда болады, ал менің науқасымда терінің бозаруы және шамалы акроцианоз байқалады.

Пальпацияда:БК кезінде лимфа түйіндері ұлғаяды, ал менің науқасымда лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Перкуторлы:БК бар науқастарда өкпелік дыбыс тұйықталған, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс естіледі.

Аускультативті:БК кезінде сырыл естілмейді, кейде өкпенің бір сегменттерінде естілуі мүмкін. Ал, менің науқасымда өкпе үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Осы көріністерді ескеріп «Бронх карциноиды» ауруын жоққа шығарамын.

 

СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ.

Созылмалы обструктивті бронхит ол- бронхтардың созылмалы диффузды аллергиялық емес қабынуы және өкпе вентиляциясының газ алмасуының обструктивті түрімен жүретін сырқат.

Ауру туғызатын факторлар:

Темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби қызметтің жағымсыз жағдайлары, жедел респираторлық ауру, туғаннан ферменттер жетіспеушілігі (альфа 1 антитрипсин), бронх гиперреактивтілігі.

Науқас шағымы: Созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын науқастардың шағымында аурудың басталуы суық тиюмен байланысты, және ол таңертең аз мөлшерде бөлінетін шырышты іріңді қақырықты жөтелмен көрініс береді.

Ал менің науқасым тұншығу ұстамасына және сол ұстаманың соңында қиын бөлінетін сарғыш түсті кілегейлі қақырықты жөтелге, тыныштық және шамалы күш түскенде пайда болатын экспираторлы ентігуге, әлсіздікке шағымданады.

СОБ-пен ауыратын науқастардың анамнезінде темекі шегу, кәсіби аурулар орын алады, менің науқасымның анамнезінде бұл жағдайлар бар.

Қарағанда: кеуде клеткасы алдыңғы және артқы бағытта кеңейген, менің науқасымның да кеуде клеткасы кеңейген.

Перкуссияда: Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарда өкпеде қорабты дыбыс болып, өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығы төмендейді. Менің науқасымда да қорабты дыбыс естіледі, бірақ бүкіл өке бойында күшейген.

Аускультацияда: СОБ-ті бар науқастарда везикулярлық тыныс әлсіреп, тыныс шығаруы ұзарып, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Менің науқасымда да құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді ескере отырып, СОБ-ті жоққа шығармаймын.

ТРАХЕОБРОНХИАЛЬДІ ДИСКЕНЕЗИЯ.

Трахеобронхиальді дискенезия дегеніміз-бұл жөтелгенде немесе тыныс алған кезде трахеяның және ірі бронх қуысының бітелуі, ол мембраналық қабырғаның созылып, жұқаруы салдарынан трахея мен ірі бронхтардың экспираторлы коллапсымен көрінеді.

Науқас шағымы: ТБД кезінде науқастарға физикалық күш түскенде, күлгенде, дене қалпын өзгерткенде пайда болатын тұншығу ұстамасымен, жөтелмен, кейде естен танумен көрінеді.

Ал, менің науқасымда тұншығу ұстамасы аяқ астынан басталып және ол сарғыш түсті қиын бөлінетін кілегейлі қақырықты жөтелмен аяқталады, сонымен қатар құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

ТБД-мен науқастар анамнезінде кәсіби аурулар әнші, су жүзгіш қызметтеріне тән. Ал, менің науқасымда кәсіби ауру шахта қызметімен байланысты.

ТБД туа пайда болуы мүмкін. Онда ауру белгілері бала кезінен көрінеді. Менің науқасымда тұш\ншығу ұстамасы 33 жасында пайда болған.

Перкуторлы: ТБД кезінде анық өкпелік дыбыс естіледі, ал, менің науқасымда өкпе үстінде қорабты дыбыс естіледі.

Аускультативті: ТБД бар науқаста везикулярлы тыныс әлсіреген, ысқырықты сырылдар жоқ, ал, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді ескере отырып, трахеобронхиальді дискенезия ауруын жоққа шығарамын.

БРОНХ ДЕМІКПЕСІ.

Брох демікпесі деген-ол иммундық және бейиммундық механизм негізінде бронхтардың реактивтілігі өзгеретін созылмалы қайталамалы сырқат.

Ауру туғызатын факторлар:

Бронхтардың гиперреактивтілігі,атопия, тұқұм қуалау, аллергендер (өндірістік, эпидермальді,инсектті, шаң тозаң, саңырауқұлақтар, тағамдар, дәрі-дәрмектер) кәсіптік, арахидон қышқылының метобализмінің бұзылуы, дисгормональді бұзылыстар, респираторлы инфекциялар, полютанттар.

БД ауыратын науқас анамнезінде бронхит, созылмалы обструктивті бронхит, пневмониялар, аллергиялық аурулар болуы мүмкін. Менің науқасымның анамнезінде созылмалы обструктивті бронхиттен кейін бронх демікпесі дамыған.

БД кезінде тұншығу ұстамасы инфекциялық емес аллергендердің әсерімен байланысты (шаң-тозаң,тұрмыстық және өндірістік әр түрлі иістер, суық ауа т.б.), және тыныштықта, шамалы физикалық күш түскенде экспираторлы ентігу болып, аз мөлшерде қиын бөлінетін қақырықты жөтелдер болады.

Менің науқасымда тұншығу ұстамасы суық ауа әсерімен, ауа райының өзгерісімен, әр түрлі иістермен байланысты және шамалы физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде де экспираторлы ентігу болады, ұстама соңында аз мөлшерде қиын бөлінетін сарғыш түсті кілегейлі қақырық бөлінетін жөтел болады.

Қарағанда:БД-де науқас мәжбүр қалыпта-денесін алға еңкейтіп, екі қолымен тіреп отырады (ортопноэ) және науқас терісі көгерген, құрғақ болады. Менің науқасымда осы қалыпта отырады және де айтылған көріністер байқалады.

Перкуссияда:БД бар науқастарда өкпе ұстінде қорабты дыбыс естіледі. Менің науқасымда да осы белгілер бар.

Аускультацияда:БД бар науқастарда, әсіресе дем шығарғанда ысқырықты сырылдар естіледі, бұл көріністер менің де науқасымда да бар.

БД кезінде ұстама симпатомиметиктермен басылады. Бірақ қазіргі кезде оларды көп қолданғандықтан келесі патогенетикалық варианттар түрінде жүруі мүмкін.

1. Атопиялық вариантанамнезінде дәрімен немесе тозаңдық аллергендер, туысқандарында жиі аллергиялық реакциялардың болуы, көктемдегі гүлдердің тозаңдары т.б. ерекшеленеді. Менің науқасымның анамнезінде бұл белгілер байқалмайды.

2. Физикалық күштен кейінгі демікпекезінде ұстама физикалық күштен кейін пайда болады. Науқас ауруының басталуы кезінде ауыр зат көтеруді, жүргізуді көтере алмайды. Кейіннен физикалық күшке бейімділігі төмендеп, тұншығу ұстамасы кез-келген физикалық күште де байқалады. Менің науқасымда кейде бұл белгілер көрінеді.

3. Аспирин демікпесіағзаның қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдай алмауына байланысты, клиникасында вазоматорлы ринит көрініс береді. Менің науқасымның ұстамасы аспирин қабылдауымен және қабынуға қарсы стероидты дәрілермен байланысты емес.

4. Жүйке-психикалық вариантпсихикалық стресске жауап беретін процесстің өршуімен пайда болады. Бұл менің науқасымда байқалмайды. Жүйке-психикалық ауыратын науқастарда әр түрлі жоғары жүйке өзгерістері байқалады. Менің науқасымда бұл белгілер жоқ.

5. Инфекция тәуелді бронх демікпесіжиі бұған тыныс алу жолдарының аурулары себеп болады және суық тию кезінде асқынулар басталады. Менің науқасымның анамнезінде жиі жедел респираторлы аурулармен ауыру байқалмайды.

6. Гормонтәуелді бронх демікпесіанамнезінде өте ұзақ, яғни 1993 жылдан бері преднизалон қабылдауына байланысты, оны қабылдамаса тұншығу ұстамасы өте жиіленіп, күшеюіне байланысты; қазіргі кезде преднизалонды 20 мг қабылауына байланысты «Гормонтәуелді бронх демікпесін» дұрыс негіздеймін.

 

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗ.

Мен тексерген науқасымның шағымына, anamnesis morbi-іне, anamnesis vitae-сіне, объективті зерттеулеріне, ағзалары мен жүйелеріне I этап бойынша жүргізген ажыратпалы диагнозының негізделуінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, алғашқы диагнозды негіздеймін:

Бронх демікпесі. Персисивті ағымды, ауыр ауырлықты дәрежелі, өршу сатысында. ТАЖ-II. Гормонтәуелді.

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ.

Бронх демікпесімен науқас шағымында күніне 5-6 рет қайталанатын тұншығу ұстамасы, айқын экспираторлы ентігу, қиын бөлінетін аз мөлшерде сарғыш қою кілегейлі қақырықты жөтелдің болуы, ұстаманың эуфиллин, преднизалон қабылдағанда басылатыны;

Анамнезінде шахтада жұмыс істеп жүргенде созылмалы обструктивті бронхитпен ауырып, бірнеше айдан кейін тұншығу ұстамасы қосылғандықтан, бронх демікпесі диагнозы қойылған.

Объективті белгілерден: дене пішіні нормостениялы, кеуде клеткасы симметриялы тныс алуға қатысады. Тыныс алғанда кеуде клеткасы кеңеймейді, тек толығымен жоғары көтеріледі. Қашықтықтан дискантты сырылдар естіледі.

Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі сақталған, дауыс дірілі екі өкпесінде әлсіреген.

Перкуссияда: өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс естіледі.

Аускультацияда: өкпе үстінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Гормон тәуелділік-анамнезінде өте ұзақ, яғни 1993 жылдан бері преднизолон қабылдауына байланысты; оны қабылдамаса тұншығу ұстамасының өте жиіленіп кетуіне байланысты, қазіргі кезде преднизолонды күніне 20 мг қабылдайды.

Ауыр дәрежелі-тұншығу ұстамасының жиіленіп, күніне 5-6 кейде 7-8 рет қайталанып, әсіресе түнде мазалауы.

Өршу кезеңі-тұншығу ұстамасының жиілеуімен қоса, тыныстың дискомфортты өзгерістері болады.

Тыныс алу жеткіліксіздігі II дәрежелі-шағымында тыныштық және шамалы күш түскенде экспираторлы ентігудің болуы, объективті-мәжбүр қалыпта болып, денесінің көгеруі байқалады.




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.