Мои Конспекты
Главная | Обратная связь


Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Status praesens.



Науқастың жалпы хал- жағдайы орташа ауырлықты, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты. Санасы ашық. Төсектегі қалпы ортопноэ. Дене бітімі – нормостениялы. Бойы – 165, салмағы - 63кг. Тері жамылғысы бозғылттау, акроцианоз байқалады. Тері асты шел майы біркелкі таралған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияланбайды. Тірек - қимыл аппараты: сүйектерде, буындарда патологиялық деформациялық өзгерістер байқалмайды, пальпациялағанда ауырмайды, қозғалыстары еркін. Тыныс алуы мұрын арқылы, еркін. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді. Тыныс алу актісіне бұлшықеттерінің екі жағы да бірдей қатысады. Тыныс алуы экспираторлы, жиілігі минутына 22 рет. Тыныс алғанда кеуде қуысы кеңеймейді, тек толығымен жоғары көтеріледі.

Гормонтәуелді бронх демікпесіанамнезінде өте ұзақ, яғни 1993 жылдан бері преднизалон қабылдауына байланысты, оны қабылдамаса тұншығу ұстамасы өте жиіленіп, күшеюіне байланысты; қазіргі кезде преднизалонды 20 мг қабылауына байланысты «Гормонтәуелді бронх демікпесін» дұрыс негіздеймін.

Жалпы қарағанда: көкірек клеткасы үнемі тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Бұл қабырға аралықтың кеңеюінен. Сонымен қатар қашықтықтан сырылдар естіледі.

Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі, элластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне жақсы таралмайды, әлсіреген. Салыстырмалы перкуссияда:өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс. Аускультацияда:Өкпе үстінен тыныс алудың әлсіреуі әсерінен тыныс шығарған кезде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс шығару қиындаған.

Жалпы қарағанда: жүрек тұсында ешқандай өзгерістер жоқ. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, күші шамалы.

Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, таза. Кариозды тістері бар. Қызыл иегі қалыпты. Ішінің пішіні дұрыс, симметриялы, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысады.

Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасынан шықпаған. Шеті үшкір ауырсынусыз. Курлов бойынша перкуссия: l. media clavicularis – 10 см. l. media anterior – 9 см. l. arkus costalis – 7 см. Көк бауыр пальпацияланбайды.Курлов бойынша өлшемі 6*4 см. Нәжісінің түсі қоңыр, күніне бір рет үлкен дәретке отырады. Іш қату мен іш кебу болмайды.Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлімігінде теріс мәнді. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Дизуриялық өзгерістер жоқ.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, науқас ем қабылдауда, емнің әсері оң.

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1. Б. Қалимұрзина. Ішкі аурулар І-ІІ том – Алматы: Әсем систем-2005жыл.

2. Окороков А.Н.- Лечение болезней внутренних органов – Минск 1997 жыл.

3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни (2 томдық) Москва 2005 жыл.

4. А.Ә. Тәмен, Н.С. Умбеталина. Диогностика және диогнозды құрастырудың қазіргі кездегі принциптері. Қарағанды-2002 ж.

5. Воробъев А.И. Справочник практического врача. М., Медицина-1982ж

 

 




Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.