Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Олимпиада нышандары



Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер

де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған. Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.

Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.

 

Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Австралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.

Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19).

 

Футболдан әлем чемпионаты(немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионатыдеп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы(ағылш. FIFA World Cup) - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФАның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.

Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.

Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 (1942 мен 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өткізілген жоқ) жылдан бері өткізіліп келеді. Жәнеде барлық спорт әлемінің көптеген жанкүйерлері асыға күтеді. Кейде ең көп жанкүйерлер жинайтын спорттық турнир - Олимпиада ойындарында көп жанкүйер жиналады.

Соңғы әлем чемпионаты 2010 жылы маусымның 11-нен шілденің 11-не дейін Оңтүстік Африка Республикасында өткізілді.

 

12. Каранавал оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз. Карнавал түсінігін сараптауға келетін болсақ біз оның тарихының аяғына дейін анықталмағанын және сөздің этимологиясы анық емес екенін ескергеніміз жөн. Көптеген зерттеушілер ежелгі пракарнавал маусым ауысымы кезінде болып, аграрлық мейрам болғанын айтады. Көптеген нұсқалардың бірі бойынша, «карнавал» сөзі латын сөзінен шыққан, carrus navalis – Еуропада қола дәуірінде мейрам күндері пұтқа табынушыларды таситын салт-дәстүрлік кеме-арбы болып табылады. Басқа нұсқа бойынша, «карнавал» сөзі латынның екі түбірінен carno(ет) және vale(қош бол) тұрады. Бұл мейрам ежелден-ақ құмар аптаға 40 күн қалғанда атап өтіліп, Ұлы ораза алдындағы ерекше межесі болды.

Қазіргі карнавалдардың басты ерекшелігі еделгі римдіктердің сабантойлары болып табылады. Егістік пен құнарлық Сатурн құдайына арналған күндері римдіктер жалпыға бірдей теңдік пен өркендеудің алтын ғасырын жандандыратын мейрамды атап өтетін. Мейрам уақытындағы құл мен мырзаның айырмашылығы – құлдар ерікті, азат адамдармен бір үстел үстінде тамақтанып, мейрамды тойласа, ал мырзалар оларға қызмет көрсетті. Мереке күндері жалған патша сайланып, сабантой соңында ол өз-өзіне қол жұмсап немесе пышақ, от және ілгек көмегімен өлуге тиіс еді.

Христиандық сабантойдың келеуімен көптеген пұтқа табынушылық рәсімдердің өткізілуіне тыйым салынатын, бірақ мейрамның басты идеясы – барлық қатысушыларды теңестіру – Венеция отаны болып табылатын еуропа карнавалдарында пайда болды. Көптеген католиктік мемлекеттерде карнавал Ұлы Ораза алдында болатын, бұл туралы «Брокгауз және Ефрон Сөздігінде» карнавал сөзіне берілген анықтама арқылы білуге болады: «Карнавал – католиктік елдерде Шоқыну мерекесінен(6 қаңтар) бастап Ұлы оразаның алғашқы сәрсенбісіне дейінгі уақыт аралығы,бірақ әдетте карнавал деп роман елдерінде ұлттық шерулер, маскарадтар мен басқа ойын-сауықтармен атап өтілетін Таза сәрсенбі алдындағы 7-10 күнді ғана атайды». Көптеген сөздіктер мен энциклопедияларда карнавал іс жүзінде ашық аспан астында, би, театрлық ойындар, маскарад және шерулермен атап өтілетін ұлттық мейрам ретінде қарастырылады.(«Үлкен энциклопедия сөздігі»[3], «Шетелдік сөздер сөздігі»[26], Ожегов түсіндірме сөздігі[22] және т.б.

«Карнавал» және «маскарад» жиі синонимдес сөздер ретінде қолданылады. «Маскарад» сөзі итальян «mascherata» - бал, маска киген адамдар жиыны мағынасын білдерітен сөзден шыққан. Карнавал анықтамасына қарағанда маскарад оның бөліге болып табылады, карнавал түсінігі маскарад сөзіне қарағанда кең мағынада қолданылады. Сондықтан, карнавалды мына негізгі элементтерден: би, театрлық ойындар, маскарад, шерулер және т.б. тұратын ұлттық мейрам ретінде қарастыруға болады.

Карнавал әлеуметтік коммуникативтік құрал ретінде. Әлеуметтік жағдайына қарамастан әбрбір деңгей өкілдерінің коммуникациялық мүмкіндігі. Әлеуметтік жағдайы ең жоғары адам үшін карнавал уақытша және қауіпсіз оырн ауыстыру және өз жағдайындағы жетіспейтін қарым-қатынас бөлігін алу мүмкіндігі болып табылады.

Карнавал катарсис(тазару) ретінде. Мысалы, агрессия жою факторы ретіндегі боқ-ауыз сөздер немесе тазару ықпалы бар күлкі.

Карнавал жеке адам үшін маңызды болуымен қатар, жеке бір аймақ немесе ел ішіндегі мәдениет туризмінің дамуына зор септігін тигізеді. Карнавал сол елдегі мәдениет туризмінің имиджін қалыптастырудың эффективті құралы болып табылады. Мысал ретінде автор Е.Ключников фестивальдер мен карнавалдардың ел туризміне әсері туралы мақаласын келтіруге болады. Мақалада провинциалдық Зальцбург қаласына фестиваль дамыған инфрақұрылымды атақты мәдениет орталығы статусын иеленуге мүмкіндік берді. Бұған Моцарттың осы қалада тууына байланысты режиссер Макс Рейнхард пен композитор Рихард Штраус 1920 жылы негізін қалаған музыкалы-театрлық фестиваль әсер етті. Фестиваль арқасында Зальцбург қаласы Еропаның ең атақты туристік орталықтары болып табылады.

Қазіргі заманғы мәдениет менеджерлері проектті жүзеге асыруды бірінші орынға қойып, ал мәдениет туризмінің дамуын ұзақ мерзімдегі перспективалар қатарына қояды. Сондықтан, карнавал туризм объектісі теніде ерекше имидж акциясы бола алады. Бұл акция жергілікті аймақта туризм дамуына ықпа етеді, ол өз кезегінде аймақтың барлық инфрақұралымына әсер етеді.

Карнавал функциялары мен міндеттері:

Біріншіден, карнавал адам қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыратын, әлеуметтік, саясат мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық орта ретінде бола алады.

Екіншіден, карнавал өткізелетін аймақтаға имидж, брендтің қалыптасуына әсер етеді және сол аймақтағы туризм дамуына ықпал жасайды.

Үшіншіден, карнавал туризмі туристік нарықтағы табысты, пайдалы бағыт болып табылады, бұл бағыт туристік фирма тәжірибесінде перпективті бола алады.

Эстетиканың жоғарылығы, ал көп жағдайларда карнавалдардың экзотикалығы көптеген туристерді қызықтырады. Олардың көбісі жүйелі түрде, нақты бір уақытта өткізіліп тұрады, яғни осы уақытта көптеген туристік сапарлардың саны артады. Мысал ретінде атақты Бразилиядағы карнавалдарды және Италиядағы маскарадтарды келтіруге болады.

Әлемдегі ең атақты фестивальдік шара – Бразильдік карнавал.

Бұл ұлттық мереке ерекше рух пен уникалды елдің өмір стилін бейнелейді.

Бразилияның халқы тұрғылықты үнді халқының, африкан халқының тұқымдарынан және Азия, Еуропа елдерінің қоныс аударушыларың араласуынан қалыптасты. Әр түрлі мәдениеттер мен діндердің қосылуы жаңа дәстүрлердің пайда болуына негіз болды. Бразильдік карнавал – бүкіл халықтық мереке, ол өзінің масштабы, белсенділігі, қоғамдық өмірдегі маңыздылығы және оны ұйымдастыруға кеткен шығыны бойынша аналогы жоқ. Бразильдік карнавалдың пайда болуы 1641 жылға тиесілі, ол кезде Рио-де-Жанейро қаласының губернаторы Португалия королінің таққа отыруына байланысты толық бір аптаны мереке деп жариялады.

Қазіргі кезде карнавал ақпан айында өткізіледі, ресми түрде 4 күн, ал шындығында – бір апта немесе одан да көп. Барлық қалалардың көшелері мен алаңдары шерулермен, жаркыраган, фантастикалық костюмдардағы билеп журген және көңіл көтеруші адамдармен, олардың ұлтына, жасына, жынысына, әлеуметтік орнына қарамастан барлық жер толы. Карнавалдық шеруге қатысу ол – сол елдің әрбір адамына үлкен мәртебе. Бұл мерекеге ерекше шармды көптеген самба мектептері береді, себебі олардың дене қималдырының ырғақты топтық биі. Олар өздерінің қалаларында карнавал орталығы болады, ал байқаудың жеңімпаздары өздерінің қаласын немесе ауданын Рио-де-Жанейродағы басты мерекеде таныстыруға қол жеткізеді. Бұл жердегі карнавалдық шеру тоқтаусыз 3 күн қатарынан өткізіледі, содан соң қазылар алқасы жеңімпаз самба мектебін жариялайды. Ол мектеп бір жыл бойы елдің символы болады.

Рио-де-Жанейродағы басты карнавал шеруі арнайы самбадромда өткізіледі.

Самбадром – тік, екі жағынан қазылар мен көрермендерге арналған үлкен сыйымды трибуналары бар бір шақырымдық көше. Басты карнавалдық шеруге 1,5 млн қатысушылар мен көрермендер жиналады. Карнавал кезінде Рио-де-Жанейроға келу қиын және қымбат.

Орындарды брондау бір жыл бұрын басталады және бағасы өте жоғары. Осыдан барып жергілікті қазынаның табысы осы карнавалдан, ал 1995 ж. 100 млн долларды құрады.

13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.

Бүгінде карнавалдық қозғалыс әлемде нағыз ренессансты бастан кешуде: карнавалдар, тіпті карнавалдық емес елдерде пайда болуда, мысалы Жапония және Финляндия. Замануи карнавалдар 2түрлі тарихи бағытта дамуда- еуропалық ( Еуропаның ескі карнавалдарының дәстүрлері) және карибтік (еуропалық негіздегі карнавалдар бірақ африкалық негрлер мәдениетінің ықпалынан пайд болған)

Еуропалық карнавал римдік және германдық салттардың қосындысынан туған. Ақырындап карнавалдар өзінің шыққан түбірлерін ұмытып, көктемнің келуіне байланысты дәстүрлі мейрамға айналды.

Орта ғасырларда аскетизм рухының қысымымен карнавалдық дәстүрлер жарқын болашақпен дамыды. Уақыт өте еуропалықтар әлемге таралғанда, өздері келген континенттерге карнавалдарды ала келді, жергілікті тұрғындар бұл дәстүрді қуана қарсы алды.

Еуропалық карнавалдың отаны Италия. Көптеген жүзжылдықтарда карнавал ашық аспан астындағы халық мейрамы, көптеген маскарадтар, театрлық ойындар, мерекелік көше салтанаттары итальяндықтардың дәстүрі болып табылады.

Венециядағы карнавал әлемдегі ең атақты карнавалдардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұнда 500000 астам венециалық мейрамның табынушылары келеді. Басқа жердегілермен салыстырғанда венециалық карнавал бүкіл қаланы қамтиды. 1296 ж Венеция Республиканың Сенаты мерекелік күн деп Ұлы аштық күннен бір күн бұрынғы күнді белгілейді.

Венециалық карнавалдар 18 ғ шарықтау шегіне жетті. Ол кезде олар жылдың ең басты оқиғасына, сонымен қоса тіршіліктің негізіне айналды. Карнавал ешнарсе де аса ұят, аса батыл енмесе аса бұзық көрінбеді. Революция басталған соң карнавалдар ұмытыла бастады. 200 жылдай Венеция карнавалсыз өмір сүрді, 1980 ж бастап қайта қалпына келе бастады.

Қазіргі кезде ол 2 аптадай тойланады. Қалалық алаңдарда тарихи концерттер қойылып, фейерверктер атылды. Бұл күндері концертті көруге келген толы адамдар мен қайталанбас костюмдер мен маскаларды тамашалауға болады. Музыка және әуендер теңіздей ағылады. Театрларда карнавал тақырыбында спектакльдер қойылады. Ескі алаңдарда элиталық халық үшін бал-маскарадтар қойылады. Виареджодағы карнавал венециалық карнавалдан кем түспейді, бұл карнавал көркемділігімен, күлкілілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Флоренция мен Веронада мерекелік оқиғалар- бұл карнавалдық поезд, бал –маскарад, концерттер мен театрлық шоулар болып тұрады. Бүгінде итальяндық карнавалдарда туристер байқаушы болып қалғанды дұрыс көреді.

«Айрықша карнавалдық дүниесезім оның бүкілхалықтығы, именбеушілігі, келешекке серпінділігі жай мейрамдық көңіл күйге айнала бастайды» М.М.Бахтиннің айтуы бойынша.

Мүмкін толығымен көңіл көтеруге Венецияның келешегі алаңдатты, Себебі оның ғимараттары, бағаналардан тұрғызылған теңіз маңында орналасуында. Карнавалдардың қайта қалпына келуіне Венеция экс-мэр Антонио Казеллати қосқан үлесі мол болды. Оның қатысуы бойынша 20 жыл бұрынғы дәстүрдің қайта тірілуіне амалдар карнавалдық заңдар негізінде еркіндік пен батылдық әрекет қыла бастады. Бұл амалдар табыс әкелді және одан әрі созылуда.

Нәтижесінде бүкіл католикалық Еуропаға тарады, Францияға, Испанияға, Португалияға келді. Тұңғыш рет француздық карнавал 1924 ж Прованс Шарль Анжуйскийдің лептеуін еске түсіреді: «Эх, Ницца карнавалдарының бақытты күндері»

Бірнеше ғасырлар бойы карнавалдар стихиялық түрде болды, 1873 ж Ницца тұрғыны Andriot Saetone Мейрамдық комитет құруға тілек білдірмеді. Мейрамдар муниципалитеттердің басқармасымен өтіп отырды. Andriot Saetone ның қабілеттілігінің арқасында содан бері карнавалдардың жеке тақырыптары болады. Мысалы, 1953 ж мейрам «Цирк королі», ал 57ж Гастрономия королі, 64 ж Би королі, 90 ж Күлкі королі, 97 ж спорт королі деп аталды.

Карнавалдар ақпан, наурыз айларында өтеді, оның қонақтары миллиондаған туристер. Фестиваль салтанатты түрде король мен королеваның келуінен басталады, бұл іс шаралар дәстүрлі түрде карнавалдың ашылуы. Бұл нағыз ортағасырлық костюмдермен, ат жарақтармен, салт аттылармен, қасқырлармен және азулы құстармен көрініс табады. Мейрамның айрықша салтанаты Гүлдерді тамашалау, әрбір карнавал күндері Англия жағалауынан тамашалауға болады.

Европадағы ең ірі карнавалдардың бірі болып Германиядағы Кельн карнавалы болып табылады . Кельн бұл аумағы бойынша Германиядағы 4 – ші қала және ең көне қалалардың ішіндегі ең үлкені болып табылады . Оның аты латын сөзінен « колония, отар » сөзінен шыққан. 2000 жыл бұрын бұл жерде Римдіктер , Рейн өзенінің жағалауында « Colonia Romana » қаласын салған болатын . Римдіктер қазіргі Кельн қаласына өздерінің көптеген салт-дәстүрлерін үйреткен болатын . Бірақта бұл салт-дәстүрлер христиан дінімен сәйкес келмегендіктен орта ғасырда карнавалды ұйымдастыруға рұқсат болмаған . Тек қана 1800 жылы ғана карнавалды өткізуге деген тыйым алынып тасталынған болатын .Осы уақыттан бастап Германияда карнавал өткізілетін болды . Карнавал тек қана екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмей қалған болатын . Кельн тұрғындары өздерінің карнавалдарын жылдың ең қызықты карнавалы деп санайды . Жыл сайын 1 миллиондай турист келеді және 2 апта тойланады . Кельн карнавалы өтерде барлығы әр түрлі костюмдермен сәнденіп карнавалға қатысады , тек қана дәрігерлермен полицейлерден басқасы . Карнавал өтетін күндері халықтың барлығы алаңдарда немесе кабактарда болады . Мейрамханалармен кабактарда карнавал өтетін 2 апта ішінде Кельн тұрғындары мен қонақтары жыл сайын 40 миллион марок және карнавал костюмдары үшін 60 миллион марк жұмсайды екен . Кельн тұрғындары карнавал өтуге 3 ай қалғанда дайындалады екен . Кельн қаласындағы Немәс экономика институтының қызметкерлерінің есептеуі бойынша карнавал уақытысында немістер 3 пен 5 миллиард евро қаржыларын жұмсайды екен . Карнавалдың өтуінен еңбек нарыңында ұтады екен . Мамандардың есептуі бойынша осы уақытта Германияда 40 пен 50 мың шамасында қосымша жұмыс орындары ашылады екен . Немістек карнавалға жыл сайын 3 миллион костюм, 900 мың парик, 500 мың маскі, 2 миллион шляпі сатып алынады . Осы өнімдерді сатып алғандағы өнім айналымы 295 миллион евро құраған . Германиядағы карнавалда « әйелдер бейсенбесінен » басталады . Көне алаңда – көптеген әйелдер жиналады . Барлығы сағаттың 11 сағат 11 минут болғанын күтеді . Уақыт болғанда карнавал қатысушылар қалалық ратушаны бағындырады . Осы уақыт карнавалдың басталғанын білдіреді . « Әйелдер бейсенбісінде әйелдерге барлығы рұқсат . Сондықтан олар еркектердің галстугін кесіп өздерінің қожайын екенін көрсетеді . Ал жұма , сенбі күндері карнавал мейрамханалар мен сыраханаларда тыныш өтеді .Бұл күндері алаңдарда « карнавал әуендері айтылады жәнесусындарғы жеңілдіктер болады » . Ал сенбі күні аруақтарды еске алады . Кез- келген қалаған адам аруақтардың костюмімен алаңдағы карнавалға қатысса болады . Жексенбі күні балалар күні болады . Дүйсенбі күні « қызғылт дүйсенбі » болады . Оған Кельн орталық алаңында 1,5 миллиондай көрермендер жиналады . Келесі күні « майда көк гүл күні ». Ал сәрсенбі күні барлығы бір – біріне кресттің суреттерін салады және мейрамханалар мен сыраханаларда балық тағамдары ұсынылады . Кельн карнавалына ұқсас Дания мемлекетіндегі Festelavn « тәтті бөшке» . Бұл карнавал Ақпанның аяғы мен наурыздың басында өтеді . Бұл күні қалалар мен ауылдарда балалар бірінші тұрып ата- аналарын мерекелік әуенмен оятады . Кейін олар әдемі мерекелік костюмдерін, маскілерін киіп орталық алаңға шығады .

Лондонда өтетін – Кариб карнавалы . 60 жылдың басында Наттинг- Хиллде Индиядан келген тұрғындар жаулап алған болатын . Индиядан келген тұрғындар жұмыстың , үйдің жоқтығынан үйлеріне қайтуды аңсайтын .Осыны сезбес үшін олар Лондонның алаңдарында « өзге елде деген » мереке ұйымдастыруға тырысады . Бұл карнавалдың европада пайда болуына « темір бактегі барабаншылар » әсер еткен болатын . Бұл стиль екінші дүние жүзілік соғыста американдық теңізшілер Тринидад- Табаго жағалауына бос майдың бактерін лақтырғаннан басталған болатын . Тұрғылықты тұрғындар бұл темір бактерден әуендер шығаратын болған . « Темір бак » Тринидад –Табагоның ұлттық музыкалық аспабына айналған болатын . Қазір Наттинг – Хилл қаласы ең қалталы адамдар тұратын қала болып табылады . Карнавал тамыздың соңғы жексенбісінде басталады . Бұл күні карнавал балалар үшін болады . Ал дүйсенбі күні алаңдарға улкенгдер ұлттық әуендерді тыңдау үшін келеді . Мұнда әр турлі стилдегі рок, хип-хоп, джаз , фанк т.б. әуендер шырқалады . Кариб карнавалы енді дамып келе жатқан жас карнавал болып табылады . Әлемдегі ең керемет карнавал бұл – Бразилия карнавалы . Католик храмы өзінің күнтізбесінен бұл карнавалға күн белгіленген болатын. Осыдан бастап Пасха күніне 7 апта қалғанда басталатын болған . Карнавал бұл әрбір бразилиялық тұрғынға негізгі оқиға болып табылады .Әлемге ең әйгілі карнавал Рио-де – Жанейро қаласындағы ең қызық, әлемдегі көпшілікке арналған ең қымбат карнавал болып табылады . Халықтық мейрамдар туристік орталықтардан алыс орналасқан – Салвадорға , Ресифи- Лезе қалаларында болады . Бұл жақта тарихи оқиғалар қойылады . Карнавал қала мэрінің қаланың кілтін « карнавалдың короліне » беруден басталады . 4 күн бойы карнавал королі қаланың қожайыны аталады және кез- келген өзгертуге құқығы болады .Бұл күннің негізгі заңы барлығына мерекені тойлау болып табылады . Басында карнавал португал халқының әуенімен басталса кейін сло кездің сәнді әуенднрі польшаның,италияндық әуендермен басталған болатын. 1870жылдан бастап бразилиялық стиль maxixe стилінде басталатын болған . Кейін рончос болса, кейін самба биімен басталатын болды . Бұл би басында Африканың « семба » биінен шыққан болатын .1916 жылы карнавал үшін алғашқы самба жазылған болатын . 1928 жылы алғашқы самбабиін үйрететін мектеп ашылған болатын . самба мектебі Бразилиядағы негізгі институт болып табылады . Карнавал фабрикасы жыл боцы жұмыс атқарады . Карнавал жыл сайын атақты самба мектептерінің өткізуімен белгілі бір тақырып бойынша өткізіледі . Соған байланысты мектеп жыл бойы карнавалға арнап костюмдер, сахналарды , өздерінің самба биін жазады . Мұның барлығын 700 метрлік самбадромнан барлығынан да артық жүріп шығуы үшін істейді . Әрбір мектептен 3 пен 5 мың адамнан шығады . Олардың ішінде әйгілі спортшылар және әртістерде қатысады . 1984 жылы бастап карнавалдық кеш осы карнавалға арнайы салынған алаңда өткізіледі . Самбадромға 70 мыңнан астам халық сыяды және 40 мың орын орындықтармен жабдықталған. Карнавалдың ең қызықты кезеңі жексенбі, дүйсенбі күніне сәйкес келеді бұл күні 1-ші категориядағы самба мектептері өтеді . Карнавал маршы « қанаттарын жазу » мен басталады . Бұны арнайы мерекеге 1899 жылы Искинья Гонзага жазып берген болатын . Әрбір мектептің жүріп өтуі 1,5 сағатты алады . Алғашқы қатарды бастап атақты бишілер шығады , сосын мектеп қызметкерлері және атақты адамдар карнавал костюмдарымен лардың артынан мыңдаған бишілер және жүздіген әншілер шығады және бұлардың арасында 600 доллар төлеп кез- келген адамдар шыға алады . Жоғарғы лиганығ 14 бишілер мектебі 2 күн бойы шығады . Олар тек қана көрермендердің көңілінен емес төрешілердіңде көңілінен шығу керек . Төрешілер барлығын есептейді әуенді оның сөзін биді дұрыс орындалуын барлығын есепке алады . Бұл карнавалды көру үшін әрбір турист 250 доллар , креслода отыру үшін – 450 доллар , ал vip орындарға 100 доллар төлейді . Карнавалдық туризм 21 ғасырдың феномені болып табылады .

14. ТМД елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.

ТМД елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайында Ресейді мысалға алсақ. Ресейде дамуы ертеден бастау алмайды. Статистикалық мәліметтер бойынша, Ресейде бұл туризм түрі бойынша туристер тарапынан сұраныс көп емес. Бірақ жақын арада аймақтық туристік басшылар тарапынан бұл туризмді дамыту жоспарда бар. Дегенмен Ресейдегі фирмалар қалаған уақытында, қандай да бір іс-шараны ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар. Бірақ оны алдын-ала жоспарлау қажет. Ресейдегі туристерді қызықтыратын оқиғалы арасында мыналар: ірі халықаралық спорттық жарысулар (теннистен Кремль Кубогы, хоккей турнирлары, футбол матчтары және солтүстіктің Мурманск облысындағы спорттық мейрамы), мәдениет оқиғалыы - халықаралық Мәскеулік кинофестивалі, этникалық мейрамдар (Ыыса жазының келуіне орай якутия мейрамы, бір апталық халықаралық мәдениет пен өнер мейрамы) және діни мейрамдар ( Мәскеудегі орыс масленицасы).

Оқиғалы туризм туристер үшін қызықты аймақтың қандай да бір мәдени және спорттық өмірінен алынған шараларға бағытталады. Шын мәнінде әр облыстық қала өзінің мәдени және спорттық шараларымен танымал. Мысалы: Выборгтағы және Гатчинадағы халықаралық кинофестиваль, Приозерский ауданының Лосев ауылындағы «Вуокса» халықаралық кинофестивалі, Ескі Ладогадағы «Александр Невскийдің атағы», тарихи архитектуралық және қорығында камералық музыка кештері. Ескі Ладогадағы, Тихвиндағы фестивальдар және мерекелер.

«Қорғандағы рыцарлық қылықты», Выборг ауданы, Выборг қорғаны. Жыл сайынғы мереке, шілде айында театрланған қойылым ұсынады: рыцарь киімін киген рыцарьлар, латтар және кольчугтар рыцарь турнирларында соғысады. Ежелгі музыка концерттері ұйымдастырылады.

«Орыс қорғаны» Приозер ауданы, Приозерск қаласы, Корела қорғаны. Әскери тарихи фестиваль шілде айының басында Корела қорғанында өтеді. Фестиваль бағдарламасында: қорғанның танымдық штурмы, қорғанға қарай қала көшелері бойымен фестиваль қатысушыларының маршы, семсерлесу турнирі, атты рыцарлық турнир, ортағасырлық күнделікті өмірдің реконструкциясы, ежелгі және ортағасырлық музыкаларға арналған концерттер.

«Ескі Ладога» фестивалі, Волхов ауданы, Ескі Ладога: әскери тарихи фестиваль, жыл сайын маусымның аяғы мен шілденің басында ерте ортағасырлар мерекесі. Фестиваль бағдарламасында: ортағасырлық әскери және күнделікті өмірдің тарихи рекострукциясы, жауынгерлердің көрсетілімі, тарихи костюмдердің көрсетілімі, салалармен танысу, сауда қатарлары, спорттық жарыстар.

«Өмір ағымы» Подпорожск ауданы, Вепс селосы: Вепсск фольклорлық фестиваль мерекесі жыл сайын шілдеде өткізіледі. Фестиваль тілдер мерекесі мен қазіргі заманғы серуендердің бірлестігі. Солтүстік және солтүстік шығыс Ленинград облысының бұрынғы тұрғындары вепсы, финны, карелдер, Ленинград және Вологда облыстарының, Карелия Республикасының ұлттық ансамбльдері қатысады. Бағдарламада , сонымен қатар, көрсетілімдер, ауыл өміріндегі отырыстар формасындағы театрланған бағдарламалар бар.

«Сабантуй» Всеволожск ауданы, Кузьмолово ауылы. Мерекені маусым айының соңғы жексіьісінде тойланады. «Сабантуй» еңбек мерекесі деген мағнаны береді. Ашық аспан астында үлкен концерттік театрланған көрсетілім, спорттық және көңіл көтеру, көз жұмып табақтарды сындыру, ағашта тұрып жастықтармен күресу, қаппен жүгіру және т.б болады.

«Копорье фестивалі» Ломоносов ауданы, Копорье селосы: жыл сайынғы облыстық тарихи фольклорлық мереке маусым айында өтеді. Мерекенің басты батыры кез келген, тіпті қиын ситуациялардан өзін және жолдастарын көңілді қалжыңдарымен қолдай алатын орыс солдаты. Үлкен мерекелік көрсетілімде ветеран жеңімпаздар қатысады. Бағдарламада көңілді жарыстар, концерттік бағдарламалар бар.

«Жүректерді тұтандыр» Волосов ауданы, Извар селосы. Облыстық мереке 9 қазанда ұлы суретші, ғалым, саяхатшы Рерихтің туған күнінде тойланады. Мереке Рерих шығармаларына табынушыларды жинайды. Музыкалық ұғымдардың өнер көрсетілімдері, Мариин театрының артистерінің қойылымдары, әртүрлі коллекциядан салынған суретшілер картинасының көрмелері.

«Әдебиет және кино» кинофестивалі, Гатчина қаласы: Ленинград облысында көптеген жылдар бойы өтетін бұл кинофестиваль ешқандай фестивальға ұқсамайды. Оның бағдарламасына әдеби шығармалардан тұратын фильм экранизациялар кіреді. Фестивальдің қатысушылары: кинематографтар, режиссерлар, жазушылар, сценаристер, актерлар, драматургтер, продюсерлер, журналистер, киносыншылар, әдеби шығармалардың желісі бойынша құрылған фильм экранизация және картиналар ұсынған әдебиеттанушылар бола алады [13].

15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.

Жалпы, Ресейде карнавалдық мерекелер екi жақты, бiр жақтан, ол еуропалық карнавалдық мәдениеттiң тәжiрибесiмен болды және екінші жақтан өкiмет орнатқан ұйым және мiндеттi түрде маска кию, оған қатысушылар өздерінің кейпiн өзгерту болып табылған театр, ойын-сауық, пұтқа табынушылық және халық мәдениетінің ішінде тамыры кең болды. Қатал мағынада еуропалық карнавалдың аналогі Ресейде масленица болып табылады. Алайда, әр түрлi себептер мен Ресейде масленица қалалық мерекелiк мәдениетiнiң ажырамас элементі болмады.

Жеңiлтек мiнез - отандық карнавал буындарының бiрi, бай дәстүрлерi бар мерекелiк мәдениет, ауылшаруашылық жерлермен қатар қалалардағы: Троица мерекесі , Қасиетті Ярилы және масленица, көктемде болатын Мамыр мерекесі.Бұл мерекеде халық өлең айтып, би билеп, өздерінің ғажайып костьюмдерін киіп және көшелерді түлі түске бояп безендірген. XVII ғасырдың аяғында бұл халықтың мерекелiк және фольклорлық мәдениеттiң қуатты оқиғасы болды. Дегенмен недәуiр мөлшерде еуропалық карнавалдың қалалық ортаға енуі, пұтқа табынушылық мәдениеттiң жеке пiшiндерін тірілтуге мүмкіндік берді.. Жұрт үшiн маскарад өнер мен әдебиет қосындысы болды.

XVII ғасырдың екiншi жартысында Еуропада мерекелердiң жаңа пiшiнi көрiнiс тапты.Ол - сарай маңындағы карнавал. Тек қана халық карнавалдық дәстүрiнiң пiшiнiн көрсетіп қана қоймай, сарай көңiл көтерулер стилизациялық жолмен кеттi: маскарад, жүру, аллегория және нұршашу карнавал стильін әбден ойдағыдай көшiрiп алды. Бұл маскарат I Петрдiң императорының реформаларымен мәдени серпiн алды. Негiзгi бұл маскарат қасиеттi және масленица ырымдарының шығуына негіз болды.Сол кездегі ақсүйектердің басқа киімдерді киюі ешкімнің ойында болмады. Мұндай болған iстiң маскарадтары мұқият ойлап, отрежиссирлеген, және маңызды театр ұсыныстарына сияқты тұрғызылды. Декорацияны балкондар салды, арнаулы костюмдер, актерлердi тiк рөл жаттады, көрермен ал балкондар және төбелермен терезелерiнiң бұл спектаклiне үй қарады. .Мұндай маскараттар мұқият ойластырылып, адамдар оған арнайы костюмдер дайындаған.Сонымен қатар, театрлық қойылымдар дайындалған.Бұл орыс халқында алғашқы театр мәдениетінің негізін қалатты деп айтуымызға болады.

Мұндай мерекелік шаралар жарты ғасырға дейін өткізіліп тұрды.Осы мерекелік шараға қатысушылар саны мыңға жетті.Осы шараға қатысушылар өз арасында орталық топтарға бөлінді.Мысалы , Бахус, Нептуни немесе басқа римдiк құдайлар. Мұндай мерекелiк шараларды жарты ғасыр, қатысушыларын саны мың адамға дейiн жиi жеткен маскарад процессияларының болған iсi дерлiк бойы сақталған бас пiшiнмен. қатысушылар әрi өз орталық фигурасы болатын топтарға жiктелдi, Петр үшiн шiркеуде оныңның абыройын маңызды жұлып алуға болды және, масканың сықақты және күлкiлi мәнiн аужайлай, ол бұл процессияларда қосты және маскада, заң орнатушы шiркеу иерарх киiнген аллегориялық фигуралар. .

Сол мерзiмнiң өте белгiлi маскарадтарының бірі Мәскеуде 1722 жылдың 28-31 қаңтарында өткізілді.Ништадского жағалау бойымен Тверге дейiн көшелер бойымен безендiрiлген желкендi кемелер,алпыстан аса шаналар, түрiк фелюгаларымен безендірілген атты арбалар болды.Патшаның қасында түрлі костьюмдермен киінген офицерлер және шетел қонақтары да болды. Олар Кремль мен Қызыл алаңды екі рет айналып өтті. Сонымен қатар бұл маскарат қарапайым халыққа да өте ыңғайлы болды. Карнавал Ресейдiң даңқын шығарды. Петербургте 1723 жылы 30 тамызда өткiзiлген карнавал Ресейдің теңіз даңқын,дұшпандарының алдында өздерін тік ұстайтынын және оларға күле қарайтындығын, жеңгендігін көрсетті. Сонымен бiрге Елизавета Петровна және Aннаның басқаруымен карнавалдық көңiл көтерулер жүргiзiлдi. Елизавета Петровна 150-200 адамдай сарай сыртында және ішінде жұмыс істейтін адамдарды және барлық мәртебелi тұлғаларды,полковниктен төмен есем адамдар және кейде мәртебелi көпестердің қатысуына рұқсат береді.Еркектер бұл күні әйел киімдерін киіп, ал әйелдер ерлердің киімдерін киеді. Бұл маскараттың аты - «Метоморфоз». Маскаратты бұлай атау себебі жас патшаға ер адамның киімі өте жарасқан.Осы маскараттың да шығуы осы патшайымға ер адамның киімі жарасқандықтан. Егер немесе заң орнатушы бiрдеңе кекететiн болса, аллегориялық маскарад уақытпен бәрi мәнерлi тамашадан астам болды, онда ненiң ағарту позицияларымен ендi тезiрек бұл жоятын Екатеринаны император әйелдiң патшалық етуiне 18 қабақтың ортасына II әсiресе жарық айқындалды. Мұндай ағарту маскарадтардың бiр жарық үлгiсiмен римдiк әйел құдайды қуанайтын Минерваның өзiмен бейнелеген жүруiнiң үш күндерiнiң жалғасына Мәскеудiң көшелерi бойымен 1763 жыл жүрген процессия, бейнелеген мемлекеттiк даналықты және кәсiптердi қамқоршыны және өнер болып тұрды. 1763 жылда өзi орасан зор оқиғалар тұрдыдан Мәскеуге бiрi. Арбалар, шаналардың екi жүзi арба қосатын жүруiнде, төрт мың адам араласты. .

19 ғасырда карнавалдар атақты бола бастады. Тіпті 1812 жылы соғыстан кейін мүгедек жағдайы нашар отбасыларына өкімет осы карнавалдардан жиналған ақшамен көмек көрсеткен.

1829 жылы зейнетке шыққан полковник Василий Васильевич Петербургте Нева даңғылының бойында үлкен үй салдырады. Ол қоғамдық мерекелер мен іс шараларға байланысты салынды. Бұнда өтетін кешке билетпен барлық адамдарға есік ашық болған. 18-19 ғ осында өткен карнавалдарға тек ақсүйек адамдар қатысып қарапайым халық көрермен ретінде қатысқан тіпті кейде олар кіргізілмеген.

Совет өкіметі кезінде мейрам мәдениетін зерттеуші А.И.Мазаевтың айтуынша алғашында қарапайым халық қабылдай алмады себебі 1-ден оны Петр 1 ж.е Екатерина мәжбүрмен енгізбек болды. 2-ден ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен мерекелер қатарына жасанды түрде еңгізбек болды.

20 ғ басында А.Макаревичтің тұжырымы бойынша көптеген төңкерістерге байланысты карнавалдарға сұраныс бір шама азайды. Содан СССР орнауына байланысты карнавалды үгіт насихат жүргізу үшін қолданды.

Жалпы Ресейде карнавалдардың қайта жандануы жайлы 19-тамызда 1951 жылы «Правда» газетінде «Мәскеудегі карнавалдар жарияланды. 1977 жылы карнавалдар Геленджикте өте бастады. Ресейдің саяси- эканомикалық өзгеруіне байланысты 90 жылдары карнавал ұғымы толықтай енді.

Орыс карнавалдарының негізгі 3 бағыты бар:

1.Дәстүрлі мейрамдар оның ішінде тілдік мейрам (масленица)

Бірінші топтағы карнавал бұл әлі анық емес ,бұл масленица дәстүрі әр қалада өткізілгенімен,туристік фирмалар қысқа мерзімдік демалысқа масленица мейрамын ұсынады.Оған Кареми,Суздале,Гвер,Туле және Алтын жүзік қаласы.Бұл карнавал түрі әлі әлемге әйгілі емес,тек ол экскурсия түрінде туристерге ұсынылды.

2.18 – 19 ғасырдағы орыс карнавалдары (ағартушылық және тарихи оқиғалар)

Екінші топқа әлі әлемге әйгілі болмаған,тек санаулы карнавалдар.Мысалы Санкт-Петербург,Патшалық село және т.б.Санкт-Петербургтегі карнавалдар негізінен 2001 жылы жоғары дәрежеде өтті.Еуропаның Ассоциялық карнавалдарының тізімінде болды.2007 жылы маусымда өткізілді және ол Невск даңғылында өткізілген.Бұл карнавалдың аты Күн қаласы.

3.Орыс жөн-жорарғылар негізіндегі күлкі мінез-құлықтық карнавалдар,нағыз орыс дәстүрін көрсететтін карнавалдар,дүниежүзілік танымал карнавалдың сипаты

Үшінші топтағы карнавалдар олар әлі өткізілмеген, болашақта жоспарлануда.

Алғашында Красноярскілік карнавалы қаланың 375күндігіне 2003жылы дайындалған, содан бастап бұл карнавал жыл сайынғы дастүрге айналды. Жыл сайын қала күні шілде айында откізілетін болды. Карнавалда адамдардың барлығы тарихи кейіпкердің бейнесінде киімдер киді, тіпті қаланың бетке ұстар адамдарыда белсене қатысты. Сонымен қатар қаланың әр аудандарындағы адамдар тарихи тақырыптарды бөліп алған.

Норильск карнавалы ең алғаш 2000жылы өткізілді қыркүек айында өткізіледі және бір қызығы сол кезде жаңбыр жауады.

Ульяновсктің карнавалы тұңғыш рет 2005 жылдың 12 маусымының өтті бұл каргавал соңғы қоңыраудын құрметіне өткізіледі. Карнавалға көбінде мектеп бітірушілер мен мұғалімдер қатысады. Сонымен қатар Тольяттида карнавалдың басты мақсаты табиғатқа деген адамдардың махаббаты және жан жануарларға деген жан ашырлығы құрметіне өткізіледі. Жалпы Ресейде «Оқиғалық туризм карнавалдар» деген ұғым белгілі бір нысанға келтірілмеген бірақ соған қарамастан олар барлық карнавалдары ат салыса откізеді.

Ең танымал карнавалдар Геленджик,Патшалық село, Санкт-Петербургте, Ярославльта және Мәскеуде өткізілді.

16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.

Бүгінгі күндері демалыстың сәнді де, әсерлі түрі бұл оқиғалы туризм деп айтуға болады. Кез-келген талғамдағы планетаның әсерлі оқиғалыына қатысу, мысалы, Евровидение, «Формула-1» жарысы, футболдан әлем чемпионаты. Қандай мәдени, спорттық немесе ойын-сауықтыру шараларына баратыныңызды өзіңіз таңдайсыз. Бразилиядағы фестиваль немесе Миландағы сән көрсетілімдері, Пекиндегі аэрокосмостық өндіріс жетістіктерінің көрмесі немесе Мюнхендегі «Октоберфест» Бүкіл әлем өзінің қызықты да, ұмытылмас оқиғаларымен сіздің келуіңізді күтеді. Оқиғалы туризм өзіне не керек екенін білетін, өзінің демалысын өзі жоспарлайтын қуатты, заманауи адамдар арасында танымалдылық алып барады. Әр күн сайын планетамызда көптеген қызықтар болып жатыр! Оқиғалы туризм – сіздер таңдаған және арнайы сіздерге арналып дайындалған мереке. Егер туризм жайында айтатын болсақ, онда туризм ұлттық және жаһандық немесе халықаралық деп бөлінеді. Бұл туризмнің тематикасы қиынырақ және шараның мазмұнына тәуелді. Мысалыға, Олимпиадалық ойындарды өткізу мен чемпионаттарды спорт біріктіреді, ал тамақ фестивальдары мен демонстрацияларын тамақ біріктіреді.

Оқиғалы туризмнің басымдылығы оның басқа туризм түрлерімен сәйкес келуі: рекреациялық туризммен, ауыл туризмімен және басқа да түрлерімен байлныстырады. Жоғарыда спорттық оқиғалы туризмі туралы айтылған болатын. Әртүрлі марапаттау шараларының өткізілуі, сән көрсетілімдері, шоу-бизнес және эстрада жұлдыздарының концерттері – бұның барлығы оқиғалы туризмі. Келесі мәліметтерге тоқталсақ. Ұлттық мерекелерге қызығушылар үшін – АҚШ-қа қош келіпсіздер! Бұл жерде ай сайын мереке: ақпандағы бәліш күні және сурка күні, наурыздығы қасиетті Патрик күні, сәуірдегі арболистер күні, мамырдағы аналар күні, маусымдағы әкелер күні және тағы басқалар. Шынында, бұндай жағдайда тек бір ғана штатқа бару жеткіліксіз.

Тек тағам жайлы айтып қана қоймай, сусындар карнавалдарын ұмытпаған жөн. Ең танымал сыра фестивальдері Германия мен Чехияда өтеді. Ал шарап фестивальдері Лимасолда болады.

«Мерекелі» мемлекет репутациясына ие мемлекеттердің бірі Италия. Жыл сайын ақпан айында өткізілетін ең танымал карнавал Венецияда. 10 күн ішінде қалада 18 ғасырдағы атмосфера пайда болады, кавалькады, дәстүрлі церемониялар, парадтар және шулы көшелердегі маскарадтар. Жыл сайын Венециядағы карнавалға әртүрлі мемлекеттен 500 мыңнан аса туристер келеді. Карнавал Истрия пираттары ұрлап кеткен венециялық қыздардың бостандығына арналған Festa delle Marie мерекесімен ашылады. Мерекелік шара Қасиетті Петр сарайынан басталып, Қасиетті Марк сарайынан аяқталады. Мереке бимен және конфеттиден жасалған салюттермен жалғасады. Сонымен қатар ақпан айында Виареджода карнавал өтеді. Карнавал музыкалық топ және оркестр өнер көрсететін, маскарад, мереке өтетін Пьяцца Мациниден басталады. Бұл карнавал танымал адамдарға, белгілі саяси тұлғаларға пародия жасайтын үлкен қуыршақтардың қатысуымен танымал. Карнавал бірнеше күнге созылады. Парад фейерверкпен аяқталады. Ченто қаласы Рио де Жанейро қаласымен ұқсас, сондықтан бұл жерде бразилиялық балериналар билейді. Иврей қаласында парад апельсинмен атысумен аяқталады. Бұл дәстүр 1195 жылдан бастау алып келеді. Қаланың тұрғыны Виолетта «алғашқы неке түніне байланысты дворяндық құқыққа» қарсы шығып, өзінің қожайынын басын шауып, балконнан лақтырып жібереді. Халық оны қолдайды және дворяндарды фасольмен атады. Уақыт өте келе фасольды апельсинге ауыстырды. Тәттiқұмарларға италиялық Перуджа Қалашығына қазан айында бет алуға болады, себебі онда шоколад фестивалi жыл сайын жүргiзiледi. Бұл шоколад фестивалінің ерекшелігі онда әртүрлі ассортименттегі шоколад түрлері ұсынылады.

Францияда танымал карнавал 1294 жылдан бері ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында Ницца қаласында өтеді. Онда әдеттегідей 1 млн аса турист қатысады. Король мен ханшайымды таңдайды. Орталық шаралар «гүлді соғыстар» және «бастар парады» (2т және 12м өлшеміндегі үлкен бастар макеті қала бойынша көлікпен алып жүргізіледі)

Әдеттегідей қарашаның үшінші бейсенбісінде, дәл түнгі 12-де, франциялық жерге "жаңа божоле" мейрамы келеді, яғни Лионнан солтүстік шағын аймақта жасалынған жас шараптар мейрамы. "Божоле нуво" (Beaujolais Nouveau) мейрамы Францияда 20 ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл шараптар "гамэ" жүзімі сұрыпынан жасалынады. Кейбір францияның монархтары божолені "жиіркенішті ішімдік" деп атады және үзілді-кесілді оны өздерінің үстелдеріне қоюға тыйым салды. Ереже бойынша, Божоле ұзақ сақталмайды, бірақ бородо мен бургундия шарапарына қарағанда тезірек піседі. Дегенмен божоле бастапқыда ерекше дәмімен бай.

Ойлана келе, Божоле шарапшылары өзінің тауарларының кемшіліктерін түзету үшін, алдыңғы үшінші бейсенбілік мейрамына, жаңа шарап егістігіне мақсат қойды. Осы маркетингтік - жарнама жүргізу табыспен аяқталды, енді бүгінгі күнге дейін "Божоле нуво" сатылымы тек Францияда ғана емес, шет мемлекеттерде де сатыла басталды. Ақырындап келе мейрам өзінің дәстүрімен алға өрбіді, өсті. Қарашаның үш бейсенбісі "шарапшының күні" болды, күндіз ел қыдырып, биылғы егіс неғұрлым сәтті өткенін бағалауға мүмкіндіктері болды. Дәстүрге сай, мейрам Божо қалашығынан бастау алады. Жүзім талынан жасалынған факелды қолға алып, орталық алаңға дейін әкеліп, мерекелік салтанатпен "Божоле нуво" мейрамы ары қарай шет мемлекеттерге дейн жалғасады [7].

Үшінші бейсенбіге дейін, бірнеше күн бұрын шағын ауылдардан Божоле аймағындағы қалаларға жас шараптың миллиондаған шөлмектері жарнама ретінде таратылады. Нәтижесінде бұл шарапты дүкендерде, дәмханаларда, мейрамханаларда және түнгі клубтарда тағатсыздана күтеді. Осы көңіл көтеретін орындардың қожайындарына жас шарап мейрамын өткізу- үлкен мәртебе және абыройдың ісі. Өндірушілердің арасында тіпті жарыс болып жатады, кім бірінші өзінің шарабын қаланың ана немесе өзге бөлігіне жеткізеді. Барлық жеткізу көліктері қолданылады: мотоцикл, жүк көлігі, тікұшақ, Конкорд ұшақтары, рикшалар пайдаланылады. Бұл мейрамның танымдылық себеін айтып түсіндіру мүмкін емес. Жаңа Божоле мейрамы –Fetedes Sarmentelles - Боже қаласында өтеді. Мейрам бағдарламасында дәм сарапшыларға арналған конкурс жарияланады. Бұл кеш кешкі аспен және әртіс музыканттармен өтеді. Кештің аяғы марш шамшырақтармен, спектакль қойылымдарымен, Божоле Нуво нұршашуымен және би кешімен аяқталады.

Испанияда карнавалдардың орталығы Канар аралдары болып табылады (Санта Круз Тенерифе аралының астанасы). 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жерде маскарадты мерекелер өткізіледі. Сонымен қатар «жұмыртқа соғысы» танымал. Бүгінгі күндері бұл атыс конфетти және серпантинге ауыстырылған. Орталық шара түйе үстінде атысу және «сардинаның жерленуі» өте танымал. Ал, көкөніс пен жемістерді қалайтындарға Испания қалаларына баруға болады. Испания елінің Буньол қалашығында тамыздың соңғы аптасында,томат (қызанақ) фестивальі өтеді. Бұл фестивальдің ерекшелігі, соңында қызанақтармен атысумен аяқталады. Ал жай ғана әр түрлі жемістерді сатып алу үшін,мамыр айында өтетін жемістер мейрамына, яғни Тайландқа баруға болады. Карнавалдың табынушылары ол тек Бразилияға ғана емес, сонымен қатар Германия, Уругвай, Аргентина қалаларына баруға мүмкіндіктері бар. Негізінен карнавалдың отаны Италия, соның дәлелі ретінде ең көне заманнан келе жатқан, ақпан айында Венеция қаласында өтетін карнавалды атап айтсақ болады [8].

Егер сіз ортағасырлар атмосферасына тап болуды армандасаңыз немесе жағажайда үлкен паэлье дайындағыңыз келсе, және Сан Фермин мерекесінде бұқалармен жылдамдыққа жарысқыңыз келсе Испания мемлекетінде ұйымдастырылатын оқиғалы барсаңыз болады. Ақпан айындағы карнавалдар: жарқын карнавалдық мерекелер, Ситжесте (Каталония), Санта Круз де Тенерифе (Канар аралдары), Кадисе (Андалусия), және Испанияның басқа қалаларында 11-15 ақпан Теруэльдегі ғашықтар мерекесі. 14 ақпанға арналған қаланың мавзолейінде жерленген атақты ғашықтардың қайтыс болған күні. 22-24 сәуір маврлар және христиандар соғысы. Аликантеде. Өте керемет костюмдер көп ғасырлық тарихи шараларды өзіне біріктіреді. 30 сәуір Франциядағы шетелдік легиондар күні. Кастельнаудариде өткізіледі. Легионның оқу орталығында қаруланған демонстрация, бөлімшенің аумағы бойынша серуендеу, түскі тамақ, балалар үшін анимация. 2 мамыр шарапты жылқылар Каравика де ла Круз дәстүрлі мерекесі. Бұл жерде алтын және жібектермен әшекейленген тірі жылқылар спектаклі өтеді. 27-29 Леридедегі ұлулар фестивалі.12000 қатысушылар 12 тонна жүзім ұлулары, парадтар, музыка, дегустация, аспаздар конкурсы. Маусым айы Ситжеседегі Corpus Christi мерекесі (Каталония). Испанияның барлық тұрғындарын өзіне тартатын тірі гүлдерден жасалған кілемдер ұсынылады. Маусымнан тамызға дейін Грек өнеріне арналған халықаралық фестиваль (Барселона): цирк, театр, музыка, пластика, және кез келген шынайы жанрлар. Қыркүйек айы Испания бойынша шарап фестивалі: жүзім терімінің аяқталуына бірінші жас шараптың құрметіне ұйымдастырылады. 1 қыркүйек «Желкендер фестивалі», Кадакес. Қаланың бухтасына желкенді балықшы қайықтары жиналады. Қыркүйектің екінші жексенбісі Эскалдағы балықшылар мерекесі. 18 ғасырдағы жергілікті балықшылар өмірінен театрланған қойылым көрсетіледі. Эскал жағажайынан балықшылардың теңізге шығуы, балық аулау сәті, жағаға оралу, торды тарту, балықты кесу және қуыру. 18-25 қыркүйек Картахендегі римдіктердің және карфагендердің мерекесі. Екі империяның қарсы тұруы: теңіздегі соғыстар, рим жауынгерлерінің шығарылуы, картахена үшін соғыс, кешке жеңіс маршы.

Әр сейсенбі Бесалу қаласында Каталония үшін ауыл өнімдері нарығы өзінің шұжықтарымен және етті өнімдерімен, жергілікті шараптармен және ликерлармен танымал.

Ең ерекше және елеулі оқиғалардың бірі ол Ситхесе қаласындағы (Испания) Кристи корпусы. Маусым айында бұл қала баққа айналады, яғни үйлер, көшелер, қала арналары, барлығы гүлмен безендіріледі. Гүлдер барлық жерде болады. Айтылмыш уақиға романтиқтер мен көріктің әуесқойларына қолайлы [9].

Бразилияда да карнавал ақпан айында өткізіледі. Ол 7 күнге созылады және «чемпиондар парады» аяқталады. Парадта әртүрлі самба би мектептерінің өкілдері қатысады. 1984 жылы арнайы самбодром салынды, 700 м ұзындықтағы және 13 м ендіктегі аллеямен бірге. Карнавалға қатысу Буэнос Айрес - Монтевидео (Уругвай) - Порто Бело (Бразилия) - Бузгос (Бразилия) - Рио-де -Жанейро круизімен бірлестіреді

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.