Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

БРОНХ КАРЦИНОИДЫ.



Бронх карциноидында жалпы қан анализінде созылмалы қан кетуден анемия байқалады. Ал, менің науқасымда эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады.

Жалпы зәр анализінде бронх карциноидында 5-гидроксииндол қышқылы (серотонин метаболизмінің өнімі) көп мөлшерде бөлінеді. Ал, менің науқасымда α2 және γ глобулиндері, сиал қышқылы жоғары, СРБ оң мәнді.

Қақырық анализінде бронх карциноидында қақырық қан аралас және атипті клеткалар болады, ал, менің науқасымда эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиральдары кездеседі.

Рентгенограммада бронх карциноидында симметриалы емес ошақты өзгерістер, өкпе түбірі кеңейген, шеттері тегіс емес, ал, менің науқасымда өкпе мөлдірлігі жоғары, өкпе түбірі айқын, кеңею байқалмайды. Диафрагма төмендеген. Жүрек және маңайындағы тамырлар қалыпты.

Бронхоскапияда шырышты қабаттың көгеруімен тегістігінің бұзылғаны байқалады. Бронхоскопты өткізген кезде қан кету болады. Ал, менің науқасымда гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі және шырышты секрет жиналуы байқалады.

Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып «бронх карциноиды» ауруын жоққа шығарамын.

 

СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ.

Созылмалы обструктивті бронхитте жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы болады, менің науқасымның жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады.

Созылмалы обструктивті бронхитте қақырық анализінде – қақырық іріңді немесе шырышты іріңді, тұтқырлығы жоғары, түсі сары немесе сарғыш жасыл болады, ал менің науқасымның қан анализінде эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиральдары кездеседі.

Созылмалы обструктивті бронхитте қанның биохимиялық анализінде белок фракцияларының, сиал қышқылының жоғарлауы және СРБ оң мәнді; бұл көріністер менің де науқасымда бар.

Рентгенографияда өкпе деформациясы айқын көрінеді және өкпе эмфиземасы белгілері диафрагма күмбезінің төмендеуінен және оның қимылының шектелуі, өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы болады. Ал, менің науқасымда өкпе алаңының мөлдірлігі айқын, өкпе түбі кеңеймеген, диафрагма төмендеген . ЭКГ-да созылмалы обструктивті бронхитте жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы байқалады. Менің науқасымда өзгеріссіз.

Бронхографияда созылмалы обструктивті бронхитте бронх саңылауы кішірейген, ішкі контуры тегістігін жоғалтқан. Бұл менің науқасымда да кездеседі.

Бронхоскопияда созылмалы обструктивті бронхитте диффузды зақымдалуы, бронх және трахея қалыңдауы, жеңіл қанталап, іріңді шырышпен жабылғаны көрінеді. Менің науқасымда бұл белгілер жоқ.

Спирографияда созылмалы обструктивті бронхитте ФЖЕ төмендеген, ОФВ1 84% төмен, Тиффно индексі 88% төмен болады. Тәуліктік вариабильділік 12% төмен.

Ал, менің науқасымда ОФВ1 75% төмен, Тиффно индексі 60% төмен болады.

Жоғарыда берілген лабораторлы және функционалды зерттеулерді салыстыра отырып «Созылмалы обструктивті бронхитті» жоққа шығарамын.

 

ТРАХЕОБРОНХИАЛЬДІ ДИСКЕНЕЗИЯ.

ТБД-кезінде жалпы қан анализінде аздаған нейтрофильді лейкоциттер байқалады, ал менің науқасымда эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарлаы байқалады.

ТБД кезінде қанның биохимиялық анализінде өзгеріссіз, ал менің науқасымда α2 және γ глобулиндері, сиал қышқылы жоғары, СРБ оң мәнді.

ТБД кезінде жалпы қақырық анализі қалыпты, ал, менің науқасымда эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиральдары кездеседі.

Рентгенографияда трахеяның және басты бронхтардың вентро-дорзальді кішіреюі, қабырғаларының бір-біріне толық жабысуы байқалады. Ал, менің науқасымда өкпе алаңы айқын, мөлдірлігі жоғары, кеңеюі байқалмайды. Диафрагма төмендеген. Жүрек және маңайындағы тамырлар қалыпты.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, «Трахеобронхиальді дискнезияны» жоққа шығарамын.

 

БРОНХ ДЕМІКПЕСІ.

Бронх демікпесінде жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады. Бұл көріністер менің науқасымда да байқалады.

Бронх демікпесінде қанның биохимиялық анализінде белок фракциялары α2 және γ глобулиндері, сиал қышқылы жоғары, СРБ оң мәнді болады, бұл менің науқасымда да кездеседі.

Бронх демікпесінде жалпы қақырық анализінде эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиральдары кездеседі. Бұл көріністер менің науқасымда да бар.

Рентгенограммада бронх демікпесінде өкпе алаңдары айқын, мөлдірлігі де айқын, өкпе түбірлері кеңеймеген. Осы көріністер менің науқасымда да байқалады. Бронхография мен бронхоскопияда бронхитке тән өзгерістер бар, бұндай көріністер менің де науқасымда бар.

Спирографияда ФОВ төмендеуінің әсерінен ФЖЕ-де төмендейді, Тиффно сынамасы төмендейді, бұл төмендеулер, мен тексерген науқасымда да байқалады.

Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және ажыратпалы диагноздың І этапының нәтижелерін қорытындылай отырып «Бронх демікпесі» диагнозын негіздеймін.

 

 

КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ.

Науқастың жалпы шағымдарын, ауру және өмір тарихын, объективті зерттеулерін, ажыратпалы диагноздың І этапындағы нәтижелерді, жиналған лабораторлық құралды зерттеу қорытындыларын, ажырапалы диагноздың ІІ этапының ерекшеліктерін ескере отырып, клиникалық диагнозды негіздеймін.

Бронх демікпесі. Персистивті ағымды, орташа ауырлықты дәрежелі, өршу сатысында.ТЖ-ІІ. Гормонтәуелді.

 

Бронх демікпесі –алғашқы диагноздың негізінде және лабораторлы құралды зерттеу нәтижесінде: қанда эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарлауы;

Рентгенограммада өкпе алаңы мөлдірлігі айқындалуы, диафрагманың төмендеуі; қақырық анализінде эозинофиль, Куршман спиральдары, Шарко-Лейден криссталдары.

Спирографияда ФОВ-ның төмендеуі, ФЖЕ-нің төмендеуі, Пиффно индексінің төмендеуі көрініс береді.

Ауыр ауырлық дәрежесі –алғашқы этап диагнозының құралдары зерттеу нәтижесінде және екінші этап зерттеулеріндегі көрсеткіштер, Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, яғни вентиляция бұзылуы;

Рентгенограммада өкпе алаңы мөлдірлігі айқындалуы; қан анализінде эозинофилия болуына байланысты.

Өршу кезеңі –тұншығу ұстамасының жиіленуімен бірге (әсіресе түнде), тыныстық дискомфортты өзгерістердің байқалуынан.

Тыныс алу жеткіліксіздігі ІІ дәрежесі –алғашқы этап диагнозын ескере отырып және ІІ этап зерттеулерінде қан анализінде эозинофилия; ЭТЖ-ның жоғарлауы; спирографияда ФОВ-ның төмендеуі, ФЖЕ-нің төмендеуі, Тиффно индексі 60% төмендегенін байқаймыз.

 

ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ.

Бронх демікпесі –аллергендер мен кейбір дәрі - дәрмектердің, түрлі инфекциялар мен кәсіптік факторлардың және құбылмалы ауа-райының, эндокриндік, психогендік факторлардың әсерінен туындайтын ауру.

Даму жолында аллергиялық механизм маңызды орын алады. Олар түрлі текті аллергендер: инфекциялық вирустар, өсімдік тозаңдары, қарапайым және күрделі құрамды химиялық заттар.

Бронх демікпесінің патогенезі ІІІ кезеңмен жүреді:

1. Иммундық.

2. Патохимиялық.

3. Патофизиологиялық.

Иммундық кезеңде аллергеннің әсерінен антиденелер мен сезімтал лимфациттер пайда болады.

Патохимиялық кезеңде аллергеннің қайталанған әсерінен көбейген бұлтты клеткалар, биологиялық заттар бөлінеді.

Патофизиологиялық кезеңде демікпеге тән белгілер қалыптасады.

Инфекция-аллергиялық демікпе жоғары сезімталдықтың баяу типті реакциясымен жүреді. Баяу типті реакция нысана клеткаларға уытт әсер етеді. Сол антигенге сезімтал лимфоциттер аллергеннің антиденелерімен әрекеттесу салдарынан тоқ клеткалар биологиялық заттар (простогландин, лейкотрин, гистамин) бөліп шығарады. Олар бронхоспазмға әкеледі.

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.