Тісті берілістердің геометриясы мен кинематикасына қатысты барлық терминдер және анықтамалар стандартталған.
Негізгі параметрлері.
Тісті жұптың кіші доңғалағы – шестерня, ал үлкені – доңғалақ деп аталады. Шестерня параметрлеріне 1 индексін, ал доңғалақ параметрлеріне 2 индексін қосып жазады. Одан басқа түрлі жазықтықтар мен шеңберлерге қатысты қосымша әріпті индекстер қойылады: w – бастапқы жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; b – негізгі жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; a – тіс төбесі жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; f – тіс ойығы жазықтығына немесе шеңберіне тиісті. Бөлу жазықтығына немесе шеңберіне қатысты параметрлерге қосымша индекстер қойылмайды.
11-суретте сыртқы іліністегі тісті берілістердің негізгі геометриялық өлшемдері келтірілген. Төменде солардың анықтамалары және шарты белгілері келтірілген.
z1 және z2 – шестерня мен доңғалақтың тістер саны.
Шеңберлік қадамp = pt – тісті доңғалақтың бөлу шеңбері бойынша көрші екі тістің аттас қабырғаларының иіні (доға) арасындағы қашықтық (бастапқы тісті рейканың қадамына тең).
Өсаралық арақашықтықaw- өсаралық түзу бойынша тісті доңғалақтар өстері арасындағы арақашықтық.
Профильдік ілінісу бұрышыα – рейка профилінің бұрышы. Бұл бұрыш аспаптық рейканың ілініс бұрышына тең және МЕСТ 13755-81 бойынша α =200.
Ілінісу бұрышыαw–N1N2 ілінісу сызығы мен ілінісу полюсінен өтетін өсаралық сызығына перпендикуляр түзу арасындағы бұрыш. Түзетіл-меген тісті доңғалақтар үшін αw = α = 20°.
Шеңберлік тістер модуліm – бөлу шеңберінің p шеңберлік қадамының π санына қатынасыm = p/π (тіс өлшемдерінің негізгі сипаттамасы немесе параметрі). Модульдің стандартталған (МЕСТ 9563-80) мәндері 3- кестеде келтірілген.
Бөлгіш шеңбер диаметріd – бұл шеңбер бойымен тісті кесу кезінде аспаптың домалайтын шеңбердің диаметрі. Бөлгіш шеңбер цилиндрлік тісті доңғалақтардың тістерінің өлшемдерін анықтау үшін базалы болады. d = mz.
Шестерня мен доңғалақтың бастапқы шеңберлер диаметрлері dw1 және dw2- айналу үдерісінде тісті доңғалақтар жұптары домалайтын шеңбер диаметрі. Нөлдік (түзетілмеген, нормаль) тісті доңғалақтарда бастапқы шеңбер диаметрі бөлгіш шеңбер диаметріне тең болады (d = dw).
Негізгі шеңбер диаметріdb– беріліс тісінің эвольвентасы сызылған шеңбер.
Тіс дөңесі шеңберінің диаметріdа– тістер дөңестерінен өтетін шеңбер диаметрі.
Тіс ойығы шеңберінің диаметріdf– тістер ойықтарынан өтетін шеңбер диаметрі.
Ілінісу полюсіP – берілістің тісті доңғалақтарының бастапқы беттерінің жанасатын нүктесі немесе нүктелері.
Ілінісу сызығыN1N2 – тісті берілістің қозғалмайтын буынына қатысты тістің қозғалысында тістердің жалпы түйіспе нүктелері траекториясы.
Ілінісу сызығының актив ұзындығыgα – N1N2 ілінісу сызығымен тіс дөңес шеңберлерінің қиылысқан нүктелері B1 және B2 арасындағы арақашықтық.
Тіс биіктігіh – тістің дөңес шеңбер диаметрі мен ойығы шеңбер диаметрі арасындағы арақашықтық. Бөлгіш диаметрі тіс биіктігін екіге бөледі.
Тіс қалпақшасы биіктігіha– тістің дөңес шеңбер диаметрі da мен бөлгіш шеңбер диаметрі d арасында орналасқан тіс бөлігі (ha = m).
Тіс аяғының биіктігіhf– тістің бөлгіш шеңбер диаметрі d мен ойығы шеңбер диаметрі df арасында орналасқан тіс бөлігі (hf = 1.25m).
11-сурет. Сырттай тісті іліністің геометриясы
МЕСТ 13755-81 бойынша бастапқы контурда мына параметрлер болады:α = 20°– профильдік бұрыш;hi* = 2ha*m – бастапқы контурдың батуы (кіруі) (мұндаha* = 1-тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті); c – радиал саңылау ((c = c*m, мұндаc* = 0,25– радиал саңылау коэф-фициенті).
Сырттай және іштей іліністі түзутісті және қиғаштісті цилиндрлік тісті берілістің геометриясын есептеуге қажетті формулалар құрама кестеде келтірілген (3.4-кесте). Ескертеміз: түзутісті берілістерге қатысты барлық формулалардаβ = 0 қою қажет, сонымен қатар нормаль модульдің mn орнына m модульді алу керек.
4-кесте
Цилиндрлі тісті берілістің геометриясын есептеуге құрама формулалар
Параметр атауы
Белгіленуі және есептеу формулалары
Бастапқы берілігендер
Тістер саны
шестерня
z1
доңғалақ
z2
Нормаль модуль
mn
Тістің көлбеулік бұрышы
β
Бастапқы контур параметрлері
Профильдік бұрыш
Тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті
ha*
Радиал саңылау коэффициенті
c*
Аспаптың жылжытукоэффиценті
шестерня
x1
доңғалақ
x2
Тәж ені
шестерня
b1
доңғалақ
b2 = bw
Есептеудегі геометриялық байланыстар
Беріліс қатынасы немесе саны
u = z2 / z1
Бөлгіш өсаралық арақашықтық
Жылжыту коэффициентерінің қосындысы
xΣ = x2 ± x1
Профильдік бұрыш
tanαt =tan α / cos β
Ілінісу бұрышы
invαtw =
Өсаралық арақашықтық
aw =
Бөлгіш диаметр
шестерня
d1 =
доңғалақ
d2 =
Бастапқы диаметр
шестерня
dw1 =
доңғалақ
dw1 =
Қабылданған жылжыту коэффициенті
y =
Теңдеуші жылжыту коэффиценті
δy = x2 ± x1 – y
Тіс төбесінің диаметрі
шестерня
da1 = d1 + 2mn(ha* + x1 – δy)
доңғалақ
da2 = d2 + 2mn(ha* + x2 – δy)
Тіс ойығы диаметрі
шестерня
df1 = d1 + 2mn(ha* + c* – x1)
доңғалақ
df2 = d2 + 2mn(ha* + c* – x2)
Тіс биіктігі
шестерня
h1 = 0,5(da1 – df1)
доңғалақ
h2 = 0,5(da2 – df2)
Ескерту: оң (+) таңба сыртқы ілінісуде, ал сол (–) таңба ішкі ілінісуде алынады.
4-кесте
Цилиндрлі тісті берілістің геометриясын есептеуге құрама формулалар
Параметр атауы
Белгіленуі және есептеу формулалары
Бастапқы берілігендер
Тістер саны
шестерня
z1
доңғалақ
z2
Нормаль модуль
mn
Тістің көлбеулік бұрышы
β
Бастапқы контур параметрлері
Профильдік бұрыш
Тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті
ha*
Радиал саңылау коэффициенті
c*
Аспаптың жылжытукоэффиценті
шестерня
x1
доңғалақ
x2
Тәж ені
шестерня
b1
доңғалақ
b2 = bw
Есептеудегі геометриялық байланыстар
Беріліс қатынасы немесе саны
u = z2 / z1
Бөлгіш өсаралық арақашықтық
Жылжыту коэффициентерінің қосындысы
xΣ = x2 ± x1
Профильдік бұрыш
tanαt =tan α / cos β
Ілінісу бұрышы
invαtw =
Өсаралық арақашықтық
aw =
Бөлгіш диаметр
шестерня
d1 =
доңғалақ
d2 =
Бастапқы диаметр
шестерня
dw1 =
доңғалақ
dw1 =
Қабылданған жылжыту коэффициенті
y =
Теңдеуші жылжыту коэффиценті
δy = x2 ± x1 – y
Тіс төбесінің диаметрі
шестерня
da1 = d1 + 2mn(ha* + x1 – δy)
доңғалақ
da2 = d2 + 2mn(ha* + x2 – δy)
Тіс ойығы диаметрі
шестерня
df1 = d1 + 2mn(ha* + c* – x1)
доңғалақ
df2 = d2 + 2mn(ha* + c* – x2)
Тіс биіктігі
шестерня
h1 = 0,5(da1 – df1)
доңғалақ
h2 = 0,5(da2 – df2)
Ескерту: оң (+) таңба сыртқы ілінісуде, ал сол (–) таңба ішкі ілінісуде алынады.